Өндірістік және арнайы пәндерді оқыту процесін ұйымдастыру және жоспарлау


Пән: Өндірістік және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және әдістемесі.
Курс тақырыбы: Өндірістік және арнайы пәндерді оқыту процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Сабақ тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жоспары:1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі - таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан - жақты болуы керек.
Сабақ мазмұнының теориялық - практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта - ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс - тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру - мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.
Өз іс - тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:
- Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
- Оқушылармен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру; ъ
- Оқушылардың шыңармашылық қызметін дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі
Шығармашылық жұмыстар.
- Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
- Шығармашылық ізденіске жетелейді.
- Өз ісіне деген сенім пайда болады.
- Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
- Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
- Шығармашылық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Жеке тұлға
Мен
Мен істеймін - өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек - пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын - өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негізі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қатынасұа көшу кезінде саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан - жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп тұжырым жасады.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізгі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.
«Қабілет - іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті» /Т. Тәжібаев/. «Қабілет - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері», - дейді А. В. Петровский.
Мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне сай белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс
- әрекетпен айналысуына - бет бұрысы, оған көңіліңнің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің құрамдас бөлігін анықтауға арналған ғылыми педагогикалық еңбектердің ішінде А. Н. Лук қабілетті үш топқа бөлінеді: шығару, іздену, ойлап табу.
- Оқушының кез - келген іс - әрекетте жақсы нәтижеге жету мен белгілі бір қабілет түрін дамытуы үшін алдымен оның сол іс - әрекетке деген қызығушылығы және ынтасы болу керек.
- Көңіл - күй - кез - келген іс - әрекетті орындаудың негізгі көрсеткіші.
- Кез - келген іс - әрекетті ақыл - ой қабілеттері негізінде жүзеге асырамыз.
Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп есептейді. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуға мақсатты түрде ықпал ететін - мектеп.
Қабілет адамды шығармашылық деңгейге көтереді.
Ал шығармашылық дегеніміз:
Шығармашылық туралы мынадай анықтама бар: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен ерекшеленеді».
Шығармашылық - алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта білу, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгісі - шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс - әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі.
Оқушының осындай шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатика пәнінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
7 - сыныптарда «Paint графиктік редакторы» тақырыбында оқушылар өз ойларымен, өз шығармашылығымен суреттер салып, көрмелер, жарыстар ұйымдастырады.
8 - сыныптарда «Word мәтіндік редакторы» тақырыбында оқушылар компьютерге мәтін жазумен қатар, әр түрлі тақырыпта шығармалар жазып, өз ойларын түсіреді.
Ал 9-шы сыныптарда әртүрлі программалар құрып, әсіресе графиктік операторларға оқушылар қызығушылығы соншалық әртүрлі программалар құрып, нәтижесін экраннан шығарып отырады.
11 сыныптарда Excel, PowerPoint программаларымен әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасайды. Мысалы: PowerPoint программасында «Дербес компьютер жетістіктері» тақырыбында жасаған презентациясында оқушылар компьютердің ең алғаш есепшот болғаны кезінен бастап, қазіргі кездегісіне дейінгі суреттерін кірістіріп, анимациялар жасаған.
Оқушының шығармашылық іс - әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
- Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
- Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
- Уақытша мәселені қозғамау.
- Интуицияны ояту.
- Нәтижені жан - жақты тексеру.
Оқушының үшін ғылым А. Н. Лук ұсынған осы бес кезеңді басшылыққа аламын.
Осындай шығармашылық қабілеттің қалыптасу барысында мұғалім оқушы қажетті жағдайдың болуын, қорқыныш, жалқаулық, өзін - өзі бағалау сияқты психикалық кедергілердің болмауын қамтамасыз етуі, бақылауы керек.
Шығармашылық әрекеттің еркіндігі.
- Пәнге үйретудің еркіндігі.
- Білім кеңістігінің әр бағыттарда - мазмұндылық, шығармашылық, жан - жақтылық болуы.
- Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
Информатика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
- Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
- Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
- Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын - ала анықтау керек.
Қорыта келгенде, әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысын абастайтын жол іздеу керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс. сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында: Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіне басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін информатика пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту - ең басты міндетім.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс - әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Оқушының өз бетімен жұмысістеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда, оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.
Сонымен қатар, сыныптарды топқа бөліп оқыту тәжірибесін қолданамын. Өр топта 5-6 оқушыдан болады. Топқа бөліп оқыту тиімділігі - нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір - біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы - күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ол тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.
Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушының қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Мысалы, «Excel программасында диаграммалар тұрғызу» тақырыбын өткенде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ұмтылдым. Мұғалім сабақ мақсатында Excel программасындағы диаграммалар және графиктер құрып үйренуге жүйеліктің арасында жетеді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында шығармашылық жұмыстар ұсындым. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп 1 - ші топ оқушылары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz