Қиылысудың геометриялық мінездемеси



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Пән:Өндірістік және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және әдістемесі.
Курс тақырыбы:Қиылысудың геометриялық мінездемеси.
Сабақ тақырыбы:Айнымалы бүгілу кезіндегі брустың шеңбер көлденең есептелуі.
Жоспары:
1) Өнеркісіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары .
2)Қарағанды алабындағы көмір қазу жұмысы.
3)Қазақстанда өнеркәсіптердің дамыу.

Өнеркісіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдары
Егер индустрияландырудың алғашқы жылдары, әсіресе алғашқы бес-жылдықтың бастапқы кезінде Қазақстан КСРО-ның жетекші индустриялық аудандарын ауыл шаруашылығы шикізатымен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ ретінде танылса, 30-жылдары республика өнеркәсіптің өндіруші салаларының көмір, мұнай, түсті металдар, тұз т.б. өнімдерін беретін шикізат көзіне айнала бастады. Сөйтіп Қазақстан индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары кең көлемді сипаталып, ауыл шаруашылығы ғана емес, ауыр, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын да қамтыды.
Түсті металдарды, көмірді, мұнайды және басқа да пайдалы қазбаларды шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанның елсіз және жартылай елді мекендерінде жаңадан құрылған осы кәсіпорындардың көпшілігі бірден одақтық маңызға ие болды. Бұл Қазақстанда шығарылатын түсті металдардың, мұнайдың, көмірдің, басқа да пайдалы қазбалардың КСРО-ның индустриясы дамыған аймақтарына жіберілетініне ғана байланысты болған жоқ, сонымен бірге ол байлықтарды өндіру ісінде тұтас елді шетелдерге тәуелді болудан құтқаруға көмектесті. Мұндай жағдай ең алдымен Қазақстанда асыл, сирек және түсті металдар шығарылуының дамуына қатысты болды, оларға деген қажеттілік машина жасау құрылыстары мен осы саланың өсуіне сәйкес күрт өсе түсті.
Түсті металдардын, әсіресе мыс пен қорғасынның бай қорлары Қазақстанның оларды өндіруден КСРО бойынша жетекші орынға шығуына мүмкіндік берді. Еңбек және Қорғаныс Кеңесі 1929 жылғы 2 тамыздағы Түсті металдар өнеркәсібін дамыту болашағы туралы қаулыда басты назар аударатын аймақтар ішінде даму келешегі зор негізгі нысан ретінде Қазақ Автономиясы, Социалистік Республикасы аталды.[[1]]. Осы мезгіл қарсаңында Қарсақбай және Ридцер мыс балқыту зауыттары қалпына келтіріліп, жобадағы қуатқа жеткен болатын, ал екінші бесжылдықта олар техникалық жағынан түпкілікті қайта құрылды. Кенді Алтайда Ертіс (Глубокое) қорғасын зауыты, ал Қазақстанның оңтүстігінде 1934 жылы КСРО-дағы аса ірі кәсіпорын - құрамында кен орындары, Қаратаудағы байыту фабрикасы бар Шымкент қорғасын зауыты бой көтерді.[[2]].
1931-1938 жылдары Қоңырат кені негізінде КСРО-дағы аса ірі кәсіпорындардынбірі -- Балқаш мыс балқыту комбинаты салынып жатты. Осыған орай, түсті металлургия Қазақстанның ауыр индустриясының жетекші салаларының біріне айнала бастады.
Қорғасын-мырыш өнеркәсібінде Шымкент және Риддердің ірі зауыттары, сондай-ақ бірқатар байыту фабрикалары мен кен орындары көш бастады. Екінші бесжылдық кезінде іске қосылған М.И. Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауыты жыл өткен сайын өндірісті кеңейтіп, елдің озық кәсіпорындары қатарына шықты. 1939 жылы зауыт КСРО-да балқытылған қорғасынның 73,2%-ын беріп, 1939 жылғы 26 сәуірде Ленин орденімен марапатталды. Шымкент зауытының шикізат қоры -- Ащысай кен орнының мүмкіндігі алдағы уақытта азаятын болған соң Текелі кен орны оның негізгі базасына айналды. 1938 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы басталды. Республиканың қорғасын-мырыш өнеркәсібінің дамуында Кенді Алтайға зор мән берілді: Риддерде қорғасын балқыту және мырыш қоспасын шығару ісі тез өркендей бастаған еді. 1939 жылғы мамырда Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы қолға алынды.
Республиканың мыс өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындар қатарына Балқаш, Қарсақбай және Ертіс мыс балқыту зауыттары жатты. Олардың қатарында 1938 жылы іске қосылған, 1939 жылы Қазақстан зауыттарында балқытылған мыстың 51%-ын берген Балқаш зауыты ең ірі кәсіпорын болды. Зауыт көп ұзамай еліміздің мыс өнеркәсібінің флагманына айналды.
Соғыс қарсаңында Қарсақбай зауытын қайта құру жұмысы негізінен аяқталды, зауыт қуаттылығын екі есеге жуық ұлғайтты. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған Ертіс зауыты қайта іске қосылды. Мұның бәрі Қазақстанға бірінші және екінші бесжылдықта өндірілген көлемде мол мыс беруге мүмкіндік берді.
Егер республиканың ірі өнеркәсібінің жалпы өнім құрылымындағы түсті металлургияның үлесі 1927-1928 жылдары 6,1% болса, 1939 жылы ол 12,3%-ға жетті, яғни осы 12 жыл ішінде екі еседен артық өсті. Тұтастай алғанда, түсті металлургияның жалпы өнімі 1939 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 17,1 есе, ал 1927-1928 жылдарға қарағанда 25,8 есе өсті. 1940 жылдың 1 қаңтарына қарай түсті металлургияның негізгі өндірістік қоры 1928 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 27,2 есеге артты.[[3]].
Екінші дүниежүзілік соғыс басталар қарсаңында Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынды иеленді: республика 1939 жылы елдегі барлық қорытылған қорғасынның 84,8%-ын берді, оның ішінде Шымкент зауытының үлесі 62,7%, Риддер комбинатынікі - 22,7% болды. Қазақстан 1939 жылы КСРО бойынша алынған өңделмеген мыстың 16,2%-ын өндірді. Мұның ішінде Балқаш мыс комбинатының үлесі 8,2%, Қарсақбай мыс комбинатынікі 4,1%, Ертіс мыс зауытының үлесі 3,6% болды.[[4]].
Индустрияландыру жылдары көмір өнеркәсібі де қауырт қарқынмен дамыды. Қарағанды көмір алабы революцияға дейінгі Спасск мыс зауытының ұсақ қосалқы кәсіпорнынан Кеңес Одағының үшінші көмір базасына айналды. Көмір кендері 1930 жылға дейін тасып жеткізетін жолдың болмауынан тоқтап тұрды және алғашында олар Спасск мыс комбинаты мен Петропавл -- Қарағанды аралығын қамтамасыз етеді деп ұйғарылды. Аса мол көмір қоры, оның қоқстылығы және Петропавл-Көкшетау-Ақмола жолының Қарағандыға қосылуы (ақпан, 1931 жыл) Орал мен Орта Азияның байланысын қамтамасыз етумен бірге, Қарағанды көмір алабын, Шығыста КСРО-ның екінші негізгі көмір-металлургиялық орталығы Орал-Кузнецк комбинатын салумен тығыз байланысты, бүкілодақтық маңызға ие етті. 1931 жылы 31 қаңтарда Еңбек және Қорғаныс Кеңесі: Қарағанды көмір алабы түсті металлургияның негізгі даму базасына айналуы тиіс. Сонымен қатар Қарағанды өңірінің географиялық орны көмірді Орта Азияға, Түрксібке және Оралға тасымалдауға мүмкіндік береді деп атап көрсетті.[[5]].
Донецк шахтері К.О. Горбачев басқарған Казстройуголь тресі көмір алабын игеруді 1930 жылы көктемде иен даладағы аса қиын жағдайда бастады: маман жұмысшылар, оларға қажетгі тұрғын үйлер мен ауыз су, құрал-жабдықтар мен құрылыс материалдары т.б. жетіспеді. Алғашқы жылдары электр стансалары болмағандықтан, жұмыс бу энергиясымен атқарылды, революцияға дейінгі кешенді емес құрал-жабдықтар (бу қазандары, ауыр жүк көтеретін шығыр-лебедкалар), аттың күшімен жұмыс істейтін шығырлар т.б. пайдаланылды. Донбастан жөндеуден өткізілген бу құрал-жабдықтары жеткізілді. Құрылыс ағаштары 230 шақырым жерден көлік-арбамен тасылды, ат шығырлары шахтадағы суды сыртқа төгіп үлгірмеді, тек 1930 жылдың соңында ғана екі шахтада бумен жұмыс істейтін сутөкпе іске қосылды.[[6]]. Қарағандыға теміржол желісінің тартылуы, әсіресе 1933 жылы жылу стансасы және Нұра су құбыры құрылысынын іске қосылуымен бірге шахта тұрғызу құрылысында шұғыл бетбұрыс жүзеге асырылды. 1933-1936 жылдары ірі байыту фабрикасы салынды. Жүк көтеру мен су төгу жұмыстарын атқару бу машинасынан электрлендірілуге көшті, көмір алабы жаңа техникамен (омырғыш-үнгігіш машиналар, электрлі тасымалдағыштар т.б.) жабдықталды, кен игеруде қол жұмыстарын ауыстыратын механикаландырылған машиналардын үлесі 1936 жылы 84,8%-ға жетті.
Қарағанды алабындағы көмір қазу жұмысы.
Қарағанды алабындағы көмір қазу жұмысы 1939 жылы өндіру тәсілдеріне қарай төмендегі түрлерге бөлінді: бір жұмысшыға шаққандағы жылдық өнім 1938-1939 жылдары: пайдалануға берілуі бойынша -- 341,3%-ға, жерасты жұмыстарында -- 357,6%-ға, забойда - 342,6%-ға өсті. 1939 жылы 5,1 млн тоннадан артық көмір өндірілді, ол 1913 жылмен салыстырғанда 78,6 есе артық болды. Бұл Қазақстанда өндірілген барлық көмірдің 93,5%-ын құрады.[7]. Қарағандының көксталған кмірі Магнитогорск металлургия комбинатына, қалаларға және Орал мен Орта Поволжьенің теміржолдарына, сондай-ақ Қазақстанның өнеркәсіп орындарына жөнелтілді. Қарағанды көмір алабының Кузбаска Қарағанда Оралға жақындығы - жалпы тұрғыдан, ал Ақмола - Қарталы желісі құрылысының салынуына байланысты Қарағандының маңыздылығын арттыра түсті және жыл өткен сайын оның Магнитогорскінің отындық балансындағы үлес салмағы артып, 1936 жылы 19%-ға жетті.[[][8]].
Тас көмір өндіру саласының ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі құрылымындағы үлес салмағы 1913 жылғы 1,4%-дан және 1932 жылғы 3,5%-дан 1940 жылы 5,9%-ға, ал оның өндірістік қоры тек 1932-1939 жылдары ғана 15,6 есеге өсті.[[9]]. 1941 -1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қарағанды көмір алабы елдің үшінші көмір қоймасы деген атына лайық болып, 1940 жылы көмір өндіру 1937 жылғы 3,9 млн тоннамен салыстырғанда 6,3 млн тоннаға жетті, бұл Қазақстанда өндірілген барлық көмір кенінің 90%-ын құрады. Оның қуаттылығы да өсті: тек 1939 жылы ғана 7 жаңа қуатты шахта пайдаланута берілді, 1940 жылы аса ірі көмір қатпарын игеру іске қосылды; көмір қазуға жаңа техника жұмылдырылды: көмір кенінің 97,5%-ы механикаландырылған тәсілмен алынды. Ленгерде көмір қазу 2,4 есеге артты, бұл республикада өндірілген көмір кенінің 5%-ын құрады. Жергілікті өнеркәсіп орындары мен мекемелерді жергілікті отынмен қамтамасыз ету үшін 1939 жылдың жазында Шақпақ, Келтемашат, Курашасай, Мартөк және басқа көмір кен орындарында шахталардың құрылысы басталды.[[10]].
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі де тез қарқынмен дамыды, соның арқасында республика елдегі бүкіл мұнайдың бестен бір бөлігіне жуығын өндіріп, РКФСР мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орынды иеленді. Бұған Доссор мен Мақат секілді бұрынғы кәсіпорындарды кеңейтудің, Байшонас (1931 жыл), Сағыз (1932 жыл), Ескене (1934 жыл), Қосшағыл (1935 жыл), Құлсары (1939 жыл) тәрізді жаңа кен орындарын іске қосудың сондай-ақ мұнай өндіру техникасын жетілдірудің, көлік байланыстарын жақсартудың, атап айтқанда Гурьев-Орск мұнай құбыры құрылысын іске асырудың т.б. арқасында қол жеткізілді.[[11]]. Ауыр өнеркәсіптің жалпы өнімі құрылымындағы мұнай өндіру саласының үлесі 1939 жылы 1,6% болды, ал оның өндірістік қоры 192728-1939 жылдар аралығының өзінде 4,2 еседен артық өсті.[[12]]. Барлау мақсатындағы бұрғылау қарқынды жүргізілді. Соның нәтижесінде 1940 жылы Қазақстанда мұнай өндіру 697 мың тоннаға жетіп, 1937 жылға Қарағанда 42%-ға өсті, 1932 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге, 1913 жылмен салыстырғанда 7 есеге тарта артты. Алайда бұл кезде мұнайды ашық тәсілмен алудың үлес салмағы қысқаруына және скважиналардың көпшілігі мұнайды тереңнен алу тәсіліне көшірілуіне байланысты, Ембідегі мұнай өндірудің бір тоннаға шаққандағы құны КСРО-ны тұтастай алғандағы бағадан шамамен 2,5 есеге асып түсті.
Химия өнеркәсібі бірқатар ірі кәсіпорындарға берілді. Қайта құрылған Шымкент химия дәрі-дәрмек зауыты жаңа өнім түрлерін өндіруді игерді, оның ішінде, КСРО-ны никотинді сырттан тасымалдаудан босатқан, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің тиімді дәрілері де болды. Елдің шығыс бөлігіндегі фосфор тыңайтқыштарын өндірудің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты Орта Азия мен Қазақстанда мақта және қант қызылшасын өсіруге қажетті тыңайтқыштарды шығарды. Аралсульфат комбинаты шыны-әйнек зауыттарын натрий сульфатымен қамтамасыз етті және ас тұзын өндірді. Бораттың Индер көлінен мол өндірілуі КСРО-ның боратты шетелдерден тасымалдауын тоқтатты.[[13]]. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнім құрылымындағы химиялық саланың үлес салмағы 1913 жылғы 0,4%-дан және 192728 жылғы 1,1%-дан өсіп, 1939 жылы 1,6%-ға дейін жетті, ал оның өндірістік қоры тек 192728-1939 жылдар аралығында 37 еседен, жалпы өнімі - 1,8 еседен астам көбейді, ал тұз өнеркәсібі сәйкесінше 10 еседен және 2,3 еседен аса артты.[[14]].
Ауыр өнеркәсіптің жетекші саласы ретіндегі машина жасау өндірісінің Қазақстанда болмауы себепті металл өңдеудің маңызы шұғыл артты. Үлкен аумақта шашырап жатқан шағын металл өндеу кәсіпорындары негізінен екі бағытта қызмет атқарды: 1) ауыр өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарының механикалық цехтары мен жөндеу шеберханалары; 2) ауыл шаруашылық машиналарын жөндеуге арналған шеберханалар. Алғашқылардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Қарағанды, Семей ет комбинаты, Гурьевтегі, Доссордағы т.б. өз аймағында әр алуан өндірістік-жөндеу жұмыстарын жүргізген цехтар мен шеберханалар жатты. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеуге арналган шеберханалар совхоздар мен МТС-тердің жанынан ашылды және Қазақстанда олар тракторлар мен комбайндардың саны жағынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеу принципі
Реттеу циклының ұзақтығы мен такт ұзақтығын анықтау
Жиын
Сейфуллин көшесінің орналасу схемасы
Транзиттік көлік қозғалысын ұйымдастыру
Мұнайдың шығу тегі
Жиынның элементтері
Проективті жазықтықтағы квадрикалар
Көше-жол торабының талдамасы
Көше – жол торабының талдамасы туралы ақпарат
Пәндер