Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың
ғылыми- теориялық негіздері.

1.1 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

1.2 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 14

II. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын оқу процесі кезінде қалыптастыру.

2.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда мұғалімнің рөлі ... ... .. 22

2.2 Ойын жүргізу барысында оқушылардың білімін жандандыру ... ... ... ..
28

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қзақстанда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
жаңару, барлық салаға ацтарлықтай өзгерістер енгізді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев
халыққа жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша Қабілетті 50 елдің
қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар қоғам алдында білім
беру жүйесін модернизациялау- жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсатыда тұр.
Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам санасының аталмыш
сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері тұр.
Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту
мен тәрбиелеудің басты мақсатыболуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ
Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған,
сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі
көтеріп отырған.Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық
мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжіриебесінде бұл мәселені шешудің
үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Ғылыми білім берудің негізгі
бағыты –адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану , оның рухани
жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің,
кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына толық мүмкіндік беру.,
жағдай жасау. Жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарында
өскелең ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының айқын
бағыттары көрсетілген. Себебі ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы
және жоғарғы формасы.
Адам дамуының дүниетанымының мәні мен маңызын ашуда әсіресе Қорқыттың,
Әл-Фарабидің, Қ.А..Яссауидің , Абайдың және тағыда басқа ойшылдарымыздың
көзқарастары анықталып, Дүниетанудың өмір, табиғат заңдылықтарының алатын
орны ерекше екендігі көрсетілді.
Дүниетанымның тұжырымдамасы, оның философиялық тұрғыда қалыптасу

3
деңгейлері мен сипаты А. Спиркин, М.Федосов, В.Н. Лавренко, В.Ратникова,
Ә.Н. Нысанбаев, М. ОРынбеков, Л.Кішібеков, Ж. Әбілдин,Ә.Тұрғынбаев тағыда
басқа ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған. Әсіресе Д.Кішікбаев тың
халқымыздың ұлттық дүниетанымының сипатын, оның жас буынға ықпалы тұралы
философиялық ойларының маңызы зор.
Тұлға дүниетанымының теориялық , интелектуалдық , практикалық сипстын
ашумен психологтар С. Л. Рубинштейн, Л.Н. Божович, Р.С. Немов, Т.
Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Қ. Жарқұлов , Ж. И. Намазбаев,
Қ.Шерниязданова т.б. шұғылданып , өз еңбектерінде ғылыми-теориялық және
әдістемелік жағынан айқындайды.
Қазақстандық ғалымдар өз ой- пікірлерін, ғылыми негіздерін жасап
құнды мұра қалдырған Қ. Аймауытов, Б.Баймұратов, А.Меңжанов, Н.
Храпчинкова, М. Тұрсынкидина, м. Сәлімбекова, Х.Шерезденова, А.
Бакрединова өздерінің зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейіңгі балалардың
дүниетанымын дамытұға үлкен көңіл бөлген.
Жек тұлғаның , оның ішінде оқушы жастардың ғылыми дүниетанымының
қалыптасуы теориялық және тәжірибелік трғыдан көкейкесті мәселеге
айналуда. Сол себепті тақырыбымызды Оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың жан-жақты, ой-өрісін кеңейтіп халқының қамын
ойлайтын азамат болуға баулу, оқушылардың ынтасын , қызығушылығын арттырып
, адамгершілікке , жауапкершілікке тәрбиелеп оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеті:
-Дүниетаным ұғымының мәнін ашу.
-Жек тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалық және
психологиялық негіздерін айқындау.

4

Зерттеудің нысаны: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру қурылымының
ерекшелігі..
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
үрдісі.
Зерттеудің болжамы: Егер пәндік білім, білік, дағдыны қалыптастыру мен
шектелмей сыныптан тыс жұмыстарда еңбек әрекет үлгілеу, құрастыру және
жасампаздық сатылары мен ұйымдастырса, онда бастапқы техникалық ғылыми
дүниетанымды қалыптастыру нәтижелі және тиімді болады, өйткені сабақтармен
қатар сыныптан тыс жұмыстар оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық,
психологиялық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау
жасау,әңгіме, тестер жүргізу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу.
Зерттеу базасы:: Тұрар Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебі .
Зерттеудің құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны,
пәні,болжамы, зерттеу әдістері, зерттеу базасы тұжырымдалады.

5

I. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық
негіздері.

1.1Оқушылардың ғылылми дүниетанымын қалыптастырудың
жолдары.
Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процес ретінде, обьективті
түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне
айналдыруды талап етеді. Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі педагогикалық
мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешеудің
үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы
жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік
тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.[1;-132]
Дүниетаным дегеніміз- дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар
көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-
саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің
органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылар материалистік диалектиканың
мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материялдығы
мен танымдылығы; қозғалыс- материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның
бірінші ,сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі;
себепті байланыс-болмыстың жалпы заңы; құбылыс мәңгіліктің көрінісі
ретінде; мүмкіндікпен шындық; практика таным негізі, ақиқат
критерийі.Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі
білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы
жүзеге асады. Білім беру процесі ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен
іс- әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту,
олардың бойында білім , білік , дағдыларын қалыптастыру.[1;-125; ]
Аналитикалық-жүйелік іс-ірекеттің нәтижесіне (түсініктеме, арман-
мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдеріде бар. Бұл
сананың әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты білім тұрады. Осының
барлығы оқушы бойында біліммен білікке қоса ойлау мен әрекет ете
6
алуды дамытуды талап етеді.Ғылыми білім құрылымында екі деңгейі бар:
эмпирикалық және теориялық. Олар обьективті болмысты көлемірек ,
тереңірекжіне толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады.
Дүниетаным жекелеген білімдерден емес заманның талабына сай білімдердің
құрылымын қамтиды, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде
ұйымдастырылатын жүйе.Оқушылардын меңгерген білімдер жүйесі әрдайым
қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп оларды пайдалану
міндеттеріне сәйкес жалғасады.[13;- 114]
Оқушылардың ғылыми дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі
әлеуметтік-экономикалықжағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер
етеді.Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми
жетістіктерін оқып үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерінқолдану арқылы
қалыптасады.Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Ол арқылы
оқушының өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт- бағдары
айқындалады.Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен
қатар , дәйекті дәлелдері аз жалған көзқарастарды жеңу нәтижесінде
қалыптасады.Қоғамның өзгеруі , қоғамдық және жаратылыс ғылымдарнда ашылған
жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады
кейбір көз қарастарды өзгертеді.
Дүниетанымды қалыптастыратындар: Тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу,
сезімнің ақыл-ойға әсері , саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік жігер.
Бұлар оқушылардың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыралы.
Көзқарастар- баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан
шығарылған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары. Оқушылар олар арқылы
табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп өзінің
мінез –құлқын, жүріс тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады.
Сенім – ақиқат екндігіне балалар ешқандай күмән келтірмейтін білідер,

7

ұғымдартұжырымдамалар, теориялар,
болжамдар.сенімге сезім әсер етеді.Таным процесінде қуану білімінің
ақиқатына сену , өз алдына мақсат қою, сұлулықтан ләззат алу сенімнің
қалыптасуына ықпал етеді.
Қажымайтын қайрат –дүниетаным құрамындағы маңызды бөлік. Оқушылардың
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін оған теориялық білімдерді берумен
шетелуге болмайды. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бала өз
алдына мақсат қойып,соған жету үшін жігерлене еңбек етеді.
Теориялық ой – дүниетанымның елементі , болмыс тұралы білімдерді,
құбылыстарды шығармашылықпен ой елегінен өткізе білу дүниетанымды
жетілдіру, сенімді басшылыққа алып, іс-әрекет жасауға ұмтылу.
Дүниетаным көптеген маңызды қызмет атқарады.
Ол өзінің ағарту қызметі арқылы балаға табиғат және қоғам тұралы ғылыми
білімдер беріп, оны жалған көз қарастардан арылтады, болмысты тану
әдістерімен қаруландырады.Дүниетаным тәрбиелік қызмет атқарады. Оқушылар
өзі келісетін көзқарастар арқылы, адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық
сезімдерін шындайды. Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал
жүруіне керек батылдықты, табандылықты, ізгілікті жауапкершілікті
тәрбиелеуі керек. Осы талаптардыорындау үшін қоғам және жеке адамдар
өміріндегі жақсы тұстарды оқушыларға әсерлі етіп түсіндірген дұрыс. Саяси-
әлеуметтік , философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми теориялық
білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын тұғызады.Ғалымдар болмысты
(алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс, қоршаған
орта,жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану керектігін
дәләлдеп отыр. Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап ,
шығармашылықпен жұмыс істейді құбылыстарды басқа құбылыстармен
байланысиырып қарайды.
8
Баланың дүниетанымы ұйымдастырушылық қызмет атқарады . Бала өзінің
дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекеттер жасайды.Сонымен ,
ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты- баланың жеке тұлғасының орталығында
орналасатын дүниетанымды берік және оған сенетіндей етіп қалыптастыру ,
сол арқылы қошаған ортамен дұрыс байланыс жасауға көмектесу.Осы мақсатқа
жету үшін мұғалім оқущының ғылыми көзқарастары мен сенімдерін
қалыптастырып, ғылыми емес дәлелдері аз көзқарастарды сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету керек.[12;390 ]
Адам тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілу үшін
тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды
қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы
мекемелер жүгізілген. Бұл процесті кәіптенген адамдар басқарады.. Барша
дәуірлерде педагогтар балаларды табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске
асырып, жаңа саналардың қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға
көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақталып
жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажетті болмаған
тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық
идеиялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте – бірте басты міндет:
ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөнінднгі
ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман
педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.[ 11;-
76 ]
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу
ерекшіліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әр қилы
жағдайлардағы оқу – тәрбие процесін болжастыруға, жобалуға және іске
асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асыру қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешуілдеуі адамның даму дағдарысына алып
9
келеді, ғылыми – педагогикалық прогрестің маманданбауына соқтырады.
Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп,
жинақтап алуы қажет. Педагогиканың дамуына негізгі себепші көздер –
адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогика бекіген көп
ғасырлық тәрбие нәтижесі,
Іс – қызметтері: философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық
еңбектер; әлемде және еліміздн жүріп жатқан тәрбие практикасы; арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған
бағыт – бағдар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі
тәрбиенің тиімді техникалары.
Сонымен дүниетаным- дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар. Оның басты
міндеті адам тәрбиесіндегі ғылым білімдерді жинақтау және жүйелестіру.
Дүниетаным адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылқтарын ашып,
соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Бүгінгі кезеңдегідүниетаным дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы
жатыр.Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес,
өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипатына сай болумен қарқынды
дамуда.[1;-130 ]
Дүниетаным адам санасының арнайы формасы, оның қоршаған дүниеге, яғни
қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.[ 2; 113]
Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі
тапсырыстарға қол жеткізілді, әсірісе мұндай жетістіктер мектептегі оқыту
жаңа технологияларын жасауда көрініс береді. Ғылыми-өндірістік комплекстер,
авторлық мектептер, эксприментальды оқу – тәрбие алаңдары, ұнамды
өзгерістер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар.
Еліміздегі жаңа және жаңаланған мектеп оқуы мен тәрбие басты назарда тұлға
дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.
Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша адамзат білімдерінің пәнаралық
10
білімдерін құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық
ғылым екендігі. Бұл жағдай педагогикалық нысан ретінде әртүрлі күрделі
болмыс обектері (космос, мәдениет, асясат және т.б ) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология,
жаратылыстану, әлеуметтену және т.б) алынған білімдерді жанама түрде
пайдаланып оқу және тәрбие аймағында туындайтын мәселелерді шешуге
икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда
педагогикалық практиканың іске асуымен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар
тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны
педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ,
жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екені бәріне
аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұыжрым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика - өзіндік нысаны мен зерттеу пәніне
дербес білім саласы.[3;392 ]
. Дүниетаным ғылымдарының жүйесіне:жалпы педагогика,жас ерекшелік
педагогикасы,мектепке дейінгі педагогика,кәсіби педагогика,корециялық
педагогика,салыстырмалы педагогика т.б. жатады.Кейінгі кезде педагогикалық
білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика дербес бөліне
бастады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негігі
заңдылықтарын зерттейді.Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және
физиологиялық ,әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты білім беру ерекшелігін зерттейді.Кәсіби педагогика жоғарғы білім
беру,әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып
табылады..Салыстыру педагогика әр елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің
дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын
зерттейді.[14;148]
11
Педагогиканың салалық тарауларына - арнаулы педагогикалық ғылымдар
(сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене
дамуында кейбір ауытқушылықтары (есту, көру, ойлау қаблеттеріндегі
өзгерістер, сөйлеу)бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық
негідерін,принциптерін,әдістерін,фо рмаларын зерттеулерімен айналысады.
Жергілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пендік
педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдер мен заңдылықтар,
танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ Теориялық
білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық
тәжірибесін зерттейді.Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық
бағытталған сипатта болады.Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер
(адамтану) жүйесімен байланысты.
Дүниетанымдық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде діни
ілімдерде, саясаттануда,заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі кездегі педагогика
психологиямен тығыс байланысты.Психология адам психикасының дамуының
заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын дүниетанымын зерттейді.Ойлаудің
іс -әрекетті мақсаттылықпен өзгерту,психологиялық білімдерсіз мүмкін
емес.Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға
мүмкін болмайды.Сондықтан педагогика психологиялық білімдер ғана емес
сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері
( рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру т.б.) пайдаланады. Педагогиканың
әлеуметтанумен – жан – жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы
біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ
және т.б. ) ғылым болып табылады.
Дүниетаным ғылыми аралық байланыстары белгілі бір байланыстарды зерттеу
барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға,
экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Дүниетанымды қалыптастыру жүйесінде бастауыш мектептегі оқыту,
12
жоғары сыныптарда жеке пәндерді оқыту әдістемесі едәуір жетіле түсті..
Жоғары мектептерде жастарды оқыту және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми
еңбектер, оқу құралдары шыға бастады..Әрине, жоғары мектеп педагогикасы
жаңа және жас ғылым. Ол келешекте мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу, оларды
жоғары дәрежелі мамандыққа даярлаудың тиімді жолдарын іздестіреді.[6;123 ]
Ғылыми дүниетаным бірыңғай байланысып, қисынды бір ізгілікпен
дамиды.Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Өйткені, адамды жан – жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу
үшін басты ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді.Олардың бірі –
философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, түбегейлі
мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастардың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын
білушілікке тәрбиелейді., халыққа білім берудің мазмұны, педагогикалық
процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің барысында,
педагогика ғылымы алдын – ала болған нақтылы әдіснамалық жағдайлардың
негізіне сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным тәрбие процесінің ерекшіліктерін, негізгі кезеңдерін,
басқа құбылыстармен өзара байланысын қарастырады, олардың заңдылықтарын
анықтап қарастырады.
Адамзат бағытындағы ғылыми дүниетанымы ақиқаттың жалпылама
көрінісініңжоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің,
интеллектуалды және эмоционалды- жігерліксипаттарын топтастырған
феномен.Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытыланған білімдер мен
оларды пайдалану біліктілігіі,олардың ақиқаттылығы мен нәтижелігіне
дегенсенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар,
қызмет-әрекетке деген әзірлік сияқты компоненттер
өзара байланысты болып келеді. [1;125 ]
13
1.2 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
негіздері.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүнетанымдық білімнің мазмұны,
Тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие
бағдарламаларында қарастырылған. Сондай-ақ оқулықтарда бағдарламаларға
сәкес оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру
қабілеттері еске алынған.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын ақыл-ой тәрбиесі кезінде қалыптастыру
тек ұстаздың ықпалымен ғана дамиды. Оған қоршаған орта жәнешәкірттің өз
ұмтылысы әсер етеді.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, өнегелі ,
эстетикалық, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, әдебиет
сабақтарының орны ерекше.Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге,
сексияларға қатысқан оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт,
еңбек арқылы тәлім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.
Оның тұлға болып жетілу үшін – тәрбиелеу қажет. Тәрбие адамды
ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі
қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер жүгізілген. Бұл
процесті кәіптенген адамдар басқарады.. Барша дәуірлерде педагогтар
балаларды табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа саналардың
қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған
жылдар бойы қажетті білімдер тырнақталып жиналып педагогикалық жүйе
негізге келді, тексерілді, қажетті болмаған тұстары қолданымнан шығарылды,
ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеиялар сақталып, бүгінгі
күнімізге жетті. Бірте – бірте басты міндет: ғылыми білімдерді топтастыру
және жүйеге келтіру болған тәрбие жөнінднгі ғылым пайда болды. Ұзаққа
созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам
тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.[5;- 98 ]
Дүниетаным белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшіліктері
14
жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әр қилы жағдайлардағы оқу –
тәрбие процесін болжастыруға, жобалуға және іске асыруға, оның тиімділігін
бағалауға үйретеді.
Дүниетанымның дамуына негізгі себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дәстүрлерінде, халықтық педагогика бекіген көп ғасырлық тәрбие нәтижесі, .
Ғылыми дүниетанудың дамуының мен оның мәнін –Л.И. Божовичтің пікірінше
жеке тұлғаның дүниетанымы- бір шама кешігіңкіреп келктін қубылыс, ол
адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы
тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Сонамен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне
бағытталған практикалық іс - әрекетті, яғни қажетті болған ептіліктер,
дағдылар мен қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік
шеберлік, өнермен ұштасып жатады. Педагогикарың міне осы ғылымдық әрі
өнерлік ерекше сипатына кейбір үстірт ойлайтын адамдар, оры аса қажет
теориялық құндылық деп бағаламай, тәрбие ісіндегі ептіліктер мен
икемділіктерге бұра салады. К.Д.Ушинский Тәрбие ісі біршама жеңілдеу
көінеді. Тәрбиеге шыдамдылық керек екені баршаға аян, кейбіреулер ол үшін
тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума
қабілет және ептіліктерден басқа арнайы білімдердің де қажет екенін бүгінгі
күні мойындап отыр - деген.
Тәрбиелік қызметте ептілік, дарын және теориялық білімдер бірдей керекті
екенін П.П.Блонский ескерген. Ептілік күнделікті тәрбиеде ұштасады, дарын
тәрбиелік жұмыс барысында шыңдалады, теориялық білімдер адам дамуы мен
тәрбиенің мән – мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар
түрінде бірден бірге өтеді деген.[1;-130]
А.С.Макаренко ықпалды тәрбие жүргізу үшін әрбір мұғалім – тәрбиеші
педагогикалық шеберлікке бейімделуі тиіс, ал сол шеберліктің астарында
15
міндетті түрде игерілген теориялық білімдер болуы шарт деп өте дұрыс
пайымдаған. Теориялық білімдердің маңыздылығы бүгінгі ғылым мен
техниканың, өмірдің барша тармағында кең орын алуына орай ерекше артып
отыр. Сондықтан да педагогикарың мәнін түсініп, тәрбиеге байланысты
негізгі теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте
маңызды.[10; -58 ]
Біздің ойымызша, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында
болсын, теориялық тұғырымдама тағайындауда болсын жоғарыда айтылған бүінгі
педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалистік бағытты да,
имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланып отыру керек.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отарып, оқыту – тәрбелеу процесінің
теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар жатады,
оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын
педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық процесс – күделі дамушы жүйе. Оның жеке тқлғаны
қалыптастырудағы рөлі. Оқу – тәрбие процесін болжау, мұғалімнің
әдіснамалық бағытына тәуелді. Табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстардың
және процестердың даму заңдылықтарының философиялық мәні. заңдылықтарының
мәнін танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс - әрекетіндегі
рөлі. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс - әрекетін
ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. [10; -59 ]
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама;қоғамның
әлеуметтік – экономикалық талаптармен келісуі; оқушы мен оқытушының екі
жақты міндетті іс - әрекетімен байланысты өзара қарым – қатынасы;
оқушылардің белсенділігін арттыру мұғалімнің адын – ала мұхият ойлаған
және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі; оқушылар арасындағы өзара іс
- әрекетті мұхият ұйымдастыру педагогикалық процестің тиімділігінің
ұйымдастыру шарттары.
16

Педагогикалық процестің мынандай заңдылықтарын атап көрсетуге болады:
- бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесінің мұрагері – тек қана
өзінің белсенді шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;
- индивидтің өзін жүзеге асыратын және өз орнын таба алуға дайын
белгілі бір әлеуметтік- азаматтық дәрежесі бар барлық қоғамдық
қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы;
- ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген
іс- әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және
барлығына жетістіктер мен қамтамаз етеді. [10; -59 ]
Дүниетанымның пәні нақты тарихи тәрбие процесін оның объективтік
заңдылықтарына, әлеуметтік қатынасына, өмірдегі қоғамдық тәрбие
тәжірибесіне отырып болшақ жас ұрпақтың даму, қалыптасуын зерттейді.
Дүниетаным ұрпақ пен жса ұрпақтың қарым – қатынасындағы қарама –
қарсылықтарды шеше отырып, жас ұрпақтың дұрыс жолға түсуін қарайды. Қарама
– қарсылықтың дұрыс шешу жолдарының бірі ертеден келе жатқан өмірдің, өмір
тәжірибесінің дұрыс бағыттарын алып, жастарды соған тәрбиелеу, үйрету,
оқыту.Өмір тәжірибесінің дұтыс немесе қате екенін философияның заңына
сүйене отырып қарайды. Өмір - өзен, бір орында тұрмайды. Бала тәрбиесі
әрдайым қозғалыста. Сондықтан педагогикалық құбылыстың бәрін, оның ішінде
тәрбие, тәлім мазмұнын, түрін, әдістерін өмірде пайдаланамыз.
Баланың даму,дүниетанымының қалыптасу процесіне көптеген қарым – қатнастар
тікелей әсерін тигізеді. Негізінен мұны үшке бөлуге болады.Олар өзара тығыз
байланысты. Олар:
а) Экономикалық базис, экономикалық қатынас.
ә) Идеология, қоғамдық сана. Осы арқылы адамның санасы қалыптасады. Әр
адамның саяси ғылыми эстетикалық, құқықтық, этикалық, діни
17
көзқарасы мен сенімі болады.
б) Жеке адамның қоғаммен, жеке тұлғалармен психологиялық қатынасы.
Адамдар арасындағы қатынас. Ересектер мен жастардың, ұстаз бен шәкірттің
қатынастары.
Осы қатынастардың нәтижесінде тәрбиенің заңдылықтары шығады. Тәрбиелік,
тәлімдік заңдылықтар педагогика ғылымдарының негізі. Заңдылығы жоқ ғылым –
ғылым емес. Сонымен педогогика ғылымдарының заңдылықтары:
а) Жас ұрпақтың аға ұрпақтан қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін
өзінікіндей етіп, өмірде пайдалану. Сол арқылы өмірге араласу, қоғамды
алға дамыту, қоғамның әрбір мүшесін керекті заттармен қамтамасыз етіп,
ұрпақ арасынан үзіліске жол бермеуі.
ә) Ұрпақ байланысының заңдылығы ретінде қарастырылатын нәрсе, ол
тәрбиенің мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің қоғамның өндіргіш күштеріне
сәйкестігі. Яғни тәрбие теориясының өмірмен байланыстылығы.
б) Тәрбиенің өндіргіш күшке сәйкестігі өндіріс арқылы анықталады,
өндірістік қарым – қатынасқа байланысты, өндіріс қарым – қатынас
анықтайды.
в) Тәрбиенің төртінші заңдылығы баланың тәрбиелік нәтижесі өмірмен
байланысты шешіледі. Тәрбие өмір талабына сәйкес болуы керек. Мұнда тек
өндіргіш күш емес, сонымен әлеуметтік, психологиялық қарым – қатынасқа да
байланысты.
г)Жас ұрпақтыңғылыми дүниетанымы қалыптасуында өзінің атқаратын ісі,
белсенділігі, өзін - өзі көрсете білуі, өмірден өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Химияны оқытуда химиялық тілдің қалыптасуы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Пәндер