Қыскарған сөздер


Ғылыми-ізденіс тақырыптары ділгірліктен туындайды. Яғни әр түрлі білім саласында жауабы әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер баршылық. Қазақ тіл білімінде де ондай мәселелер жетерлік. Мәселені табу оңай емес. Ол ашық тұрмайды, "мен мұндамын" деп жар салмайды. Сондықтан да оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулығанда ең алдымен мәселелерді көре білуге жетелеген дұрыс. Бұл жерде мұғалім көмегі. оның ой салуы, ойландыруы аса кажет. Мысалы, қазақ тілі пәнінде "Қыскарған сөздер" өтіледі. Окулықта оған анықтама берілген, жасалу жолдары түсіндірілген. Дегенмен, тыныс белгісі бойынша окушыларға беймәлім айтылмаған мәселе де баршылық. Мысалы, АҚШ, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), т. б. қысқарған сөздер арасына нүкте қойылмайлы. Себебі не? Ал косымшалар десрис арқылы жазыла-ды. АҚШ-тың ірі-ірі қалалары бар. БҰҰ-ның кезекті жиыны өтті. Қыскарған сөздердін нүктесіз жазылуы мұғалімдерге түсінікті болғанмен, оқушыларға түсінікті емес екенін тәжірибе көрсетуде. Қысқарған сөздерді өткеннен кейін оларға төмендегідей сұрақтар берілді.
- Қалай ойлайсыңдар, АҚШ, БҰҰ, т. б. қыскарған сөздер яғни, бас әріптер арасына неге нүкте қойылмайды?
- Ойланайық, өзіңше нүкте қою керек пе, жок па? Жауаптарыңды дәлелді түрде айтыңдар.
Шынын айтқанда, оқушылардың бұл мәселелі сұраққа жауап беруі оңайға түспейді. Көмек, бағыт-бағдар ретінде өр жылдарда шыққан орфографиялық сөздіктер ұсынылды, ондағы кысқарған сөздердің жазылу емлесі туралы түсініктерге назар аударылды. Бірде-бір сездікте нүктенің койылмау себебі айтылмағанын оқушылар анықтады. Осы сұрақтың өзі ізденіс бастауы болды. Ары қарай оқулыққа қайта үңілттік. Оқушылар алған білімдерін тиянақтай түсті, қысқарған сөздердің жасалу жолдарына қайта үңілді. Осы жұмыстан соң төмендегідей сұрак койдық.
- Нүктенің қойылу ережесін еске түсіріңдер.
- АҚШ- Америка Құрама Штаты. Назар аударыңдар, күрделі атау арасына нүкте қойылмайды екен. Себебі неде?
Оқушылар жауабы төмендегідей болды.
- Нүкте қойылмайтыны дұрыс, олар жеке-жеке сөз емес . . .
- Нүкте ой аяқталганнан кейін қойылады.
- Америка Құрама Штаты деген күрделі атау, ягни цш сөз бірігіп, бір елдің ягни, Американың атауын беріп түр, нүкте қою дұрыс емес.
Оқушылар болжамын, пікірін негізге ала отырып енді өз беттерінше нүктенің қойылмау себебіне ереже ойлап жазуды тапсырдық. Соңғы тапсырма оқушыларды ізденіске ғана емес, алған білімдерін өз беттерімен шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жетеледі, өзін-өзі оқыту үрдісіне, таным белсенділіктерінің артуына түрткі жасады. Орыс ғалымы В. Давыдовтың "Процесс усвоения знаний может проходитъ в резулътате самостоятелъного поиска путем решения познователъной задачи" деген сөзінің маңызын осы жұмыс дәлелдеді. Оқушылар өздерінше төмендегідей ережені қорытып шықты. "Мемлекет, мекеме, ұйым аттары кейде толық айтылмай тек бас әріптері ғана алынып, қысқарған сөз болады. Араларына сол себепті нүкте қойылмайды". Өрине, олардың бұл тұжырымы, ережесі ғылыми жаңалық емес. Дегенмен олар оқулықта жауабы жазылмаған мәселе айналасында бір "өнім" жасап шығады, ізденеді. Мұғалім мақсаты да осы болды. Мұғалім мүмкіндігінше оқытудың бірізділік, қонымдылық, жеңілден ауырға ұстанымдарын басшылыққа ала отырып окушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулып отыруы керек, сонда ғана нәтиже мен табысқа жетуге болады. Оқушылардын қызығушылығын, ынтасык арттыру үшін атақты ғалымдар өмірінен мысалдар келтіріп, таныстырып отырудың тиімділігі зор. Жаттығу жұмыстарын осы мақсатта пайдалануға болады. "Ғылыммен қалай айналысуға болады?" деген тақырыпта көмек-нұсқаулар ұсынғанның да ұтымдылығы бар.
Бір көмек-нұсқаудың үлгісін берейік.
"Жас дос, гылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарының бастауы мәселені шешуден басталады. Ал "мәселе деген не?" деген сұрақтар айналасында өздеріңе ойлануга тура келеді. Кез келген "неге?" деген сұрақтардың барлығында мәселе жатыр деп түсіну жаңсақтыққа апарып соғады. Маселенің негізінде жауабы дайын емес, беймәлім, шешімін тілеп тұратын, яғни жаңа өнімді, жаңа білімді керек ететін мәселелер жатады. Оны өздерің шешіп, өздерің табұларың керек. Дайын білімді қайталап айтып беру, өздеріңді ізденіске апармайды. Сондықтан қай пәнде болсын оқулықта берілген білімді мазмұндап айта бергеннен гөрі ойланып, өзіңше толғанып, өз көзқарасың мен пайымдауларына ерік беріңдер. Оқулықтағы білім мазмұнымен шектеліп қалмай, қосымша құжаттарға, ғалымдар еңбегіне үңіліңдер (сол тақырып бойынша) . Өз беттеріңмен іздену, талпыну - терең білім алудың негізгі қадамдары. Ал "білімді мыңды жығады" дегендей, сол терең білімділік ғылымға алып келетін негізгі қайнар көз екенін түсініңдер. Мәселені шешу, мақсатқа жету, ең алдымен, мәселелік сұрақтардың жауабын табудан басталады".
Ғылыми-зерттеу ізденісіне баулудың бір жолы: шығармашылық бағыттағы жұмыстарда да жатыр. Әсіресе, оқушылардың қабілеті, икемділігі, дарыны осындай жұмыстарда ерекше көрінеді. Орыс ғалымы М. Львов "В творческих работах учащихся отражается личностъ школьника, его чувства, взгляды, его пожизненная позииия" дейді. Шығармашылық окушылардың өз беттерімен зерттеу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып оларды ғылыми ізденіске жетелейді. Ал шығармашылық бағыттағы тапсырмаларда мына мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн.
1. Оқушылар тапсырмалар алдындағы максатты, міндетті түсіне
алды ма?
- Тапсырмалар оқушылардың мүмкіндігі, білім деңгейіне сәйкес пе?
- Тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай, ынталандыратындай деңгейде ме?
- Оларды орындау үшін қосымша құжаттар, оқу құралдары ұсынылды ма?
Педагог-ғалым Кушнирдің "Ох, как мы заблуждаемся порой по поводу детских возможностей, умоляем их о человечности, приписывая себя и своим урокам судьбоносные решение" деген сөзі шығармашылық жұмыстарда мұғалімге диагностикаға сүйенуді, нөтижені болжауды, әр баланың мүмкіндігі мен қабілетіне қарауды талап етеді. Шығармашылық жұмыста бүтінгі таңдағы білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беру мақсатын басшылыққа алу керек. Білімді окушылық деңгейден алгоритмдік деңгейге, одан эвристикалық, одан барып шығармашылық деңгейге дейін сатылап көтеру мәселесі бұл жұмыстарға да ортақ. Шығармашылық жұмыстарда окушылардын кабілеті, іскерлігі, икем дағдылары есепке алынуы керек деп жатырмыз. Сол себептен оқушылардың қызығуы мен ынтасына карай таңдап алуларына жағдай туғызу, бір тақырыптың өзіне бірнеше тапсырмалар жүйесін жасап ұсыну нақты нәтижеге қол жеткізеді. Енді шығармашылық жұмыстарға нақты мысал келтірейік.
1. Қазақ тілі оқулығындағы 348-жаттығу бойынша төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
Жұмыстың түрі: өнер жарыстыру.
1. Сырымның жауабын өзгертіп жазу, сөз таптарына талдау (өз жазғанын) .
Үлгі:
- Дау мұраты не?
- Саудагер ұраты не?
- Кыз мұраты не?
- Жол мұраты не?
Дау мұраты - біту Саудагер мұраты - үту
Қыз мұраты - кету
Жол мұраты - жету
-Дау мұраты -
-Саудагер мұраты-
-Қыз мұраты -
Жол мұраты -
2. Оқулықтағы 191-жаттығу бойынша да мынадай шығармашылық тапсырмалар беруге болады.
Жұмыстың түрі: кім шешен? (шешендік турнирін өткізу) .
- Қазыбектің шешендік толғауын өздеріңше оқып жазындар.
- Зат есімдерді тауып, жасалу жолдарын талдаңдар.
- Мұғалім көмегімен шешендік турнирін өткізіп, жеңімпазды анықтаңдар.
Үлгі:
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Өйелің жаксы болса.
Бірінші - нманын,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысынның тұрағы,
Балан жаксы болса,
Жан мен тәннін шырағы.
Ескерту: асты сызылған сөзді ғана өзгертіп жазады. Осындай мазмұндағы шығармашылық тапсырмалар, ең алдымен, окушылардың тіл байлығын дамытады, екіншіден, тапқырлыққа, тездікке, шешендікке баулиды, үшіншіден, қабілеті, дарынынын дамуына түрткі жасайды, төртіншіден, алған білімді тәжірибеде пайдалануға мүмкіндік туғызады, бесіншіден, дербес ізденіске, ез беттерімен соның негізінде бір "өнім" жасауға жетелейді.
Танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру.
Ғылыми-техникалық прогресс және қоғамдағы болып жатқан саяси-
әлеуметтік өзгерістер адам әрекетіне әсер етіп, жоғары білімді мамандарға қойылатын талаптар жүйесін өзгертуде. Коғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы ізгілендіру мен демократияландыру үрдістері, ең алдымен, жоғары мектеп жағдайында білім берудін кызметіне жаңаша қарап, бұл бағыттағы кол жеткен табыстагуа сын көзбен саралай отырып бағалауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, осы бағыттағы оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруді талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz