ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗГІЛІКТІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА Ы.АЛТЫНСАРИН ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗГІЛІКТІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА Ы.АЛТЫНСАРИН ИДЕЯЛАРЫНЫҢ
ӨМІРШЕҢДІГІ

ХХІ ғасырдағы жас ұрпаққа білім берудің тәрбиелілік мазмұнын күшейту
әлемдік педагогика ғылымының жетекші ұстанымы ретінде қабылданғаны және
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында мазмұнында жеке тұлғаның әрекет
мотивтері мен мінез-құлық тәртіптері олардың қоршаған ортамен қарым-
қатынасының даралық сипатын көрсетуге бейімделуге, яғни сыртқы басқарудан
ішкі басқаруға өту жағдайында қарастырылуы қажет делінген болатын. Бұл
жеке адамның өз әрекетін өзі бақылап, өз әрекетін өзі бағалай алуға алып
келеді. Яғни өзінің әрекеттеріндегі ізгіліктік көріністер мен гуманистік
тәрбиені пайымдау кезеңіне өтеді. Бұл қазақ халқының ұлы педагогы
Ы.Алтынсарин айтып кеткендей тәрбие жүйесіндегі ізгіліктік тәрбиенің
қалыптасуы оның ұйымдастырылу шеберлігі тиімді болғанда ғана жеткілікті
болады деген ойының бүгінгі таңда да өзекті екендігін растайды[1].
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру концепциясында тәрбие
жұмыстарының негізгі ерекшелігі базалық оқудың мазмұнын жеткізіп, оларға
сәйкес білім қалыптастыруда ғана емес, сонымен қатар педагогикалық процеске
қатысушылардың ортақ жеке тұлғалық және кәсіби дамуын да қамтамасыз ету
болып табылады.
Сол себепті елімізде құзырлы мұғалім дайындау үдерісінде тәрбиенің
ізгіліктігін жалпы адамзаттық құндылықтардың әлеуметтік ұйымдас-тырылған
интериоризация процесі ретінде қарастыру маңыздылығына көшу арқылы бала
тәрбиесіндегі мұғалім қызметінің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл тұрғыда ұлы ұстаз Ы. Алтынсарин айтқандай ізгіліктік тәрбие айтарлықтай
дәрежеде кәсіби-этикалық өзара жауапкершілік метақағидасының жүзеге
асырылуымен де байланысты. Мұның негізінде қазіргі педагогикадағы тәрбие
заңдылықтарына сәйкес осы процеске қатысушылардың адамдардың тағдырына,
қоғамның болашағына деген жауапкершілікті өз мойындарына алуға дайындығы
олардың гуманистік өмір салтын ұстанып, педагогикалық этика нормаларын
сақтауға бағдарланатынын көрсетеді. Бұл қағида жеке тұлға педагогикалық
процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете бермей, керісінше бұл
жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып, саналы және жоспарлы
түрде өзін-өзі кемелдендіре алатындай іштей орныққан белсенділікті талап
етеді.
Тәрбие педагогикасының ұғымдық аппаратында гуманистік тәрбиенің
метақағидалары – бұл жалпы мәнге ие, яғни олар кез-келген педагогикалық
жағдайда және білім беруді ұйымдастырудың кез-келген жағдайларында
қолданылатын ережелердің бір араға шоғырланып, өзара байланысып жеткізілуі
болып табылады. Барлық қағидалар өзара бір-біріне бағынады, осылайша олар
иерархиялық жүйені құрайды және олардың әрқайсысы басқаларымен байланысып
тұрады да, басқалары орындалғанда ғана жүзеге асады.
Шынайы педагогикалық тәжірибеде, жоғарыда аталған тәрбие заңдылықтары
мен метақағидаларынан басқа, мұғалім, тәрбиеші күнделікті педагогикалық
қызметінде қолданатын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке қағидаларын
ескеріп отыру маңызды.
Мұндай қағидалардың бірі бастауыш мектепте оқушыларды ұжымда оқыту және
тәрбиелеу қағидасы болып табылады. Бұл қағида бойынша педагогикалық
процесті ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және даралық формалары оптималды
түрде сәйкес араластырылып отырылу керек.
Бастауыш мектепте оқушымен индивид қатынас және соған байланысты
жекелену (оңашалану) ерекше қарастырылады. Оқушының өзіне ғана тән пенделер
ортасына деген мұқтаждықты көрсете отырып, қатынас пәні адам болып
табылатын қызметтің ерекше түрін білдіреді. Қатынас барлық кезде
жекеленумен бірге жүреді, яғни адам өзінің қоғамның бір бөлігі екенін
сезінеді. Қатынас пен жекелену – жеке тұлғаның әлеуметтік байлығының қайнар
көзі.
Қатынас пен жекелену үшін ең жақсы жағдайды жолдастық өзара әрекеттесу
мен өзара жәрдемдесу қатынастары мен көзқарастар ортақтығына негізделген,
әлеуметтік ұйымдастырудың жоғарғы формасы ретінде ұжым жасай алады. Дәл осы
ұжым ішінде жеке тұлға толығымен дамып, өзін-өзі айқын көрсете алады.
Осылайша жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу қағидасы баланың дамуының объективті
заңдылықтарымен байланысты болады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке үйрету
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Пәндер