Қоғамымыздың бірден бір байлығы – болашақ жастар


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру жүйесінің басты міндеті - мектептердің педагогикалық ұжымдары ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың оқу-тәрбие процесінде баса көңіл аударып, оқушыларға нақты білім беру, мектептерде мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыруына байланысты болмақ[1] .
А. М. Кенжанованың зерттеу жұмысында оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынастарын педагогикалық тұрғыдан қарастырған[2] .
Адамның әдепті, өнегелі болуы, алдымен, өзіне байланысты, содан кейін әлеуметтік ортаға қатысты дейміз. Екеуі де шындық. Бірақ бұл шындықта әрбір адам қоғамдық ортада өз орнын қалай табады, өзін қалай көрсетеді, беделін қайтіп көтереді деген мәселелердің беті ашылмай қалды. Жас кезде адам ортаға бейімделеді. Өз өңіріне, өз өрісіне кім қалай бейімделеді - бұл да үлкен мәселе. Ортаны өзіне үйіріп әкету - есейгендіктің белгісі.
Қоғамымыздың бірден бір байлығы - болашақ жастар. Сондықтан да жастарымызға ең бірінші маңызды тәрбие мен білімді беруіміз қажет. Осы тәрбие мен білімнің ошағы - отбасында дер едім.
Өйткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзінің қоршаған ортасына, мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сыртқы көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т. б. қасиеттеріне байланысты. Осылардың ішінде жанұядағы ата - ананың атқарар қызметі ерекше болуы тиіс. Себебі бала, ең алдымен, өз ошақ басына қарап өседі. Сол себепті отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс - әрекеттері балаға алғашқы кезде бұлжымас заң тәрізді көрінеді.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада бала өмірдің мақсатын, оның құндылықтарын, нені біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, қандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді өздері алдын ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін қарапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл көпшілік қауымның көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап қолға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінің ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан, олар осы уақытқа дейін практикада көп қолданылмайды. Ал осы отбасы және бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына халық педагогикасының аткаратын рөлі зор екенін ашып айту керек.
Адамның бойындағы жақсылық пен жамандық, адамгершілік құлық, тіпті қоғамдық өмірдегі жарамсыздық пен жұғымсыздық та қарым-қатынастан туындайды.
Демек, адамгершілік құлық жеке адамның қоғам өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілет. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Олай болса, әр ұрпақ «біз қарым-қатынастың қай деңгейіндеміз немесе қандай бағытын бетке ұстаудамыз?» - деп өзіне сауал қоюы орынды. Қарым-қатынас туралы түсінік пен көзқарас әртүрлі. Өйткені әркімнің өмір сүру тәсілі мен ортасы әрқилы. Десек те көптің көңілінде жүрген үміт пен күдік аз емес.
Бәріміз де кездесуге, жүздесуге ынтықпыз. Ашық кездесу - тыныштықтың тірлігі, ізгіліктің берашары мен ізбасары, қауіп-қылмыстан сақтандыру, қара күшті қарусыздандыру, мәдениет қуатын әрлендіру, еркіндікті іздестіру. Кездесудің шарты - түсінісу, табысу, келісу. Мұны жадымыздан шығармалық. Әрбір кездесудің тәрбиелік маңызы бар және қоғамдық күші бар. Оны да ескерейік.
Кездесуде кімдер өз әлін, әдетін жақсы жағынан көрсете алады? Ашық пікірден тайсалмайтындар, өз ортасының мұң-мұқтажын жақсы білетіндер, өзін жаңа деңгейде ұстайтындар.
Көптің көңілінен, ұжымның күткенінен шығу жеңіл, оңай жұмыс емес. Көптің алдында дұрыс сөз бастау, өзіңді ұстай білу, ойыңды тыңдаушының зейініне құя білу - қатып сенген дағды емес. Сол межеге үнемі ұмтылу керек, сол әдісті әрдайым қайрап отыру абзал.
Осындай жауапты міндетті шешудің басты бір мүмкіншілігі бастауыш сыныптағы білім беру процесін жетілдіру болып табылады. Ол мүмкіндіктің іске асуы осы сана-сезімді жас бүлдіршіндердің бойына осы кезден сіңірумен тікелей байланысты, Мұндай жауапты қызмет бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелетін болғандықтан, ұстаз үлкен маңызды істер атқарулары тиіс[3] . Баланы оқытушы сабақ үлгерімі мен танымдық іс-әрекетін арттыру үшін мынадай жұмыс атқаруы қажет:
- Баланы сыныптан тыс жерлерде дәріс сабағын өткізуді
ұйымдастыру;
- Тарихи жерлерде оқушылармен танымдық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру;
- Оқытушы мен оқушы арасында сыныптан тыс жерлерде
әңгімелесу, пікірталас жайында өзара коммуникативтік қарым-қатынасы қалыптасады;
Бұдан шығатын қорытынды оқушыны түрлі бағытта қалыптасу қызметі іске асырылады, және де сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Себебі, мұғалім мен оқушы арасында жоғарыдағыдай қарым-қатынас болмаса, оқушының сабаққа деген ынтасы болмас еді.
Қарым-қатынасты әркім өзін көрсе, байқаса дейді, әркім өз сөзін естісе, тыңдаса дейді, әркім өзін бағаласа, сыйласа дейді. Ынта - әркімге тән, табиғи үміт. Сыйлы болу үшін, шамасы, қоғамдық қажеттілікке лайық сенім, сенімділікті мекендейтін күш-жігер, күш-жігерді жетелейтін білім мен мінез керек. Осы талаптардың негізін еңбек пен тәрбие, өзіндік ынталалық пен өзіндік тәрбие құрайды.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т. с. с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Бұл ұрпақ тәрбиесі мен адамзат өсуінің болашағы отбасы жағдайын жақсартудан басталатынын дәлелдей түседі.
Отбасы тәрбиесінің ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытқа дейін практикада көп қолданылмайды. Ал осы отбасы және бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына халық педагогикасының атқаратын рөлі зор екенін ашып айту керек.
Зерттеудің мақсаты. Оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының психологиялық аспектілерінің теориялық негізін анықтап, оны ұйымдастырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамыту жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқу-тәрбе үрдісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының теориялық және әдістемелік қағидаларын орынды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана білсе және мұғалімдер оқушылардың қарым-қатынас барысында жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу-тәрбие процесін жүйелі түрде ұйымдастырса, онда оқушылардың оқу процесін қалыптастырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, олардың адамгершілік қасиеттерін, қабілеттерін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың коммуникативтік қарым- қатынастарын дамытудың мәні және оған сипаттама беру;
- мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының психологиялық аспектілерін қалыптастырудың мазмұны;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамытудың технологиясы;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмыстарын жетілдіру;
Зерттеудің жетекші идеясы. О қушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының саяси-экономикалық және рухани-интеллектуалдық аспектілерін бірлестікте дамыта отырып, мұғалімдер мен ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім негіздерін, іскерлік пен дағдыларын тиімді меңгеруге ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып педагогикалық процесс, қоғам және қарым-қатынастарын қалыптастырудағы жалпы заңдылықтары, оқыту үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын дамыту. Зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдамасы жеке тұлғаның дамуына себепші болатын әрекеттілік қатынастарын жетілдіру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, зерттеу проблемасына сай педагог-ғалымдардың еңбектері, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, ғылыми педагогикалық, ғылыми әдістемелік журналдар, педагогтардың, психологтардың, философтардың еңбектері, «Педагогика», «Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік» және «Мамандыққа кіріспе» т. б. оқулықтар және де оқу құралдары.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, оқу құралдарына теориялық талдау жасау;
- мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізу, олармен әңгіме жүргізу;
- озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену.
Зерттеудің эксперименттік базасы: Кентау қаласындағы №6, №5 қазақ орта мектебінің оқушылары.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын дамытудың мәні және мазмұны
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер мен жалпы білім беру тұжырымдамасында жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар қауымына күрделі де жауапты міндеттер жүктеліп отыр. Республикамыздың «Білім беру» заңында «оқытудың тиімділігін арттыруға, жастарды дербес өмір сүріп, еңбек етуге даярлауда түбегейлі жақсартуға жаңа қоғамның саналы құрылысшыларын тәрбиелеуге батыл күш салу қажет» делінген[4] .
Бұл өмірде ешкім бәрін біліп тумайды, дана болып келмейді. Оның бәрі - талпыну, іздену, мақсатты еңбектің арқасында келетін жетістік.
Аса ойшылдардың айтқанындай: “Адамды адам еткен - еңбек”. Еңбек үстінде адамның көптеген психикалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жарыққа шығару. Мысалы, үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады дейсіз ғой. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс.
Кішкентай бала қасындағы түрлі-түсті ойыншықтармен өзімен-өзі ойнап отыра береді. Ойыншықтар неғұрлым түрлі-түсті болған сайын олар баланың зейінін өзіне тартып, бала соларға көбірек ұмтылыды. Ал баланың жасы ұлғайған сайын ол жалғыз ойнамайды, қасындағы қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Өзара қарым-қатынас жасайды. Баланың басқа балалармен бірігіп ойнауы оның психикасында жаңа қасиеттердің пайда болуымен байланысты. Балада қоғамдық сипаттар дами бастайды. Салалы адам өміріндегі әлеуметтік қасиеттің бір түрі - ол қоғамдық өмір. Адам жалғыз өмір сүре алмайды, ол үнемі қоғаммен бірге қарым-қатынаста болады[5] .
Қарым-қатынас дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Қарым-қатынас-бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Адамдар өзара бірлесе отырып ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп түсінеміз. Қарым-қатынас жасау арқылы сол адамның мәдениетін, ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, өскен ортасын, алған тәрбиесін саралауға болады[6] .
Әрине қарым-қатынас түрлері өте көп. Атап айтатын болсақ, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас, жолдастар арасындағы қарым-қатынас, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас т. б. Соның ішінде мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынастарын алатын болсақ ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин “Мұғалім балалармен үнемі қарым-қатынаста болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбаланқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”-деген[7] .
Ия, ұстаздық қызметте табысқа жету үшін бітіруші мамандар терең әрі кең білім алып, әдістемелік толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Сонымен қатар қызметті шығармашылық сипатта болуды, әрі педагогтық қабілеттің елеулі мәні бар. Себебі бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек[8] .
Әрине мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас жасау барысында педагогтың қосатын үлесі аса қажет. Педагог деп отырғанымыз кім? Педагог (грекше тәрбиеші) - дәріс беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтың мұндай іс-әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс-әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғарғы нәтижелерге жету үшін пеагогикалық қызмет мұғалімнен жан-жақты білімді, табанды еңбекті талап етеді деген мағынада түсінген жоқ.
Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі бір пән мұғалімі ғана емес, ол оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика-гуманистік сапа кешенін түзетін өнерде. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оптимистік көзқарасы, адамдардың гуманистік потенциялына сенімі жатады. Мұндай мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.
Педагогикалық мәдениетті педагогтік әдептіліксіз көз алдымызға келтіру мүмкін емес. Педагогтік әдептілік-мұғалімнің, оқытушының, ұстаздың оқытушылармен қарым-қатынасына қойылатын талаптардың мәжесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда олармен дұрыс қатынастың бабын табу білігі [9] .
Мұғалім мен оқушылардың іс-әтекеті барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-білімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық, номативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушылардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой өрісін дамытады.
Қарым-қатынас - таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективтік әлемді танудың ерекше формасы [10] .
Оқыту әрекеті толық жүзеге асуы үшін бәрінен бұрын мүмкіндіктер тек оқыту үрдісінде ғана жасалатын есте ұстау керек. Мектепте балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми түсінігі, дүниетанымы қалыптасады. Оқу қызметі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады. Оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылыми заңдар және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерді құрайды. Тек оқу әрекетінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат пен қызметтің басты нәтижесі ретінде байқалады.
Оқу іс-әрекетінің құрамдас бөліктері мыналар: оқу жағдаяттары (немесе міндеттері), оқу әрекеті, бақылау, бағалау.
Оқу жағдаяттарының ерекшеліктері. Оқу жағдаяттар мына ерекшеліктермен сипатталады: біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір бөлімдерін шешудің жалпы тәсілдерін игереді; екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу қызметінің негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттерге оқып-жаздыратын жазу, математикалық тестік есептерге жауап іздеу, қағаздан ұсақ-түйек жасау, т. б. жатады.
Педагог алдымен сынып оқушысын сол сыныптағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдайға тікелей жетелейді. Одан кейін педагогтың басшылығымен балалар бұл әдісті тауып, қалыптастырады. Шынында да оқып-жаздыратын жазудан бұрын жұмыс жүргізіледі. Оның барысында сөздердің құрамын және олардағы әріптердің үйлесу заңдылықтарын оқып үйренеді, дұрыс жазудың жалпы талаптарын қалыптастырады. Осы жағдайлардың бәрінде балалар оқу жағдаяттары жүйесінде жұмыс істейді, олардың негізінде балалар, бір жағынан, берілген материалдарды үйрену мотивін (сөздердің құрамын немесе шамалардың байланысын не үшін оқып үйренуі керек), екінші жағынан, сол сыныптағы нақтылы міндеттерді шешудің ортақ тәсілдерінің үлгісін алады. Оқу жағдаяттарының мазмұны мен формасы педагогиканың дидактикалық және жеке әдістемелік бірлескен құралдарымен анықталады.
Оқу жағдаяттарында балалар жұмысы түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың ішінде оқу әрекеті ерекше орын алады. Оқу әрекеті арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып, игереді. Бұл әрекеттер пәндерде, ақыл-ой шеңберінде де орындалады. Оқу қызметінде грамматиканы оқудың алғашқы кезеңдерінде өзгерту және салыстыру әрекеттері ерекше маңызды. Бұлар балаларға сөздің мағынасы мен формасының арасындағы қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Ал сан ұғымдарын игеруде оқушы бірқатар оқу әрекеттерін, ал олардың ішінде мыналарды:
- заттық әрекетін (өлшеу бірлігі етіп алынған бір шаманың екіншісіне
реттік қатынасын анықтау) ;
- ауызша әрекетін (өлшеу шамаларын есептеп шығу) ;
- ақыл-ой әрекетін (алынған нәтижені барлық есептелген
объектілерге жатқызу) орындауы керек.
Сабақ беру үрдісінде мұғалім жалпы да, жеке де оқу әрекеттерінің бәрінің жиынтығын анық білуі керек, мұғалім оқу ісінің өз шегінен шығып кететін стихиялы талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу жағдаяттары ішінде балаларды материалды шын мәнінде игеруге бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі қалыптастыруға міндетті.
Бақылау әрекетінің ерекшеліктері: оқу жағдаяттарында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін - бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оқу әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстарып, бұл нәтижелердің сапасын орындалған оқу әрекетінің деңгейімен және толықтығымен байланыстыруы қажет. Бақылаудың арқасында оқушы нашар, тіпті жаман үлгі мен өзінің оқу іс-әрекеттерінің кемшіліктері арасындағы байланысты сапалы түрде көре біледі. Бұл кемшіліктерді жою, игеру нәтижелерін жақсартуға және оларды талап етілген нормаларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі роль мұғалімге жүктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz