Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ
«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» кафедрасы
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында орындалған
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Орындаған: Музыкалық білім кафедрасының
СМБ-615ж тобының студенті
Қожақов Тажидин
Ғылыми жетекші: Дарменова Рахима
Рецензенттер:
ТҮРКІСТАН - 2008ж.
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріпе.
Бірінші тарау. Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарының теориялық негіздері.
§ 1. 1 Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.
§1. 2 Музыкамен тынығу жөнінде жалпы түсінік.
§1. 3 Оқушылардың музыкамен тынығуының ғылыми-теориялық негіздері.
§ 1. 4 Оқушылардың музыка тыңдау ережелері.
Екінші тарау. Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырудың жолдары.
§ 2. 1 Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары.
§ 2. 2 Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту, оны сезініп, қабылдау, есте сақтау.
§ 2. 3 Музыканы тыңдату - баланы жан-жақты дамытудың негізі.
§ 2. 4 Сабақтан тыс мезгілде оқушылардың музыкамен тынығуын
ұйымдастыру.
§ 2. 5 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі.
Қорытынды.
Пайдаланған деректер тізімі.
Қосымшалар.
.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр. Қазақстан Республикасының құзіретті орындары осы іске жан-жақты да кең көлемде кірісуге бағдарланды. Оның дәлелі ретінеде мемлекет тарапынан шығып жатқан білім жүйесін жетілдіруге қатысты заңдар мен іс жүзіндегі аса маңызды бағыттар.
Білім беру мен тәрбиені жетілдіру, жан-жақты саладағы оқу-тәрбие жұмысын дамыту жұмысына жаңашылдықпен келу, уақыт талабына сай оқу жоспарларын қайта қарау, құжаттар мен оқу ісіне қажет бағдарламаларды, әдістемелік нұсқауларды саралау және баспадан шығару, білім беруді 12 жылдық жүйеге келтіру, білім мекемелері басшыларының кәсіби деңгейін көтеру, секілді мәселелер өз шешімін күтіп тұр.
Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, ұлттық білім жүйесінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отырып жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде.
Дүние жүзінде жүріп жатқан ғаламдану саясаты, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жылдан астам уақыт ішіндегі саяси, әлеуметтік -экономикалық даму қарқыны мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі -білім беру саласын жетілдіруге бағытталды. Осы жолда іргелі зерттеулер, ізденістер жүргізілуде. Тарихи тәжбиелерге сүйене отырып, өзінің қалыптасқан мәдени -білімдік дәстүрлері мен ұстанымдары бар елдін даму қадамы білімнен басталуы керектігін заманымыз зерделеп берді. Осы тұжырымдама негіздемесі ендігі күні келешек өскелең ұрпақтың ұлы мұратына музыка арқылы айналады деген сенім мол.
Музыка адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойланған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды. Өйткені, «Музыка - жүрек тіілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл-күйдің тілі деп ұққан жөн.
Музыка - шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркеми талғамын қалыптастыру, сұлулық пен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу.
Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге музыканы тыңдаумен қатар, оны қабылдау арқылы басқа ғылыми салаларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыканы сезініп ғана қоймай, оны көз алдына елестете білген оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады.
Музыканы дұрыс түсініп, тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Егер музыкалық бағдары жағынан эстетикалық туынды жері, тұлға табиғатының тұрақты қасиетіне жасының қалыптасу мөлшеріне қатысты болса, онда тарихи-музыкалық таным процесі де ерте қалыптасады. Жас мөлшеріне сай даму динамикасына келсек, оқу-тәрбие мазмұны тыңдаушының тарихи - музыкалық танымының белгілі бір сатысында игеретін психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.
Қазір қазақ музыкасы профессионалдық музыка өнеріне дейін өсіп жетілді. Симфониялық шығармалар, опералар, баллеттер туды. Халқымыздың музыкалық талғамын жаңа белеске көтерді. Аз уақытта фольклорлық сипаттағы өнер, профессионалдық талғамға сай биіктен көрінді. Халықтың ғасырлар бойы ел аузында сақталып келеген тамаша әндері мен күйлері қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болды. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» опералары, М. Төлепбаевтың «Біржан мен Сара» операсы, С. Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториялық шығармасы - халық музыкасының қайнар бұлағын негізге алған жаңа туындылар. Осы опера, симфония, ораториядан қазақ халқының әуені әдемі, тынысы кең мазмұнды терең музыкасының жұрт жүрегінен жылы орын алғанын көреміз.
Халық дарындары шығарған әндер мен күйлерді зерттеудің, оларды бір жүйеге келтіріп, нотаға түсірудің пайдасы болашақ жастар үшін үлкен тарихи, мәдени маңызыбар екендігін баса айттық.
Біз халық дарындарынан Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Ыбырай, Жамбыл, Дина, Кенен, т. б. туғызған әндерді, күйлерді, айтыс жырларды т. б. ерекше бағалаймыз. Бүгінгі дәуірде олардың әндері - хорға, музыка аспаптары өнер ұжымынан құралған үлкен оркестрге ұласады. Жеке ән салу мен орындаушылық өнері де одан әрі арта түсіп, көп дауысты кантата ораторияға, ән, би ансамбльдеріне айналды. Қарапайым домбыра, сыбызғы мен қобыз да дүние жүзіне тараған дауысты симфониялық оркестр және органмен терезесі тең құлпырған мелодияны құйқылжыта орындай алады.
Оқушылардың жас ерекшелігінен туындайтын мүмкіндіктері мен ерекшгеліктеріне сүйеніп, оларды білімі мен қызметіне енгізетін нақты талаптар қою қажет. Психология ғылымында оқушылардың жас мөлшеріне сай ерекшеліктерді зерттеген Л. С. Выгтский, А. Н. Леонтьев, Б. И. Теплов, П. И. Якобсон, Қ. Жарықбаев, А. Алдабергенов және басқалар жасөспірімдерге жан-жақты мінездеме беріп, олардың жүйке дамуын басты тенденцияларын анықтаған. Бірақ кәсіби музыкалық білім алудың алғашқы кезінде оқушыларың қабылдау қабілетін психологиялық проблемалар әлі де толық шешімін таппай келеді.
Мектеп оқушылары мен жастардың өмірінде, әсемдік әлемінде музыка айтарлықтай орын алады. Әуеннің дыбысын елемейтін бала жоқ. Бала өмірінің әр кезеңі музыкамен толы. Үйде радио, теледидар, кино көрсе де музыка үні алдыңнан шығып, үлкен-кішінің сезім пернесін басады, көңіл күйін шертеді. Мұның өзі еліміздің елеулі жетістігі екенін үлкен қуынышпен айтуымыз керек. Ал енді осының керісінше нашар жағы да бар. Бұл күнделікті өмірде күндіз - түні ызыңдаған көп музыканың ортасында мектеп оқушыларының тындау, есту, қабілетіне кесірін тигізіп, олардың сезімін нашарлатуы да мүмкін. Бүгінгі музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты халқымыздың музыкалық-эстетикалық талғамын жан-жақты тәрбиелеп, оның ішінде мектеп жастарын музыканы тек жай тындаушы етіп қоймай, сол арқылы тынығып, өмір бойына көркемдік эстетиканы жан азығы ететіндей жасау біздің алға қойып отырған мақсатымыз.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын музыка пәніне, музыка бойынша түрлі үйірмелерге қатысуға, сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға тарту жұмыстары ғылыми тұрғыда қарастырылып, жеке мәселе ретінде зерттелмеген. Осы мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымыздың тақырыбын «Оқушылардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру» деп тұжырымдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың музыкамен тынығуын теориялық тұрғыда треңірек зерттеп, тәжірибеде қолданылуын анықтау.
Зерттеу объектісі : оқушылардың музыкамен тынығу процесі.
Зерттеу пәні: балалардың музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушыларды музыкамен тынығуы теориялық тұрғыда зерттеліп, ұйымдастыру жолдары анықталса, балалардың ой-өрісі кеңейіп, эстетикалық талғамы жоғарылайды.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың музыкамен тынығуының ғылыми-теориялық негіздерін айқындау және оның мәнін ашып көрсету;
- музыкамен тынығу ережелерін жасау;
Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылардың музыкамен тынығуы дұрыс ұйымдастырылса, баланың эстетикалық көзқарасы кеңейіп, ой-өрісі дами түседі;
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық, эстетикалық, музыкалық әдебиеттердегі тынығу, музыка тыңдау теориясы мен практикасы жөніндегі түсініктер құрайды.
Зерттеудің әдістері: мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, музыкалық әдебиеттерді талдау, музыкалық іс-тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап, талдау, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, оқу құжаттарын тексеру, эксперимент жүргізу.
Зерттеудің деректі көздері : философтардың, музыканттардың, педагогтар мен психологтардың, көптеген композиторлар мен әншілердің музыка тыңдау, жеке адамды музыка арқылы тәрбиелеу, ән айту, тыңдау және оның оқушыларға әсері туралы ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы заңы», Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, музыкалық баспасөз материалдары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- оқушылардың музыка тыңдау ережесі жасалынды;
- сабақтан тыс мезгілде оқушыларды музыкамен тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың жоспары даярланды; оқушылардың музыкалық қабілетін дамытуда қолданылатын шарттар негізделді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : зерттеу материалдарын сабақтан тыс мезгілде және сабақ үстінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушыларға пайдалануға болады.
§ 1. 1 Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлеледейді.
Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымның түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болумен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
Музыкалық білім беру педагогикасы - қоғам дмуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белседілікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал, ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау, жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдкті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады.
Адамгершілік тәрбие бүгігі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейтесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып, отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Ұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалптастырады.
Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендетіп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бірзділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендетіледі.
Басқа да өнер түрлері секілді - таымдық процессорды белсендету құралы музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен саздың өзара байланысын, мәнерін бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гемафония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектесседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы - тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатын, арман мақсатының өресін биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор.
Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялы, практикалық іс-әрекетттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.
«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке тәрбие беру саласында, соның ішінде білім беру мазмұны мен оқытудың әдістемесі бегілі бір педагогикалықжүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне баланысты қолданылады. Сонымн бірге мзыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтегі музыкалқ оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т. б. ) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден -бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қарастырады / 9, 25/.
Кез-келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беріу педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтанына негізделеді. Ондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендей үстіндегі педагогиканың бір саласы - музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжырымдардың негізінде дамиды.
Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы - балалар мен жастардың ғана емес, үллкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар ағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзага асыруға бағытталған арнайы ұымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.
Музыканы оқыту-екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыкалық білім беру педагогиксы - тарихи құндылықтады зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүиетанымық көзқарастар құрайды.
Музыкалық білім беру - арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгеру ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т. б. ) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалықбілім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т. б. ) ғылыми теорияларға (дамыта оқыту теориясы, білім мамұүнын сұрыптау теориясы, тәрбие жүйесі теориясы және т. б. ) сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялқ және олданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, біри жағынан педагогикалық құбылыстарды баяндап, түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бғытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамдық дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктірінің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауда көрініс береді.
Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканың ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбьиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz