Ережелерді саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл - ойға
деген белсенді сезімін ояту, таным міндеттерін алға қоюға проблемалық
жағдайлар жасауға және оқушылардың белсенділігін қолдайтын басқа да
бірсыпыра әдістер мен методтарды қолдануға ықпал жасайды.
Меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып
табылады. Мысалы, жарқын да жадында қалған түсінікті бейне жасаған өлең
жолдары зердеден оп-оңай-ақ орын алады, ұмытылмайды және оның керісінше,
түсініксіз де жанды тебірентпейтін санаға жетпейтін өлең жолдарын ойда
сақтау аса қиын.
Тек саналы меңгеру ғана жаңа білімді бұрынғы біліммен түсініктер
қорына қосуға, олырды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пән аралық
тұтастай байланыстарды бақылап отыруға мүмкіншілік береді.
Саналық көз қарас тек білімді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ іскерлік
пен дағдыны қалыптастыруда да сондай көз-қарас болуға тиіс. Оқушылар
бірдеңені қалай болса солай жасап, қалай бітіру қажет екенін де біледі
және түсінеді.
Шындығын айтсақ, кейбір сәттерде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
жөніндегі жұмысқа саналы көзқарас пен көп шұғылданып кету теориялық
білімнің ролін асыра бағалауға апарып соғады. Мысалы, мұнан бірнеше жыл
бұрын, орыс жәіне шетел тілдерін оқыту үстінде тіл және грамматикалық
білімді меңгеру туралы ережені түсіндіруге аса көп күш жұмсалды. Оқушы
мұнда мына әріптің олай емес, былай айтылатынын, сөзде қанша әріп, қанша
дыбыс бар екенін, мақұлдау сөйлемінен кері сөйлемге аударып қайта жасау
үшін не істеу керек екендігін және т.б. түсіндіруге тиісті болады. Ал
осылардың салдарынан, сөз сөйлеу практикасына және практикада сөз құрап
сөйлеу білуге, дағдылануға уақыт өте аз қалатын болады.
Ережелерді саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану
практикасын сәйкестендірудің сәтті формасы Липецк мұғалімдерінің кенңінен
қолданып отырған жаттығулар түсініктемелері болып табылады. Оларды орындай
отырып, оқушылар өздерінің әрекет – қимылдарын, сырттай есіттіріп,
талқылағандай етіп, тез де ықшамды түсінідіреді.
Саналылыққа сүйенбейінше білімді бақылау кезеңдерінің оларды іс
жүзінде пайдалануының дұрыстығын қадағалаудың еш бір мәні жоқ. Өздігінен
оқу және белсенділігін дамыту үшін, жалпы алғанда оқуға деген саналы
көзқарас болмайынша, соншалық үлкен маңызы бар - өзін-өзі бақылау болуы
мүмкін емес.
Оқушыға оның орындайтын таным әрекетінің қаншалықты дұрыстығы туралы
хабар алуы қамтамасыз етілген кезде ғана оқу процесі нағыз шын мағынасында
аяқталады деп есептеледі.
Білімді меңгеруге өте жиі бақылау жасау мұғалімге оқушылардың білімін
тексеріп, оларға баға қою үшін ғана қажетті шара ретінде түсіндіріледі.
Мұнымен бірге, бұл бақылаудың еңі алдымен оқушының өзіне керек екені мүлде
естен шығарылып қалып жүр. Бақылау мен өзін-өзі бақылаудың тиімділігіне
кейбір ұғымдардың теңестірілген, қорытынды жасаудың дәл дұрыстығы тәуелді
болып шығады.
Егер де оқушы материалды қаншалықты дұрыс меңгергені туралы хабарды
уақытылы алып отырған болса, ол қатені аз жібереді, таным да барынша үнемді
жолмен жүреді, оның білімі барынша саналы да сенімді болады. Амал қанша,
мектепте орын алған шын мағынадағы оқу процесінде бұл жағы өте мардымсыз
болып қалуда. Бұл бағдарламаланған оқытуда толығырақ іске асырылып келеді.

Саналылық пен белсенділік принціпі таным процесінің аяқталу кезеңінде
– білімді пратикада пайдалану кезеңінде де бой көрсетеді. Білімнің тек
мағынасын, мазмұны мен мәнін тереңінен де толығынан сезіну, оларды іс
жүзіндегі міндеттерді шешуге қолдану, сондай - ақ оларды өз білімін онан
әрі тереңдетуге және кеңейте беру мақсатында пайдалануды еркін қамтамасыз
етеді.

Жүйелік пен бірізділік принципі оқыту мақсатынан да, оқылатын
материалдың ғылыми логикасынан да, баланың ойлануының даму заңдылылығынан
да шығады. К.Д. Ушинский былай деп жазды: Тек жүйе ғана... бізге өзіміздің
білімізді бақылауымызға толық билік береді. Үздік-үздік өз ара байланыссыз
білімге толы бас, ішіндегі барлық заттары да шашылып жатқан, онан қожасының
өзі де ештеңені таба алмайтын қоймаға ұқсайды; ішінде білімсіз тек жүйесі
ғана бар бас, ал жәшіктері қаңырап бос жатқан дүкенге ұқсас. Тек
тіртіптелген, сындарлы, өз ара байланысты білім жүйесі ғана адамға іс
жүзінде пайда келтіруі мүмкін, ол болашақта шеңбері тар мамандық саласында
білімін онан әрі тереңдету үшін жақсы негіз болып табылады.
Жүйелілік принціпі оқу пәнінің өзінің логикасын да көрсетеді, өйткені
әр бір пәнде бірімен бірі шығатын өзара байланысты ұғым жүйесі бар; бірінің
келуі өтіп кеткен екінші оқиғаның аяқталуы мен шарттас белгілі оқиғаны
байланыстыратын заңдылық және т.б.
Алгебра элементін енді бастауыш мектепте енгізуге болады, бірақ та
көбейту мен бөлуді қосудан бұрын үйренуге немесе бір елдің тарих курсындағы
әр түрлі кезеңді алма - кезек оқуға және т.б. мүмкін бола қоймас.
Жүйелілік принціпі кемелденген ақыл - ойдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету
Педагогика оқыту принциптері
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Қазіргі қоғам және мұғалім
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері
Оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Педагогикалық процестің теориясы мен әдістемесін оқыту мәселелері
Пәндер