Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі: салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей отырып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж. Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е. Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С. А. Корочкина, В. В. Кожанов, Н. Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж. ) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын. Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану - қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.

Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады[1, 30] .

“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану - адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті - салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т. Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану - денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану - медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым. [2, 25]

Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерін тұжырымдай келе профессор В. В. Колбанов: “адамның денсаулығы дегеніміз - тіршіліктің табиғи жағдайының үздіксіз реттелуі ол организмнің өздігінен және реттелу қабілеттілігімен сипатталады. Гомеостазды қамтамасыз ету, психикалық және соматикалық мәртебені жетілдіру барысын, мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзара үйлесімдік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделу, биологиялық және әлеуметтік қызмет атқару үшін қосымша және компенсаторлық механизмдерді пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Осы аталған белгілердің бірінің болмауы денсаулықтың жартылай немесе толық бұзылғанын білдіреді. Денсаулықтың толық болмауы өмір сүруге қайшы келеді”, - дейді. Бұл тұжырым денсаулыққа толық сипаттама береді [3, 30] .

1998 - 2001 жылы жүргізілген екінші ұлттық зерттеулер бойынша осы салауаттану сабақтарын өткізу нәтижесінде шылым шегу 11 - 14 жастағы балалар арасында 6 пайызға, 15 - 17 жастар арасында 10, 0 пайызға, 18 - 19 жас арасында - 6 пайызға төмендеген. Сонымен бірге балалар арасында ішектің жұқпалы ауруларының, суық тию ауруларының азаюы байқалады. Сондай-ақ оқушылардың зиянды заттарға әуестігінің төмендегені, рухани денсаулығының жоғарылауы байқалады. Сондықтан, салауаттану білімі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптатырудың дағдылары мен түрткіні тудыруға көмектеседі, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, әр баланың өз денсаулығын қорғауға және кикілжіңді болдырмауға үйретеді. Салауаттану сабақтарында оқушылар өз денсаулығын бағалай білуге, денсаулық деңгейін анықтауды үйренеді. Г. А. Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді.

Г. А. Кураевтың, С. К. Сергеевтің, Ю. В. Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану - сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған. Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады.

Диплом жұмысының мақсаты: денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді жасау. Сонымен қатар жүрек-қан айналу жүйесінің қызметтік күйіне, психоэмоционалдық және нозологияға дейінгі күйлеріне басты назар аудара отырып «Денсаулық күнделігін жасау».

Диплом жұмыстың міндеттері.

- Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық мәселелеріне арналған субьектіге талдау жасау.

  • Салауатты өмір салтының мәні мен мазмұнын және жеке адамның денсаулығына ықпалын анықтау.
  • Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері мен сандық және сапалық көрсеткіш жолдарын көрсету.
  • Оқыту процесінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
  • Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыруды жетілдірудің әдістерін көрсету.

Зерттеу әдістері. Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың әдістері туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыру эмпирикалық сипатта болып келеді.

Зерттеу нысандары: Бастауыш мектептегі оқушылардың салауатты өмірсалтын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: “Салауаттану” пәнін оқыту арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1. 1. Салауатты өмір салтының мәні мен мазмұны және жеке адамның денсаулығы

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз-био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты-интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты-шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім [4, 30] . Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.

Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.

Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

1. Салауатты өмір сүру деңгейі;

2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;

3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі-экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.

Салауатты өмір сүру сапасы-әлеуметтік категория-үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру стилі-әлеуметтік психологиялық категория-адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды -дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:

Биологиялық принцип:

- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;

- Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;

- Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

- Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;

- Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.

Әлеуметтік принциптер:

- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;

- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;

- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;

- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету.

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.

Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке жасушалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес.

Адам үшін денсаулықты сақтап қалу-мақсат. Дәмді тамақтану-мақсат, әрекет жасау-мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі - жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік- қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу - аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік-қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді[5, 30] .

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

Денсаулық - ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі - бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі - сол мақсатқа “организмнің табиғи қорғаныс күштерін” жұмылдыру арқылы жету. әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді.

Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі - салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның болсын өз өмірін бақытты етуге толық мүмкіндігі бар. Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға жету үшін саналы сезім, саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің дұрыс жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.

Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы “Денсаулықты нығайту мектептерінің” негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарлама-лары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба, Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес және денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны дамыту бекітілді және “Денсаулықты нығайту мектептерінің” еуроплық торабына мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді. Қазір көптеген елдер Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен[6, 35] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа “Қазақстан - 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталуы[1, 36] .

“Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты - денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:

- денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу;

- мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, оқушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын сақтау;

- жекелеген адамдардың отбасында немесе жалпы қоғамда денсаулықты қорғауда жауапкершілігін туғызу;

- салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау;

- барлық оқушыларға өз жаратылысының, психикасының, әлеуметтік жағдайының ең жоғары дәрежедегі мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау;

- денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын қауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;

- оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында, сондай-ақ олардың үйімен, қоғамдастықтармен ара қатынасын нығайту;

- қолда бар ресурстарды денсаулықты нығайту жолында дұрыс қолдана білу;

- медициналық-санитарлық оқыту бағдарламасының жобасын дайындау;

- білім алуды және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;

- оқушылардың өз денсаулықтары туралы мәліметтер деңгейін арттыру және медициналық-санитарлық оқытуларды дұрыс жолға қою мақсатында мектептің медициналық-санитарлық жұмыстрына кеңінен жол ашу.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде ауру - сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық - тұқым қуалаушылық аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне - өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге “валеология - денсаулықты қалай сақтауға болады” бағдарламасы енгізілді[7, 25] .

Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

- оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;

- жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р. Р. -витаминдік жетіспеушілік анықталды.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталайық. 1980 жылы орыс ғалымы И. И. Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау қажеттігін ұсына отырып, қолданысқа “валеология” терминін енгізді. “Валеология” (латын тілінен аударғанда valeo - денсаулық, “дені сау болу”, logos- ілім, қазақша салауаттану) - дені сау адамның денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым.

Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай - күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады. Бірақ валеолог - ғалымдар “салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым” деп атап көрсете отырып, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Солардың бірі - Л. Г. Татарникова өз зерттеуінде салауаттануды салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез-құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт - отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагогикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырды. В. П. Петленко салауаттануды адамның өз денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді[8, 74] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дұрыс тамақтану ережелері
Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме
Буаздық физиологиясы
Алиментарлық дистрофия патоморфологиясы
Тамақтанудың физиологиялық негіздері
Геохимиялық ортаның өсімдіктің өсуі мен химиялық құрамына әсері
Жыныс бездері және плацента гормондары
Жүктіліктің физиологиясы. Жүктілікті диагностикалау
Дене еңбегі
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz