ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

МАЗМҰНЫ
Кіріспе: Кіріспе
:
Кіріспе: Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы педагогикалық негіздері
:
Кіріспе: 1. 1
: Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттары
Кіріспе: 1. 2
: Ооқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны
Кіріспе: 1. 3
: Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Кіріспе: Бірінші тарау бойынша тұжырым
:
Кіріспе: 2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
:
Кіріспе: 2. 1
: Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары
Кіріспе: 2. 2
: Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
Кіріспе: Екінші тарау бойынша тұжырым
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымшалар
:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру”[2], “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.

Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі- заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда университет пен мектеп арасында сабақтастықты орнату, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурьея, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. В. Эльконин, А. В. Петровский т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П. И. Пидкасистый, Т. И. Шамова, Т. Н. Щукина, т. б. болса, отандық ғалымдардан Ж. И. Намазбаева, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель т. б. зерттеді.

Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н. А. Ахметова, А. Е. Әбілқасымова, Т. Әбілова, А. А. Бейсенбаева, М. Х. Балтабаев, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. К. Дүйсенбінова, М. Ж. Жадрина, Қ. Қайым,

Қ. Қ. Қабдықайыров, И. Д. Синельникова, О. С. Салимбаев, А. Т. Томаев, Б. Т. Набиева, Н. А. Рыков т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.

Мәселен, Б. Т. Набиева “Сабақтан тыс және сабақ байланыстылығы арқылы пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” [5] тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегіндегі мәселеге ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқытуды теориялық негізде байланыстыруға әрекет жасаған. Ал, белгілі ғалымдар К. Қ. Құнантаева мен И. Р. Халитова “Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары” тақырыбындағы еңбектерінде Абай мұраларын тәрбие іс-шараларында пайдалану үлгілерін көрсеткен.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабақтағы және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында танымдық қалыптасу байланыстылығын анықтауды көздеп, өзіндік үлгісін жасаған. Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайында ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты университет пен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Біз, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты тәрбие жұмыстары арқылы іске асыруды мақсат еттік.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы сабақтастықтың маңызын айта келе бұл терминге өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.

Ақыл-ойы кемелденген, парасаты мен тұлғалық қасиеті жоғары маман дайындау ісінде оқушылардың төменгі сатыда алған білімін, меңгерген дағдыларын, қалыптасқан тәлімдік нормалары мен ұстанымдарын және білуге, үйренуге, түрлі іс-әрекетті орындау әдіс-тәсілдерін меңгеруге деген ішкі сезімдерін (ынта, ықылас, ниет, түрткі, тілек, қажет т. с. с) жоғары сатыда жаңа деңгейде дамытуды танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық дейміз.

Сондықтан заман талабына сай маман дайындау жоғары сыныптарда басталып, студенттік кезеңмен ұштасып отырады. Демек, жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға, студенттерге аса үлкен жауапкершілік жүктелуде. Өйткені, болашақ ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу мұғалімдер мен оқытушыларға байланысты. Білімді маман даярлау үшін толық қанды адам, жеке тұлға қалыптастыру күрделі де келелі іс.

Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.

Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде қарастырылған. Соның ішінде А. Тамаевтың “Әдебиет сабақтарында жоғары класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру”[6] тақырыбындағы ғылыми зерттеуінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығының психологиялық негіздерін, оны тәрбиелей отырып әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген. Әртүрлі таным белсенділігі мен танымдық қызығушылықтары табиғи құбылыстарға субъектінің қайта бейнелеу көрінісі (Л. П. Аристова), тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р. А. Низамов), ал оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г. И. Щукина), тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекеті сапасын (Т. Н. Шамова) сараптаған болса, танымдық қызығушылық мәселесі Т. А. Буянова, Э. К. Васильева, О. А. Золотарева және т. б., еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазіргі кезде, психолог-педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде кәсіби қызығушылықтардың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр. Кәсіби қызығушылықтардың тәрбие процесінде қалыптастыру жолдарын Л. А. Вайсбург, Ю. П. Вавилов, А. А. Газаев т. б. ғалымдар талдаған.

Педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі- сабақтастық мәселесін А. С. Макаренко, В. Г. Ананьев, Ш. И. Ганелин, М. С. Керимбаева, Т. О. Оспанов, Г. В. Наумов, С. С. Смайлов, т. б. ғалымдар өз еңбектерінде теориялық тұрғыдан негіздеген.

Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп пен университет сабақтастығы негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып және педагогика ғылымынан заңды орын алуы тиіс деп санаймыз. Өйткені, тәуелсіз елге білікті маман даярлау мәселесінің алғашқы дайындығына икемдеу орта оқу орындарынан бастау алады. Әрі, ол мәселені университет пен мектеп арасындағы сабақтастықтың мәні мен мазмұнын айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы зор.

Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандықты таңдауларына байланысты оқуды тастап кетулері, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мектеп қабырғасындағы соңғы жылдары ғана қолға алатынын ескерсек, танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйелі түрде мектеп пен жоғары оқу орындары арасында ұдайы іске асыруды талап етеді. Яғни, университет пен мектеп арасындағы сабақтастық, олардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың сенімді құралы болмақ. Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті, тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары” деп таңдауды жөн деп шештік.

Зерттеу мақсаты : оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы теориялық тұрғыда негіздеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі: мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың танымдық қызығушылығын педагогикалық тұрғыда негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың педагогикалық шарттары анықталса, оқушылардың білім сапасын арттырып және тұлғалардың жан-жақты қалыптасып, жоғары мәдениетті маман болып шығуының негізі қаланады.

Зерттеу міндеттері:

- танымдық қызығушылықты сабақтан тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыруды ғылыми-практикалық тұрғыдан қарастыру, алғышарттарын анықтау;

- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтан тыс тәрбие іс-шараларының сабақтастығының мәні мен педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;

-оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың моделін құру, оның өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлерін анықтау;

-оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;

- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру негізінде ұсыныстар жасау;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жалпы адамзаттық, адамгершілік, философиялық қағидалар, таным теориясы, іс-әрекет теориясы, дамыта оқыту теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы айқындайды.

Зерттеудің жетекші идеясы: танымдық қызығушылықты дамытудың жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыда талдау және оның бағыттарын айқындай келе оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; педагогикалық зерттеу әдістері (теориялық, эмперикалық) қолдану; озық тәжірибелерді меңгеру; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың ресми құжаттары (заңдар, қаулылар т. б. ) еліміздің алыс-жақын шетелдік философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеліп отырған мәселе бойынша диссертациялық зерттеулер мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары, білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары т. б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2010ж. ) зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, теориялық негіздері, зерттелу деңгейі қарастырылды, ғылыми аппараты жасалды. Философия, педагогика, психология, физиология салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, материалдар жиналды.

Екінші кезеңде (2011ж. ) жиналған мағлұматтар, педагогика ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынып жүйеленді. Зерттеу жұмысы бойынша эксперимент жүргізіліп, нәтижелер сараланды.

Үшінші кезеңде (2012ж. ) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланды. Бірнеше ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларға ұсынылды. Эксперимент жұмысының нәтижелері жүйеге келтіріліп, диссертация түрінде баяндалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- оқушылардың “танымдық қызығушылықғы”, ”сабақтастық” ұғымдарына анықтамалар беріп, оларды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың мәні алғышарттары сарапталып, тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалды;

-мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстар арқылы қалыптастырудың моделі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- мектеп-университет жүйесіндегі оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуын анықтайтын бағдарлама ұсынылды;

- “Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, мектеп пен университеттің педагогикалық үрдісінде қолданылуға ұсынылды;

- жоғары оқу орындарына арналған “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” тақырыбындағы арнаулы курс бағдарламасы жасалынды;

- зерттеу нәтижелерін университеттер мен жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- “танымдық қызығушылық”, ”сабақтастық” ұғымдарының мәні мен мазмұны, оқушыны қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері;

- мектеп пен университет арасындағы сабақтастық негізінде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру моделі ;

- мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын сабақ және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудың әдістемесі;

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және тәжірибеге енгізілуі.

ТИГУ жаршысы ғылыми-әдістемелік журналына «Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны» және «Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі» атты мақалалары жарияланды. Мамыр 2012ж

Зерттеу базасы: Тараз қаласының №47, №36, №25 қазақ орта мектептерінде және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің педагогика және құқықтану факультеті.

Эксперименттік зерттеу нәтижелері аталған мектептердің педагогикалық кеңестері мен әдістемелік отырыстарында талқыланды. Зерттеу барысында ұсынылған әдістемелік кешен 2010-2012жж педагогикалық практика кезінде қолданылып, зерттеу нәтижесінің дұрыстылығын нақтылай түсті.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:

- педагогикалық қағидалардың әдіснамалық және теориялық айқындылығымен, зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сәйкес келуімен, зерттеу міндеттеріне сай келетін әдіс-тәсілдерді қолданумен, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің мақұлдануымен қамтамасыз етілген.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идиясы, теориялық, әдіснамалық негіздері, деректі көздері, базасы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы педагогикалық негіздері атты ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың психология-педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы сабақтастықты зерттеудің алғышарттары, мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың зерттелу жайы қарастырылып, моделі көрсетілді.

“ Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары” атты екінші бөлімде оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп пен университет сабақтастығы негізінде қалыптастыру тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, қорытынды нәтижесі талданады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада тәжірибелік-эксперименттен, сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 2. 1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттары

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау[7, 3] .

А. Н. Леонтьевтің [8, 11] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.

Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т. б. қасиеттер жатады [9, 114] . Адам бойындағы танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.

Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”, ”жеке тұлға”, “адам”, ”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.

Белгілі психолог Б. Г. Ананьев еңбектерінде “Адам-физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады [10, 8] .

Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі [11, 8] .

Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:

Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.

Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.

Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.

Жеке. тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.

Олай болса, А. Н. Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [12, 7] .

Мәселен, Т. Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады[13, 3] .

Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе [14, 7], республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды [15, 13] .

Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.

Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым, барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.

Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т. б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.

XX ғасырдағы психолог ғалым А. Н. Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” -деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген [16, 16] . Бұл арқылы біз, оқушылар мен студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.

Бірінші курс студенттерінің жас шамалары деңгейлес болғандықтан бір кезеңге тоғыстыруды жөн көрдік. Жоғары сынып оқушыларының жас кезеңі - жас өспірімдік шақтан жастық шаққа ауысудағы өмірлік кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімнің дамуын айтуға болады. Құндылық бағдарлауы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне аяқ басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың пайымдауынша “Жастық шақ“ 16-18 жас пен 22-25 жас аралығы болып есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене отырып, жоғары сынып оқушылары мен бірінші курс студенттерін осы топқа енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер етеді [17, 22] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Бастауыш сыныпта әдебиет пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Шығармашылық туралы ұғым
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz