ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

Ашикбаева Г.Д., Паштанов С.У. (Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ)

Оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастырудың идеялары мен
принциптерін жүзеге асырудың қажетті шартына және соған сай дайындығы бар
педагогикалық кадрлардың болуы жатады. Оқушылардың технологиялық даярлығын
қалыптастыруды қайта реформалау жоғары оқу орнына дейін, жоғары оқу орнында
және жоғары оқу орнынан кейінгі жұмыстардың барлық кезеңдерінде қазіргі
заманғы педагогты даярлау, жаңа формалар мен әдістерді іздеу жүйесінде
мазмұндық және ұйымдастырушылық жаңарулар қажеттілігін айқындайды. Осыған
байланысты соларға сәйкес мамандарды даярлау үздіксіз білім беру
жүйесінің негізінде құрылады 1.

Технология пәні мұғалімін даярлау әлеуметтік түсініктер мен қоғамдық
қатынастарды қалыптастыру, кәсіби маңызы бар шешімдер қабылдау және
оларды кәсіби даярлау жүйесіне дейінгі және кәсіби даярлау жүйесіне
енгізу, дербес практикалық қызмет процесіндегі жалпы білім беру
кезеңінде басталады.

Кәсіптік даярлауға дейінгі кезең кәсіби өз орнын табу, мектеп
бітірушілердің таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік оқуға даярлығын
қамтамасыз ету мен дамытуды қарастырады 2;3.

Мектепте оқытудан кәсіби оқытуға өтуді жүзеге асыру оқушылардың
білім алуын жалғастыруға көңіл-күй-еріктік және құзырлығына қол жеткізуін
талап етеді. Жастарды педагогикалық қызметке іріктеу мен даярлаудың
сәттілігі мамандардың одан әрі кәсіби жұмысының нәтижелерін анықтайды.

Технология пәні мұғалімінің кәсіпке дейінгі даярлығы мынадай
принциптерді есепке алумен жүзеге асырылуы тиіс: жүйелілік және кәсіби
бағыттылық, сондай-ақ оқытудың әлеуметтік маңыздылығы мен субъектілігі
негізінде мамандық алуға даярлыққа қол жеткізу мақсатында бағыттылықты
есепке ала отырып педагогикалық процесті ұйымдастыру.

Мектеп бітірушілеріне педагогикалық білім алуға даярлығын
қалыптастыру: педагогикалық мамандықты таңдау және кәсіптік оқу орнына
сәйкес келуші оқыту формасы мен деңгейлік компоненттерін қамтиды.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру үшін мектеп бітірушілердің жалпы білім
деңгейін кәсіби оқыту міндеттеріне сәйкес келуіне қол жеткізу, сондай-ақ
талапкерлердің (мектеп бітіруші, жоғары оқу орнына түсуші үміткер) кәсіби
жағынан таңдаған мамандығының маңызды тұлғалық қасиеттеріне сәйкес
келуі тиіс.

Болашақ технология пәні мұғалімінің кәсіпке дейінгі даярлығын сала
бойынша жалпы білім беру бөліміне жатқызады, сондай-ақ жалпы кәсіптік
және болжау жасалынып отырған қызмет саласымен танысу үшін арнайы
компоненттерді де қосады.

Сала бойынша пәндік даярлық базалық жалпы білім берудің жоспарланып
отырған кәсіптік оқыту талаптарына бағытталады. Бұл мәселе мектеп
бітірушісінің жалпы білім даярлық деңгейінің кәсіби білімі беру
жүйесінің талаптарына сәйкес келмеуінің салдары болып табылады, ол
соған сай маманданған даярлықты қажет етуін анықтайды.

Болашақ технология пән мұғалімінің арнайы даярлығы сол мамандық
бойынша оқытудың теориялық және қолданбалы тарауларының жаңа бағытының
педагогикалық тәжірибесіне сәйкес келуін шығуын көрсетеді. Ол кәсіби-
білім беру шешімін қабылдау мен өмірлік және кәсіби жоспарларын
нақтылауда жүйеге келтіруші және анықтаушы рөл атқарады.

Осы берілген кешенді міндеттің шешімі жалпы білім беру жүйесінде
немесе жоғары сынып оқушыларын мектептен тыс қосымша даярлау негізінде,
сондай-ақ қарастырылып отырған тәсілдер комбинациясынан табуға болады. Бұл
оқушылардың технология пәні мұғалімі мамандығын алуға кәсіпке дейінгі
даярлықтың алуан түрлі нұсқалар анықталады және оны түрлі
ұйымдастырушылық формаларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оларға
жататындар:

- педагогикалық оқу орындарының дайындық бөлімдері мен курстары;
- жалпы білім беретін мектептердің сала бойынша технологиялық-
педагогикалық сыныптары;
- мектепаралық оқу комбинаттарының сала бойынша технологиялық-
педагогикалық сыныптары;
- оқушыларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіпке дейінгі даярлық
бөлімдері;
- бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жоғары оқу
орнына даярлауға дейінгі бөлімдер жатады.
Кәсіптік мектеп жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік тапсырыс
берушісі ғана емес, сонымен бірге мамандық алуға оқушылардың даярлығын
жетілдіруде белсенді қатысушы және мүдделі әріптес ретінде де
көрінеді.

Технология пәні мұғалімін даярлау оның кәсіби қызметке даярлығына,
үздіксіз дамуы мен өздерінің кәсіби қасиеттерін жетілдіруіне қол
жеткізуін білдіреді.

Оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастырудың сәйкес
міндеттеріне педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру оқу
процесінің ұтымды шарттарын қамтамасыз ету мен анықтау, кәсіптік
оқыту формалары мен әдістерінің мазмұны, принциптерін, негізгі тәсілдерін
жасауды қарастырады.

Технология пәні мұғалімін даярлау жалпы білім беретін мектептегі
оқу процесінің мақсаттары мен міндеттерімен анықталады және
қызметтің мына төмендегідей кешенін жүзеге асыруға бағытталады:

- білімділік – технология пәні мұғалімнің кәсіптік қызметінің
мазмұнына сәйкес келуші кәсіптік және арнайы білімді, шеберлік пен
дағдыларды меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- дамытушылық – студент тұлғасының жағымды өзгерістерін ынталандыруды
бітіруші мамандарды даярлау сапасын арттыру, педагогикалық процеске
қатысушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына қолдау көрсету, білім беру
жүйесінің өзін дамыту мен жетілдіруге ынталандыру;

- тәрбиелеушілік – болашақ технология пәні мұғалімінің әлеуметтік
және кәсіби маңызы бар тұлғалық қасиетін қалыптастыру мен жетілдіру;

- әлеуметтік – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИНВАРИАНТТЫ МАЗМҰНЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұғалімдердің оқу және кәсіби қызметке даярлығын басқаруды ұйымдастыруда технологиялық қатынастың тиімділігін көрсету
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Пәндер