Оқушылардың тәрбие кеңістігі арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми- тәжірибелік мазмұны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
оқушылардың тәрбие кеңістігі арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-
тәжірибелік мазмұны

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір
сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен
практикасы үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтық, мақсаттылық,
мазмұндық, технологиялық, нәтижелілік деңгейлердің барлығында да көрініс
тапты. ХХ ғасырда қалыптасып отырған ғаламдану мәселесінің дұрыс
қабылданбауынан шындықтың бұрмалануы басталып, тұлғаның адамгершілік-
рухани бағдарлары мен мәдени ұстанымдары өзгеріп, жаңа адамды тәрбиелеу
мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Сол себепті білім беру мекемелерінде
оқушылардың тәрбие жүйесіне қатысты көзқарас мәртебесі өзгеріп,
педагогикалық ұжымның алдына тәрбие жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастыру
міндеттері қойыла бастады.
Осы көкейкесті мәселені шешу мақсатында Қазақстандық педагогтар
мектептегі тәрбие жүйесінің дәстүрлі нобайларын (модельдерін) өзгерту
қажеттігі туралы, педагогикалық шығармашылыққа еркіндік беру, сол арқылы
тәрбие вакуумын толықтыру мәселесін көтеріп отыр. Қазіргі уақыттағы тәрбие
жүйесінің басты міндеті әрбір оқушының тәрбиелілік құзырлылығын
қалыптастыру арқылы оның білім сапасын арттыру, яғни оқушының бүкіл өмірін
мағыналы ететін тұлғалық бағыт-бағдарлармен қамтамасыз етуге жағдай жасау
қажет саналып отыр. Сондықтанда, Қазақстанда тәрбие кеңістігін құру арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыруға жағдай жасаудың тиімді жұмыстарын
ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, бүгінгі таңда әрбір оқушының, оқушылар ұжымының тәрбие
жұмысына дифференциалды мазмұн беру арқылы тәрбие сапасын арттыру мүмкін
болатыны негізінде, әрбір оқушының дербес ерекшелігін есепке алатын өзіндік
тәрбие траекториясын немесе тәрбие кеңістігін анықтау аса маңызды болып
отыр. Тәрбие кеңістігі тек оқушының өзіндік әрекеттер жүйесін анықтаумен
ғана емес, сонымен қатар оның оқушылар ұжымындағы орны мен әлеуметтік
дәрежесін белгілеуге көмектеседі. Яғни, мұғалімдерге оқушыларды
қызығушылық, танымдық және қабілеттік дәрежелері бойынша топтарға бөліп,
қосымша білім беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бұл
мәселе мектепте пәндік үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда, сол арқылы
оқушылардың білімін тереңдетуге құштарлығын арттыруға, олардың белгілі бір
ғылым саласында жақсы нәтижелерге жетуіне, болашақ мамандық таңдау
жұмыстарына қолайлы жағдай жасайтын педагогикалық шарттарды қамтамасыз
етеді .
Алайда ғылыми-теориялық мазмұндағы методологиялық зерттеулер мен ғылыми
жұмыстар өскелең жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің нақты механизмдерін
көрсетіп бере алмауда. Осындай келелі мәселені шешудің жолдарын іздестіру
барысында еліміздің көптеген жалпы орта білім беретін оқу орындарында
ғылыми-тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, олар нақты кезеңдер бойынша
сынақтан өткізілді. Атап айтқанда, сондай зерттеу жұмыстарының бірі Тараз
қаласының акимиатының жанындағы білім бөлімінің шешімімен (№625 бұйрық,
05.10.2006 ж.) Тараз қаласындағы № 47 қазақ орта мектебіндегі Тәрбие
кеңістігі- білім сапасын дамытудың шарты ғылыми-педагогикалық эксперимент
алаңы ашылған болатын. Педагогикалық экспериментің негізгі мақсаты:
тәрбиелеу ресурсының дәстүрлі көздерін қолдана отырып, жаңа тұрпатты
мектеп оқушысына бейімделген тәрбие кеңістігін құру арқылы оқушылардың
білім сапасын арттыру
Аталған ғылыми-педагогикалық эксперимент алаңы 2006-2008 және 2008-
2013 жылдар аралығында жүргізілу жоспарланып, оның бағдарламасы
әзірленген. Эксперимент алаңына ғылыми жетекшісі ретінде Тараз Мемлекеттік
педагогикалық институтының доценті, педагогика ғылымының кандидаты Кушеров
Н.М. тағайындалды.
Тараз қаласындағы № 47 қазақ орта мектебіндегі Тәрбие кеңістігі- білім
сапасын дамытудың шарты ғылыми-педагогикалық эксперименттің бағдарламасы
төмендегідей мазмұнда берілді.
1. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделінде білім беру сапасын дамытатын және
тұлғаның сұранысын толық қанағаттандыруға бағытталған бірыңғай тәрбие
кеңістігін ұйымдастыру 2. Эксперименттің зерттеу обьектісі: Ізгілікке
бағдарланған, әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған, халық
игілігін жасаушы, Қазақстандық тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыратын
жаңа үлгідегі ұлттық мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
3. Ғылыми-зерттеу жұмысының болжамы:
Егер ғылыми-педагогикалық эксперимент кезеңінде тәрбие жүйесінің негізін
қалауда ұлттық педагогика идеяларын басшылыққа ала отырып, әлемдік білім
беру тәжірибесінің озық үлгілерінің нәтижелерін тиімді пайдаланатын болсақ,
онда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа да игі
қасиеттері дамыған Қазақстандық тәрбиелі оқушыны қалыптастыру мүмкін
болады.
4. Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері
• Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді
дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қосымша білім беру негізінде
білім сапасын дамытудың отандық және әлемдік тәжірибелеріне зерттеу
жасау арқылы ғылыми-педагогикалық эксперименттің тұжырымын ғылыми
тұрғыда негіздеу;
• Қазақстандық тәрбиелі оқушы моделін дайындау;
• Оқушының ақпараттық, коммуникативтік, өзін-өзі басқару, тәрбиелілік
құзырлылықтарын қалыптастыруға бағытталған білім сапасын дамыту
жүйесінің критерийлерін анықтау;
• Қазақстандық тәрбиелі оқушы моделіне сәйкес мұғалімдер үшін ғылыми-
әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру, қажетті материалдар базасын
дайындау;
• Қосымша білім беру арқылы оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін тәрбие кеңістігін құру.
5. Ғылыми-зерттеу жұмысының жетекші идеясы: әрбір оқушының, оқушылар
ұжымының өзіндік тәрбие траекториясын қалыптастыру арқылы оқушының
әлеуметтік статусын көтеру, білім сапасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Оқытудағы компьютерлік технологиялар
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Құзырлылық қатынас негізінде оқушылардың тәрбие кеңістігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізі
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Пәндер