Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Әдістемелік құрал
Астана
2013
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) .
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 41 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндерінің мазмұндық бағыттары, білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асыру жолдары берілген.
Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институттарының мамандарына, орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналады.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
Кіріспе
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т. б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді [1] . Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды [2] .
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [3] . Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.
Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты - құзыретті тұлғаны, яғни өзінің білімі мен іскерлігін пайдалана отырып, өздігінен әртүрлі мәселелерді шеше білуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Құзыреттілік тұрғыда білім беру білім мазмұнының тұлғалық бағдарын нығайтуға және оны едәуір практикаға бағыттауға мүмкіндік береді. Сондықтан құзыреттілік тұрғыдағы білім беру шеңберінде білім көлемінің ұлғаюына қарағанда, әрекеттердің жан-жақты тәжірибелерінің меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы іс-әрекеттер мен амалдардың жекелей жинақтары кеңейтіледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай зерттеулерде функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрмен қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған [4] . Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет.
Осыған орай 12 жылдық білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асырудың негізгі жолдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады.
Сонымен қоса білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндерінің мазмұндық бағыттарын анықтауға арналған әдістемелік құралы ұсынылады.
Әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу пәндерінің мазмұндық бағыттары, білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының кіріктірілу мен сабақтастықты жүзеге асыру жолдары, бейіндік мектептегі базалық және бейіндік білім мазмұнының кіріктірілу ерекшеліктері, мектептік ғылыми жобалар және оларға қойылатын талаптар берілді.
1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-дағы оқу пәндерінің мазмұндық-әдістемелік бағыттары
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы функционалдық сауаттылық алдын ала жүйеленіп, реттеліп берілуіне жол ашатын стандарттар мен оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелердің көпшілігі функционалдық сауаттылықтармен сәйкестелуін қажет етеді.
12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының келесі бағыттарын іске асыру жолымен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді көздейді [5] :
- барлық азаматтарға сапалы білім алуы үшін бірдей мүмкіндіктерді ұсыну;
- қазақстандық патриоттыққа, адам құқықтары мен бостандығына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға, толеранттыққа, басқа мәдени бастауларға қатысты ашықтылыққа тәрбиелеу;
- қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру;
- оқушылардың оқу жүктемесін білім беру сатысының әр деңгейдегі жас ерекшелік мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара байланыстыру;
- жеке білім беру траекториясын қалыптастыру мүмкіндіктерін беру;
- жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру;
- тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және көптілді тұлғаны қалыптастыру;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу шеңберінде білім беруді жетілдірудің жоғарыда көрсетілген бағыттарын жүзеге асыру білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады.
Білім беру стандарттарын инновациялық тұрғыда әзірлеуде негізгі екпін оқушылардың оқу жүктемесін саралауға арналады, яғни оларға өзіндік ұстаныммен құрылған жекелей білім алу траекториясы негізінде оқу материалын меңгеру мүмкіндігі ұсынылады. Сондықтан 12 жылдық білім беру мазмұнын іріктеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыда оқытуды іске асыру шеңберінде анықтаған жөн. Ол білім берудің білімге бағдарланған, тұлғаға-бағдарланған және жүйелі-әрекеттік (құзыреттілік) парадигмаларының жүйелі жиынтығын береді [6] .
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту [7] .
Осы тұрғыда 12 жылдық оқыту моделінің жаңартылған білім мазмұнына қойылатын талаптар былайша тұжырымдалады: Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда жаңа ғылыми білімдер мен басымдылықтарды енгізу; білім берудің жасампаздық және футуристік (әлеуметтендіруші) сипатын күшейту; көптілді оқытуды енгізу; білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерінің арақатынасын үйлестіру; оқу материалдарын білім беру деңгейлері арасында үлестіру және олардың сабақтастығын қамтамасыз ету; мазмұнның ұлттық және аймақтық компоненттерін кеңейту.
Қазақстандық қоғамның көпмәдениеттілік жағдайында ізгілік дүниетанымдық ұстанымдарды, ұлттық-мәдени құндылықтарды, қоршаған әлемге эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасты қамтитын білім мазмұнының аксиологиялық компонентін кіріктіру негізінде оның тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады.
Білім беру мазмұнына аксиологиялық компонентті кіріктіру оқу материалдарын іріктеу мен ұсынуда ұлттық-мәдени құндылықтардың көрініс табуын көздейді. Сондықтан білім мазмұнына аксиологиялық компонентті кіріктіру негізіне «Мәдени мұра» ұлттық-стратегиялық бағдарламаның нәтижелерін енгізген жөн.
Оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыратын және дамытатын білім мазмұнының іс-әрекеттік компонентін кіріктіру оның практикалық және қолданбалық мазмұнын күшейтуге септігін тигізеді.
Білім беру мазмұнына іс-әрекеттік компонентті кіріктіру оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерінде әртүрлі міндеттерді шешу біліктерін дамытуға, практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикаға бағытталған оқу материалдарының берілуін ұйғарады.
Білім беру мазмұнындағы когнитивтік компоненттер оқушының базалық білімді меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығын қамтамасыз етіп, білім жүйесіндегі пәндік құзыреттіліктерді дамытуға, яғни оқу пәні шеңберінде білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуге бағытталады.
Білім беру мазмұнындағы аксиологиялық компоненттер Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуін; белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуын; мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауын; өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуын; салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуін; адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуін; өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін; үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуін; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуін қамтамасыз етеді [8] .
Білім беру мазмұнындағы іс-әрекеттік компоненттер оқушының адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуін; таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруін; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруін; жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді.
Осы талқылаулардан білім беру мазмұнындағы аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттер білім жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктерді дамытуға бағытталып отырғанын көруге болады.
Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады [9] .
Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.
А. Хуторскойдің пікіріне сүйенсек, құзыреттілік - тұлғаның өзара байланысты сапаларының жиынтығы (білімдер, біліктер, дағдылар, әрекет қабілеттері) . А. Хуторской сонымен қатар білімділік компетенцияларын да көрсетеді. Білімділік құзыреттілік - бұл оқушының шынайы өмірдегі нысандарға қатысты жеке тұлғалық жөне әлеуметтік-маңызды да өнімді қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті мәндік бағдарлардың, білімдердің, біліктердің, дағдылар мен іс-әрекет тәжірибешілерінің жиынтығы деп қорытындылайды [10] .
Құзыреттілік - танымдық, кәсіптік, шығармашылық қызмет атқарудың және өзгелермен эмоциялық-құндылық қатынастар жасаудың әлеуметтік тәжірибелерін меңгеріп, азаматтық қоғам жағдайында өмір сүруге қабілеттілік болып табылады деген айқындама қорытылып шығарылды [11] .
Сонымен қатар, негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Мектеп бітірушінің негізгі құзыреттіліктері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі ретінде белгіленіп, мынадай түрлерге бөлінген [2] :
- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті) ;
- ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі) ;
- коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті) ;
- әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті) ;
- тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті) ;
- азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) ;
- технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) .
Бұл құзыреттіліктер оқушылардың функционалдық сауаттылығының құраушысы болып, оқушының әртүрлі өмірлік салаларда тиімді өмір сүруіне мүмкіндік беретін дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасына (Programmer for International Student Assessment - РІSА) сәйкес «Функционалдық сауаттылық» ұғымы білім беру саласында келесідегідей жаңа басымдықтарды айқындайды: мектепте алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білу және т. б. қабілеттерін қалыптастыру болады [12] .
Функционалдық сауаттылықты түсінудің басқа да жолдары бар: адамның жақсылық пен тілектестік рухында тәрбиеленуі үшін қарым-қатынас мәдениетін, жеке кәсіби дайындығын, кәсіби технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады.
Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік және дағдыларды адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады.
12 жылдық мектепте оқушылар білім мазмұнын бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру (бейіндік мектеп) деңгейлері бойынша сабақтастықпен меңгереді. Әр білім беру деңгейлерінде базалық білім мазмұны білім салаларындағы сәйкесінше оқу пәндерінің мазмұнымен жүзеге асырылады.
Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Жалпы орта білім мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуға негізделіп, базалық білім мазмұны әр бағыт үшін біркелкі болады және оны алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».
Барлық білім салалары сәйкесінше оқу пәндерін қамтиды:
1) «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Сауат ашу (оқу, жазу) », «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі». Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді;
2) «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика»;
3) «Жаратылыстану» білім саласына енетін пәндер: «Дүниетану», «Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия»;
4) «Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану»;
5) «Өнер» білім саласына енетін пәндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері»;
6) «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Еңбекке баулу», «Сызу», «Технология»;
7) «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық».
12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі білім салалары бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері мен мазмұндық-әдістемелік бағыттары бар.
«Тіл және әдебиет» білім саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі мен шетел тілін ұлтаралық қатынас ретінде сөйлесу дағдыларын игеру; мемлекеттік тілді, өзінің халқының мәдениеті мен әдебиеттік мұралары мен ұлттық құндылықтарын өзін-өзі дамыту мен өз мұмкіндігін іске асыруда шығармашылықпен пайдалану дағдыларын игеру; ана тілін грамматикалық нормаларға сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру; тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу; сөздерді шынайы қарым-қатынастық жағдаятта қолдана білу; сөзді басқа сөздермен үйлестіру; сөз құрау; өмірлік жағдайларда іс-әрекеттер жөнінде нақты және қысқаша сөйлесу қабілеттерімен анықталады.
Оқушылардың бұл саладағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі тіл және әдебиет пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz