ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Педагогика және психология кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ғылыми жетекші: пед.ғ.к. доцент
Ә.Қ. Қалдыбаев

Орындаған: 13-14 тобының студенті Жабаева
Молдир

Шымкент – 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

І бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш
сынып –психологиялық сипаты. 6
1.2 Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың
ерекшеліктері. 26


ІІ бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың жолдары. 32
2.2 Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс тәсілдері 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .58
. . . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . 60

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы"
Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті -баланың рухани
және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық
әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған мақсаттардың бірі
-білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, әсіресе бастауыш сыныптарын
дамытуға байланысты білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Еліміздің болашағы -
ұрпақ тәрбиесінде. Ғылым адам баласы ойсанасының дүниетанымының өсуіне
байланысты дамып, қалыптасуда. Оқушыларды өмірге дайындау, өздігінен жұмыс
жасау мақсатында оқу-тәрбие ісінде өзгерістердің қыры мен сырын терең білу
міндеттерін айқындау, сонын ішінде ортада кейін білім беруде тәжірибесіне
сүйену – бүгінгі көкейкесті мәселе.
Бұл жерде негізгі мәселе – оқытудың теориялық негіздерін есепке ала
отырып, ортадан кейінгі білім берудегі мектептердің өзіндік жұмысын дамыту,
жолға қою болып отыр. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер
мен педагогикалық көзқарастардың қалыптасуы оқушының өзіндік жұмысы мен
айналасуына мүмкіндіктер туғызуда. Кейінгі кезде өзіндік жұмысты дамыту,
алға қою, оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. Қазақстан Республикасы
Білім туралы заң қабылдануы оның негізінде Білім мемлекеттік бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының
тұжырымдамасы қабылданып, еліміздің өркендеуі әлемдік жетістіктерге
көтерілуі, оқушыларының өмірге, білімге көзқарасын қалыптасуы, оның
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кезде объективті
қажеттілік оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру - өз бетінше жұмыс жасауды жетілдіру – ұйымдастырудың негізі
болып табылады. Сондықтан бұл мәселе оқушылардың сыныптан тыс оқыту
үрдісінде ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары, өз бетінше
жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтауды қажет етеді.[1]
Бұл мәселенің маңыздылығы оның қажеттілігін Р.Г.Лемберг,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Т.Сабыров, Ж.Қоянбаев т.б. ерекше
мән береді.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптардағы оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетің қалыптастыру үрдісі.
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты.
Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың жолдарын
анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш сынып
–психологиялық сипатын анықтау.
- Оқушылардың шығармашылық іс -әрекетін қалыптастырудың ерекшеліктерін
нақтылау.
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру-дың жолдарын
қалыптастыру.
- Шығармашылық іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс тәсілдерін қолдану.
Зертеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық,
бастауыш сынып, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
оқушылардың оқудағы және сабақтан тыс іс -әрекет нәтижелерін бақылау.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспе, 2-бөлімнен, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастырудың бастауыш
сынып –психологиялық сипаты

Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек.
Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні
бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әркеті деп түсіндіріледі. Білім беру
жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады,
сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының
жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – таным теориясы деп
аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы:
ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік
қатынастарды қалыптастыру. [5] Шығармашылық қабілоеттілік – бала өз бетінше
жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде
болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке
даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн,
Б.М.Кедров, А.В.Брушинский, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы
Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий зерттеу жұмыстарын жүргізді.
(Б.Байжұманова Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын
зерттеудің теориялық негізі. Ізденіс – Поиск, № 6. 2001. -196бет).
Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жаьқан кезде
келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға,
өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп, олардан
интеллектуалды орта құру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан
жасау мүмкін еместігін ескерсек, дарындыларды іздеп тауып, олардың
шығармашылық қызметіне көмектесу қодан келерлік іс. Шығармашылық қабілеттің
балада қалыптасуы кең диапазонды: ақыл – ой қалыстығынан бастап жоғары
дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындылыққа дейінгіні қамтиды. Сондықтан да
барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды
балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Соңғы жылдардың
ғылыми зерттеулері (С.Л.Рубинштейн, Я.А.Пономарев, Б.М.Кедров,
О.К.Тихомиров, А.Н.Брушинский және т.б.) шығармашылыққа бейім оқушылардан
маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп
алмай және әдейі жасалынған бағдарламалар мен әдістемелер қолданбай шешуге
болмайтындығын көрсетті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан,
ендігі кезекте бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді ескере
отырып шығармашылық қабілеттілікті дамыту қажет. (М.Қаламқалиев.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары. Ізденіс –Поиск, № 6.
2001. -103-104бет).
Білім негізі – бастауышта деп тегін айтылмаған. Қазіргі талап бойынша,
баланы басты тұлға деп есептесек, жаңа буын оқулықтарымен жаңаша жұмыс
істеуде ізденісті талап ету, орынды және заңды. Өйткені, бастауыш білім
беру сатысы – оқушы дамуының іргетасы, оқу әрекеті қалыптасуының қуатты
жүретін кезеңі. Бала дамуының басты көзі – олардың шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру. Олай болса, оқу әрекетіне қойылып отырған бүгінгі
талаптар, ғылыми - әдістемелік ұстанымдар: өзін-өзі тану, шығармашылық,
өзін-өзі дамыту т.б. барлығы да оқушының өздік жұмыстарында олардың шешім
жасауына, ой қорытындылауына бағытталған әдістемелік жүйені қажет етеді.
Қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі, ойы ұшқыр,
шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икесді, жан-жақты дамыған жеке басты
тұлға тәрбиелеу.
Ұстаздар осынау ұлы мақсат жолында аянбай еңбек ете бермек. Сабақ
біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы
кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту
үрдесін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл
бөліне бастады.
Балаларды оқыту қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс. Оның міндеттері мен
мақсаттары және мазмұны қоғам өмірінің дамуына байланысты өзгеріп отырады.
Оқыту барысында жастарға берілетін білімнің мазмұны мен әдістерін
белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе –жеке баланың мүддесі емес қоғамдық
мүдделер мен қажеттер.
Балалрды оқыту-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жас
өспірімдерге біліммен қатар белгілі бағытта тәрбие беріледі.
Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себеп болатын негізгі
қозғаушы күш – ол түрлі қайшылықтар (қиындықтар, кедергілер). Бала
білмеуден білуге қарай көшуде әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға
кездеседі және оларды шешу үшін оқу міндеттерін жүзеге асырады. Оқыту
процесіндегі ең негізгі қайшылық – ол педагогикалық міндет-талаптар мен
оқушының мүмкіндіктерінің (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі
дәрежесі) арасындағы қайшылық.
Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы –олардың тек жасына ғана емес,
шұғылданатын іс-әрекеті мен олардың түрлі қарым-қатынас жасау
ерекшеліктеріне де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың ойлауы оқыту
методикасы мен мазмұнына байланысты қалыптасады. Қазіргі бастауыш мектеп
теретін жаңа күрделі білім оқушылардың теориялық ойлауының негізін
қалыптастырады. Оқытудың міндеті-балаларда әлі жоқ жаңа психикалық
қасиеттерді де қалыптастыру. Бұл міндетті іске асырудың тиімді жолдарын
психологтар мен озат педагогтар зерттеп ұсынуда. (Т.Сабиров. балаларға
ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері Алматы, 1977. -5-12бет.)
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың боршы. Бүгінгі
мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға
халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін
қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын
қамтамасыз етуі керек.
Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені
ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы
талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру
мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру
формасын түрлендіріп отыру –мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай
жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілет іүлкен роль
атқарады. Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім – еліктейтін, үлгі ететін
абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу
мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі
мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар
ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп
бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еншізу мүмкін
емес.
Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың
өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы және
өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат
тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым
негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен
іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл - өскелең өмір талабы.
Жалпы білім беретін мектептеоде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім
мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан республикаасы Білім министрлігі мен Ыбырай
Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясы жасаған тұжырымдамалардың
маңызы өте зор. Мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасында (1998ж) былай деп жазылған:
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне ьбастауыш сынып оқушысын
белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің
субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа
түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш
жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы білім-
тәрбие мазмұныны анықтап құруға көмектесетін қазіргі оқыту идеясы алынады.
Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы – оқу
әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу
тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын
тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз
етеді.
Оқушы әрүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ
тәсілдерін, өз әрекетін бақылап – бағалауы, нәтижесін эталонмен салыстыруды
меңгереді.
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті,
жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта
және мектеп, жоғары оқу орындары дайындайды.
Жаңартылған білі мазмұны оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға,
іскерлігін, өздігінен іздену бірліктерін қалыптастырып жетілдіруге, қажетті
әрекет түрлерін (оқу, еңбек, қарым-қатынас, т.б.) меңгеруіне мүмкіндік
беретіндей компонентті құрамда құрылған.
Жалпы білім беретін мектептерде көкейтесті мәселелердің бірі- оқыту
үрдісінде оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып
отыр. Осы әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері қандай, оқушыларды біліммен
қаруландырудағы атқаратын ролі оқушылардың өзіндік жұмысында білік пен
дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытуға қалай жетекшілік ету керек деген өй пікірлер көптеген мұғалімдерді
қызықтырады. Әрине, бұл мәселелер теориялық және практикалық шешімдерді
талап етеді.
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамырын тереңге жіберіп көне заманнан
бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап
көрсеткенді. Оқытудың күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығы туралы пікір Ян Амос Каменскиидің еңбектерінде, сонан соң
И.Г.Песталоцций мен А.Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі.
Н.Г.Чернышевский еңбектерінде оқу үрдісіне оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер
айтылады. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе,-
деп жазды ол,-өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс
(Чернышевский, 1940).
Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі
кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп –
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады.
Тәрбиенің сан-саналы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш
саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың
іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны,
оқытудың әдістері мен формулалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.
Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің
қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ.
Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің,
жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын ұйымдастырудың әдістері қандай, оқушыларды біліммен
қаруландырудағы атқаратын рөлі оқушылардың өзіндік жұмысында білік пен
дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытуға қалай жетекшілік ету керек деген ой пікірлер көптеген мұғалімдерді
қызықтырады. Әрине, бұл мәселелер теориялық және практикалық шешімдерді
талап етеді.
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан
бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап
көрсеткенді. Оқытудың күшейту құралы ретінде оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығы туралы пікір Ян Амос Каменскийдің еңбектерінде, сонан соң
И.Г.Песталоцций мен А.Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі.
Н.Г.Чернышевский еңбектерінде оқу үрдісіне оқушылардың танымдық
ізденімпаздылығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер
айтылады. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе,-
деп жазды ол,-өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс
(Чернышевский, 1940).
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға
дейін оны назардан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беруі қажет.
Ия. Бастауыш мектеп ең алдымен оқуға үйретуі тиіс екенін тәжірибе көз
жеткізе дәлелдеп берді. Бұл туралы аса көрнекті педагогтар – Ян Амос
Каменский, К.Д.Ушинский, Ф.А.Дистерверг жазған болатын. Бастауыш мектептің
аса маңызды міндеті-оқушыларға берік білім мен дағдылардың белгілі бір
дәрежесін беру.
Бастауыш сыныптарда оқу жылдары – адамгершілік, интеллектуалдық,
эмоциялық, дене, эстетикалық дамудың тұтас кезеңі; Бұл кезең бала меңгеруге
тек ертең әзірленбей, бүгін бай рухани өмір сүрген кезде ғана жай бос сөз
болып қалмай, нақты іске айналатын болады.
Еліміздің мектептерінде бастауыш сыныптардың талай сан мыңдаған тамаша
мұғалімдері бар. Олардың әрқайсысы бала үшін тек білім шұғыласы ғана емес,
сонымен бірге осы ұғымның нағыз мағынасындағы өмір ұстазы, мұғалімі.
Бастауыш мектеп оқушыға білімнің көлемін берік беруге тиіс. Бұл
мәселедегі қандай да болсын айқын болмаушылық пен белгісіздік тек бастауыш
мектепті ғана емес, сонымен бірге оқудың бұдан кейінгі буындарын да
әлсіретеді. Балаға берілуі тиіс білімнің, дағдылардың, практикалық
әдеттердің шеңберін нақпа-нақ анықтамайынша мектеп жоқ деген сөз.
Бастауыш мектеп алдында тұрған бүкіл міндеттің маңыздылығына
қарамастан, мұғалімнің нерв жүйесінің қауырт қалыптасу кезеңін бастан
кешіріп отырған адаммен істес болатынын естен шығаруға болмайды.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы
балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір
тәжірибесінің, дара дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. Бұлақ көрсең, көзін аш деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды
өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы,
бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнеміұстаз, сынып ұжымы, ата-
аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.
Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге
үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын
бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемеларды өздігінен шешуге тырысады.
Шығармашылықтың түрлері өте көп.
Кез-келген шығармашылық істе орындаудың негізгі үш деңгейі бөлініп
көрсетілуі керек: идеяны игеру және негіздеу, тапсырманы техникалық өңдеу
және практикалық жұмыс, объектіні жұмыста жасап көру және шығармашылық
шешім қорытындысын бағалау.
Балалар төрт жыл бойы бастауыш мектептің оқушылары болады, төрт жыл
бойы мен оларды оқытып, тәрбиелейтін боламын. Осы күннің қарсаңында мені:
Бастауыш мектеп деген не деген ой мазалады. Бастауыш мектептің үлкен
шешуші ролі туралы көп айтылып жүр.

1.2. Бастауыш мектеп кезеңінде еңбекке баулу пәнін оқыту сабақтарында
тұлғаны шығармашылық дамытудың педагогикалық негіздері.
Әрбір дәуірде өмір сүрген ойшылдар, ғалымдар, оқымыстылар, еңбек
тәрбиесіне назар аудармай қойған жоқ. Сонау көне тарихқа көз жүгіртіп, алыс
емес бір ғасырға жуық уақытта жазылған ғылыми еңбектер мен оқу-құралдарына,
бағдарлама, ұсыныс-пікірлерге талдау жасалғанда оның даму тарихына көз
жеткізуге болады.
1886 жылы Швецияның Соломондық әдіспен оқытатын мектеп директоры Сент-
Илер Қол еңбегін оқыту негіздері деген еңбек жазыпты. 1889 жылы Россияның
мұғалімдер семинариясындағы талқылаудан кейін осы қол еңбегі бірінші рет
дүниеге келген.
1900-1901 оқу жылында Россияда Қол еңбегі мен сызу пәндерінен еңбекке
үйрету деген бағдарлама даярланған.
Осыдан бір ғасырға жуық қолға алынған сол еңбектердің басталуынан
қазірге дейін мазмұны, мақсаты, жазылу ерекшелігі, оқыту-әдістемесі ұқсас,
бір мақсатқа негізделген.
1898 жылыны қайта оралсақ, Орыс білімдерінің техникалық және кәсіптік
білімге даярлайтын білімге арналған съезд өткізілген.
1912 жылы алғаш рет жаңа бағдарлама жасаған. Бұл жұмыстардың барлығы
шет елдердің, әсіресе, Швецияның мұғалімі Сант-Илер К.К. тәжірибесіне
сүйенген.
1930-1960 жылдар арасында еңбек сабағын оқыту біраз назар аударылған.
Бұл жылдары бағдарламаға сәйкес мектеп шеберханалары, ауыл шаруашылығы
еңбегін оқыту, үй шаруасына үйрету, техникалық еңбек, оған керекті техника
жөнінде ғылыми-теориялық және сарамандық дағдыларды меңгеруге арналған
бірқатар еңбектер жарық көрген. 1930 жылы Мектептегі пайдалы еңбектің
алғашқы басқышы, 1940 жылы еңбек тәрбиесінің институты Потолок П.В.,
1955 жылы Оқушыларды ауыл шаруашылығы еңбегіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу,
Кисельгроф С.Н. 1957 жылы Ставрополь колхоздарындағы оқушылардың өндірістік
бригадасы, 1955 жылы темір кесудің шеберлігін үйрету.
1955 жылы алғаш рет С.Шибановтың Село мектептеріндегі политехникалық
оқу мәселелері қазақшаға аударылған.
1960 жылы 8-10 сыныптарға машина тану Жиделеев М.А., 1959 жылы
Дорохов А талғампаз жүз қол деген атпен қазақша кітап жарық көрген. Осы
мерзімнен бастап еңбекке оқыту жеке-жеке топқа бөлінген.
Ауыл шаруашылығы еңбегі, шеберханадағы жұмыс, машина тану пәндерінен
1930-1960 жылдар арасында 32 еңбек жазылған.
1960-1990 жылдар арасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің құлашы кең
жазылып, мектептегі бұл салаға ерекше назар аударылған.
1963 жылы Егістік тәжірибелер мен лабораториялық жұмыс методикасы
Д.Б.Қоянбаев.
1957 жылы Басенов Т.К Орнамент Казахстана в архитектуре деген орыс
тілінде кітап жазған.
1965 жылы А.А.Шибановтың Өсімидік шаруашылығы негіздері қазақшаға
аударылған.
Бұдан бұрын Долгополовтың Агротехника негіздері кітабы қазақшаға
аударылған.
1967 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде Райымжанов Е Бастауыш кластардағы
еңбек сабағы, Бастауыш кластардағы еңбекке үйрету методикасы -
әдістемелік құралдарды дүниеге келген.
1970 жылдан еңбекке баулу ісіне айрықша назар аударыла бастады.
К.Шәймерденова Ұстаз жолымен 1978 жыл, А.А.Оразбаева Народное
декоративное искусство казахов1970 жыл,, М.Ә.Құдайқұлов Қабілеттілік
дағды шеберлігі 1986 жыл. Е.Райымжанов Бастауыш кластарда еңбекке баулу
сабағы 1988 жыл, Ш.Әбдуәлиева Халық өнері 1992 жыл. Е.Райымжанов,
С.Әубәкіров Еңбекке баулу1990 жыл. Р.Әлімқұлов Мектепке тәжірибе алаңы,
оқушыларды еңбекке баулу.
Алғаш рет еңбек пәнінен қазақша бағдарлама жасауды оқулықтар жазуды
ұсынған қазақтың білім академиясының негізін қалаған Алтынсарин атындағы
ғылыми – зерттеу институтының алғашқы директорларының бірі Ахмеди Искаков
1960 жылы Социалистік Қазақстан газетіне мектеп және еңбек деген ғылыми
мақала жазып, еңбек пәнінің болашағы жөнінде құнды ұсыныс жасаған. Осы
институттың директоры болған академик, Қазақстан ғылым академиясының
корреспондент мүшесі Әбдіхамит Сембаев 1968 жылы Педагогические взгляды
деген еңбегінде еңбек пәнінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жөніндегі
құнды пікір айтқан.
Осы институттың педагогика зертханасын басқарған ғалым, ұстаз Әміржан
Сыдықов, Омар Хаймуллиндер еңбек пәніне арнап қазақша бағдарлама жасап,
оқулық жазуды ұсынған.
Бағдарлама жасау кезінде ең алдымен ауылдық мектептердің бастауыш
сыныптарындағы еңбек сабағы, ауыл шаруашылығы еңбегіне ерекше назар
аударылған. Оны Қазақстан Республикасының қазақша оқытылатын ауыл
мектептеріне тәжірибе жүргізуден бастаған. Қазақ ССР Оқу Министрлігімен
келісіп, Алтынсарин атындағы ғылыми – зерттеу институты Алматы облысының
оқу бөлімінің меңгерушісі Төленді Айдаров пен облыстық мұғалімдер білімін
жетілдіру институтының директоры Садық Нұрмағанбетов еңбек пәнінен жасалған
қазақ тіліндегі бағдарламаны Жамбыл ауданының (оқу бөлімінің меңгерушісі
І.Жотаев) бастауыш қазақ сыныптарында өткізген. Тәжірибе институт директоры
Әбдіхамит Сембаевтың жетекшілігімен ғалым, профессор Рақыш Әміров, ғылыми
қызметкерлер Х.Арғынов, Р.Мураталиев, Қ.Аймағанбетова, С.Рахметова,
Е.Райымжановтың жүргізген тәжірибе қорытындысы авторлары Ешмухан
Райымжанов, Олжабек Сатқанов, Сәбитхан Әубакиров Еңбек баулу атты
әдістемелік құралдар жазған.
Бұл жақсы істің жалғасы 1995 жылы жаңа буын оқулықтарын әзірлеу
жөніндегі Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры
Немеребай Нұрахметовтың ұйымдастыруымен қазақ тілінде І-IV сыныптарға
арналған Еңбекке баулу пәнінің тұжырымдамасы және бағдарламасы жасалды.
Осы тұжырымдама мен бағдарлама негізінде жазылды.
1997 жылы бірінші сыныпқа арналған Еңбекке баулу оқулығы, авторлары
Е.Райымжанов, Б.Қалназаров, С.Нұрсейітова 1998 жылы екінщі сыныпқа арналған
Еңбекке баулу оқулығы. Авторлары Т.Оралбекова, М.Дүйсебаева, 1990 жылы 3-
сыныпқа арналған Еңбекке баулу оқулығы, авторлары Т.Оралбекова,
М.Дүйсебаева, ал 2000 жылы 4-сыныпқа арналған Еңбекке баулу оқулығы
авторлары К.Өстеміров, Д.Әлмағанбетова оқулықтар жарық көрді. Осы оқулықтар
Қазақтың білім академиясының арнайы бұйрығымен бекітілген эксперименттік
мектептерден сынақтан өтті. Биылғы жылы соның қорытындысына арналған ғылыми-
практикалық конференция өтті.
Мынадай мәселеге ерекше назар аударылды. 2000-2001 оқу жылында 4-сынып
оқулығы сынақтан өтеді. Бастауыш сыныптардағы Еңбекке баулу оқулығын жазу
педагогикалық талапқа сай келе бермейді. Еңбекке баулу жүйесінің ғылыми
жұмыстарымен айналысқан, ұзақ жылдар зерттеген жоғарыдағы аттары аталған
Е.Рахымжанов, О.Сатқанов, С.Нұрсейітовалар қалып қойып басқа авторлар
жазады. Олкезде білім берудің бірізділігі мен жүйелілігі бұзылады. Соның
салдарынан оқулықтағы берілген ғылыми материалдардың бағдарламадан ауытқуы,
оның әр сыныпта қайталанатыны жөнінде ғылыми-конференцияда өте орынды
сындар айтылды.
Мұндай ауытқушылық жөнінде Алматы қалалық және облыстық мұғалімдер
білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында бастауыш сынып
мұғалімдерінің Еңбекке баулу курстарына қатысқан мұғалімдер тарапынан да
қатаң сынға алынды.
Кез-келген жаңа істе осындай кемшіліктер мен қателіктер болары анық.
Көш жүре түзеледі - деген ұлағатты сөз бар. Болашақта түзелер.
Бірақ оқулық жазу оңай еместігін ескерсек, болашақта оқулық авторларын
реттеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арнайы
комиссия құрып, авторлар құрамын олардың лауазымы мен ағайындығына емес,
сол пәнді жете білетін, мектеп оқушыларының даму дәрежесін зерттей алатын,
көбіне-көп сабақ беретін мұғалімдерден алғаны дұрыс. Әрине, одан ғалымдар
еңбегін ескермеу деген ұғым тумайды. Керісінше, ғылым мен практика қатар
жүргізілсе, оқулық осы негізде жазылса, басқа да дамушы және дамыған
капиталистік елдер сияқты оқушылар оқулығы да сапалы болар еді.
Бүкіл дүние жүзі дамыған елдері сияқты Қазақстан Республикасында өзінің
егеменді ел болғанына байланысты он жылдан аса мерзім ішінде біраз
қиындықтарды бастан кешіріп, өндіріс орындарын қайта жаңарту,
ауылшаруашылық өнімдерін молайту жолында жақсы істер кеңінен өріс алуда.
Соған жететін және оны ары қарай дамытатын қазіргі мектеп қабырғасында оқып
білім алып жүрген жас ұрпақтардың кәсіби шеберлігі. Сол шеберлік пен
кәсіпке баулитын Еңбек тәрбиесі және мамандық беру білім саласы жөнінде
бұл күндері кемшілік өте көп. Соған сәл ғана шегініс жасайық.
1. Оқушылардың еңбекке деген ынтасы төмен. Себебі: оқушыларды өз
қабілетіне сәйкес кәсіпке бейімдеу ынтасы мен білім берудің байланысы
ажырады.
2. Еңбекке баулу, кәсіпке бағдарлайтын мектептің материалдық базасы
төмен. Бір кездері салынған жобалы мектеп үйіндегі шеберханалар мен оқу-
техникалық қүралдар, станоктар, оқып үйренуге берілген техникалар талан-
таражға түсті. Мектеп шеберханасы ойын-сауық орнына немесе жарамсыз зат
сақтайтын қоймаға айналды.
3. Еңбекке баулу, кәсіпке баулуға қызықтыратын оқу құралдары қосымша
әдебиеттер, арнайы мамандық журналдары шығарылмайды.Сыныптан тыс шебер
қолдар үйірмесі жоқ.
4. Өқушыларды еңбекке үйретудің өмірде қалыптасқан әкеден балаға мұра
болатын кәсіп дағдылары ескерілмейді. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған
бұйымдары, өнімдері көрмелерге байқауларға, конкурстарға аз
қатынастырылады.
5. Осындай олқылықтар мен ескерусіздіктер салдарынан мектеп оқушылары
Еңбекке баулу, Технология пәнін үй сыпыру, аула тазалау, ағаш отырғызу,
мектептің жамау-жасқауларына пайдалануда.
6. Қазіргі уақытта заман да өзгерді. Өмірде еңбекке деген жаңа көзқарас
қалыптасты. Қазақстанда өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы үшін жұмыс
істейтін өз мамандарымыз бен жұмысшылардың қажеті туындады. Осыдан келіп
өмір сүрудің негізі Жан мен тәннің қажеті - еңбек десек артық емес.
Осындай тіршілік үшін қажетті пән жақын және алыс шет елдерде қалай
оқытылады?
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән
Еңбекке баулу, бүгінгі Технология оқу пәні сонау қауымдық қоғамнан
басталды. Содан бері қанша ғасыр өтіп, қаншама қоғам өзгерсе де Еңбекке
баулу тоқтамаған өзгермеген.
Еңбекке оқыту дамып, жетіліп отырған. 1886 жыл Швецияның Соломондық
әдіспен оқытатын мектеп директоры Сант-Илер Қол еңбегін оқыту негіздері
деген еңбек жазған. 1900-1901 оқу жылында Ресейде Қол еңбегі мен сызу
пәндерін оқыту, үйрету деген бағдарлама жасалған. Қазақ жерінде
Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін алғаш ашқанда сабақты
еңбекке баулудан бастаған.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі
айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
қажеттіліктен, мақсат, танымдық іс-әрекет уәж және әрекетті орындаудың
тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық іс-әрекеттің негізінде оқушыларда
танымдық іс-әрекет қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдық іс-әрекет, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне
педагогтер, психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері
арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне
замандардан бастау алады.
Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер
оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде өзіндік ой тұжырымдарын жасау
және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы
мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде ақыл-ой
тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы
ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-
қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика
дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді.
Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық
әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған.
Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон,
Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин
еңбектерінде одан әрі дами түсті. [6]
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық іс-әрекет
белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап
көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық іс-әрекет ізденімпаздығын
арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет
қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя
отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай
білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық
іс-әрекет ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық іс-әрекет ізденімпаздықты дамыту - оқытудың
негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл
болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт
адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын
қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты
болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған
дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой
қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай
білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық
қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр
түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды
күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде
меңгеретін білім мазмұнын анықтайды. [7]
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін
қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы
деп анықтауға болады. Оқушының танымдық іс-әрекет қызығуы танымдық іс-
әрекет саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу
танымдық іс-әрекет белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.Выготский бұл
жөнінде былай деген: Ең алдымен, оқушыны бір әрекетке тарту үшін, сен оны
қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны
іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал
мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың
сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекет қызығуы олардың білім
сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің
қалыптасуына тәуелді. [8]
Танымдық іс-әрекет қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында
көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне
танымдық іс-әрекет қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру
жолдары мен оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде қызығуын дамытуды
ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық іс-әрекет қызығуды дамытуды
көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім
беруді ізгілендіру оқушының танымдық іс-әрекет ой-өрісін кеңейтуді негізгі
орынға қояды. [9]
Педагогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс-әрекет ұғымы мен
танымдық іс-әрекет белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл
бөлген. Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде ақыл ой тәрбиесіне
негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда
танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым
қатынасын қалыптастыруды қарастырады. [10]
Танымдық іс-әрекет белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай
отырып оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекет
белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- Оқу танымдық іс-әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу танымдық іс-әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- Оқу танымдық іс-әрекеттің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық іс-әрекет белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай
жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде оқушының жас ерекшеліктерін
есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол
жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету т.б.
Оқу үрдісі оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-
әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық іс-әрекеті негізінде
оқушыларда танымдық іс-әрекет белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың
сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды арнайы
ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінің танымдық іс-әрекетін
қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның
құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы
зор. Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын
мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын
құратын және оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде осы мазмұнды
игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді. [11]
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына
төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде
мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель,
Е.Галант, Л.Аристова, М.Данилов, Г.Щукина, Р.Лемберг);
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б.Есипов, Т.Сабыров,
М.Скаткин, Б.Айтмамбетова, т.б.);
-танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Н.Меньшинская,
П.Пидкасистый, Т.Шамова, А.Әбілқасымова, Р.Омарова, А.Мустояпова);
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Лернер,
Б.Коротяев, М.Құдайқұлов);
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді
енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский,
А.Қазмағамбетов).
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін
білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын
шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі
нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетінің
деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық іс-әрекет
міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым
тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен
сипатталады. [12]
Танымдық іс-әрекет ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан
қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық іс-әрекет
және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық іс-әрекет уәж пен өз бетінше әрекет
тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын
танымдық іс-әрекетке бейімделуі.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін
арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың
сыныптан тыс оқыту үрдісінде өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде
оқушының өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын
талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты
ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін
кеңейтіп, шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын
түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу,
білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін
емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім
танымдық іс-әрекет тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеті жеке
дамуын қамтамасыз ететін, танымдық іс-әрекет тапсырмаларды шешу кезінде
игерілген білімдер мен біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы,
саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне
сүйеніп, өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік
шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән
қасиет.
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық
және оған оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде өздері белсенділік
танытпағы ләзім. Ал оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде жеке
басынын, дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай
білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың сыныптан тыс
оқыту үрдісінде қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық іс-
әрекет жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын
ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға
белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан
алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі дәдіс-тәсілдерін
іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен
оқушыларды ана тілі пәнін оқыту барысында танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау керек. [13]
Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың
назарын бір нәрсеге аудару керек. Мысалы оқушылардың сыныптан тыс оқыту
үрдісінде назарын танымдық іс-әрекеттің, белсенділігін дамыту үшін үнемі
тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
Шығармашылықпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептің
бүкіл оқушылары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда
өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату
көзделеді.
Мұғалім - оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет
құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді.
Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады.
Мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған
дүниелері жөнінде пікір алмасуы оқушының танымдық іс-әрекетін
қалыптастырады. [14]
Танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін психологиялық қауіпсіздік,
еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз етіледі.
Ұлы неміс педагогі А. Дистерверг әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім
беру ісіне басшылық атты еңбегінде Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетепейді, ойлауға
үйретеді деген.
Неміс педагогі И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр
саладағы қызғушылықгы алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып
білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог
мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген. [15]
Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын,
өмірлік бағдарын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы
тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті — білім беру,
дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі
міндеті — біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, танымдық
іс-әрекеті қалыптасқан, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға
тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан
қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ерекшелігі
қалыптасуды Елбасының халыққа арнаған Қазақстан 2030 жолдауындағы негізгі
идеяларды іске асырудағы білімнің басты миссиясын оқушылардың сыныптан тыс
оқыту үрдісінде қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған
жеке тұлға, реформаға белсене қатысушы ретінде тәрбиелеу деп есептейміз.
XXI ғасырда Қазақстанның Орта Азия барысына айналуын елестету үшін бүгіннен
бастап жас ұрпақтың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік пен білімділік, шығармашылық қасиеттерін, танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруымыз керек.
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі
туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру
жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру
бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы
боларын терең пайымдаған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім
қызметкерлерінің І-ші құрылтайында: Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан
құтылуы керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ деген еді. Бұл
ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін
мектепке қоятын талаптарының өзгеріп керек, өйткені ескі білімге
оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді.
Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім
беретін мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің
болашығы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын
азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақсанның барлық
мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің,
оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде білім сапасы, даму бағыттары,
қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда Білім туралы
заңы қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың ұстанымдарының бірі — педагог қызметкерлер, оқушылардың сыныптан
тыс оқыту үрдісінде мемлекеттік білім беру стандартында көзделген
деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың
жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім
стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 812 шешімімен бекітіліп,
1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді.
Бұл білім стандартында оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде әл-
белсенділіктерін дамытуды ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып,
міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие үрдісінде
мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім
қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылығын,
белсенділігін, қабілетін, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға жол ашады.
[16]
Оқушының танымдық белсенділігін, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу —
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін
арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу -
бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Шығармашылық туралы ұғым
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
Оқушылардың шығармашылық дербестігі
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Пәндер