Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Егемен еліміздің жаңару кезеңінде, қоғамымыздың ілгерілеу үдерісінде адам факторының алатын орны ерекше. Кез-келген елдің болашағы жастарға әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру болып табылады.

Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық деп «жаңалық» ашатын әрекетті атаған. Ал, осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев шығармашылықты «даму» ұғымымен қатар қояды.

Шығармашылық -өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс -әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сана деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Сондықтан оқушылардың шығармашылық іс - әрекетінің мәнін дамыту үшін не істеуге болады деген сұрақ туатыны сөзсіз.

Ал ол үшін оқушыларды білім алуда тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын және тәрбиелеу болып отыр.

Ал оқушылардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз.

  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;
  2. Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік;
  3. Шешімнің жарық етуі;
  4. Шығармашылық акт;
  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Жалпы белсенділік деп - бүкіл жер бетіндегі жанды тіршіліктің өз тірлігіне мәні барды сақтауға, оның өзінің керегіне лайықты етуге жұмсалатын күші, ойлауы, тәсілі, яғни қоршаған дүниеге, әлемге өзіндік қатынасы.

Шығармашылық іс-әрекет - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Оқушының шығармашылық іс -әрекетке деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұйымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.

Шығармашылық және іс- әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Іс -әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмыстыққа айналдырса, ал шығармашылық іс -әрекетті реттеуді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды, оны теория жүзінде көптеген ғалымдар зерттеп дәлелдеген.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым

2. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.

4. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Болашақ тәрбиешілер мен оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Технология пәнінде мектеп оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Жалпы білім беретін мектепте Экономика негіздері пәні арқылы оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру: теория мен әдістеме
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz