Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – қосымша білім беру жүйесінің басты мәселесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – қосымша білім беру жүйесінің
басты мәселесі
Жеке тұлға - өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы
қосымша білім беру жүйесіндегі басым бағыттың бірі. Дамыту сипатындағы
білім бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады. Мектептен
тыс ұйымдарында тұлғааралық, яғни балалар мен ересектердiң қарым-қатынасы
барысында баланың тұлғасы, оның адамгершiлiгi үлкен маңызға ие болады.
Яғни, бұдан бала үшін сабақтан тыс уақыттарда өзінің ерікті таңдауы бойынша
қосымша білім алу мүмкіндігі туады.
Қосымша бiлiмнiң оқытуды ғана емес, сонымен қатар, тәрбие берудi,
баланың тұлғалық шығармашылық дамуын бұрыңғай үрдiске бiрiктiру мүмкiндiгi
бар.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашыл тұлға
қалыптастыру жөнінде өз ойларын көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде
зерттеген. Олар: Қазақстан Республикамыздың аса көрнекті ғалымдары
М.М.Мұқанов, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.М.Әбділдин, Т.С.Сабыров,
Б.А.Жетпісбаева, А.Т.Кенжебаева, Т.У.Оспанова, Р.Ш.Сыздықова, З.С.Сатқаева,
Д.Ж.Кішібаева, А.Ш.Орақова, Б.А.Тұргұнбаева, Б.Ш.Байжұманова; Ресей
ғалымдары А.Г.Ананьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев,
Л.С.Выготский, Г.С.Альтшуллер, Н.С.Лейтес және т.б.; көрнекті педагогтар:
Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко шығармаларында балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары қарастырылады. Қосымша білім
беру жүйесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселесін Ресей педагог -
ғалымдары Е.А.Кисилева, О.А.Белянина, В.А.Березина, С.В.Сальцева,
А.Б.Фомина, А.И.Щетинская және т.б. зерттеген. Қазақстан Республикамыздағы
мектептен тыс жұмыс ұйымдардың даму мәселесіне В.И.Загайнова,
Н.Д.Жамәділов, Л.А.Дорожкина назар аударған.
Шығармашылық дегеніміз – ол адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой туып, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы
шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі [1,135 б.].
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз – үнемі білімдер
мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз
бетінше жүзеге аса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, -
деген анықтама берілген [2,301 б.].
Оқушының шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы, оның жеке бастық
қасиеттерінің бірі болып табылады. Егер шығармашылық әрбір адамның жеке
психолоиялық қасиет болса, онда оның жеке басының психологиялық
қасиеттерінің ерекшелігі сол шығармашылығыннан көрінеді. Әрбір жас
кезеңдерінде шығармашылық потениалдың дамуы, баланың сензитивтік кезеңіне,
оны тиімді пайдалана алуына тікелей байланысты жүзеге асады [3].
Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей
бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай
алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру. Балаларда
әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу
қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты
тәрбиелеп оқыту – педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі.
Шығармашыл тұлға қалыптастыру мәселесі - қосымша білім беру жүйесінің
ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы қосымша білім берудің
алдында тұрған негізгі міндеттері: қосымша білімнің қазіргі жалпы орта
білімнің құрамдас бөлігі ретінде маңыздылығын және мәртебесін қалпыта
келтіру; білім беру ұйымдарында жеке тұлғаның жалпы адамзаттық құндылықтар,
қазастандық елжандылық және азаматтық идеясы негізінде қалыптасуына және
еркін дамуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық тапсырмалар бала белсенділігін арттырудың негізі
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Қабілет – адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу
Өзіндік жұмыстар оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырушы фактор ретінде
Жаңа білім беру жүйесі
Пәндер