ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Айтуғанова Балқия Егитбаевна

№35жалпы орта білім беру мектебі,математика пәнінің мұғалімі

Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның
қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім
мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Сабақты жаңаша үрдісімен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана
қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондықтан да
мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты –арнайы педагогикалық әдістермен
мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектілігін , шығармашылық
ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның
бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету ,
оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін терендету үшін
оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының
дамуына негізін салу болып табылады.
Сабақтан басынан соңына дейін оқушы басқа нәрсеге аудармайтындай
әдістің бірі-дұрыс сұрақ қою. Дұрыс тандаған сұрақтар баланы ойлауға
жетелейді. Мұғалім өзі ғана сұрақтар дайындап оны сұраумен қатар оқушыларға
да сұрақтар дайындатуға үйрету керек.
Оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілмесе, онда осы сұрақты
дайындап келген оқушы өзі айтып бұл сұрақты жан-жақты
дәлелдейді.Оқушылардың терең мәні бар сұрақ дайындағаны, оған өздерінің
жауап беруі, олар үшін үлкен жеңіс, қуаныш. Ол үшін олар оқыған
материалдарын өздері өте жақсы білуі керек және оларды қалыптастыру керек.
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту
бүгінгі күннің негізгі мәселелердің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен
ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға
дағдыланбаған. Осы мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезінде
оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын,
қызығушылығын күшейту қажет.
Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігіне оқытуға үйрету-
мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Оған оқушылар білім негіздерін
мұғалімнің басшылығымен іздестіріп, сол білімді жаңадан ашу керек. Оқушы
өзі белсенді қатыспаса, саналы оқыту жүзеге аспайды.
Осылайша ұйымдастырылған оқу процесі оқушылардың ойлау қабілеті
кеңейеді және де оқушылардың саббаққа деген ынтасы артады.Оқушы назарын
аудару, оның ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар,
әр түрлі қызықты есептер, математикалық софизмдер, викториналар, ойындар
сабақ үстінде өзінің орнын алады.Әсіресе, бесінші-алтыншы сынып оқушылары
бірсаранды есеп шығарудан шаршамағандай, оларға әр түрлі жарыстар,
эстафеталар және ойындарды ұйымдастыру керек.
40,4 * (26,3 – 37,67:5,9 + 41,39):
Мұндай есептер оқушыларды өздігінен шешуге итермелейді және логикалық ой-
өрісін дамытады.Оқушылардың білімдерін тексеру,шапшандыққа,бірлесіп жұмыс
істеуге баулу, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында
сыныптан тыс өткізілетін жарыстардың, кештердің маңызы зор. Оқушы ауызша
жақсы түсінсе, ол теорияны өзі айтып береді.
Оқу процесінде оқушылардың алған білімін, дағдыларын тексеру және
бағалау нәтижесінде мен тек оқушының білім деңгейін ғана анықтамаймын,
сонымен қатар оқушының жіберген қателерін талдағанда , қолданылған әдіс
–тәсілдеріне, берілген тапсырмаларға түзетулер еңгіземін. Сонда оқушының
білім алуға, қатесін жоюға белсенділігі артады. Әр сыныпта қабілетті
оқушылармен қатар математикадан білім деңгейі төмен оқушыларда аз емес.
Сондықтан, берілген тапсырмаларды әр сыныптағы материалдарды бірнеше
тарауға бөліп ( мысалы:" Есептеу ", " Теңдеу және теңдеулер жүйелері " ,"
Мәтін есептер" т.б) білім деңгейлеріне, қабілеттеріне қарай жеңілден қиынға
деген принципімен орындауға беріледі.
Жіберілген қателерді ескертіп, оқушылар теориялық талдау жасап,
кітаппен жұмыс жасап, оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау
керектігін білуге, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай түсуіне
көмектесемін. Үйге орындауға берген тапсырмалар арқылы оқушылардың өз
бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастырып, жаттықтыру, бекіту,
қайталау мақсатында өткізілді.
Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне
қызығушылығын тудыру жолдарының бірі-сабақ барысында математика тарихының
элементтерін еңгізу, бұрыннан белгілі жағдайдың бұрын көңіл бөлінбеген
әдістерімен таныстыру қажет.
Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын
элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Ойын сабақтарында
берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың
танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Белсенді емес оқушылар
жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Ойындарды бесінші, алтыншы
сыныптарда ғана емес, 8-11 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мәселелері
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылу арттыру
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Пәндер