Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

1 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы
2 Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап
Білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысыңда
оқушының жеке тұлғасын жан - жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның
дәлелі республикамыздағы Білім туралы заңының қабылдануы.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті - өзінің
талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру
болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың іс-әрекетінің маңызы
жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын, белсенділігін
арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі
оқытудың негізгі мәселелері.
Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен
іс-әрекеті, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс: біріншіден,
оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден,
оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту
әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен
міндеттерімен анықталады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі
бағыттары оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері
көрсетілген. Алайда оқу тәрбие процесінде кең орын алған формализмнің
нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының төмендеп кеткендігі
көрінеді.
Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып
отыр. Білім беру қызметкерлері жұмысының сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды
ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру және олардың талабын, жеке жұмыс істеу
қабілетілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай,
сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру болып табылады.
Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру
мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары,
олардың жіктелуі туралы әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.

Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

1 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы.

Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда жол тәсіл сөздерін пайдаланудың
синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттеге әртүрлі көзқарастар байқалады.
Бұл сөздер бір 6іріне жақын, бірақ әрқайсысының –өзіне тән не мағыналық, не
қолдану ерекшелігі бар сөздер.
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттер де тәсіл деп
түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп
түсінеді.
Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп
жазылған. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс
әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан тусіндіру
жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында
мақсатка жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілетерінің дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп
жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістері ғылымитаным әдістеріне
байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Ғылыми - танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекеті
қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту
әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері
практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет
жасайды; идея, нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі
ауытқулар көзқарасының калыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі
болады.
Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі, компаненті, құрамды
бөлімдері. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, реттерді демонстрациялау
т.б.
Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы сондықтан
олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, кейде тәсілге, ал әдістемелік
тәсіл оқыту әдісіне айналады. Олар жеке пәнді окытқанда қолданылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметті, мұғалімдер
арасында әлі де бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл
туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40
проценті әдіс, әдістеме тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп
түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір
мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені
қалады.Сондыктан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде проблемаларға
ерекше көңіл аударылуы қажет. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту,
ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары,
станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер,
өндіріс, құрылыс.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер
арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа
жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік
және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс - әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері
бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-
әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин
оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай
топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың
жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың
танымдық белсенділігі әртүрлі.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін
қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.
Ю.К.Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол
іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап
көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бөледі. М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу
әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру
әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін
(хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы,
жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап
етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды,
заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды.
Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ
фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін
түсіндірмелі деп атауға болады.
2 Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын
таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім
деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп
әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты
болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл
тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу
(ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов оқытудың
баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-
ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп
берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп,
оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-
әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім
өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты,
көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған
кейбір талаптар қойылады. Олар:
•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
•    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың,
фактілердің жеткіліктілігі;
•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
•    әңгіменің әсерлілігі;
•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
•    мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс
істеу әдіс - тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа
мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды
сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға
түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады,
бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
•    сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
•    себеп - салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
•    салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
•    жүйелілік.
Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста
кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының
күрделеніп, оқушылардың ақыл - ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс
кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер
түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне
қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар.
Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді
қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші
әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға
дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып,
оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге
үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен
тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын
жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып
жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық
білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін
жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады. Әңгімелесу барысында
мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып
оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу.
Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары
сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған
тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс
қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
•    ес пен тілді дамытуы;
•    оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
•    оқушылардың білімінің белгілі болуы;
•    жақсы диагностикалық құрап;
•    үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
•    уақыттың көп кетуі;
•    қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын
алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін
оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-
қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден
ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық
және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра
білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте биологиядан білім беруден әдіснамалық мәселелері
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың әдістерін таңдап алу және ендіру
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Психологияда белсенді оқыту әдістері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Пәндер