Оқу процсеінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер
Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да,
оқыту әдістерін тандау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процсеінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция,
кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі
жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең, көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің
ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда
жетекші роль атқарады. Н А. Сухомлинский: "Сөз — ең маңызды педагогикалық,
құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше
назар аударады
Мүғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы.
Алтынсаринның пікірін келтірейік:"Мұғалім балалармен істсе болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мүғалім шәкірттерді кіналамай, оларға
дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен,
қарапайым тілмен түсіндіру керек". Бұл әдісті қолданғанда мұғалім
оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға
(зейін,қабылдау,ойлау т.б. процестерін) байланысты да әрекет.жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяңдауы көп жағдайда түрлі көрнекі
және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен
оқушылардың үғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме,
әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар
қолдану керек.
Түсіндіру—оқу материалы мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы
баяндауы. Оның себебі,түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі
дәрежелі логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету,
фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мүғалімнің оқу материалын
түсіндіруіндг орқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру өдісінің ең маңызды мәселелері -окушылардың алдына
жаңа мәселені айқын, ашық егіп қойып, оқу материалынтыңғылықты баяңдап
шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді
қаншама сағат қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу,
қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді
баяндауда оны терең және түсінікті үғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірак ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сынып және пән ерекшеліктеріне қарай
өзгеріп отырады.
Әңгіме — мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым
қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің
неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікіпен көркем суреттей
отыра, өз сөзін әртурлі көркем шыгармалар (картина, фотосурет) мен көрнекті
құралдарды қолдану арқылы жалгастырып отырады. Окытуды бүлай үйымдастыру
окушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп. ұғынуына кемектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мүғалім мен оқушылар арасында диалог
пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа
білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен
материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау
үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылады.
Мүғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу
материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мүғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау,
пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде
қолданылады. сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып
есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мүғалімдер тарапынан өте мұқият
дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мүғалім оқушылардың жеке басының қабілетін,
зейінін (т.б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі,
баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай үғынғанын
анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.
Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін
мүғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға
бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян – сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол оның құрылымы,
баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында
тыңдаушыларының ойлау кабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге
қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасында көптен қолданылатын
әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды,
қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоятындайды, мазмұнын қадағалап
отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы
бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас оқушыларға оның
жоспарымен, қажетті әдебиеттер тізімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың
лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын блауда мүғалімнің ойын
жақсы ұғынуға көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оны нақтылығы, берілетін
білімнің оқушьшарға түсініетін бол мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың
қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы
қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты
үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып,
кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасыңда әңгімелесу
әдісінің мүмкіндігі мол.
Мүғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оны мазмұнына, амал-
тәсіддеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу
бағдарламасы оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды Бірақ,
бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді
айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен
байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа
әдебиеітерден оздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият
ойластыруы қажет Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушының
шеберлігі лекцияның тиімділітін арттырудың кепілі Окулықпен және кітаппен
жұмыс істеу әдісі оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабылдау сыныпта
алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қальштастыру тиімді әдіс
болып табылады.
Кітап - білімнің сарқырамас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек
ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың
көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу
жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін
толықтырып отыряды.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей
отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын
қалыптастырады, ой-өрісің дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге
дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, (көптеген жағдайда, оны бітірушілер
арасында кітапты оқи иемесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың
негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші
идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін
ұмытпаған жөн. Ол үшін окушы оқу материалының кұрылымымен жалпы танысу, оны
көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете
мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есіңде
сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәссле, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға,
одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру
қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға,
бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету
керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарың тек
жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппсн жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар.
Кітап оқу мүғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен
ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіңдік ойлауын, іс-әрекетін
жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге,
адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді.
Яғни, ол білім иеру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие кұралы.
Дегенмнде, оқушының үй тапсырмасын кітап-немесс оқулық көмегімен орындау
барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп
беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей
біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның
талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар
меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтиже жұмыс істеуін, оның
саналы көзқарасын және өзіне бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мүғалім
таратып жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушыларды көзімен көріп, нақтылы
түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақыл, тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар процестер және заттардың
нысанасымен табиғи жағдай таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі
оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі қүрылысы және
сыртқы көрінісімен немесе біріңғай заттардың орналасу жағдайымен
таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрссту негізінен сыртқы көрінісінен басталады
(көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т.б. Келесі кезекте оның ішкі
құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және
көркем туындылар оқшылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен үштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
-көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
- оқу материалын түсіңдіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп,
соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге
болмайды;
- кернекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы
бойынша жұмыс істеуі тиіс:
- көрсету кезінде мүғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын
дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге
дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұиымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең
үғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша
ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері
белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.
Олар тарапынан Мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік
жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы,
диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп,
теледидар, пидсофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи
ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауыл шаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл
әдісті иллюстративті құралдарды (цлакаттар, картиналар, суреттер,
чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мүғалімнің қаншалықты меңгеру тиіс байламысты болып келеді. Соның негізінде
оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек
бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын
көптеп қолдану, оқушылардың Назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп
соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын
және таным процесінде олардың ролін алдын-ала жақсылан ойластырып алу
қажет. Бүған қосымша мүғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де
анықтауы қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — бақылау әдісі. Ол барлық
оқу пәндерін оқытуда кеңінен колданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі техника құралдарын
көрсету кезінде, экскурсия лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын
орын барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімі басшылығымен сабақ
үстінде және сабақтан тыс уақытта мүғалімнің тапсырмасына байланысты немесе
оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс
қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау
қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана
білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілі салыстыру арқылы олардың
көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
-оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымды жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне, байланысты бақылау
әдісінің негізгі түрлері:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы — бақылау. К. Д.
Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі",- деп жай айтпаған. Ұлы
педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты
бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның
неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру,
есту, дәм, иіс т.б сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт
беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана
емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың
негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру,қорытындылау сияқты ойлау
процестерін қолдануға басшлық етуі қажет.
3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру , ең алдымен, бақылаудың
мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын
жасап беруі керек.
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған ториялық білімдерін,
біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың
практикалық жұмыстарының маңызы ерскше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен
бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участігіне оқу прмборлары және техника
құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәдірибелерін жүргізеді.
Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика
пәндерінде жиі қолданылады. Аталған Пәндердің мазмұны зертханалық
жұмыстарды қажет етеді.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы
арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай
тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын
тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе
учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау,
откізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және
оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оку құралдарымен,
жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
Өткізу барысында мүғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият
бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілімн өткізуге болады.
Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден,
ұжымдық түрде орындалу жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,
үшіншіден зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мүғалімнің өзі
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады Бұған кестелер жасау,
диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады.
Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарын кеңінен
пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатын— жаттығу әдісі. Бұл
әдіс оқушыларда біліктер дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялы
ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақт меңгеру жаттығу арқылы
орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен
қолданылады.
Жаттығу жүмыстары негізінен тіл мен математик. сонымен бірге, шет
тілдерін оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұны
қатысты теориялық білімдерін пысықтау барысында практикалық жұмыстарын
атқарады. Мысалы, есп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарын
диктант жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау т. б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігіне орындау белсенділігін
арттырады. Өзіндік жұмыстарын оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат
шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары жазбаша жаттығу
деп аталады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызша баяндауға дағдылану
максатын көздейді. Бұны негізігі үш түрге бөлуге болады. Біріншісі - ғылыми
пәндер ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі оқу материалының
мазмұнын ауызекі баяндау. Үшінні — көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер
оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып
беру.
Оқыту әдістері - оқыту процесінің барлық кезеңде оқытудың.түрлі мақсат-
міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға
бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесіңде оқушылардың таным әрекетінің
белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару
қажет.
Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды
таңдай білуі
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты Мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру — күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке Жол бермеу керек. Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалдарын мазмұны мен
көлеміне, оқушылардың дайындық
ережесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды
мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға
байланысты болып келеді.
I Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2 Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын,
кабинет жабдықтарын ескеру.
3 Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала
мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен,
ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа,
ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне
тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсатын жүзеге
асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы
тиіс. Бұл мұғалімнің озіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда
оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін
есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша
материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей
алмайды.
Оқудың әдістері, тәсілдері және
құралдары туралы ұғым
Оқыту әдістері ұғымынын мазмұнын анықтауда кұрал, жол, тәсіл
сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр
түрлі көзкарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ
әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекілелігі бар сөздер.
Құрал дидактикада дербес термологиялық мәні бар сөз. Мысалы,
дидактикада колданатын кұралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері
(оқытудың техникалық кұралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі кұралдар
т. б.).
Әдіс (метолос деген грек сөзінен туады — зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.
Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды — деп
жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардын оку тәрбие жұмысының
міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің
тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы
философиялык анык-тамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа
жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық кабілеттерінің дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп
жаңа білімді игеруге ыкпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өиткені, оқытуда ең
бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра
ережелер окушылардың танымдық іс-әрекетінде колданылатын оқыту әдістерінің
ерекшелігін аныктайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді; оқыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz