Батыс қазақстан облысының табиғат жағдайына қысқаша сипаттама


ЖОСПАР
Кіріспе
Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайына қысқаша сипаттама.
Батыс Қазақстан облысы омыртқалы жануарларының зерттелуінен қысқаша әдеби шолу.
К І Р І С П Е
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблиясы шешімі мен 1982 жылы тіршілік түрлерінің генефондысын, олардың қауымдастықтарындағы сандары ұрпақтарынан сақталатындай деңгейде болуы үшін қамқорлық пен қорғауға шақыратын Бүкіләлемдік табиғат Хартиясын алған болатын. Демек, туған табиғатымыздың тірі асыл мұрасы, оның генефондысы болмақ. Осы тірі мұрамыздың биосферадағы экологиялық жағдайы тұрақты дамуы үшін 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Декларациясының 41 қағидасын (принципі) жарияланды. Бұнда, Бүкіләлемдік тұрақты даму БҰҰ-ң ұйымдастыруы мен әлемдік 136 елдері экологтарының басқосқан үлкен ғылыми конференциясы болып өтті. Осы қағидалардың 27-і мемлекеттер мен табиғат арасындағы қатынасқа тікелей байланысты болды. Бұдан туындайтын негізгі ұғым Бүкіладамзат қоғамы, биосферадағы биологиялық көптүрлілікті сақтауға және қорғауға міндетті болды. Егер биокөптүрлілік сақталса, жер планетасындағы биосфераның тұрақты дамуына жағдай жасалынатын болады. Олай болса, әрбір азамат, халық, ел, мемлекет өз территориясындағы тіршілік көзі болатын биологиялық көптүрлерді қорғай білуі керек, оларды ұрпақтарға сақтай білуі керек. Бұларды сақтай білмесең тірі мұра мен өлі мұра (қазбадағы табиғи-тарихи асыл мұра қазыналары) арасындағы байланыс үзіледі де, тіршіліктің биосферадағы сөнуіне әкелетіні болады. Осы ұғымды түсіндіру үшін декларация: «Мыслить глобально-действовать локально», бүкіл адамзатқа ортақ ұран тастаған. Ұранның қазақша мағынасы: Өзекті (биосфера) мәселні ойлау-өз ошағынан бастау ұғымын беретін сияқты. Бұрын да жануартану (биологиялық) сабақтарда оқушыларды сабақ тақырыбына қызықтыру (еліктету) үшін басқа жақтың экзотикасынан мысалды жиі беріп келдік. Ендігі жерде тек өз жеріңнің (өлкеңнің) мысалдарын көбірек келтіруіміз қажет. Себебі, туған жер қазынасы мен адам тарихы бірге тағдырлас байланысты болып келген. Осы байланыстылық, тағдырластық үзілмеуі керек. Байланыстылық үзілген жерде тұрақты даму болмай, керісінше делитанттық қағидаға қалыптасатыны өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Осы үлкен екі қағидаға қазіргі жастарды, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде өлкелік тірі қазынаны жақсы біліп, олардың жанашыр қамқоршысы болатын қазақстандық жас ұрпақтың азаматтық сананы қалыптастыруда ұсынып отырған оқу-әдістемелік құралымыздың белгілі көмегі болмақ мақсатын көздейді. Өйткені, алқаптық жануарлар өз өлкеміздің өзімізге ең жақын жүрген, әдетте оларды жиі көріп жүрген жануарларымыз. Осыларды көруіміз, араластығымыз ұзаққа сақталса, біздің олар мен бірге тұрақты дамығандығымызды білдіреді. Біздің де, олардың да ұрпақтарымызға аяулы тіршілік ортақ табиғат кеңістігімізді сақтай білгеніміз.
1999 жылы жарық көрген Дебело П. В., Болатова К. Б «Животное Западно-Казахстанской области» кітабы өлкелік жануарлардың 53 түрі омыртқалы жануарлары мен 27 түрлі омыртқасыздарын (бунақтыденелілер) . Республикалық «Қызыл Кітапқа» енгендері мен құрып кету қаупінде тұрғандары туралы биологиялық, экологиялық сипаттаулар берген. Олардың қорғау шараларын сөз еткен.
2002 жылы жарық көрген Байдулова Л. А., Болатова К. Б., Қарағойшин Ж. . М «Батыс қазақстан облысының жануарлар дүниесі» (орысша, қазақша) мектептік оқушыларға арналған өлкелік қосымша оқу құралы да өлке жануарларының жүйелік қатары, ондағы жалпы тұқымдас, туыстарындағы түрлер саны мен бірқатар қысқа сипаттамалары, таралуы жәйлі сөз болды. Бірақ, өлке келбетін айқындай түсетін алқаптың түрлеріне көңіл аз бөлінген. Оның үстіне батыс Қазақстан М. Өтемісұлы атындағы университетінің жаратылыстану факультетінде ұзақ жылдар бойы өлке жануарлары туралы ғылыми-зерттеудегі жұмыстары көлеңкеде қалған.
Осы жетіспеушілікті ескере отырып, жоғары да аталған оқу әдістемелік құралдардың жалғасы ретінде «Батыс Қазақстан облысы алқаптың жануарлары» оқу-әдістемелік құралын ұсынамыз.
Бұл, өлке жануарлары туралы бірінші басылым болғандықтан мектепте биология (жануартану) пәні, сыныптан тыс және тәрбие жұмыстары үшін жаратылыстану мамандықтарындағы, студенттерге әсіресе сырттай оқитын қазақ жастары үшін қажеттілігі мол оқу әдістемелік құралы болмақ. .
Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайына
қысқаша сипаттама.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Ресупбликасының қиыр солтүстік-батысында орналасқан. Орал тауынан бастау алатын Орал (Жайық) өзенінің 1200 км. жуық төменгі (бірқатары ортаңғы) ағысында орналасуынан, осыншама өзен арнасының облыс территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай екі бөлікке бөліп өтіп, Каспий теңізіне құюы нәтижесінде өлкенің климаттық құбылысына, топырағына, өсімдіктері мен жануарларына белгілі әсері болып келеді.
Облыс территориясының батыстан шығысқа қарай неғұрлым ұзындығы - 585 км, түстіктен оңтүстікке қарай - 425 км. Шамасындай. Қазақстан Республикасы территориясының 5, 9% бөлігін алып жатыр, немесе жалпы көлемі 151, 2 мың шаршы км. Өлкеміздің осы кеңістігі 45 0 30' және 51 0 35' шығыс бойлықтары мен 51 0 35' және 48 0 солтүстік ендіктері аралығында орналасқан. Демек, өлке кеңістігінің географиялық орналасуы Орталық зонаның оңтүстік шекарасына таман орналасқан.
РЕЛЬЕФІ. Батыс Қазақстан облысы рельефінің айырмашылығы оның тегістік болып келуінде. Облыс бетінің бедері түстік-шығыстан және оңтүстік-батысқа қарай ойпаңдай түсуі. Сөзімізді дәлелдей түсек, географиялық ерекшелігіне қарай бес ірі геоморфологиялық аймаққа (регион) бөлуге болады: 1. Жалпы Сырт. 2. Оралтегі (Подуральское-Эмбенское) үстірті. 3. Сырт алды жарлы биіктік. 4. Каспий ойпаты. 5. Орал өзені ортаңғы және төменгі ағыстарының алабы.
Жалпы Сырттың Абсолюттік биіктігі 100-200 м аралығында. Кейбір биік жері сиректеу болсада кездеседі. Мысалы, Ешкі (гора Ичка) тауының биіктігі 252 м. Өлкеміздегі ең биік жерлердің бірі. Жалпы Сырттың өлке территориясындағы топырақ құрамы негізінен күрделі ауыр күлгін топырақ түрінен қалыптасқан, немесе оны сырттық саздақ деп атаған.
Батыс Қазақстан облыс территориясының көпшілігі Каспий ойпатының түстік бөлігін алып жатыр, бұл түстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай көлбеу бағытында орналасқан. Ойпат көлбеуінің абсолюттік биіктігі солтүстігінде 25 м. шамасында болып осыдан оңтүстік бағытына қарай Каспий теңізі бағытына төмендей түседі де, Тайпақ (Калмыково) елдімекенінен бастап каспий алды депрессияға (күрт төмендеуге) айналады, яғни - 10 м дейін күрт төмендейді.
Каспий ойпаты облыс территориясындағы көпшілік бөлігі, көктемде су толатын тайыз ойпаттар және сайлар (лиманы 3-6 м, тереңдіктері, 0, 5-2, 0 км. диаметрі) кеңінен таралған. Осындай сайлардың ірілері дәнді дақылды мәдени өсімдіктер мен пішендік (мал азығы) шаруашылықтарға кеңінен пайдаланады.
Өлкеміздің қырат аймақшаларында микрорельефтері жақсы дамыған, оларда шәйтабаққа ұқсайтын саршұнақ төмпешіктері, тереңдіктері 20-25 см. Және диаметрі 1-3 м шамасындай болып келетін микроойпатшалар жиі кездеседі.
Облысымыздың оңтүстік және шығыс бөлігі территориясында құм массивтері кездеседі. Негізінен, олар атраулық (дельтовые) және теңіздік тайызсулық (қалдық су) жерлерінен қалыптасқан аймақшалар. Су кетіп, құмның ылғалды жерге желмен келуінен құм борасындарының қалыптасуы (тұрақтауы) ылғалды топыраққа (почваға) негізделген, құм массивтері қалыптасқан.
Өлкемізді Азия және Еуропа құрлықтарын бөліп жатырған Орал өзені алабы өлке территориясын түстіктен оңтүстікке Каспий теңізіне қарай, алдымен шығыстан-батысқа қарай, Орал қаласынан бастап күрт оңтүстік бағытына енсіз алабы созылып жатыр. Неғұрлым енсіздеу бөлігі (7-10 км) Индер ауданында болса, ал Елек және Утва өзеншелерінің Орал өзеніне құйылу алабының ені 12-13 км. болып келсе, Орал қаласы деңгейінде (Хвала теңізі атрауы) ені 50 км жеткен.
КЛИМАТЫ. Батыс Қазақстан облыс климаты неғұрлым континентальдығымен ерекшеленеді. Дәлірек көңіл аударсақ солтүстіктен- батысқа қарай, оңтүстіктен- шығысқа қарай бұл ерекшелік үдей түседі. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі күні және түні, қысы және жазы кезіндегі табиғи құбылыс тез ауысуы байқалады. Өлкенің көпшілік ( түгелдей дерлік) аудандарында климаттың тұрақсыздығы тән және жауын- шашын ылғалына жеткіліксіздік (дефицит) тұрақты болып келеді.
Облысымыздың барлық территориясы үшін территориясы үшін ауа жылуының ұзақтығы орташа жылдық мөлшері +5, 9 градусқа сәйкес келеді. Орташа айлық температурасы (градус) :
Салқындық кезеңдегі айлар: Жылылық кезеңдегі айлар:
І - 12, 9 ІУ+7, 9
ІІ- 12, 3 У + 16, 4
ІІІ - 5, 2 УІ + 21, 2
ХІ - 1, 9 УІІ + 23, 6
ХІІ - 8, 6 УІІІ + 22, 0
ІХ + 15, 1
Х + 5, 9
Ең жоғарғы қар жабындысы наурыз да -25-30 см солтүстік аймақта, ал 10-20 см оңтүстік аудандарда.
Қыс кезінде ауаның төменгі минималді температурасы арктикалық ауаның араласуынан - 30-35 градустардағы аязды күндері болып тұрады. Кейбір өте аязды қыстары сынап бағанасы -40-44 0 С дейін төмендейтін кездері болады.
Қыс айларында желдің орташа жылдамдығы 4, 5-5 м/сек жетеді. Орташа көпжылдық қыс кезіндегі боранды күндерде: солтүстік аудандарда -30-35 күн, оңтүстік аудандарда-15-20 күн мөлшерінде болып отырады.
Жаз айлары ыссы, құрғақ. Вегеративті кезеңдегі жылулық ресурсын 10 градустан жоғары мөлшерінен екпінділігін алсақ орташа жылу мөлшері: 2700-солтүстік аудандарда, 3400 0 -оңтүстік аудандарда болып келеді.
Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері: көпжылдық орташа мөлшері: 300 мм-солтүстік аудандарда, 140 мм-оңтүстік аудандарда болып келеді. Ортақ мөлшері атмосфералық ылғалдықтың барлық өлке территориясына ортақ-263 мм шамасындай. Ал, облыс кеңістігіндегі топырақтың булану мөлшері көпжылдық деректер бойынша: 850 мм-солтүстік аймақта 1300 мм-оңтүстік аудандарда.
Батыс қазақстан облысы жағымсыз ауа райы күндері: кештеу аяқталған көктем, ертерек түскен күздің салқындығы, атмосфералық және топырақтың қуаңшылылығы, аңызақ желдің орын алуы, кейде 15 м/сек. Жылдамдықтары қатты желдердің болуынан: құмды боран, бұршақты дауылдардың тұруы болады.
ГИДРОГРАФИСЫ. Облыстың территориясында 200 астам өзендер бар. Олардың 65-і жаз айларының соңына таман түгелдей кеуіп қалатындар. Өзендердің көпшілігі арнасы 10 км болмайды. Арна ұзындығы 200 км. Астам болатын өзендер облыс территориясында-8.
Өлкеміздегі негізгі су көзі-Орал өзені. Оның облыс территориясындағы арнасы 761 км. Осы ұзындықтағы арнаның облыс территориясындағы су жинау кеңістігінің көлемі (водосборную площадь) - 116678 шаршы км. Облыс территориясы бойынша Орал өзеніне сол жағалауына құятын өзендер: Елек, Утва, Барбастау; оң жағалауына құятындар: Ембулат, Быковка, Рубежка, Шаған. Орал өзені төменгі ағысынан бастау алып жылына (жазғы маусымда) - 1 куб км. Суды Жалтыркөл көлдер жүйесіне (Жанақала бағытына) құйып отыратын Көшім өзені бар.
Өлкемізде 150 тарта көлдер бар, олардың су көлемі бетінің жалпы ауданы 1532 шаршы км. Сонымен бірге, өлке территориясында көптеген су жайылмалары (разливы) бар. Олар: Чижа жайылмасы -2200 шаршы км. Дюрин жайылмасы - 700 шаршы км. Үлкен өзен жайылмасы-600-700 шаршы км. Кіші Үзен-200-300 шаршы км.
Облыс бойынша көлдердің орналасуы біркелкі емес: Елек өзені бассейінінде-5 көл, Бұлдырты өзені бассейінінде-10 көл, Қалдығайта өзені бассейінінде-20 көл;
Үлкен және Кіші Үзендер бассейінінде Қамыс-Самар көлдер жүйесі көлемі-200 шаршы км. Осы жүйедегі ірі көлдер: Балықты Сакрыл көлі; Сарайдын.
Облыс көлеміндегі ең үлкен және терең көл-Шалқар. Оның ауданы-242 шаршы км. Соңғы жылдары облыс көлемінде жасанды суқоймалары, тоғандар салынды. Облыс бойынша олардың саны-100-ге жетті. Олардың жалпы ауданы 1600 шаршы км. болып отыр. Кіші Үзен бассейінінде олардың саны-20-ға жетті. Утва өзені бассейінінде-20, 1 және 2-ші Шежін өзендер бассейінінде-20; Елек өзенінде-15; Шаған, Деркул өзендері бассейінінде-15; Көпір Аңқатыда-5.
Көктемгі су тасқыны кезінде Орал, Елек өзендер арнасы үлкен деформацияға (жағалаулары үлкен су қысымына) тап болады. Жағалаулары су ағыны мен опырылып құлайды. Жағалаулық бөлінуі сулар (старица) қалыптасады. Өзен арнасы кеңи түседі, көптеген жағалаулық құлама материалдары ағын мен өзен арнасына түсіп, ұсақ аралшықтар қалыптастырады, өзен суы лайын (мутнасы) күрт жағала
Судың арнамен ағу жылдамдығына кедергілер жасалады, су ағысы мен минералда қатты заттардың (твердый срок) көшуін артып өзен арнасы мен судың ағуын баяулатады, өзен арнасын жүйелі түрде ашып отыруға мәжбүр етеді.
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ. Облыстың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай төрт жүз шақырымнан астам созылып жатқандықтан, әрі осы бағытта жер бедерінің, климатының және өсімдік дүниесінің әркелкілігі оның топырақ қабатының таралуына әсерін тигізіп отырады.
Топырақ жамылғысы мынандай негізгі түрлерден тұрады: оңтүстік қара топырақ, қоңыр қызғылт топырақ, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақ. Облыс топырағының жалпы өзіне тән сипаты, оның геологиялық қалыптасу жастығы және бәрінің бірдей құрамында тұз қоспаларының көп мөлшерде болды.
Осы көрсетілген топырақ түрлері белгілі бір табиғат зоналарына немесе бір зонаның ішкі зоналық бөліктеріне тән. Себебі Каспий маңы ойпатына шекаралас жатқан Жалпы Сырттан, Орал маңы үстіртінен және Сырт алды жарлы биіктен белгілі мөлшерде жер асты суының ағыны келіп, топырақтың тереңдік қабаттарының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Жалпы құрлық бетіне тән өсмдік дүниесі мен топырақ қабаты кешенді түрде бір-бірімен тығыз байланысты.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік қара топырақ зонасы 95 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл облыстың территориясындағы ең құнарлы топырақ, өйткені оның құрамында өсімдікке қажетті органикалық заттар мол болады. Сонымен бірге бұл зонада ылғалдылық мөлшері жеткілікті.
Топырақтың құрастырушы жыныстардың ішінде көбіне-көп ауыр саздақ пен сазды шөгінділер болады. Ал топырақтың қарашық қабаты 40-60 см. тереңдікке дейін жетеді. Оның түсі қара сұрғылт болып келеді. Бұл топырақтың құрамында қарашіріктің органикалық бөлігі 4-6, 5% мөлшерінде.
Оңтүстік қара топырақ зонасы облыста Жалпы Сырттың тегістеу суайрықтарында қалыптасқан. Ал сыртаралық ойпандар мен өзен аңғарларында жер асты суы жақын жатқан жерлерде шалғынды қара топырақ қалыптасқан.
Қаратопырақ зонасының оңтүстігінде Жалпы Сырт пен Орал маңы үстіртінің беткі қабаты қоңыр қызғылт топырақпен жабылған.
Бұл топырақтың алып жатқан жері шамамен 1190 мың гектар. Қоңыр қызғылт топырақтар әлсіз карбонатты шөгінділердің үстінде пайда болады. Жер асты суы 10 м. немесе одан да әрі тереңдікте жатады, құнарлы қабатының қалыңдығы 49-60 см-ге жетеді. Құнарлы органикалық қарашірігі 4-5, 5 %-ін құрайды.
Қызғылт топырақ - қоңыр және ашық қызғылт топырақтардың арасында орналасқан. Оның алып жатқан көлемі 934 мың. гектар. бұл топырақтың құрлымы жеңіл-құм, құмайт және аллювийлі саздақтан тұрады. Шөп жамылғысында ақселеулі-бозды түрі басым. Қарашірік қабатының қалыңдығы 40 см. шамасындай, органикалық құнарлы бөлігі 1, 5-2, 5%. Осы қызғылт топырақ Батыс Қазақстан облысында Сырт алды жазықтары мен Шыңғырлау - Шалқар суайрығында таралған.
Ашық қызғылт топырақтың таралу ауданы облысың шөлейт зонасында солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай орналасқан. Бұл ішкі зоналық топырақ қабаты 1784 гектар жерді алып жатыр. Топырақтағы құнарлы органикалық бөлігі 1, 2-2, 2% шамасндай. Ашық қызғылт топырақ қалыптасқан аудандарда сортаң өте көп тараған. Сондықтан бұл жерлерде шөп жамылғысы, негізінен, жусандыбоз топтарынан тұрады. Ара-тұра, ақселеу, қоңырбас және бидайығы кездеседі.
Каспий маңы ойпатының солтүстігінде жер асты суының жақын жатқан аудандарында қосымша ылғалдың негізінде шалғынды қызғылт топырақ қалыптасқан.
Қызғылт топырақтың осы көрсетілген түрлері алып жатқан алқап облыстың негізгі егін шаруашылығы дамыған аудандары. Бұл топырақ өзінің механикалық құрлымы және органикалық құнарлы бөліктерінің сапасы жөнінен қара топырақты аудандардан сәл төмендеу, бірақ ылғал көп болған жылдары егістен мол өнім береді.
Сұр топырақ - облыстың оңтүстігіндегі жусанды шөл зонасында таралған. Бұл топырақ көбіне оңтүстік батыста қамысты-Самар көлдерінде шектесіп жатқан жерлерде қалыптасқан. Сұр топырақтың ашық қызғылт топырақтан айырмашылығы қарашірік қабаты жұқа және түсі ақшыл, құрамында тұздың үлесі көптеу болып келеді.
Жер асты суы ішкі зонада 10-15м. Тереңдікте жатады. Өсімдіктерден боз, ақ жусан және ақселеу, жуашық, қоңырбастың түрлері кездеседі.
Сұр топырақтың қарашірік қабаты 40-50 см-ге дейін жетеді, бірақ құнарлы органикалық бөлігі 0, 4-0, 6% қана.
Ойпаңды жерлердегі сұр топырақтардың ішінде шалғынды сұр топырақ қабаты қалыптасады. Бұл түрінің қарашірікті қабаты 60 см-ге дейін жетеді.
Сортаң - Каспий маңы ойпатында, қызғылт және сұр топырақтар алқабында көп тараған.
Сортаңның ең көп таралған жері облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі тұйық жазықтар, көлтабанды суайрықтары. Сортаңды қабаттардың астында оңай еритін тұздардың қосындысы көп мөлшерде болғандықтан, өсімдіктерге зиянды әсер етеді. Жалпы сортаң сор топырақтың шайылуынан пайда болады. Олардың үстінде қара жусанды-бозды өсімдіктер өседі.
Қарашірік қабатының қалыңдығы 30-40 см, құнарлы органикалық бөлігі 0, 9-2%.
Сор - облыста едәуір алқаптарды алып жатыр. Топырақтың беткі қабатына тұз шығып жатады. Мұнда тұздың мөлшері 8-10%-ке дейін жетеді.
Облыста сор топырақтың 2-түрі кездеседі: 1) Ашық сор, 2) Көлтабанды сор.
Ашық сордың үстін тұзды қабаттар жауып жатады оның бетіне ешқандай өсімдік шықпайды.
Ал көлтабанды сор жақын орналасқан беткейлерде жыралардың бойында кездеседі. Бұнда галофитті өсімдіктер- сарсазан, итсигек, бұзаубас, сораң өседі.
Қарашірік қабатының қалыңдығы 25-35 см, құнарлы органикалық бөлігі 1-2, 5%.
Сор облыстың оңтүстігіне қарай өте көп кездеседі.
өзендердің жайылымдарында шөптесін-шалғынды өсімдіктердің негізінде аллювийлі-шалғынды топырақ қабаты қалыптасады.
Батыс Қазақстан облысы өзендерінің жайылмасындағы аллювийлі топырақтар мынандай түрге бөлінеді:
- Орманды-шалғынды топырақ өзен арнасына жақын орналасқан. Бұл көбіне Жайық және Елек өзенінің бойында қалыптасады. Өсімдіктерден көктерек, тал, емен өседі. Қарашірік қабатының қалыңдығы 40 см. құнарлы органикалық бөлігі 2, 5%.
- Жазықтағы кіші өзендердің жайылмасындашалғынды-жайылмалытопырақ қалыптасады. Бұның бетіне шөптесін өсімдіктер: мия, бидайық, қылтанақсыз арпабас, қияқ т. б. өседі. Қарашірік қабатының қалыңдығы 50 см. құнарлы органикалық бөлігі. 3, 5-5%
Шалғынды жайылымдар көбіне малға азық дайындауға және көкөніс, бақша шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.
Батыс Қазақстан облысы территориясының 10%-ін құмды алқап алып жатыр. Құм оңтүстікте, оңтүстік-шығыста таралған.
Құмның қалыптасуына өзен суы ағыстарының тигізетін әсері өте зор. Өзен сағаларында жеңіл механикалық құрлымнан тұратын шөгінділер аққан судың, желдің әсерінен құмды алқаптарға айналған.
Облыста Нарын және Қаратөбе құмды алқаптары шөл және шөлейт зоналарында жатқанмен, өсімдіктерге өте бай. Мұнда құм жуасы, жүзгін, қияқ, құмаршық құм сағызы т. б. өсімдіктердің түрі кездеседі.
ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ. Батыс Қазақстан облысының территориясында негізінен дала және шөлейт зоналарының өсімдіктері кең тараған. Сонымен бірге оңтүстік бөлігіндегі құмды алқаптарда шөл зонасының өсімдік дүниесі кездеседі. Жайық өзенінің бойында әр түрлі ағаштардан тұратын орман алқабы бар. Бұл өлкеде ағаш үлкен байлық. Өйткені орман алқабы облыстың не бары 6 % территориясын алып жатыр.
Облыстың солтүстігінде қоңыр қызғылт топырақтың негізінде құрғақ дала зонасы орналасқан.
Бұл дала зонасында шөптесін өсімдіктерден боз, ақселеу, қылқансыз арпабас таралған.
Астық тұқымдас өсімдіктердің ішінде құрғақшылыққа төзімді: атқонақ, мыңжапырақ, кәдімгі төскей, лерха жусаны т. б. шөптесін өсімдіктер кездеседі. Құрғақ дала зонасында жазғы қуаңшылық әсерінен көпжылдық шөптер кең тараған мұның ішінде жаздың орта кезінде қурап кететін ксерофильді бидайықтың түрлерін атауға болады.
Дала зонасының жалпы бейнесі жыл мезгілдеріне бірнеше рет өзгеріп тұрады.
Батыс Қазақстан өңірінің ақселеулі-бозды даласын өзіне тән ерекшеліктеріне қарай осы өлкені ұзақ жылдар зерттеген ботаник ғалым, профессор В. В. Иванов алты кезеңге бөледі:
1. Ерте көктем кезі (сәуір айының 10-20-сы аралығы) . Далада қар жамылғысы еріп, өткен жылғы өсімдік қалдықтарының сұрғылт бояуы басымырақ, тек кей жерлерде жасыл мүктер теңбілденіп көрінеді. Дала ұлы өзгерістерді күтуде. Күннің қызуы күшейе түсіп, жасыл кілемдей бидайықтың қаулап шығуы жақын қалғаны сезіледі.
2. Нағыз көктем кезі (сәуір айының 20-30-ы аралығы) . Астық тұқымдас өсімдіктер тез өсіп жетіледі. Даланың жұмсақ жасыл кілемнің арасынан сарғалдақтардың басы қылтиып көріне бастайды. Күннің қызуы күшейіп, ауа қызуы жоғарлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz