Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы

  1. Оқыту заңдылықтары мен принциптері "Заңдылық" "заң" "принцип" ұғымдары және олардың арасындағы байланыс
  2. ДИДАКТИКА - БЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
  3. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі
  4. Білім мен дағдыны практикада қолдану
  5. Оқыту принциптері және оларға сипаттама
  6. Теория мен тәжірибенің байланыста болу принципі
  7. Принциптер және оқыту тәрбиенің байланыстылығы
  8. Қазіргі заман демократияшыл дидактика

Оқыту заңдылықтары мен принциптері

"Заңдылық" "заң" "принцип" ұғымдары және олардың арасындағы

байланыс

Оқыту теориясы мен практикасын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады.

Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды.

Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. Педагогикалық принцип нормативті түрде заңның мәнін сипаттайды. Ол тиісті жағдайларда оқытуды дұрысырақ ұйымдастырудың жолын анықтайды.

Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдаудың теориялық негізі болып табылады. Жеке алғанда, заңдылықтар мұғалімдер үшін тікелей нұсқаулар бере алмайды. Принциптер анықталған заңдылықтарды бейнелей отырып, іс-әрекет қағидаларын категориялар ретінде тұжырымдайды, оқу үдерісін ұйымдастыруда бастапқы бағдар рөлін атқарады.

Оқыту заңдылықтары оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейді, ал олардың негізінде анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал - оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.

Сонымен, заңдылық белгілі бір жағдайлардағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталанып отыратын өзара байланыс.

Қатаң тіркелген заңдылық:

1) егер байланыс анықталған объектілер қатаң тіркелген болса;

  1. сол байланыстардың түрі, формасы және сипаты зерттелген болса;
  2. байланыстардың байқалу шегі анықталған болса, онда заңға айнала алады.

Педагогика теориясы мен практикасының дамуы барысында әр кезеңге сәйкес заңдылықтарға қатысты алғашқы кездерде ережелер, одан соң заңдар тұжырымдала бастады.

Педагогика заңдарын жасауға Коменский, Песталоцци, Селерье, Торндайк, Мейман тағы басқалар үлес қосты.

Қазіргі оқыту үдерісінде диалектиканың жалпы заңдары қолданылады. Олар: қарама-қайшылықтар бірлігі мен күресі, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі, терістеуді терістеу т. с. с.

Сонымен бірге педагогика ғылымынын тұжырымдалған педагогикалық заңдары да бар. Қазіргі кезде педагогика ғылымында Ю. К. Бабанский, В. И. Загвязинский, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, М. Н. Скаткин т. б. зерттеушілер тұжырымдаған заңдарға ерекше мән беріледі:

  • мақсат, мазмұн және оқыту әдістерінің әлеуметтік шарттылығы заңы;
  • тәрбиелей және дамыта оқыту заңы;

- оқыту мен тәрбиенің оқушының іс-әрекеті сипатымен байланыстылығы заңы;

  • педагогикалық үдерістің тұтастығы мен бірлігі заңы;
  • оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланысы заңы;
  • оқу іс-әрекетін жекелеген және ұжымдық ұйымдастырудың бірлігі мен өзара байланыстылығы заңы.

Демек, оқытудың нормативтік элементтері ретінде оның заңдылықтары, заңдары және принциптері арасында өзара байланыс байқалады. Бұларды ескеру оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дидактиканың міндеттерінің бірі - оқыту заңдылықтарын анықтау болып табылады. Оқыту заңдылықтарын анықтау оқытудың педагогикалық тұжырымдамасын құрайтын стратегиялық идеяларды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде анықталған идеялар:

  • оқыту мен тәрбиелеудің рухани бай, жалпы адами құндылықтар мен моральды меңгерген, жан-жақты және үйлесімді дамыған, жемісті және өнімді іс-әрекетке қабілетті дербес тұлғаны қалыптастыруға бағыттылығы;
  • тұлғаны қалыптастырудың басты шарты ретінде оқу-танымдық, ізденістік, шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру бірлігі;
  • оқытуды тәрбиенің арнайы тәсілі ретінде қарастыруды талап ететін оқыту мен тәрбиенің органикалық бірлігі, сондай-ақ оған дамытушы және тәрбиелеуші сипат беру;
  • мазмұнды, әдістерді, құралдарды оңтайландыру, уақыт пен күшті аз жұмсап, ең көп тиімділік алып келетін әдістерді таңдап алуға бағытталу.

Оқыту үдерісіне қатысты заңдылықтар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы заңдылықтар оқытудың әлеуметтік-экономикалық, саяси ситуациялармен, мәдениет деңгейімен, белгілі бір типтегі тұлғаға деген қоғам қажеттілігімен және білім беру деңгейлерімен байланыстылығын сипаттайды.

Ал ішкі заңдылықтар оқыту үдерісінің мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары арасындағы байланыстарға қатысты анықталады. Басқаша айтқанда, бұл сабақ беру, оқу және оқып-үйренетін материал арасындағы байланыстар.

Сонымен бірге оқыту үдерісінде байқалатын заңдылықтарды жалпы және нақты заңдылықтар деп те бөлуге болады. Өз әрекетімен жүйені толық қамтитын заңдылықтар - жалпы, ал тек жүйенің жекелеген компоненттеріне қатысты заңдылықтар жеке, нақты болып табылады.

Оқытудың жалпы заңдылықтары:

1. Оқыту мақсаттарының заңдылығы

Оқытудың мақсаты: а) қоғамның даму деңгейі мен қарқынына; б) қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне; в) педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне байланысты.

2. Оқыту мазмұнының заңдылығы

Оқыту мазмұны (білім беру) : а) қоғамдық қажеттіліктер мен оқыту мақсаттарына; б) әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресс қарқынына; в) оқушылардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне; г) оқыту теориясы мен практикасын дамыту деңгейіне; д) оқу мекемелерінің материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.

3. Оқыту сапасының заңдылығы

Оқытудың әрбір кезеңінің тиімділігі: а) алдыңғы кезең өнімділігі мен онда қол жеткізген нәтижелерге; б) оқып-үйренетін материал сипаты мен көлеміне; в) оқытушылардың ұйымдастыру-педагогикалық әсерлеріне; г) оқушылардың өзара даярлығына; д) оқыту уақытына байланысты.

4. Оқыту әдістерінің заңдылығы

Дидактикалық әдістердің тиімділігі: а) әдістерді қолдану білімдері мен дағдыларына; б) оқыту мақсаттарына; в) оқыту мазмұнына; г) оқушы жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне; е) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге; ж) оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты.

5. Оқытуды басқару заңдылығы

Оқыту өнімділігі: а) кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсерлердің негізділігіне байланысты.

6. Оқытуды ынталандыру заңдылығы

Оқыту өнімділігі: а) оқытудың ішкі стимулдарына (мотивтеріне) ; б) сыртқы (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) стимулдарга байланысты.

Ал жекелеген нақты заңдылықтар оқу үдерісінің жекелеген компонеттеріне қарай анықталады.

1. Дидактикалық компоненттер

Құрамы: оқыту мақсаты, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, тәсілдері.

Дидактикалық заңдылықтар:

  • оқыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқыту ұзақтығыла тура пропорционал;
  • берілген көлемдегі білім, біліктердің меңгерілу тиімділігі мұғалім тудырған оқу ситуациясы сипатына байланысты т. с. с.

2. Гносеологиялық компоненттер оқушылардың мұғалім жетекшілігімен объективті шындықты, табиғат пен қоғамды және өзіне қатысты фактілер мен заңдарды танып-білуі аспектісімен анықталады

Гносеологиялық заңдылықтар:

- оқыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың оқи білуіне тура пропорционал;

-оқушылардың ақыл-ойының дамуы меңгерілген өзара байланысты білім, білік, жасампаздық іс-әрекет тәжірибесі көлеміне тура
пропорционал (И. Я. Лернер) т. с. с.

3. Психологиялық компонент оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-
әрекетінің ішкі психикалық жағына басымырақ қатысты.

Психологиялық заңдылықтар:

- оқыту өнімділігі (белгілі бір шекте) оқушылардың оқу іс-әрекетіне
қызығушылықтарына тура пропорционал;

- нақты оқу материалын меңгеру нәтижесі оқушылардың нақты білім, біліктерді меңгеруі қабілеттілігіне, олардың жекелеген бейімділіктеріне байланысты.

4. Кибернетикалық аспект оқу үдерісіндегі әр түрлі байланыстарды,
ақпараттар ағынын, ең бастысы - ақпараттарды меңгеруін басқаруды бейнелейді.

Кибернетикалық заңдылықтар:

  • оқыту тиімділігі (белгілі бір шекте) кері байланыс жиілігі мен көлеміне тура пропорционал;
  • білім сапасы бақылаудың тиімділігіне байланысты.

5. Әлеуметтік компонент оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы
қатынастарды қамтиды. Мұнда әлеуметтік өзара байланыстар -бағыттылық, оқытудың әлеуметтік маңыздылығы т. с. с. бейнеленеді.

Әлеуметтік заңдылықтар:

  • индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен байланысты;
  • дидактогения (мұғалімнің оқушыларға дәрекі қатынасы) тұтастай алғанда әрбір оқушының, сыныптың, жекелей алғанда жеке оқушының оқыту тиімділігін төмендетеді.

6. Ұйымдастыру компоненті оқу үдерісін интеллектуалдық еңбек
аспектісінде бейнелейді. Оған: оқу үдерісін және мұғалім енбегін
ұйымдастыру, материалдық-техникалық жабдықтау, ынталандыру,
өнімділік, рентабельділік мәселелері жатады және т. с. с.

Ұйымдастыру заңдылықтары:

  • оқыту тиімділігі ұйымдастыруға байланысты. Тек оқушыларда оқуға қажеттілікті дамытып, танымдық қызығушылықты қалыптастыратын, қанағаттану сезіміне жеткізетін, танымдық белсенділігін ынталандыратын ұйымдастыру ғана дұрыс.
  • оқыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне тура пропорционал т. с. с.

Дидактика ең алдымен оқыту құбылыстары мен факторлары арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейтін объективті заңдарды ашуға тырысады. Бұл заңдар мұғалімдерге дидактикалық үдерістердің объективті даму картинасын түсінуге көмектеседі. Бірақ оларда практикалық іс-әрекетке қатысты тікелей нұсқаулар жоқ, олар тек оның технологияларын жасаудың және жетілдірудің теориялық негізі болып табылады. Ал практикалық нұсқаулар оқытуды жүзеге асырудың принциптері мен ережелерінде ғана беріледі.

Дидактикалық принциптер - оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдылықтарына сәйкес мазмұнды ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар. Принциптерде оқытудың нормативтік негіздері беріледі. Сонымен бірге оқыту принциптері, дидактика категориялары ретінде белгіленген мақсаттарга сәйкес, заңдар мен заңдылықтарды қолдану жолдарын сипаттайды.

Ережелер - белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы принциптерге негізделген педагогикалық іс-әрекет бейнесі. Әдетте, оқыту ережесі қандай да бір оқыту принципін жүзеге асырудың жекелеген жақтарын ашып көрсететін жетекші қағидалар болып табылады.

Оқыту ережелері педагогиканың теория иерархиясында төменгі сатыда орналасады. Бұл теориядан практикаға өтетін бөлік болып табылады.

Ережелер оқыту принциптерінен шығады. Принциптер оқыту ережелері арқылы жүзеге асырылады.

Ежелден-ақ педагог-ғалымдар ұстаным барысында жоғары және берік нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың жалпы принциптерін анықтауға ұмтылды.

Қазіргі кезде оқыту принциптері дидактикалық үдерістің белгілі бір тұжырымдамасын құра отырып, жүйе құрайтыны белгілі. Мұндай жүйеге жататын принциптер белгілі бір логикалық негізде құрылады.

Я. А. Коменский принциптер жүйесін оқытудың табиғи үйлесімділік принципіне сәйкестендіре анықтады.

А. Дистервег дидактикалық принциптерді: 1) оқыту мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қойылатын талаптар ретінде қарастырды.

К. Д. Ушинский оқытудың қажетті жағдайлары ретінде өз уақытындағы, бірте-бірте, органикалық, тұрақтылық, меңгеру қатаңдығы, анықтығы, өзіндік іс-әрекеті, тым күрделі не қарапайым болмауы т. с. с. мәселелерді анықтады. Сол сияқты дидактикалық принциптер қатарына оқыту саналылығы мен белсенділігін, көрнекілігін, реттілігін, білім және дағдылар беріктігін атап көрсетті.

Ал қазіргі кезде қолданылатын дидактикалық принциптер жүйесі мынадай негізгі принциптерден тұрады:

  1. саналылық пен белсенділік;
  2. көрнекілік;
  3. жүйелілік пен реттілік;
  1. беріктік;
  2. ғылымилық;
  3. жеткіліктілік;
  4. теорияның практикамен байланысы.

Саналылық пен белсенділік принципі оқушылардың танымдық белсенділігін байқатып, іс-әрекет субъектісі болу арқылы оқыту тиімділігінің артуын көрсетеді. Оқушылар оқыту мақсаттарын сезінеді, өз жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, өзін тексереді, білімге қызығады, мәселе көтеріп, оны шеше алады.

Егер:

  • оқушылардың қызығушылығына сүйене отырып, оқу мотивтерін қалыптастырса;
  • оқушыларды проблемалық ситуацияларды шешуге, проблемалық оқытуға, ғылыми және практикалық проблемаларды іздеуге және шешуге қатыстырса;
  • дидактикалық ойындар, пікірталас сияқты оқыту әдістері қолданылса;

- ұжымдық жұмыс формаларын, оқудағы оқушылардың өзара
әсерлесуін ынталандырса, онда оқытуда саналылық пен белсенділікке
қол жеткізуге болады.

Көрнекілік принципі оқыту тиімділігінің оқу материалын қабылдау мен қайта өңдеуге сезім органдарын мақсатты түрде қатыстыруға байланыстылығын көрсетеді. Дидактиканың осы алтын ережесін Я. А. Коменский тұжырымдаған болатын. Оқыту үдерісінде оқушы өзі бақылап, өлшеп, тәжірибелер жүргізіп, практикалық жұмыстар жасау арқылы білім алуы қажет.

Жүйелілік пен реттілік принципі білімдерді меңгеруді белгілі бір ретпен, жүйемен меңгеруді негіздейді. Бұл принцип оқыту үдерісінде оның мазмұнын да логикалықтүрде құруды талап етеді. Оқу материалы жоспарлы, логикалық бөліктерге бөлініп, ретімен, негізгі ұғымдарды, идеяларды бөліп көрсете отырып, теориялар, заңдар және фактілер арасындағы байланыстарды ашып көрсету арқылы оқытуды жүзеге асыруды негіздейді.

Беріктік принципі оқу материалына оң қатынасты, қызығушылықты қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Материал берік меңгерілу үшін оқушының интеллектуалдық, танымдық белсенділігін арттырып, жаттығулар мен қайталаулар ұйымдастырып, жекелеген ерекшеліктерін ескеруді ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге материалды беліктерге бөліп, негізгісін анықтау, логикалық байланыстарды ашу, жүйелі бақылау, тексеру мен бағалау арқылы жүзеге асарылады.

ДИДАКТИКА - БЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ

1. Дидактика пәні және категориялары

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) . Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің "Ұлы дидактика" еңбегін жарыққа шығарды. Оның оиы бойынша, дидактика "нені оқыту" және "қалай оқыту керек" деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру меи оқыту мәселелеріи зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы ден те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні -оқыту мен оқудың ссбептері, барысы, нәтижелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактаканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.

Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту. оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі

Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы: ақпарат алады.

Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіңдік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытыңды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдің баланың дамуынан-ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының "екі зонасы" болатынын айтады. "Бірінші зона" - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші зонаға") жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқьпу - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді кысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйне отыра меңгереді.

Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.

Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі - тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшішпі қызмегі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізіңде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасын дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады) .

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика оқыту методикасы
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың теориялық мәселелері
Педагогикалық инновация
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
Дидактиканың біртұтас жүйесін зерттеген ресейлік ғалымдардың тұжырымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz