Оқыту принциптері мен ережелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту принциптері мен ережелері.
1. Оқыту принциптері туралы түсінік

Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, регізгі талап, қағида.
Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын мен заңдылықтарына сай
анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың
категорияларына жатады. Олар оқыту заңдрын және заңдылықтарын пайдалану
әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларыды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи- әлеуметтік жағдайларды байланысты.
Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір
принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан
пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керсінше, ке,ейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас
бөліктеріне ( логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға,
түрлерімен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен
талдауға ) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кезкелген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізу шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерін дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ
тиімды және нәтижелі болары даусыз. Дидактикалық принциптердің қызметі:
олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім
мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар
пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде
бірімен бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі,
ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер
жүйесі:
- ғылымилық,
- саналықпен, белсенділік,
- көрнекілік,
- жүйелілік пен бірізділік,
- беріктілік,
- тиімділік,
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже – жалпы приннциптерге негізделген белгілі
жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнелеуі. Ережелер
оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теорриядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен
салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолн байлап қояды: ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса күрделі педагогтық жағдайларда
тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге
сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қортындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптерін сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін
іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы,
мұғалімнің басшылық ролі; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту
және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға
алу; кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық.

Ғылымилық принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен
ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан
заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі
күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің
іс-әрекеті адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүнтеге
дидактикалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік оқыту жүйесі
Педагогика пәні
Тілдік қатынас және әдістеме
Қысым жасамай оқыту
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ ПРИНЦИПІ
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың бүгінгі көрінісі
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ
Пәндер