Оқыту процесінде ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Оқыту процесінде ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негізі

1. 2 Оқытудың танымдық белсенділігін арттырудағы инновациялық технологиялар

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН арттыруға бағытталған ИННОВАЦИЯЛЫҚ технологияларды ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.

2. 1 Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың танымдық белсендігін арттыру

2. 2 Деңгейлеп оқытудың технологиясы арқылы оқушылардың танымдық белсендігін арттыру

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе

Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға да міне 21 жылға аяқ басты. Енді жас мемлекетіміздің әлем кеңестігінде өркениетті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білім мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін әл мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы.

Осының бәрі өмірдің жалғастырушы ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беруге келіп тіреледі.

Ертеңгі қоғам құрылысшылары, ұстаз, ғылым, өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет басшылары, бәрі - бүгінгі бала-бақша бүлдіршіндері, мектеп, гимназия, лицей, колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының білімгерлері. Демек, саналы да салауатты азамат тәрбиелеп өсіру - қай қоғамның болса да бүкіл азамат дүниесіндегі абыройлы борышы болып қала береді.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Бұл үрдіс педагогика теориясын мен оқу тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.

Қазақстанның білім беру жүйесінің реформалаудың жаңа кезеңі елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметін, Білім және ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешінін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында. 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Сонымен қоса, бағдарлама жалпы орта білім берудің басты аспектілерін танытып осы саланың нақты жағдайына баға берді, оны ретке келтіру мен одан әрі дамытуға қажетті шаралар мен басым бағыттарды нұсқайды (52, 53, 54, 55 103) .

Жалпы білім берудің Қазақстандылық моделі берік негізді болу үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет.

Біз белгілі бір біліімдер мен дағдылар жиынтығын меңгерген адамдар ғана емес, қазақстандылық дін мен дүниетану негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл тұлғалар тәрбиелеп өсіруге баса назар аударуымыз қажет.

Ол үшін:

  • біріншіден, еліміз мектептерінде әрбір шәкірт ұлтына, дініне, жынысына, қарамай барлық қазақстандылықтардың ортақ Отаны - Қазақстан екенін түсінетіндіктен ахуал қалыптастыра алудың мәні зор. «Әрбір қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайтындығы, ол әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген түсінік жас ұрпақ санасында берік орнығуы шарт.
  • екіншіден, жас ұрпаққа өзі туған аймақтың ғана емес, кең байтақ Отанымыздың барлық қайырымдығы таудың да, өзеннің де, көллдің де, жан-жануардың да, қазба байлықтардың да өз елінің байлығы болып табылатынын сездірудің де тәрбиелік әсері зор. Бәлкім каникул күндері еліміздің қастерлі орындарына, табиғаты сұлу аймақтарға экспедициялық жорықтар ұйымдастыру шараларын қолға алу қажет болады.
  • үшіншіден, өскелең ұрпақ өз елінің ғылымы мен ғұлама ғалымдары, өнері мен талантты өнерпаздары, спорты мен спортшылары, т. б. туралы хабарлар болып, оларды мақтаныш тұтып өскені жөн. «Қазақстан ғылымы», «Қазақ киносы», «Қазақ музыкасы», «Қазақстан спорты», т. б. тақырыптарға арналған викториналық ойындары, сауық кештерін ұйымдастырып отырудың қиындығы жоқ.
  • төртіншіден, әрбір қазақстандық жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, өмір баяндары мен өнегелі істерін бөліп өсуі тиіс. Шәкірттер санасында «Менің елімнің тарихы - менің тарихым» деген түсінік орнығатындай материалдарды еліміздің өткен тарихынан да дербес мемлекет ретінде өмір сүре бастаған бүгінгі тарихынан да көптен табуға болады.
  • Ең соңында жас ұрпаққа біздің ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың жалпы азаматтық құндылықтарымен ұштасып жатқанын аңғарудың мәні зор, өз мәдениетін түсінетін адамның ғана өзге мәдениеттерді терең қабылдай алатынын әрбір адам жас кезінен ұғынып өсе құба-құп деп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б. Жұмағулов айтқанындай қазіргі заманғы мектептердің өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы жеке тұлғаның әлеуметтік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты. (19, 20)

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясының «Білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту үшін жағдайды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуді одан әрі жалғастырып және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың озық, технологияларын белсенділікпен енгізу керек.

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау.

Зерттеудің мақсаты

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарын анықтап, жүйесін жасау оны ғылыми-теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау, өмір практикасына енгізу.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісі.

Зерттеу пәні : Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбиесі үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдері пайдаланудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу болжамы: бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болады, егер де: жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін таңдап алынса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының жеке және дербес ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісін қолданса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы және өз күшіне, біліміне деген сенімін арттыру үшін деңгейлік оқыту жүзеге асырылса; оқу-тәрбие үрдісінде әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болу үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асырылса:

Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық

әдіс-тәсілдерін пайдалану шарттарын айқындау.

  1. Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерінің түрлерін айқындау.

3. Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысың әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасау; бастауыш мектептерде өткізілетін дәстүрлі емес сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесіне педагогикалық талдау жасау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, талдап қорыту; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеу, талдау жасау.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде (2010-2011 жж. ) тақырыптың өзектілігі дәлеледеніп, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды; бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде кіргізетін барлық пәндер мен сабақтан тыс жұмыстардың бағдарламасына әдістемелік құралдарына талдау жасалынды;

2-ші кезең (2011-2012 жж. ) жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесі зерттелінді, талдап қорытылды; оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланатын алдыңғы қатарды мектептердің іс-тәжірибелерін қатарлы мектептердің іс-тәжірибелерін зерттеп, пайдаланудың тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді, нәтижесінде қорытынды тұжырымдама дайындалды.

Қорғауға ұсынылады:

  1. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары;
  2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану әдістемелері.

1 Оқыту процесінде ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негізі

Бастауыш мектеп оқушыларының адамдармен қарым-қатынастық даму процесін қарастырғанда біз негізгі назарды ең алдымен қоршаған дүниенің күрделі құбылыстарын, оның ішінде әсіресе қоғамның өкілі - адамды балалардың қалай қабылдайтынына аударамыз.

Қарым-қатынас жасаудың мәні аса зор, ол ең алдымен, балалардың жалпы психологиялық жағынан дамуының аса маңызды факторы және бұлжымас шарты болып табылады.

Басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана жас бала ересек адамдарда болатын қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгере алады. Қарым-қатынас іс әрекет ретінде басқа адамға бағытталады. Сондықтан ол міндетті түрде сол адаммен танысуға, сол арқылы баланың өзін-өзі танып-білуіне жетектейді.

Балалардың әртүрлі әсерлерге талғамалы қатынасын зерттеудің орасан зор теориялық мәні бар, өйткені балалардың мұқтажын, олардың өмірлік тұрпатын, сонымен бірге өздері өмір сүріп, тәрбие алып отырған қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай зерттеудің белгілі мөлшерде тәжірибелік те мәні ерекше, олай дейтініміз зерттеу нәтижелері балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістерін жетілдіруге жәрдемін тигізеді.

Балалардың адамдармен қарым-қатынастарының дамуында дыбыс пен көру әсерлері маңызды роль атқарады. Олар бұл әсерлерді өзара алмасып отырады. Көпшілік жағдайда адамдар өзімен жүзбе-жүз сөйлесіп отырған істес адамнан тарайтын көру арқылы қабылданатын сигналдарға сезімтал келеді, сондай-ақ ол сигналдарда бар хабарды, тұтастай алғанда, өзінің жеке басын бағалауға пайдалануға бейім тұрады, сөздік сигналдарды көбінесе жанындағы адамның жекелеген әрекеттерін бағалауда салыстырып отырады. Адам үшін өзінің жеке басының бағасы аса маңызды болғандықтан, қасындағы адамның өзіне қатынасы жөніндегі оның пайымдауы көбіне көру сигналдарының негізінде жасалады. Көру арқылы қабылданатын әсерлер адамдар қарым-қатынасының маңызды құралдары бола тұра, сонымен бірге оларды саралап түсіндіруде бірқатар ерекшеліктері бар. Мимика, қол қимылдары, адам мен заттардың көріну жағдайына байланысты өзгеріп сигналдарда болатын хабарлар балалардың ғана емес, үлкендердің де түсінуіне оңай соқпайды.

Өкінішке орай, балалардың әртүрлі көру әсерлеріне қатысты қабылдағыштығы мен сезімталдығы туралы мәселе аз зерттелген. Бұл жөнінде тек жекелеген деректер ғана бар, солардың өзі де көрнекі «әлеуметтік» әсерлерді қабылдаудың талғамалы болатынын көрсетеді.

Ғалымдар бала туғаннан кейінгі алғашқы апталарда-ақ адам жүзінің схемалық суретіне айрықша көңіл аударатынын, ал үш айға толғанда адам басының көлемдік моделіне көбірек көңіл бөлетінін анықтап отыр. Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балалардың заттарды олардың толық емес бейнесі арқылы тануы, адам жүзінің дәл толық емес бейнесі арқылы адамды тануға қарағанда, адамды айрықша бөліп қарайды. Адамнан шығатын көру әсерлеріне мұндай ерекше мән берушілік балаларда ерте пайда болып, едәуір ересек жаста да сақталады.

Балалардың көру арқылы қабылданатын «әлеуметтік» әсерлерге деген мұндай талғамалы қатынасын қалай түсіндіруге болады? Бұл жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың бірі - барлық тіршілік иесіне күрделі - неғұрлым информативті тітіркендіргіштерге айрықша мән берушілік тән деп санайтын көзқарас.

Балалардың адамнан таралатын әсерлерге деген талғамалы қатынасын шартты рефлекстік қатынастардың негізінде түсіндіретін көзқарас (анасының түрін, алғашқы органикалық қажеттерін, негізінен тамаққа деген қажетін, қанағаттандырумен ұштастыра қабылдау - көру сигналдарын балалардың өзге әсерлердің ішінен тез ажыратуға жеткізетін ерекше көмекші күшке айналдырады деу) батыста кең өріс алған.

Тағы бір көзқарас бойынша, балалардың өмірінде әлдеқандай бір ауыр кезең бар, осы кезеңде балада өзіне қамқоршы ананың жүзі мен тұрқының ерекшеліктерін есте қалдыратын процесс болады. Аталған көзқарасты ұстанушылар бұл кезеңді сәбилік кезеңге жатқызады (бала өмірінің алғашқы жарты жылы немесе 7-8 айы)

Алайда, эксперименттік зерттеулер жоғарыда келтірілген көзқарастардың бірден-бірін қуаттамайды. Бұл зерттеулер балалардың танымдық белсенділіктері олардың үлкендермен қарым-қатынасының дамуына байланысты екенін, ал сәбидің бір ғана тамақ пен жылуға деген іш тартушылығына әкеліп соқпайтынын сенімді түрде дәлелдеп отыр. Мұндай іш тарту көбіне-көп ересек адамның сәбидің қарым-қатынасқа деген қажетін қаншалық қанағаттандыруына байланысты, демек балалық кездің қандай да бір қысқа кезеңіне ғана қатысты емес. Біз жүргізген эксперименттік жұмыстардың нәтижесі де осыны көрсетеді. Біз онда бастауыш мектептің 2 сынып оқушыларының көру сигналдарына деген талғамалы қарым-қатынасының даму сипаттарын айқындауды мақсат еттік.

Қарым-қатынас процесімен тығыз байланысты және оның өту барысы үшін маңызды әсерлерді қабылдау, қарым-қатынасқа жанасымы жоқ әсерлерге қарағанда тез де дәл жүзеге асады. Бірақ бұл жөнінде әңгімелеспес бұрын, алдын-ала кейбір ескертулер жасаған жөн. Бұл арада «талғамалы қатынас» термині арқылы біздің нені түсінетініміздің басын ашып алуымыз керек. Қабылдау объектісі болатын әсерлер біткеннің адам үшін мәні бірдей емес: адам неғұрлым өмірде маңыздырақ деген тітіркендіргіштерді теө бөліп алып, соған айрықша зейін қояды. «Талғамалы қатынас» термині міне осы құбылысты білдіреді.

Жеке адамның құбылыстардың белгілі бір тобына категориясына қатысы туралы айтқан кезде біз төмендегі екі түрлі жайтты есте ұстаймыз:

а) белгілі бір сигналдарға деген талғамалы қабылдағыштық: бұл - көптеген әсерлердің ішінен белгілі бір әсерді мән бере бөліп алудан көрінеді (бір уақытта болатын немесе одан көп әсерлердің ішінен бала ең алдымен адам тарапынан болатын әсерге көңіл аударады)

ә) белгілі бір сигналдарға деген талғамалы сезімталдық: бұл - белгілі бір сигналды күшіне, сапалық ерекшеліктеріне т. б. қарай ажыратудың мейілінше нәзіктігінен көрінеді (шығу төркіні басқа әсерлерге қарағанда, адамнан шығатын әсерлердің жұбын тез жіктейді)

Бастапқы кезеңде сәбидің өзін қоршаған дүниемен қатынасы ересек жақын адамдары арқылы болады. Сондықтан балалар үшін адам орталық объектіге айналады, бұл шығу - төркіні ересек адам болып табылатын әсерлерге деген олардың талғамалы қатынасынан көрінеді. Алайда адам жүзі балаға жай ғана жиі кездесіп қоймайды, ол басқа заттардан гөрі баланың белсенді қабылдайтын іс-әрекетінің объектісі де болады, өйткені жақын адам оны қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау үшін ең қажетті информацияның қайнар көзі қызметін атқарады.

Объектісі ересек адам болып табылатын қарым-қатынас барысында ғана баланың ойында сол адамның бейнесі жасалады, онда адамның сыртқы пішінінің белгілері және оның ішкі сапалары туралы түсінік бейнеленеді. Балалардың өзін қоршаған адамдарды қабылдауының нәтижесі олардың салған суреттерінен айқын көрінеді, ол суреттерде баланы таң қалдырған және ол үшін өте мәнді көрінген нәрселер айрықша ескеріліп, бірінші кезекке қойылып, ерекше көрсетіледі. Түрлі жастағы балалардың ересек адам туралы түсінігін (балалардың) қоршаған адамдардың бейнесін қалай қабылдайтынын зерттеу арқылы да анықтауға болады. Белгілі мөлшердегі шектеулілігіне қарамай, тәжірибеде адамның бейнесін пайдалану методикасын баланың невербальды мінез-құлқына сүйене отырып, оны адамдардың өзіне немен тартып, немен қызықтыратынын айқындауға мүмкіндік береді. Тәжірибе методикасын жасауда өз еліміздегі және одан тыс елдердегі зерттеушілердің ізімен бізде І-эксперимент кезеңінде көру арқылы қабылданатын. әсерлер ретінде адамдар мен заттар тарапынан болатын тікелей сигналдарды емес олардың бейнелерін суреттерді алдық. Суреттерді былай қолдану балалардың «әлеуметтік» және «әлеуметтік емес» тітіркендіргіштерді қараған кезедегі мінез-құлқында пайда болған өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге кішкентай суреттерді сигнал ретінде қолдануы экспериментті оңайлатуға және бірқалыпқа негіздеуге мүмкіндік береді. Нақты заттар мен адамдар қатысқан тәжірибеде олай ету қиын. Әрине, бұл жағдайда алынған материалдың өзіндік ерекшелігі бар және осының негізінде жасалған қорытындыларды балалардың заттармен және адамдармен болатын тікелей қарым-қатынасының барлық жағдайына қолдану дұрыс болмайды. Сигналдың екі категориясына байланысты жүргізілді. Дидардың алдында екі шетінде екі сурет бар пенал қойылды. Бір суреттің астында ылғи фишка жатты, суреттердің орны қалай болса солай өзгертіліп жатты. Дидарға фишканы табу керек. Диффенциация жасау білушіліктің шамасы - Дидардың қатарынан бес рет дұрыс жауап бере білуі және сурет пен фишканың қатысы жөніндегі сөзбен қайтарған дұрыс жауабы болды. Әр балада екі түрлі диффенция қалыптасады: бірі - адамның бейнесі, екіншісі - заттардың суретін ажырату.

Үшінші серия диффенцияциялау өлшемі қалыптастырылғаннан кейін барып басталды. Оның өзі мынадан тұрды: екі жұп сурет («әлеуметтік» және «әлеуметтік емес») Дарияға қалай болса солай он рет ауыстырылып көрсетіледі. Бұл серияда екі жұп суретті дағдының Дарияда қаншалық беріп қалыптасқандағыдан анықтау және оны қалпына келтіру мақсат көзделеді.

Ең соңында, Жалғас ең алдымен қандай сигналдарға ерекше мән беретін анықтау мақсатымен шартты түрде «конфликтілі серия» деп аталған эксперименттің сериясы өткізіледі. Баланың алдында бір уақытта әрқайсысында екі сурет бар екі жәшікке қойылды, яғни Жалғасқа дифференциялауды қалыптастыру жұмысы жүргізілген барлық төрт сурет бірден көрсетілді. Бір пеналда екі тітіркендіргіштен тұратын комплекс қойылып, заттардың, жеке бөлшектерін, сапаларын қасиеттерін, олардың қарым-қатынасын, бүтіннен бөлшекті айыру, бөлшектерді бір біріне байланыстырып қарастыру, оларды бүтінге дұрыс енгізу, талдаумен топтастырып қабылданатын заттардың айрықша маңызды жақтарын айыру оңайға түспейді. Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бірімен-бірін байланыстыра қабылдайды. Бұл жағдайды, әсіресе балалардың салған суреттерінен жақсы байқауға болады. Өсе келе оқу мен тәрбиенің нәтижесінде баланың ақыл-ойының дамуымен байланысты олардың қабылдауы да дамып, күрделене бастайды. Біртіндеп баланың арнайы байқауы, байқағыштық қасиеті дамиды.

Француздың Бинэ деген оқымыстысы өзінің жүргізген тәжірбиелеріне сүйеніп, балалардың қабылдауын үш сатыға бөледі. Оның пікірінше: 7-жасқа дейінгі балалар суреттегі заттардың тек аттарын ғана атайды, оларды сипаттап, мазмұнын айтып бере алмайды: 11-жасқа дейінгі балалар суреттегі заттардың аттарын атаумен бірге оларды суреттеп, сипаттай алады: 15-жастан бастап қана балалар суреттердің мазмұнын, мағынасын толық түсіндіре алады екен. Бинэнің теориясы бойынша әр жасқа лайықты қабылдаудың айрықша сипаты болады. Қабылдаудың түрі мен мазмұны баланың жасын, яғни пәннің биологиялық жетілуін белгілейді. Әдетте, әр жасқа (кезеңгі) ерте бастан белгіленген, бір қалыпты өзгермейтін психикалық әрекеттер (сонымен бірге қабылдау) болмайды. Бала қабылдауының өзгешілігі - олардың тәрбиесіне іс жүзіндегі жаттығуларына байланысты, яғни оларға суреттегі заттар таныс болса, бірден қабылдауы мүмкін және керісінше, ол суреттегі заттарды бұрын көрмеген болса, оның атын да атай алмауы мүмкін. Яғни қабылданатын заттардың күрделілігіне, таныстығына қарай олардың заттарын ғана атау, сипаттау не болмаса мазмұнын ашып, мағынасын түсіндіру, мектепке дейінгілер де және төменгі кластағы оқушыларда түрліше кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушылардың шығармашылық дербестігі
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz