Оқыту процесінің заңдылықтары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Оқыту процесінің заңдылықтары

Мақсаты: Оқытудың мақсаттары, мазмүны, сапасы мен әдіс-тәсілдері, қоғам

талабына мүмкіндіктер туралы түсінікті үғыну

Жоспар:

1) Оқыту процесінің заңдылықтары туралы түсінік

2) Оқыту процесі заңдылықтарын жіктеу: жалпы дидактикалық психологиялық, кибернетикалық, әлеуметтік және үйымдастырушылық заңдылықтары.

1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік.

Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.

Қүбылыстар мен процестер арасындагы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.

Оқьпу процесінің заңдылықтары оның түтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі зандылықтар оқытудың мақсаты, өдістері, қүралдары, түрлері арасыңдағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байлаиысты.

Окыту процесін үйымдастыру барысында оқушы және оқушылар үжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мүғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашалық еңбек етулеріне ізбе сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі

байланыстар пайда болады. Мысалы, мүғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық ңемесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді. .

Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.

Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты! Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды; Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Оқыту, процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағаңца анағүрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Қатысады, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жүмыстары және сүрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.

Сыныптағы оқыту процесі, мүғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттерінж, сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бүл реакцияның нәтижесінде тек қана түз бен су пайда болады. Мүндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.

Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жүмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді. .

Педагогикада диалектиканың барлық зандары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А. С. Макаренко диалектикалық ғылым деп саналық Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында айтылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю. К. Бабанскийдін, И. Я. Лернердің, И. Ф. Харламовтын, еңбектерінде кең көлемде баяндалган. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде қысқаша сипаттауды қажет деп таптық.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше, түрлерін атауға болады

2) Оқыту процесі заңдылықтарын жіктеу: жалпы дидактикалық психологиялық, кибернетикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық

заңдылықтары.

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:

1. Оқьпудың мақсаттары, мазмүны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктерінс, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.

5. Әрбір түлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін үйымдастыру.

6. Оқытудың мақсаттары, мазмүны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.

Жеке зандылықтарға дидактикалық, психологиялық, үйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары:

- Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік қүрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқьггу жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.

- Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және түлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.

- Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі жөне біртүтастығы туралы заң.

- Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.

- Оқу іс-әрекетінің жеке және үжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.

Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

Оқытудың қоғамның мүқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бүл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Неғүрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғүрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді үйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тэрбие жэне даму функцияларының бірлікге іске асуына мүмкіндік туғызады. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша оқьпу дамудың алдына щығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады жөне дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму

зонасына» көшуі тиіс, яғни бүл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы үйымдастыруға болмайды.

Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кедиді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мөнін, ғылыми үғымдарды терең түсінеді, іздену нэтижесінде пайда болған сүрақтардың жауабтарын табады.

Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нэтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.

Оқыту процесінде оқушылардын жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу қүралдарын т. б. жасағанда;

э) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары мен принциптері түсініктері және оларға сипаттама
Оқыту процесіне сипаттама
Басқару заңдылықтары мен принциптерінің қажеттілігі
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Оқыту теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz