Мұғалімнің ғылыми дүниетанымы негіздерін қалыптастыру


Жоспар:
- Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
- Мұғалімнің ғылыми дүниетанымы негіздерін қалыптастыру.
- Оқыту процесінің негізі.
1. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбие леу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқару үйренуі керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларлы қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс - әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, оларды осы заманғы ғылыми біліммен қарулардыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу - тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көз жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады.
Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте - бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалану туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалмен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың алатын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық - материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез - құлқының бағыттылығына, іс - әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүм кіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым - қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шыншылдығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.
Сонымен мектепе оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса, оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
2. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс - әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси - әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрдлеентін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқыталтын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес болу және оларды сабақ жоспарларында. Оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс - әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2. Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады.
3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс - әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
4. Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның - саяси белсенділікке, өз бетіндік іс - әрекетке және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.
5. Мұғалім - ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой - өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
3. Оқыту процесінің әдіснамалық негізі.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс - әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күшін, себебі таныс процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегідей ерекшеліктерді біріктіреді:
- Танымның жалпы әдістерінде - дидактикалық әдіс; Объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама - қайшылықтың таным теориясы; Диалектикалық ойлау; Абстракциялық және нақтылық; Объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; Қарама - қайшылықтың ролі мен мәні; Оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; Мақсат пен құралдың үйлесімділігі; Оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; Әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерминизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары) .
Жоспар:
- Оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы.
- Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуы.
- Оқытудың негізі.
Әр түрлі сыныптың және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндері, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің, тәрбиелік мәні аса зор үйірмелер мен клубтар оқушыларды қоғамдық іс - әрекетіне еліктіреді, үйретеді, олардың арасында ғылыми көзқарасты насихаттайды, қоғамға қарсы теріс пікірлер мен қылықтарды қолдаушыларға ықпал жасайды.
Мектепте, үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз рөліне, бақытты өмір сүруіне түсінуінің, өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап кеткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әр түрлі ұжымдармен, жеке адамдармен қарым - қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірибесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды.
Көп жылдар бойына әдебиет атеистік тәрбие сөз етіліп келді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулармен, олардың әр түрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.
Ғылыми атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің материалды біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыста және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуінде.
Міндет - оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жоққа шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.
Атеист болу дегеннің өзі тек құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс, ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның тұлғалық мәнінің бір қыры екендігін түсінуі.
Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атеистік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйрмелер т. б. ) . Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.
Ғылыми - атеистік тәрбиеде үйелмен, оқушының күнделікті тұрмыстық ортасы маңызды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жер де мектеп мұғалімі дінге сенуші ата - ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты етпеуі керек.
Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.
Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңіндегі болып жатқан жағдайды пайдаланып, діни тәрбиенің кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан мешіт және шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни кітаптардың, әсіресе құранның, тауратың үзінділерін пайдаланып, лекциялар оқуына, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.
Мешіттер жанынан түрлі діни мектептер ашылып отыр. Мұндай мектепті бітірген жастар келешекте кім болады, қоғамда қандай роль атқарады? Бұл да шешім табылуға тиісті мәселе.
Бірсыпыра ғалымдардың пікірлері бойынша тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүниежүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланады, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнері мен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи - әдебиет көне ескерткіштерімен таныстыру. Өйткені бұларсыз дүниежүзілік мәдениет даму процесінің пайда болуын түсіну қиын.
Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым - қатынас жасамау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері мен қоғам арасында болмауы тиіс. Геологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауды белгілі көмек көрсетеді.
Бәрімізге белгілі барлық классикалық кескіндеме таураттық (библия) сюжетке негізделген, классикалық музыка көп дауысты шіркеу әнін бойына сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қоректенеді.
Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиеті мен тарихы мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz