Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіптік оқыту технологиясы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Л.Қ.Рысбекова
Орындаған: АКБ-211 топ студенті
К. Орманов
Түркістан 2013
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАУ. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары - оқушыларының танымдық
әрекетін дамытудың негізгі факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4. Оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың бүгінгі күнгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі
кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен
үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін
пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал
қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға
міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы
жетілдіруде, үдеріс дамуда.
Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім
мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар
дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың
формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі. Оқушыларды оқытуға қамту
санына қатысты:
- жеке;
- топтық;
- жаппай болып бөлінеді.
Оқушыларды оқыту жайына қатысты:
- мектептік;
- мектептен тыс;
- экстернат формада болып аталады.
Оқытудың ұзақтығына байланысты:
- классикалық сабақ – 45-50 минөт;
- қысқартылған сабақ – 30-35 минөт;
- Қоңыраусыз сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде
болады.
Мектептің даму тарихы түрлі оқыту жүйелерге бөледі:
- жекелей (ертедегі антика елдерінде);
- жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);
- өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);
- саралап оқыту – дифференциялы – оқушылардың қабілетіне қатысты
(мангеймдік жүйе);
- бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);
- американдық Трамп жоспары - оқушылар үлкен топтарда (100-150
оқушылармен) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;
- ал 20 % - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арнаған.
Бастауыш мектептің мұғалімдері үшін Дальтон – жоспары Дальтон
қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст (1887-
1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:
- оқыту мазмұнын еркін таңдау оқушыларға беріледі;
- мәндерді оқыту ретін өзгерту;
- өзінің жұмыс уақытын пайдалану;
- белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.
Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.
Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300
жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты
элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану
маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын голландия
педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И. Лойологт,
ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.
Сонымен білім берудің, оқытудың басты формасы сыныптық сабақтық жүйе.
Қазіргі кезеңде
а) – қосымша;
ә) – сыныптан тыс;
б) – сабақтан тыс;
в) – жұмыстары;
г) - өзіндік;
д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.
Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:
– жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты
құрамдағы оқушылар.
– әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу-
тәрбие жұмысында (оқытуды жоспарлау)
– оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден,
сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.
– әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);
– сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);
– мұғалімнің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);
– оқушылардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;
Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда
бірқатар артықшылықтары бар:
– қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.
– оқушылармен бір мезгілде жұмыс істеуі;
– оқушыларды өзара білім алуына ыңғайлы;
– ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;
– тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.
Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға,
өзін -өзі тануға салыстыру, қарама -қайшылықтар қозғаушы күш
туындатады.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың формаларын
пайдалану әдістемесіне талдама жасау;
Зерттеу міндеттері:
– Оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануы арқылы оқу-
тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін анықтау;
– Педагогикалық жағдайларды анықтау;
– Технологиясына талдама жасау.
Зерттеу әдістері:
- педагогикалық зерделеу;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық талдау, салыстыру;
- мұғалімдермен әңгімелесу;
- оқушылармен пікірлесу;
- ата-аналармен кеңесу;
- озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
Курстық жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-
ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу,
ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар,
оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар,
оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс,
құрылыс.
2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз
бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім
алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік,
тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер
арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету
үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және
дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту,
білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша
оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін
реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында
тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының
түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен
білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі
әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін
қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің
танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол
іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап
көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту
әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі,
в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін
(хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы,
жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап
етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды,
заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды.
Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ
фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін
түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды,
фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді
жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін
айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана
хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар
заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін
тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар
дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды).
Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау,
оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде
орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады.
Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен
жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса,
онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін,
фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді
және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда
мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық
әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар
қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен
оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім
оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша
ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз
ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды
өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз
тумайды.
1.2 Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Әлемдік педагогикалық ойдың тарихы мен мектепте оқытудың
практикасында оқытуды ұйымдастыру формалары жүйесіне берік көзқарас
қалыптасты. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны
модернизациялау көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен
аударғанда Forma сыртқы көрініс дегенді білдіреді, Сыртқы сызық белгілі
орныққан тәртіп. Философиялық сөздікте: Түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру
деген анықтама береді. Яғни Түрлері ішкі байланысты білдіреді және
ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен сабақтастықта.
Жоғарыда Түрлері ұғымының мәнін басшылыққа отырып, оқытудың формасына
былай анықтама беруге болады: Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден
оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға,
оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И.М.
бойынша: Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен–бірі, өзара байланысты
ықпалдасық, әсер етушілік белгілі-бір тапсырманы орындау кезіндегі
оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы деп түсіндіріледі. Оқытудың
формасы – оқыту үрдісінің белгілі -бір оқу материалын игеру барысындағы
оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен
сабақтас болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі
бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу
үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өзі оқушылардың
білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге
асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогикалық сөздікте: Оқуды ұйымдастыру формасы- оқудың -әдіс
тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру
деп анықтама берілген.
Г.Усмановтың Педагогика атты оқулығында: Оқытуды ұйымдастырудың
формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау
үшін арнайы ұйымдастырылған белгілі-бір тәртіппен өтілетін жұмыс деп
қарастырылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі-бір тәртіп пен режим
негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.
Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және
оқуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі,
қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.
Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың дидактика деп
аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың
теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі
проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын
анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын
жасап шығару болып табылады.
Оқытуды ұйымдастыру формасы ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының
педагогикалық анықтамасына тоқтала кетейік:
Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен
жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған
барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы
бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен
өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір
пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және
сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік –
деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын
және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп
айтуға болады.
Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні Оқыту және
Ұйымдастыру формалары деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың
синтезі болып табылады.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды
ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның
қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды
ұйымдастырудың формалары бойынша жіктеледі:
– оқушының саны мен құрамы
– жұмыс орны
– оқу жұмысының ұзақтығы
Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының
жіктелуі мынадай:
Сызба №2
Оқытуды ұйымдастыру формасы (оқушының саны мен құрамы)
бойынша
Көпшілік Топтық
Жеке -дара
1. Пәндік олимпиада 1. Сабақ
1. Үй жұмысы
2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат
2. Қосымша жұмыс
3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурция
3. Консультация
Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын
көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел
педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім
ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім
алуына зиянды әсер етті.
Ғалым-педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың
формаларын былайша топтастырылады:
- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
- жеке жұптық (оқушы-оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы,
жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.
- жеке топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте
оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың
бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
- Өзара бірлескен оқыту.
- Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі – оқушылардың қабілетіне қарай
өтіледі.
- Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы
ұйымдасады, есеп беруші – бригадир, оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың
20- жылдарына тән.
Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу
жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын
жасауды алғаш рет қолға алған А.Я. Коменскии болды.
Я.А. Коменский Ұлы дидактика (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың
бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі-бір уақыттағы; сабақ арасындағы
үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі;
материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі-бір
ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың
назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау
сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың
түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу
аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады
және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.
А.Әбілқасымованың Қазіргі заманғы сабақ атты еңбегінде Оқытуды
ұйымдасырудың негізгі формасы сыныптық – сабақтық жүйесінің өзіне тән
ерекшеліктерін көрсетеді:
– жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды
және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап
қалады.
– Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және
бағдарламамен жұмыс істейді.
– Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.
– Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол
материалмен жұмыс істейді.
– Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән
бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше
бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру
туралы шешім қабылданды.
Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын
ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика
жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі
еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан-
жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың
сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыатырғанда бірқатар
артықылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.
Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:
– оқу- тәрбие процессін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін
ұйымдастыру құрылымының айқындығы;
– Басқарудың қарапайымдылығы;
– Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық
шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;
– Оқыту процесіндегі оқушыларды тәрбиелеу ісінде мұғалімнің оларға
ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;
– Оқытудың үнемділігі және оқушылардың жеткілікті дәрежедегі үлкен
тобымен жұмыс істеуі
Сыныптық -сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:
– Қабілеті орташа оқушыға биімділік, және нашар оқушыға қиындықтар
туғызса, жақсы оқушының қабілетінің дамуын тежейді.
– Мұғалім оқытудың мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша жеке
ұйымдастыру жұмыстарында оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге
қиындық туғызуы;
– Ересек балалар мен жасы кіші оқушылардың ұйымдсқан түрде араласуын
қамтамасыз етпеуі және т.б;
Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта
барлық негізгі жақтарын, сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке
сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту
мүмкін еместігін талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен
жұмыс істеді.
Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар
және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор,
М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді.
1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды
жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар
тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар
жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама
тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа
міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В.
Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында
балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен
жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті
болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А.
Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып
оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары
кеңінен тарай бастады.
Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін
қазіргі бастауыш мектептің өзіндік келбеті бәрінен бұрын оқушыларды
оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын топтастыруға
бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу, жазу және
есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған орай,
оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту процесін
ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.
Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың
мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің
әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда
педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік
зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның
мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен
міндеттеріне сай еместігі анықталады.

әрекетін дамытудың негізгі факторы
Оқытудың принциптері мен тәсілдерін , оқытуды ұйымдастырудың түрлі
формаларында білімді игеру мынадай үш буыннан тұрады :
1) мұғалім өмір шындығының қандай да бір саласы туралы мәлімет береді
және түсіндіреді, ал оқушы оны қабылдай отырып, өзінің даму деңгейіне
сәйкес түсінуге және есте сақтауға тырысады;
2) мұғалім бірнеше біртектес міндеттер ұсынады, кейде шешімінің үлгісін
көрсетеді, ал оқушы осы үлгіні қабылдайды немесе қарапайым міндеттерді
шешуге білімін өз бетінше қолдануға тырысады, яғни көптеген біртектес
жаттығуларды атқару арқылы білімін, білігін және дағдысын бекітеді.
19 – 20 жылдары мектептерді құлдырататын сенімсіз педагогикалық
тұжырымдамаларға орай “жобалар әдісі” деген атты икемденген оқыту формасы
пайда болды. Оқушылар ауылшаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ тұрмыстық
еңбекке қатысты тапсырмаларды орындауы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz