ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ.

Үйрену стихиялы болуы мүмкiн, адамның басқа кiсiлермен, айналадағы

дүниемен қарым-қатынасы және өзара iс-ерекетте пайда болуы мүмкін. Мәселен, адам кiтаптардан, журналдардан, радио және телехабарлардан басқа кiсiлердiң әңгiмелерiнен, өзiнің өмірлiк бақылауларынан және т. б. белгiлi бір мәлiметтер мен бiлiм ала алады. Іс-әрекеттiң алуан түрлеріне қатыса әр түрлі заттармен, аппараттармен және қондырғылармен iс-әрекет жасауда тәжiрибе жинақтай отырып адамдар белгілі бір іскерліктер мен дағдыларды стихиялы түрде меңгеруi мумкiн. Мысалы, байқап көру, елiктеу, айналасындағылардың ақыл-кеңесi және нұсқауларды оқу арқылы адам фотоға түсiру, магнитафонды пайдалану, шаңғы тебу, электр приборларын жөндеу т. 6. дағдылар мен шеберлiктердi меңгере алады. Бала жүрiп-тұруды, мінез-құлықтың көптеген дағдыларын нақ осылай едәуір дәрежеде стихиялы түрде меңгередi.

Бiрақ бiлiм мен iскерлiктердi осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар үйрену көптеген жағдайларда нысаналы процесс ретiнде арнайы уйымдастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Үйренудiң бұл мақсатқа сай уйымдастырылуын оқыту деп атайды. Оның неғұрлым көп тараған түрi - мектепте оқыту. Бірақ ол басқа көптеген мекемелерде, мәселен балабақшада балаларға сурет салуды, музыканы өзiне қызмет көрсету дағдыларын және т. 6. арнайы үйреткенде жүзеге асырылады. Оқыту элементі семья тәрбиесiнде (балаларды үлкендердiң арасында өзін қалай ұстауды арнайы үйретедi), сондай-ақ адамдардың өз ара қарым-қатынастары басқа да жағдайларда байқалады.

Оқыту туралы ұғым . Ә детте оқыту былай сипатталады: бұл-адамға белгілі бір білім, іскеліктер мен дағдыларды беру. Бір қарағанда, мұнда кезкелген үйрету жағдайы көрсетілген.

Шынында да, оқытқанға дейін адамда қайсібір білім, іскерлік немесе дағды болмайды. Оқытқаннан кейін олар пайда болады. Олар қайдан келді? Осындай білімі мен дағдылары бар және оларын оқушыларға беретін мұғалімнен. Осы беру процесінің өзі- оқыту. Бірақ білім, іскерлік пен дағдылар түсініктер мен ұғымдар сияқты бір қолдан екінші қолға беретін немесе бір бастан екінші басқа ауыстыратын физикалық заттар емес қой. Білім іскерлік пен дағдылар - бұлар адамның психикасындағы белгілі бір процестердің формалары мен нәтижелері. Демек, олар адамның басында оның өз қызметінің нәтижесінде ғана пайда болады. Оларды біреуден әншейін «алуға» болмайды, олар оқушының өзінің психикалық белсенділігінің нәтижесінде пайда болуы тиіс. Егер оның өзінің белсенділігі болмаса, онда ешқандай білім, іскерлік пен дағдылар пайда болмайды. Оқушыларды өзінің психикалық белсенділігі болмау фактісін өз тәжірибесінен әрбір педагог жақсы біледі, мұны «көңіл қоймау», «жалқаулық», «қабілетсіздік» деп атайды.

Демек «мұғалім - оқушы» қатынасын « қабылдатқыш - қабылдаушы» қатынасына саюға келмейді. Мұнда оқыту процесіне қатысушылардың екеуінің де белсенділігі мен өзара іс-әрекеттестігі қажет. Оқытуды оқытатын адам мен оқитын адамның арасындағы белсенді өзара әрекет деп сипаттауға болады, мұның нәтижесінде оқитын адамда белгілі бір білім, іскерлік пен дағдылар қалыптасады.

Үйретушінің ықпалы үйренушінің белсенділігін оятады, ал бұл орайда күні бұрын қойылған тиянақты мақсатқа жеткенде осы арқылы бұл белсенділікті басқарады. Сондықтан оқытуды бұған қоса тағы оқушының сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және оны басқару процесі деп көрсетуге болады. Үйретуші үйренушінің белсенділігі үшін қажетті жағдайлар жасайды, оған бағыт береді, бақылайды, бұған қажетті құралдар мен информация береді. Бірақ адамда білім, іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу процесінің өзі оның белсенділігінің нәтижесінде ғана болады.

Оқушыда толық білім, іскерлік пен дағдылар қалыптасу үшін оқушының нақ қандай белсенділігін жасау керек және оны қалай бағыттау керек? Барынша тиімді болу үшін оқыту қалай ұйымдастырылуы тиіс? Бұл сұрақтарға жауаптар негізгі проблеманың оқушыны қандай ішкі және сыртқы белсенділігі оның білімінде, іскерліктері мен дағдыларында бейнеленеді және бұл іскерліктерді, білім мен дағдыларды туғызады деген проблеманың қалай шешілетініне байланысты.

Жол-жөнекей үйрену және мақсат қойып оқу . Сөйтіп, оқушының нақ қандай белсенділігі немесе іс-әрекеті үйренуге жеткізеді? Зерттеулер мынаны көрсетеді: мәселен, бөбектің затты ұстауы, онымен ойнауы, еңбектеуі мен жүруі оны қозғалыстарды үйлестіруге, айналадағы ортаны бағдарлауға үйретеді, оған заттардың қасиеттерін таныстырыды, қабылдауын қалыптастырыды.

Заттарды практикалық пайдалану мен сөйлеу балаға айналадағы заттардың неге арналғанын, олардың функцияларын және онымен не істеу керек екенін анықтап, жүзеге асыарды. Төңірегіндегілер мен қарым-қатынас, оқу және бұқаралық коммуникация құралдары( радио теледидар) бүкіл өмір бойында адамды жаңа деректермен, білімдермен іскерліктермен, дағдылармен, ойлау тәсілдерімен, мінез-құлық формаларымен практикалық және сөздік іс-әрекет жүйелерімен байыта береді.

Іс-әрекет пен мінез құлықтың бұл түрлерінің бір ерекшелігі мынада: түпкілікті нәтиже-қоғамдық тәжірбиені игеру-мұнда іс-әрекет пен мінез құлықтың өінің тікелей мақсаттарымен үйлеспейді. Мәселен, бала заттармен қимылдар жасап, ойнағанда бірдеңе үйрену үшін істемейді. Ол алғаш аяғын басып, сөйлеуге әрекеттенгенде жүріп, сөйлеп үйрену мақсатын көздемейді. Бұл орайда оның іс-әрекеттері заттарды біліп, меңгеру, айналасындағыға әрекет жасау жөнінде тіклей қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған.
Тиісті іс-әрекеттер мен білімді игеру мұнда мақсат үшін емес, осы қажеттіктерді қанағаттандыру құралдары ғана болады. Екінші жағдайларда, мәселен, машинаны басқарушыда тікелей мақсат белгілі сапасы бар, белгілі бір өнім алу болмақ. Ал бұл орайда болатын өндірістік дағдыларды жетілдіру болса, онда мұның өзі іс-әрекеттің қайсібір қосарлас нәтижесі ретінде пайда болады.

Басқа мақсаттағы іс-әрекеттің барысындағы үйренуді жол-жөнекей үйрену деп атайды. Оның бар екенін өмір көрсетеді. Мұның ерекшеліктері психологтардың көптеген тәжірибелерінде зерттелген. Мәселен, эксприменттердің бірінде оқушыларға заттар бейнеленген карточкаларды топтастыру ұсынылады. Әрбір карточкаға цифр жазылады. Тәжірбиенің бір вариантында карточкаларды бейнеленген заттардың ұқсастығы бойынша реттеп салу, екіншісінде карточкалардағы цифрлар өсіп отыратындай етіп орналастыру керек еді. Ештеңені есте сақтау талап етілген жоқ. Тапсырма аяқталғаннан кейін сыналып отырғандардан күтпеген жерден карточкалардағы заттар мен цифрлардың бәрін атап шығу сұралады. Нәтижелер мынадай болып шықты: бірінші жағдайда карточкалар есте жақсы сақталады да цифрлдардың есте сақталуы нашар болады, екінші жағдайда цифрлар есте жақсы сақталып, заттардың аттарының есте сақталуы нашар болады. Осы және осындай тәжірбиелердің нәтижелері мынаны көрсетеді:

1. үйрену(берілген жағдайда есте сақтау ) үйренушілердің алдына үйрену (бірдеңені есте сақтау ) жөнінде арнайы міндет қойылмағандада болады;

2. Адамның белсенді іс-әрекетімен байланысты нәрсе, осы іс-әрекет үшін не керек, ол неге бағытталған және ненің көмегімен жүзеге асырылады деген жақсы үйреніледі.

Осыдан келіп оқыту практикасы үшін маңызды қорытындылар шығады. Мәселен, балаларға өсімдіктерді жүйелеуді үйреткеде тиісті белгілерді есте сақтатқызып, кейін осы белгілерді өсімдіктердің жекелеген жүйелерінің мысалында көрсеткізіп үйретуге болады. Бұл қиын жол. Балаларға анықтамалықты, түрлі өсімдіктерді беріп, осы анықтамалықты пайдаланыңдар да өсімдіктердің әрқайсысы қай топ пен қай отрядқа жататынын анықтаңдар деуге болады. Бұл жағдайда оқушылар арнайы үйренусіз ақ іс-әрекет процесінде тиісті білім алады.

Осындай тәжірбиелер мен байқаулар негізінде кейбір психологтар мен педагогтар жол-жөнекей, арнайы мақсат етпей үйрену -оқытудың ең тамаша формасы деген идея ұсынды. Бұл орайда оның «табиғилығы» баса көрсетіледі. Бұл идеяны жақтаушылар адамқолдан және мөлшерленген мәліметтермен емес, нақты өмірмен, нақты міндеттермен және заттармен істес болады деп санайды. Үйренуге деген ынта мен себептер сырттан нұсқалмай, адамның өзінен болады. Оқушыны психикасы мұғалім тарапынан мәжбүр етусіз-ақ қажетті мәліәметтер мен іс-әрекеттерді іріктеу мен есте сақтауды өзі жүзеге асырады. Оқушының үйренуге деген зор ыждаһаты, оның үлкен белсенділігі, тиянақты оқу нәтижелері осыға, н байланысты.

Педагогикаға мұндай көзқарастың ықпалы сан алуан «еркін тәрбие» теорияларында көрінеді( Жан Жак Руссо, К. Н. Вентцель, Л. Н. Толстой, Эллен Кей ) . Оларға ортақ жай сол, олар дербес және ерекше іс-әрекет ретінде оқуды терiстеп, іс-әрекеттің басқа түрлерiнің қосалкы өнімі ретiндегi игерумен алмастырады. Бірақ бәрiн осындай әдіспен үйренуге бола ма, болғанда да адамға, өмірге, еңбекке даярлану үшiн қоғам бөлетiн мерзiм iшiнде үйренуге бола ма? Осы сұраққа жауап iздеп психологтар көптеген зерттеулер жүргiзгенде мынадай қорытындыларға келді:

1. жол-жөнекей және арнайы мақсат қоймай үйрену әдейi мақсат қойып, арнайы ұйымдастырылған үйренуге қарағанда көпшiлік жағдайда тиiмсiз;

2. оқушының дербес iс- әрекетінде болатын, арнайы мақсат қоймай үйренуге едәуiр уакыт керек (өйткенi мұндайда оқушы өзiне керек мәлiмттердi өзi анықтап, ұғынып, жинақтауға тиiс) ;

З. мұндай- үйренуде адам негізінен өзінің қажеттiлiктерiмен, мүдделерiмен, ағымдағы міндеттермен тiкелей байланыстысын ғана бөледі және түсінеді, қалғанының бәрі одан тыс қалады.

Соңғы жағдай аталған теориялардың тиiмдiлiгiн бағалауда басты болады. Адамның табиғи түрде үйренетiні оның өзінің жеке ерекшiелiктерiмен, оның тікелей мүдделерімен және мұқтаждарымен анықталады . Сондықтан да мұндай үйренудiң нәтижелері үздiк-создық және жүйесiз. Олар бытыраңқы деректер, iскерлiктер мен дағдыларды ғана елестетедi. Адамның «табиғи» белсенділігі арқылы- бiр ғана жол-жөнекей үйренудiң негiзiнде оған ұғымдар жүйесiн ұғындыру тiптi мүмкiн емес екенi айқын, бұл ‚үшін негізгі мақсатының өзi үйрену болып табылатын ерекше iс-әрекет талап етiледi. Адамның үйренуді тікелей мақсат ететiн осындай ерекше қызметiн оқу деп атайды.

Оқу-iс-әрекет. Сөйтіп, адамның iс-әрекеттерiн белгiлi бір білiмдi, дағдыларды iскерлiктердi мінез-құлық пен iс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән iс-әрекет. осының өзiнде ол адам өз iс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегi адам психикасының даму сатысында ғана мүмкiн. Мұндай қабiлст баланың мінез-құлқы мен iс-әрекетінің бұған дейiнгi түрлерiнің - ойынның, сөйлеу қарым-қатынасының, практикалық iс-әрекетгердiң негiзінде қалыптасып, шамамен төрт-бес жаста ғана шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психикалық даму негіздері
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Психологияның жас ерекшелігі
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Басқа ғылымдармен психологиямен бірігу мәселелері
Арнайы психология туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz