Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік


Жұмыстың мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Оқыту технологиясының теориялық негіздері . . . 6
1. 1 "Педагогикалық технологиялар" және "оқыту технологиялары" жөніндегі түсінік . . . 6
1. 2 Оқыту технологиясы ұғымының мазмұндық ерекшелігі . . 15
1. 3 Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақтың рөлі . . . 24
ІІ Бастауыш сыныпта оқытуды жетілдірудің жолдары . . 34
2. 1 Бастауыш мектеп практикасындағы дәстүрлі сабақтарды талдау . 34
2. 2 Сабақты жетілдірудің жолдары . . . 41
2. 3 Бастауыш сыныпта сабақты жетілдірудегі әдістемелік нұсқау . 48
Қорытынды . . . 54 Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Республикада білім берудің жаңаша жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда. Бұл жағдай барлық ғылым салалары сияқты педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде соңғы жылдары елеулі өзгерістер жасауды талаптауда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы" заңында “Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді” - деп көрсетілгендей білім берудің жолы оқытуды тиімді етуге нұсқау жасалған [1] .
Білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске ала отырып өскелең жастарға білім мен тәрбие беру ісін қоғам талабына сай дамыту және жетілдіру білім мен тәрбие берудің бүгінгі таңдағы негізгі, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жаңарту, жетілдіру мәселесі болып табылады десек, онда мектеп оқушыларының білім негіздерін қалыптастыру, осы мәселенің түп қазығы, яғни негізгі сатысы болып саналады.
Осы мәселелерді шешуде білім беру мазмұнында жаңару, жаңаша көзқарас, басқаша менталитет, өзгеше қарым-қатынас пайда болуы керек. Білім мазмұны, жаңарған біліктіліктермен білім беру саласындағы ғылыми шығармашылық жұмыстардың нарықтық қатынастар талабына сай нақтылана және даралана түсуі қажет. Әсіресе балалар дүниесінің жан-жақты, рухани баюына, азамат, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліну ерекше қажеттілікке айналуда. Өйткені білім негіздерін оқушы бойына қалыптастыру біріншіден, мұғалімнің негізгі жұмысы болса, екіншіден ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы зерттелгелі отырған тақырыптың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылыққа қабілеттерін арттыруға, қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытуды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған Я. А. Коменский болды.
Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір ұзақтығы; сабақ арасындағы үзіліс; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу; мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізудің топтық түрінің тиімділігін және қажеттілігін теория жүзінде негіздеді [2] .
Оқу теориясын дамытуда К. Д. Ушинскийдің ролі ерекше болды. Ол сабақты барлық негізгі жақтарын, “сабақтың әрбір құрамдас бөлігі мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін” талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді [3] .
Сабаққа және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды К. Д. Ушинскийден кейінгі белгілі педагогтар Д. Д. Семенов, Н. К. Корф, М. И. Демков, А. Әбілқасымова, Т. Сабыров, және басқалар зерттеді [4, 5] .
Ж. Б. Қоянбаев, Қ. Р. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева және С. Бабаевтың қазақ тілінде жарық көрген педагогикалық еңбектерінде сабақтың түрлері, оларды талдау, ұйымдастыру мәселелері қарастырылған [6, 7, 8] .
Ғылыми педагогикалық зерттеулерде, баспа материалдарында сабақ, оны жетілдіру бойынша еңбектер кеңінен көрініс тапқан десек те, мектепте оқыту формасы сабақта оқушылардың үлгермеушілігі орын алып отыр. Ол мәселені теориялық тұрғыдан зерделеп, қайшылықты шешуге ұмтылыс жасау ниетімен зерттеу жұмысымыздың тақырыбын " Бастауыш сыныптағы сабақ технологиясын жетілдіру жолдары " - деп таңдауды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптағы сабақ технологиясын жетілдіру жолдарын анықтау және әдістемелік нұсқау ұсыну.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы оқыту-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні : бастауыш сыныптағы сабақ технологиясын жетілдіру барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, философиялық арнайы және әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;
- білім беру жүйесінде педагогикалық жаңа технологиялардың маңызын қарастыру, және оның оқыту процесін жетілдірудегі маңызын айқындау;
- бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудағы - сабақтың рөлін, сабақ технологиясын жетілдірудің жолдарын анықтау;
- сабақты жетілдірудің жолдарын сипаттау;
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша түрлі әдебиеттерге талдау жасау, қорыту және жүйелеу, мектеп мұғалімдерімен сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, педагогикалық белгілеу эксперименті.
Зерттеудің теориялық мәнділігі : оқу-тәрбие процесіндегі технологиялардың маңыздылығын анықтай отырып сабақ технологиясын жетілдірудің педагогикалық шарттары, сабақты жетілдірудің жолдары айқындалады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: сабақты талдауға, сабақ технологиясын жетілдіруге әдістемелік нұсқау ұсынылады.
І Оқыту технологиясының теориялық негіздері
1. 1 "Педагогикалық технологиялар" және "оқыту технологиялары" жөніндегі түсінік
Педагогикалық технология педагогика және техника ұғымдарының негізінде пайда болған түсінік. Педагогика - біріншіден ғылымның адаммен байланысты бір саласы, болса, екіншіден белгілі бір мақсатқа (білім, тәрбие алуға немесе беруге) бағытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекетін зерттейтін ғылым, үшіншіден алғанда педагогика белгілі бір мақсатқа яғни білім мен тәрбие алуға немесе беруге бағытталған ұстазбен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекеттің білімдерін, іскерлік пен дағдыларын, үйренуді көздейтін болашақ мұғалімге білім мен тәрбие берушілерді дайындайтын оқу пәні болып табылады. Техника дегеніміз - біріншіден ғылымның бір саласы болса, екіншіден белгілі бір іс-әрекетті ұтымды түрде орындауға арналған құрал сайман, мүмкіндік болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттер ғылым-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды" енгізумен бірге келген «технология" деген ұғым жиі кездеседі. ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болып және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады [9] .
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік. Өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп атайды.
Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология" деген сөзді енгізу «индустриялық" технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В. П. Беспалько, П. И. Пидкасистый және т. б. ) қолдады. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғаліммен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған [8] .
Материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдап істелген конструкциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың жеке дара мәселелерге, білім меңгеруге бағытталған оқу моделінің жағынан өлшемі ретінде қарастырады.
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына, білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған.
«Технология" деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі сөздің түп тамырының бірлігі шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы материалдың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т. б. Бұл термин өнімді өндіру процесі барысында жасалатын бұйымдарды анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызы айқын анықтамалар туады:
- технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттері, байланыстарын және қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарды білу;
- еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика) ;
- еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау керек.
Көрсетілген технологияның негізгі белгілері педагогикалық еңбектің технологиясын анықтайды.
Білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталғанда, педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады. Технологиялар білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. ЮНЕСКО-ның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі және процесі деп есептеу қабылданған [10] .
Педагогикалық технология ұғымына ғалымдар мен педагогтар әрбір даму кезеңінде әртүрлі анықтамалар берген. Олардың берген анықтамалары әр түрлі болғанымен бірін-бірі жоққа шығармайды. қайта олар бірін-бірі толтыра түседі. В. Г. Беспалько педагогикалық технология “оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негіздерін) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсаты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді”, - деп көрсетеді [11] .
Г. М. Құсайыновтың пікірінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа - ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттарына сәйкес нәтижелерге жету, сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны, оқу жоспары мен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру [12] .
Түсіндірме сөздікте: «Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны “оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал” - деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта оқушы мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым деп қарастырады [13] .
В. Дальдің түсіндірме сөздігінде “Технология техника ғылымы. Техника - өнер, білім ептілік, жұмыс тәсілдері және іске деген ұмтылыс ”, - деп көрсеткен.
Орыс ғалымдары И. П. Павлов, В. М. Вехтеров, А. А. Ухтомский, С. Г. Шацкий өзінің еңбектерінде мынадай анықтама береді. “Педагогикалық технология-бұл тәсілдердің құралдардың, оқу сабақтарының ұтымдылығын арттыруға арналған мүмкіндіктер немесе көрнекті құралдарды пайдалана отырып оқу лабораториялық жабдықтарды ұтымды пайдалана білу” [14] .
ХХ ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары педагогикалық технологияны тану барысында екі түрлі бағыт қалыптасты. Бұл кезеңнің педагогтары “Педагогикалық технология дегеніміз - технологиялық мүмкіндіктер мен бағдарламалық оқытуды қолдану”-деп түсіндіреді. Ал олардың кейбіреулері “Педагогикалық технология - технологиялық оқу немесе оқыту процесіндегі технология” - деп түсінеді.
Зерттеуші З. Г. Шаповаленко балалар ұжымының тәрбиесіне, оқу процесіне педагогикалық ықпал етудің нәтижесінде қалыптасатын білімдердің, іскерлік пен дағдылардың кешенін педагогикалық технология ұғымына кіргізеді. Венгрияның ғалымы Л. Солой педагогикалық технологияның 3 белгісін атап көрсетті, олар:
Сурет 1. Л. Солойдың педагогикалық технологияның 3 белгісі.
Ғалымдар Э. Вистерский, Ж. Целлер оқыту технологиясына жоспарлауды, оқыту мақсатына талдау жасауды, оқу-тәрбие процесі ғылыми негізде ұйымдастыруды жатқызады. Сонымен қатар оқытудың ұтымдылығын арттыру мақсатында оқытудың әдістерін, құралдарын, материалдарды дұрыс таңдап алу қажеттігін көрсетеді [15] .
АҚШ-тың педагогикалық коммуникация және технология ассоциациясының құжаттарында оқыту технологиясын құралдар жүйесі, оқу тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқарудың әдіс тәсілдері ретінде қарастырылады. Педагогикалық технологияны екі жақты қарастыру қажеттігі айтылады. Олар, технологияны біріншіден, практикалық міндеттерді шешу барысында білім жүйесін қолдану, екіншіден, оқу процесіде техникалық құры-лымдарды қолдану деп түсіндіреді. Сонымен қатар педагогикалық технология-білімді меңгерудің барлық аспектілерін қамтамасыз ететін адамдар мен идея-ларды қамтитын, сонымен қатар, жоспарлау басқару, қызметі мен ұйымдас-тырудың қызметтерін біріктіретін интегралды процесс - деп көрсетеді.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында Ресейдің ғалымы Ф. А. Фрадкин өзінің “Педагогикалық технология және тарихи перспектива”-деген еңбегінде “педагогикалық технология дегеніміз -қандай да бір мақсатқа жетуді көздеген мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті айқындалған бірнеше варианттағы объективтендірілген, жүйеленген іс-әрекет”, деп тұжырым жасайды [15] .
Орыс ғалымы И. Я. Лернер өзінің “Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”, - деп жазады. Педагог еңбегінде педагогикалық техно-логия дегеніміз - ұйымдастыру тәсілдері, адам-машина жүйесіндегі адамдар мен материалдар туралы образдық ойлар деген қорытындыға келеді [16] .
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп берілген.
М. В. Кларин “Оқыту технологиясы және педагогикалық технология” деген еңбегінде: “Педагогикалық технология дегеніміз -практикада қолданылатын белгілі педагогикалық жүйенің проектісі”, -деп қарастырады.
Сонымен ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ресейде жаңашыл-мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болады. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш, схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т. б. Аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын, бағытын авторитарлықтан, демократиялыққа, гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын береді [17] .
Педагогикалық технологиялардың көрнекті өкілдерінің ішінен Ш. А. Амоношвилиді - бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды жаңашалап оқытуды атау керек. Ш. А. Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы есепті оқытудың бір реттілік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы, өзінің “О начальной ступений образования, построенного на принципа гуманно-личностой педагогики” деген еңбегінде баяндаған.
Академик М. П. Иванов -коммунарлық тәрбие әдістемесінің ұжымдық істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А. С. Макаренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік ұжымдық еңбек ісінің ерекшелігі - ол тұлғаның субъективтік позициясы.
КСРО Халық мұғалімі В. Ф. Шаталов дәстүрлірлі сынып -сабақ тәсілімен оқытудың әліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың итенсифтендірудің технологиясын жасап практикаға енгізді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесінің мәні әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыру, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеу, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік беру [12, 13] .
Жаңашыл-педагогтар И. П. Волков шығармашылықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды. Осыған сай тұлғаның шығармашылық қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.
Қ. О. Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отырды. Олар әдебиетсіз оны даналық сабағын аттап өте алмайды.
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов жасаған дамыта оқыту жүйесінің негізгі компонентері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, және оны жинақтау арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда мұғалім сабақ процесін бағыттаушы адам ролінде сипатталынады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіледі. Сонымен қатар, әр оқушыға өзінің ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық ерекшеліктермен, өзгешеліктермен айқындалады:
- оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- мақсаттағы айырмашылықтар;
- дидактикалық прнциптердегі өзгешеліктер;
- оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
- мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар.
Бұл жүйеге сәйкес даму деп оқушының байқампаздығы, ойлауы және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы ескеріледі [18] .
Жаңашыл педагог Н. А. Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы. Бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген. Н. А. Зайцевтің технологиясының мәні оқу процесін бала дамуы табиғатының негізіне сүйене отырып, қатынас және іс-әрекет арқылы, баланың танымдық күшін жан-жақты үдету арқылы жасайды.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі [10, 12] .
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүргені белгілі.
Қолданыста жүрген педагогикалық технологияларға тоқталып өтетін болсақ олар: ынтымақтастық технологиясы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы; түсіндіре басқарып - оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы; оқытудың компьютерлік технологиясы; дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы; өздігінен даму технологиясы; дамыта оқыту технологиясы; Занковтың дамыта оқыту технологиясы; В. М. Монахов технологиясы білім беру жүйесінде қолданылуда. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М. М. Поташник ұсынған критерилерін келтірдік:
- алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
- жүйелілігі;
- тиімділігі т. б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Сонымен, жекелеген оқу-тәрбие бағытында мектептің ілгері дамуы ескірген, тиімсіз әдістерден арылып, бүгінгі өмірге сай жаңа технологияларды қолдануға тікелей байланысты. Бұл үрдісті ұйымдастыру: біріншіден, педагогикалық технологиялар банкіне, яғни олармен қамтамасыз етілуге, екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей, педагогикалық технология-ларды таңдай білуге, үшіншіден, оны іске қосу механизіміне негізделеді [10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz