Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Баяндаманы дайындаған

Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Кубашева Күнсұлу Зейінқызы.

Баяндама: Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны
тиімді қолдану
жолдары

Қазіргі кезде білім беру саласын, қамтудың әр түрлі техникалық
құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай
білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты міндеті. Еліміздің білім беру
жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан
алуан жұмыстар жүргізілуде. Ал біздің негізгі ұстанған мақсатымыз –
білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік
дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін
бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды
сабақта тиімді пайдалана білу.

Жалпы білім берудің мақсаты-терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни
жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең
меңгерген, жылдам өзгеріп жататын мына бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл
тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгерту үшін жағдай
жасау керек , - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер
саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға қолданылады. Бұл
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық-
техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақта болып табылады.

Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа
технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа алдыңғы қатарлы
елдердің көптен пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарын қолданып
отырмыз. Бұл – біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының белгісі болып
табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол.

Интерактивті оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара
қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең
құқылы субъектісі болып табылады. Интерактивті оқыту моделін пайдалану –
өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені
бірлесіп шешуді қарастырады. Интерактивтік оқыту техникасы – бұл
коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне
негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту
процесін ұйымдастыру деп ойлаймын.

Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін
бойлай алады.

Оқыту процесінде, оның ішінде машықтық сабақтарда интерактивті
құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне
байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды
түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдісіне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер
жасай алады. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқыту
сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал.
Интерактивті құралдар арқылы оқыту, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс
жасауына, бірін-бірі толықтыруға, сабақ барысында барлық оқушылардың
қатысуын ұйымдастырады.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін
қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Егер
мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне, қызметіне әсер еткісі келсе, ол
алдымен олардың көру және есту сезімдік мүшелеріне әсер етеді. Сөйтіп,
оқушы ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды.
Сонымен бірге, жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез,
жылдам түсіндіріледі. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады.

Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте
сақтайтыны белгілі. Аудио және бейнеақпаратты бір мезгілде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары жайлы
Пәндер