Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары жайлы



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру
саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің
мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау
биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде
тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған
жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен
педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны
ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам
педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың
бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту
технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру
мұғалімнің, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне
тікелей байланысты.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз
Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы
компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі
жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір
бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет,
электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста
болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке
деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді
қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді
пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана
емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады\:
- оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;
- сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;
- сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.
Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас
жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра
алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен
ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін
арттырып, ізденушілігін дамытып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Оқыту техникалық құралдар негіздері
Пәндер