Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе 2
1. Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың өзектілігі мен қазіргі кездегі оқытылу жайы 8
1. 2. Оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың зерттелуі мен сөйлесу әрекетінің мазмұны мен жүйесі 18
1. 3. Сөйлесу әрекетінің лингвистикалық негіздері 39
1. 4 Сөйлесу әрекетінің психологиялық негіздері 52
1. 5. Сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың педагогикалық негіздері 67
Бірінші тарау қорытындысы 79
2. Оқыту үрдісіндегі сөйлесу икемділіктері мен дағдысын қалыптастырудың жүйесі мен әдіс-тәсілдері
2. 1. Сөйлесу әрекетін дамыта оқыту мен айтуға жаттықтырудың әдіс-тәсілдері -- 82
2. 2. Сөйлесу әрекетін дамытудағы көрнекілік және оны пайдалану
жолдары 108
2. 3 Сөйлесімге (диалог) дағдыландырудың әдіс - тәсілдері 119
2. 4. Монологты сөйлесуге жаттықтыру әдістемесі 140
2. 5. Тәжірибе-сынақ(эксперимент) жұмысы және оның нәтижесі 156
Екінші тарау қорытындысы 173
Қорытынды 175
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 179
Қосымшалар
Кіріспе
... жалғасыҚазақстан Республикасының Конституциясында “ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі ” болып танылуы [1. 7], “ Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылдануы (оған 2006 жылғы мамырдың 30-ы күні толықтырулар енгізілгені) [2], Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңы (1997ж., 11 шілде, №151) [3. 3] қабылдануы ана тіліміздің өркендеп, қанат жаюына жол ашты. Қазіргі таңда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты, елімізде қазақ тілін оқыту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Әсіресе өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту мәселесі қолға алына бастады. Өзекті болуының себебі қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты басқа тілді оқушылардың қазақша дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарды оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның ауызекі сөйлеуін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп, қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін оқытудың өзіндік жүйесі, тәсілдері мен амалдары, жолдары ойластырылады. Әсіресе, қазақ тілін оқыту әдістемесі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін олардың ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, үйретудің түрлі тиімді жолдарын белгілейді. Осының бәрі зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес. Бұл салада зерттеулер А. Байтұрсыновтан басталып, Т. Шонанов, Ш. Х. Сарыбаев, С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Б. Құлмағанбетова, Ф. Оразбаева, Н. Оралбаева, Қ. Жақсылықова, Б. Адамбаева, Ә. Жүнісбеков, Қ. Қадашова, Р. Шаханова т. б. ғалымдардың еңбектерінде қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету мәселесі дұрыс қарастырылды. Бірақ бұл жұмыстардың бірқатары көпшілікке, ересектерге арналды. Ал қазақ тілін орыс тілінде оқитын мектептерге оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйретудің әдістемесі жасалынбады. Сондықтан Н. Оралбаева, Қ. Жақсылықованың “Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінде” “Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің барлық мәселелері жүйелі түрде жан-жақты зерттеуді қажет етеді”, -дейді [4. 48] . Демек, ғылымның бұл түрінің ғылыми-теориялық негізін тиянақты құру - бүгінгі өмір талабынан туындап отырған өте күрделі және қажетті мәселе болып отыр.
Орыстілді мектепте қазақ тілін оқытуды жан-жақты зерттеу, оның теориялық негізін құру, келешектің ісі болғанымен, мектепте қазақ тілін оқыту - қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет. Оны жүзеге асыру үшін алдымен мектеп оқулықтары мен бағдарламалары қажет. Яғни, оқытудың көлемін анықтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Сондықтан осы қажеттілікпен байланысты орыс тілінде оқылатын мектепте жүретін қазақ тілінің бағдарламалары мен оқулықтары жасалуда. Бірақ олар бұл саладағы ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделмеді, өйткені оны негізге алатын ғылыми еңбектер де болмады. Сондықтан оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарында әдістемелік жағынан олқылықтар кездеседі. Өйткені балаға тіл үйретуде ғылыми негізде дәлелденген жұмыс жүйесі болмады және бұл жүйенің ең негізгі әдістемелік ерекшеліктері жетіспеді.
Республикада оқыту мазмұны жаңартыла бастады. Оның негізгі бағыттары көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілген.
Дамыта оқыту педагогикалық ортаға сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Бұл мәселелерге ғалымдар Ә. Жүнісбековтың, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, В. П. Беспалько т. б. пікірлеріне сүйенеді [6; 7; 8; 9; 10] .
Дамыта оқыту мәселесі жөніндегі ғылыми-зерттеу еңбектері де оқушының дамуы белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса [11], Д. Н. Богоявленский және Н. А. Менчинская - игере білу мен оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді [12], Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгерумен бірге, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиға мен құбылысқа пікір айта білу дағдысын жатқызады [13] .
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің байқампаздық өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық пен тәжірибелік, іс-әрекеттерді атқара білу сияқты көрсеткіштерді дамытуды іске асырады десе, В. В. Давыдов ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтау, талдау, қорытындылай алу дағдыларын есептейді. Ал мұның барлығы сөйлеумен байланысты, оның ішінде сөйлесумен, яғни үйреніп отырған тілмен қарым-қатынас жасау да жоғарыдағы даму көрсеткіштерімен байланысты болады. Сондықтан баланы сөйлесуге жаттықтыру өзекті мәселе болып қала береді.
Сөйлесу - екі адам арасындағы ауызекі сөйлеу арқылы болатын қатысым. Ол жөнінде мынадай тұжырымдар бар. “Сөйлесу - Қасболаттың Қоспанмен жөндеп сөйлесуге мұршасы болмады ”[14. 363] .
“Сөйлесу - говорить, мен онымен сөйлестім, - я говорил с ним; бір нәрсе туралы сөйлестім - говорил с ним о чем - то” [15. 173] .
. “Ауызекі сөйлеу - естіп қабылданатын тілдік құралдар арқылы вербальды (сөздік) тілдесу”, - деген анықтама берілген [16. 20] . Сондықтан ауызекі сөйлесудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, сөйлесуге тән сипат - сөйленген хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және қабылданады. Сөйлесудің туындау үдерістері бағдарлану, бір мезгілде жоспарлану, сөйленіп жүзеге асу және бақылау буындарын қамтиды; бұл орайда жоспарлау өз кезегінде қатарлас екі арна бойымен жүзеге асады да, сөйлесудің мазмұндық және моторлық-артикуляциялық жақтарына қатысты болады. Сондықтан қазақ тілін оқыту үдерістерінде тіл үйрету үшін сөйлесу әрекетіне дағдыландырылады.
Сөйлеу әрекетіне мынадай анықтама беріледі: “Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекет процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны. Демек, сөйлеу қарым-қатынас мақсаты үшін не өз іс-әрекетін реттеу және бақылау мақсаты үшін (іштей сөйлеу, эгоцентрлік сөйлеу) хабарламаларды туындату және қабылдау үдерістерін қамтиды ” [16. 204] .
Соңғы уақыттарда жарық көрген әдістемелік әдебиеттерде қатысымдық (коммуникативтік) деген сөздер жиі кездеседі. Әсіресе, бұл шет тілін оқытуға байланысты қолданыла бастады. Бірақ қатысымдық бағытта оқыту әдістемесін қолдану әр оқулық заңдылығының жазылған қажеттілігі бола алмайды. Адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренетіні мәлім. Сол сияқты игерген икемділігі, дағдысы өзінің шығармашылықпен қолдануына қызмет етеді. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - білімді, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. “Икемділік - субьектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы іс - әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және іс - әрекетті үйреншікті жағдайда да орындауға мүмкіндік жасайды. Икемділік жетіле, автоматтандырыла келе дағдыға айналады[16. 101] .
“Дағды - үйреншікті, сүйекке сіңген әдет, қалыптасқан машық ” [17. 30] .
“Умение - ептілік, іскерлік, шеберлік” [18. 460] .
“ Икемділік - Бір нәрсені орындауға тән ептілік, шеберлік, бейімділік пен қабілеттілік; икемдеу - икемде - ыңғайлау, бейімдеу, бағдарлау” [19. 434] .
“Икем - умение, способность”, - деп көрсетіледі [15. 92] .
Өзге тілді үйрену барысында оқушының қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі яғни икемділігі ерекше орын алады. Сол себепті орыстілді оқушылардың қазақша сөйлесу икемділігіне көңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлесу, яғни қарым-қатынас жасау. Сондықтан оқушыға қазақ тілін игертуде қатысымдық әдіс арқылы үйрету тиімді болмақ. Демек, оқу үдерісі қатысым үдерісінің модулі болып табылады. Бұл жағдайда қатысымдық үдеріс әдістемелік ұстаным ретінде қаралмайды, ол оқу үдерісіне әдіснамалық ұстаным ретінде анықталады. Сондай-ақ бір жағынан оқу-әдістемелік ұстаным да, яғни жалпы ғылыми танымның әдістері ретінде қолданылады. Бірақ та, оқыту үдерісі қатысым үдерісінің көшірмесі емес, олардың әрқайсысының өзіндік құрылымдық мақсаттық ерекшеліктері бар. Мәселен, қарым-қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, маңызды негізі, оның құрамының жүйесі т. б. бар. Ал баланы сөйлесуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады. Сондықтан, оқыту үдерісі қатысымдық негізде құрылады. Сөйлесу құралдарын игеру мен оны қарым-қатынаста пайдалану сөйлесу икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Демек, қазіргі оқыту тәжірибесінде баланың сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда осы қатысымдық әдістер нәтижелі: біріншіден, қатысымдық әдістеме оқыту мақсатына барабар, екіншіден, қатысымдық бағыт тілді игеріп, өз тәжірибесіне пайдалана білу, яғни сөйлесу мақсатын көздейді.
Е. И. Пассов қатысым әрекетіне байланысты үш кезеңді атап өтеді: 1. Хабардың дұрыс айтылуы, синтаксистік заңдылықтар, яғни грамматикалық бірліктердің айтылуы, дыбысталуы; 2. Айтылуға тиісті мағына-мазмұнның дұрыс жеткізілуі, айтылар ой мен қолданылған тілдік құралдардың тепе-теңдігі, яғни семантикалық заңдылық; 3. Әңгімелесуші - екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы [20] .
Сондықтан тілдік қарым-қатынас болу үшін, хабарды қабылдап алумен ғана шектелу бір жақты үдеріс болып қалады, сондықтан тілдік қатысым жүзеге асу үшін, қабылданған хабарды сарапқа салу, бағалау, түсіну, соңынан жауап қату шарт. Яғни түсіну арқылы оған жауап қайтару қажеттілігі туындайды. Сөйтіп, хабар жаңарып, келесі саты - жаңа хабар пайда болады, қарым-қатынас, сөйлесу жасалады. Сондықтан қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілінде сөйлесуге оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың қарым-қатынастың әр түрлі жағдаяттарында өзінің сөйлеу әрекетін тілдік тәсілдерге байланысты ұйымдастыра білуін қалыптастыру. Ол үшін әдістеме ғылымының алдына мынадай міндеттер қойылады: сөйлеу әрекетінің дағдысы мен шеберлігін қалыптастыру. Бұл шеберлік пен дағды оқушының күнделікті оқу, әлеуметтік-мәдени, ресми жағдайларда қарым-қатынас жасауын қанағаттандырумен байланысты; оқушыларға қазақ халқының мәдениетін үйрету арқылы этномәдениеттілік білімін қалыптастыру; сөйлеу дағдылары - аудару, сөйлесу, оқу, сауатты жазуды меңгеру. Өйткені сөйлесу әрекеті жазумен қатар игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады; тілдік норманы меңгерту. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсенді сөздіктері дамиды; мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру т. б.
Ауызша қатынас адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде іске аса келіп, белгілі бір хабардың дыбысталу (естілу) арқылы сыртқа шығуы. Сондықтан ауызша қатынас - ойдың тіл арқылы сыртқа шығуы, ол тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен бірге ауызша қатысым адамның сөйлеу қабілетіне орай өзгереді және тілдік қатынастың әр түрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т. б. ) іске асырады. Бұл ретте дауыс ырғағына, күшіне, тембріне, интонациясына т. б. байланысты. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйрету және жаттықтырудың маңызы зор.
Қазақ тілін оқыту бағдарламасына мынадай міндеттер қойылады: “Қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу желісіне, қазақша ойлау әуезділігіне жету, үлгіні қолданбай, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға, оқып айтуға дағдыландыру” [21. 4] . Ал бұл жалпы талапты оқушылардың сөйлесу әрекеттерін дамыта оқытуды 5-сыныпта “мектебі, сыныбы, достары, үй-іші, жыл мезгілдері, өзін қоршаған орта туралы айта білу”, - деп нақтыласа [21. 11], 6-сыныпта ““Қоршаған орта” тақырыптары бойынша сөйлесе алу, тұратын ауылы, қаласы туралы айта алу, сөйлесе алу”, - деп белгілесе [21. 13], Соңғы шыққан оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6-сыныптарына арналған күнтізбелік жоспарда “ . . . Орыс және ағылшын тілінде сөйлеушілерге арналған қазақ тілінің оқу кешенінің халықаралық (әлемдік) стандартқа сәйкестендіре отырып, оларды қазақша сөйлеп, қазақша қарым - қатынас жасауға қол жеткізу”, - деп көрсетеді. Сондай-ақ сөйлесуде фонетика және орфоэпия, үндестік заңдылығын игеруді міндеттейді. [22. 12] Демек басқа тілді оқушының қазақша сөйлесуге жаттықтыру, сөйлесу, ойлау әрекетін дамыта оқыту мемлекеттің халық ағарту саласына қойып отырған міндеттерінің бірі болып табылады.
Сөйлесу тілін дамыту әрқашан әдістеме тарихында арнайы қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ол қазақ тілін басқа ұлттарға оқытуда енді ғана қалыптасып келеді. Әсіресе, сөйлесуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тіл дамытуға арналған жұмыстар, оқытудың мазмұны, көлемі, құралы, әдістемесі, оқушының тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістемесінің өзіндік зерттеулері бар, керекті дидактикалық, психологиялық, лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл мәселелер баланы қатысымдық әрекет негізінде сөйлесуге үйретудің өзектілігін анықтайды.
Зерттеуіміздің мақсаты- орыс тіліндегі 5-6-сынып оқушыларының қазақша сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеу жұмысымыздың мақсатына байланысты мынадай міндеттер қойылды.
- Сөйлесу тілін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау.
- Тілді игеру жұмысының мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық негізінде белгілеу.
- Оқушылардың қазақша сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың ұстанымдарын нақтылау.
-Сөйлесу тілін дамытудың әдістемесін жасау (лексикалық минимумды беру, грамматикалық икемділіктерін дамыту, мәтін құрау икемділіктерін жетілдіру) .
-Ауызша сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеуіміздің нысаны болып 5-6 сынып оқушыларының оқу қызметі белгіленді.
Ғылыми зерттеу жұмысымыздың болжамы жасалды: егер орыстілді мектепте оқушылардың сөйлесу тілін дамыту ісі лингвистикалық, психологиялық және педагогикалық негіздерге сай, қатысымдық әрекет әдісі арқылы жүйелі, мақсатты, әрі сыныптағы оқушылардың жас, таным ерекшеліктеріне қарай білім көлемі нақты белгіленіп, оқыту тілдік білімді тілдің қарым-қатынас қызметі мен экспрессивтік қызметіне қарай ұйымдастырылса, ауызекі сөйлесудің тиісті лексикалық, грамматикалық икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда, дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып жүргізгенде ғана нәтижелі болады.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі көздері тіл туралы, философия, психология, лингвистика, педагогикалық еңбектер мен үкіметіміздің Тіл туралы Заңдары мен құжаттары, әдістемелік еңбектер, мұғалімдердің озат тәжірибесі, автордың мұғалімдік жұмыс тәжірибесі болып табылады.
Зерттеуіміздің әдіснамалық негізі : Таным туралы, тіл туралы, ойлау туралы жалпы философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияны басшылыққа алады.
Диссертацияны жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: ауызекі сөйлесуді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; оқушылардың тілді жұмсай білу мен дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген бағдарлама мен оқулық, оқу құралдарына талдау жасап, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу: тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты бақылау және үйрету тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу жұмысы барысында: бақылау, әңгіме, мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін талдау мен қорыту, мектеп іс-қағаздарын зерттеу, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау, сауалнама және статистикалық әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмыс үш кезеңде жүргізілді: бірінші кезеңде 2000-2003 зерттеу мақсатына байланысты материалдар жиналып, оқушылардың тілін, ауызша және жазбаша жұмыстарын бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысымыздың екінші кезеңінде 2003-2005 орыстілді мектептегі қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығы бойынша және зерттеуіміздің нәтижесіндегі ауызекі сөйлеу жұмысының жүйесі, көлемі, оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша оқыту тәжірибе-сынақ жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезең 2005-2006 тәжірибе-сынақ жұмыстарының кейбір нәтижелерін қайта тексеру мен нақтылау өткізілді. Зерттеу жұмыстары теориялық жағынан қорытындыланып, тәжірибелік ұсыныстар қалыптастырылды.
Зерттеу жұмыстарының өткізілген орындары: Түлкібас ауданы, А. С. Пушкин атындағы мектеп, Түлкібас станциясы, Щевцова атындағы мектеп, Мичурина елді мекені, Ю. Гагарин атындағы мектеп, Шымкент қаласы, Ю. М. Лермонтов атындағы мектеп-гимназия, Ә. Навои атындағы мектеп.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадай деп есептейміз:
-ауызекі сөйлесу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру деңгейіне байланысты оқыту жұмысының жайы және білім мен дағдыларын талдау жүйелі түрде алғашқы рет жүргізілді;
-5-6-сынып оқушылары үшін ауызекі сөйлесу тілін дамыту жұмысының жүйесі жасалып, көлемі айқындалды, оның негізінде бағдарлама мен оқытуды жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар берілді;
-мектепте ауызекі сөйлесу тілін дамыту жұмыстарының ғылыми-теориялық негіздері, ұстанымдары анықталды;
-ауызекі сөйлесу тілін ұстарту жұмыстарының қатысымдық әрекет бағыты мен оның ауызекі сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын дамытудағы жүйесі нақтыланды;
-ауызекі тілді және фонетикалық, лексикалық, грамматикалық икемділіктерді дамытудың нәтижелі әдіс-тәсілдері белгіленді;
-тіл дамыту жұмысында жүргізілетін тәжірибелік және жаттығу жұмыстарының әдістемелік жүйесі жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі:
Жұмыста қарастырылған орыстілді оқушылардың қазақша сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әрекеті әдістеме ғылымының ғылыми - теориялық жағынан дамуына әсер етеді; тілдік қатынас мәселесін теориялық тұрғыдан жетілдіреді.
Орыстілді мектептегі оқушылардың қазақша сөйлесу әрекеті мен оның түрлерін оқыту тілді қатысымдық - танымдық тұрғыдан меңгерудің сапасын арттырып, әдістеме ілімін теориялық жағынан байытады.
Зерттеу еңбекте ұсынылып отырған ауызекі сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әрекетін дамыту әдістемесі оқулықтар мен әдістемелік құралдарды ғылыми - теориялық жағынан толықтырады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы сол, зерттеу жұмысының нәтижелерін ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда және осы сыныптардағы бағдарлама мен оқулықтарды жетілдіруге пайдалануға болады. Сондай-ақ оқушылардың тілін зерттеушілерге, тіл мен әдебиет пәні мұғалімдерінің білім жетілдіру барысында да пайдалануға мүмкіндік бар.
Қорғауға мынандай мәселелер ұсынылды:
-жаңа әлеуметтік және саяси экономикалық жағдайға байланысты қазақ тілін оқытудағы ауызекі сөйлесу тілін дамыту жұмыстарының құрылымы, мазмұны мен көлемі, міндеттеріне сәйкес тіл дамыту жұмыстарының ғылыми негіздерін, жүйесін, салаларын, тарауларын, түрлерін анықтау мәселелері;
-ауызекі сөйлесу тілінің ғылыми-теориялық негіздері;
-қатысымдық әрекет бағытында ауызекі сөйлесу тілін ұстарту жұмыстарының мазмұны;
-тіл дамыту жұмыстарының нәтижелі түрлері мен әдіс-тәсілдері;
-тіл дамыту жұмыстарын ауызекі сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі.
Диссертацияның құрылысы: зерттеу кіріспе, екі тарау, қорытынды мен әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Диссертация мазмұны бойынша барлығы 11: оның ішінде ЖАҚтың ұйғарымы бойынша 4 мақала, 3 халықаралық және республикалық конференцияларда және 4 ғылыми мақалалар жарияланған.
1. Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми - теориялық негіздері
1. 1. Оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың өзектілігі мен қазіргі кездегі оқытылу жайы
Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихы тұрақты қалыптасуы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілінің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне байланысты. 1990 жылдың маусым айында қабылданған “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” ана тіліміздің өркендеп, қанат жаюына жол ашты. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі берілуіне байланысты басқа ұлттардың өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі қазір ерекше орынға қойылып, қазақ тілі туралы бірнеше құжаттар қабылданды .
Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы “Жолдауында: Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет”, - делінген
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz