Оқытуда көрнекілік әдістер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Оқытуда көрнекілік әдістер
Оқытуда көрнекілік әдістер. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының
белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты
қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау
нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл
әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық,
ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді,
объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен
игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен
таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы
немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті
өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып
заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау
дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация
өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы
танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы,
двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті
жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың
технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып,
демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін
аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай
пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты;
заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде,
олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар,
суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен
қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге
келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар,
альбомдар, атластар т.б.
Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және
статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар
анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Географиялық карта,
диаграмма, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.
Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру
керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі
ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі –
иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-
ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты
түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды
техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.
Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде,
қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті
кеңінен атқарады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті
түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі
деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін
басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту
процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың
көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың
қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт
білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде
бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады.
Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті
өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының
қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам
процестерді бақылау,
-күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;
-түрлі іс- әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;
-шет тіл сабақтарында арнайы орта құру;
-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмір мен білім байланысын
бекіту, сабақтарда бейне құжатты қолдану; -тест өткізуді ұйымдастыру;
-алдын – ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
-сыныптағы эр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын
ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;
-оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру
жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін
қамтамасыз етеді.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей
байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар
нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім
оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін,
олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік
жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік
технологиясының рөлі

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де
мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің
қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда
мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны
оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары,
оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру,
бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын
мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және
жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін
қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған
әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық
технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы
тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен
қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе
технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай
білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық
құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі
атқара алады.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір
технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және
бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта
ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің
классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның
оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да,
тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын,
шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта
жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп,
осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік
туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі
компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен
жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық
түлік, сауда, киім, т.б.
Сөйлеу жұмыстары :
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен
сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң
диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз
жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог –
сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта
болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар
құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де
пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі
сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік
оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.

Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы
болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал
жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым
іс-әрекетімен ұштастыру;

Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін
дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты
жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-
грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін
ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып
табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-
визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады.
Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің
қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ
қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі
сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан,
оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан,
шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен
тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту,
сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп
беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру
үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан
грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық
құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы
шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде
талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық
адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде
ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола
білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра
алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл
үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекілік оқыту әдістерінің теориялық негіздері
Оқытуда көрнекі әдістер
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Оқытудың көрнекілік принциптері
Оқытудың ауызекі әдістері
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ
Пәндер