Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану

Бүгінгі қоғамада оқушының академиялық - энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктің қалыптаспағанын айғақтайды.

«Құзірет» термині қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағы, құзіреттер. (іс - әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады. Мұны былай көрсетуге болады:

- құзірет;

- білім, білік (әрекет), дағды әрекет;

- құзіреттілікер (игерілген іс - әрекет тәсілдері) ;

- өзін - өзі басқару;

- тұлға.

Құзіреттілік - оқушының іс - әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзіреттілігі әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:

  • проблеманың шешімін табу құзіреттілігі;
  • ақпараттық құзіреттілік;
  • коммуникативтік құзіреттілік;

Құзіретті адам - ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және топтарда (коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның көмегімен қажетті ақпаратты іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс - әрекеттерге қажет. Содан да олар негізгі құзіреттер деп аталады. Оқушы білімдік процестегі негізгі, құзіреттерге оны тәжірибеде тиімді қолданудың нәтижесінде қол жеткізіді. Негізгі құзіреттер іс - әрекеттен көрінеді.

  • оқытудың іс- әрекеттік сипаты, яғни оқитындарды қандай да бір іс - әрекетке араластырғанда: зерттеу, жобалау басшылық;
  • оқу процесін оқушы дербестігі мен өз іс - әрекетінің нәтижесіне деген жауапкершілікке бағдарлау;
  • өнімді топтың жұмысын ұйымдастыру; :
  • мұғалімнің құзіретті мінез - құлық танытуы.

Білім сапасын басқарудың технологиялары:

  1. оза оқыту технологиясы;
  2. дамыта оқыту технологиясы;
  3. белсенді оқыту технологиясы;
  4. деңгейлеп оқыту технологиясы;
  5. оқытуды ізгілендіру технологиясы;
  6. жеке тұлғаға бағдарланған технология;
  7. ойын технологиясы.

Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқушының сауатты оқуына, оқу материалын қабылдануына түсінуіне, ойын жүйелі жеткізуіне ықпал етеді. Сондай-ак өмір сүру жағдайларына икемделуіне тікелей ықпал ететін негізгі құзіреттіліктерін (ақпараттық, коммуникативтік, проблеманың шешімін табу) қалыптастыруға құрылған.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Проблеманы сәйкестендіру:

«Өзім тойдым», «Қомағайлық», «Қожанасыр мен ашқарақ» мәтіндеріне ортақ бір тақырып ойла. Осы мәтіндердегі айтылған оқиғаларды, өз үйіңдегі қонақ күту салтымен салыстырып әңгімеле.

Әрекетті жоспарлау және мақсат қою аспектісі : Нан туралы оқыған шығармаларыңды пайдаланып, нанның жасалу барысының сызбасын құрастыр.

Өзіндік қозғалысын бағалау аспектісі:

А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіне сүйене отырып, төмендегі сызбаны толтыр:

Менің бойымдағы жақсы қасиеттер
Менің бойымдағы жағымсыз қылықтар
Менің бойымдағы жақсы қасиеттер:
Менің бойымдағы жағымсыз қылықтар:

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Ақпараттық ізденісті жоспарлау аспектісі :

Төмендегі келтірілген мақалдардың мағынасы Ы. Алтынсаринның қандай әңгімесіне сәйкес келетінін белгіле:

1. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

2. Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі еді, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі еді.

3. Тазалық - денсаулық кепілі.

4. Білімдінің көзі ашық

Ы. Алтынсарин шығармалары: «Шеше мен бала», «Салақтық», «Қарабатыр», «Надандық».

Ақпаратты алғашқы өңдеу аспектісі:

Табиғатты қорғау мен табиғаттан қорғану тіркестерінің мағынасын түсіндір. Осы тіркестердің қайсысы аталған әңгіменің идеясын анықтайтынын айт және мәтін мазмұнына сүйеніп, пікіріңді дәлелде (Д. Қасеновтың «Найзағай» әңгімесі бойынша) .

Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Жазбаша қатынас :

Бозінген безілдеп ботасын іздеуде . . . Оның ботасын сатып жіберген кемпір мен шалға не айтар едің? Ойыңды қағазға түсір.

Диалог: Арыстан мен қозының өзара сөйлесу мәтінін құр (Леонардо да Винчидің «Арыстан мен қозы » әңгімесі бойынша) .

Өнімді топтық қатынас: «Емші қасқыр» ертегісі бойынша топқа бөлініп мынадай тапсырмаларды орындаңдар: 1-топ: лақ ақылды; 2-топ: Ақсақ тоқты ақылды; 3-топ: Ат ақылды.

Ертегі мазмұнына сүйеніп, әр топ өздерінің пікірлерін дәлелдесін.

«Математика» пәні бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар

1-тапсырма

Ерлан мен Әсия - ағайынды. Олар Ақтөбеде тұрады және жазғы демалыстарын Ақтөбе облысының Жарқамыс ауылында өткізуді жоспарлады. Әсия - 13 жаста, ал оның інісі - 8 жаста. Жарқамыста Ерлан мен Әсияның әжесі, атасы, ағасы мен апасы және Аққалқа деген кішкене сіңлілері тұрады.

Ата-анасы Ерлан мен Әсияның жолына 3500 теңге берді. Оларға баруға және қайтуға билет, туыстарының әрқайсысына бір-бірден сыйлық алу қажет.

«Сыйлықтар» дүкеніндегі бағалармен және қалааралық автобустардың билеттерінің құнымен танысып, шығындар кестесінің барлық ұяшықтарын толықтырыңыз.

Модельдік жауап:

Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге
1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Әсияның жолына кететін шығын 500 теңге-2 = 1000 теңге
1 балл: 1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Барлық жолға кететін шығындар 1700 теңге
1 балл: 1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Барлық сыйлықтардың құны 1800 теңгеден аспайды (Кішкене ақша қалса жауаптың балы төмендетілмейді)
1 балл: 1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Кесте толық толтырылған
1 балл: 1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Кестеде көрсетілген әрбір туыстың өз сыйлығы бар
1 балл: 1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Жасына және жынысына сәйкес келмейтін сыйлық үшін (галстук - әйелдерге, моншақ, төс әшекейі - ерлер үшін, конструктор, әткеншек - ересектерге, доп - ата немесе әжеге)
1 балл: -1 балл
Ерланның жолына кететін шығын 350 теңге-2 = 700 теңге: Ең жоғарғы балл
1 балл: 6 балл

«Қазақ тілі» пәні бойынша құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар

Фонетика

Білім алушылар хайуанаттар бағына саяхат жасады. Мұғалім осы көргендері бойынша қабырға газетіне мақала дайындау туралы тапсырма берді. Сен де төмендегі жоспарды басшылыққа алып, мақала жаз.

1. Хайуанаттар бағына саяхат.

2. Хайуанаттар бағындағы қызықтар.

3. Саяхаттың әсері.

Сөз және оның құрамы

1) «Қарға» сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, әлде құс па? Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді? Түрі, түсі жағынан қай құсқа ұқсайды? Қарға туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт.

Сөз таптары

Анаң сені дүкеннен шомыр сатып әкелуге жіберді. Сен бұл көкөністің атын жол-жөнекей ұмытып қалдың. Қайткен күнде де кері қайтпай, көкөністі сатып алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, түсі, дәмі қандай, одан не жасауға болады?

Мәтін

Наурыз мерекесі неліктен көктемде тойланады? сұрағына жауап бере отырып, пайымдау мәтінін құрастыр. Өзіңнің жазғаның мен досың жазған мәтінді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат.

Сөйлеу мәдениеті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Білімді беруді бақылау
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Іскерлік дағды қалыптастыруға арналған тілдік құрылымдар
Ағылшын тілі сабағын жоспарлау жайлы
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz