Оқыту технологиясын жаппай ендіру



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі
теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің
енуімен байланысты. А.С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық
поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық
логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған.
Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды
бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық
құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.
bВ.П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы
мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған.
Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық
іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция
бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып
табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына
жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің
қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К.
Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П.
Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады
және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және
менеджмент теорияларында бағаланады.
Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және
педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. “Педагогикалық
технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал
технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін
педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты,
педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала
жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы
шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай
көріністер былай анықталады:
өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың
әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері,
мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен
және шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне
жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс
белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық
технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы
орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің т ұлғасын
толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу
жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға
қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану
көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-
келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог
маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген
әсер ету. Н.Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана
тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық
еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан – бұл табиғи
және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды
сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы
деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық
технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін.
В.В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде
автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім
беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға
болады;
педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-
қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты
ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;
диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске
асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі
мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология
қарастырады;
педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен
өндірілуі қажет, ал 2-ші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған
қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар –
диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің
көрсеткіштері және инструментариялар, белгілі ұстанымдар.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста.
Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік.
Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын
педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды.
Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана
технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру
ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы
көрінеді.
Дидактикада өзара байланысқан жалпы және жеке технологияларды айыруға
болады, жалпыларға конструкциялау технологиясы жатады. Мысалы, қарым-
қатынас процесі және оны іске асыру; жеке бұл оқытудың, оқу іс-әрекетін
педагогикалық белсендіру, оқытудың қорытындыларын бақылау және бағалау,
және неғұрлым нақты – оқу жағдаятын талдау, сабақтың басталуын ұйымдастыру
және т.б. типтес міндеттерін шешу технологиясы.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда,
оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын
өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту
процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған
объективті бақылауын қажет етеді.
Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді трансформациялау,
іскерліктер мен дағдылар, проблемалық, бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік,
бейімдік, модульдік оқыту және т.б. технологиялары қолданылады.
Білім, білік және іскерліктерді трансформациялау технологиясы.
Мұндай технологиялдарда оқушылардың өндірістік іс-әрекетке мүғалім
тарапынан толық міндеттеме жүктеледі. Алғашқысына орындаушы ролі
қалдырылады.
Білім беру технологиясы келесі процедураларды қамтиды:
оқытушы тапсырмасының негізін, оның мақсатын, операцияларды орындау
сатыларын және қорытындысын түсіндіреді;
әрбір операцияны орындауды көрсетеді және оқушылардың зейінін белсендіреді;
әрбір операцияны қайта түсіндіреді, оқушыдан нені ұққанын, нені ұқпағанын
түсіндіру арқылы;
оқушы әрбір операцияны, нені орындап жатқанын дауыстап айтып орындауын
өтінеді;
оқушыға әрбір операцияны, педагогтің нұсқаулары бойынша орындауды ұсынады;
оқушылардың іс-әрекетіне баға береді және егер қажет болса жөндеулер
енгізеді;
оқ ушы операцияларды қате жібермегенше орындай береді;
оқушыны берілген жұмысты орындауымен мадақтайды.
Технология негізінде оқушыға суреттелген өнімді түрдегі берілген әрекетті
меңгеруді қамтамасыз ететін, орындаушы функцияларына бөлінген мұғалім іс-
әрекеттерді түсіндіру, операцияларды көрсету, оқушылардың оны орындауын
бағалау және жөндеумен байланысты.
Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясы.
П.Я. Гальперин теориясының негізінде пайда болған. Оны кезеңдер қатары
түрінде елестетуге болады.
1-ші кезең оқушылардың ынтасын белсендіруін анықтайды.
2-ші кезең іс-әрекеттің бақылау негізінің сызбанұсқасын түсіндірумен
байланысты. Оқушылар алдын-ала іс-әрекет мінездемесімен, оның өту
шарттарымен, бақылаушылық, орындаушылық іс-ңрекеттердің өтуімен танысады.
Іс-әрекеттер жалпылығының деңгейі, яғни оларды басқа шарттарға ауыстыру,
осы іс-әркеттерді бақылау негізінің толықтылығына байланысты. Осындай
негіздің 3 типін бөліп көрсетеді:
дайын түрде үлгімен беріледі, бақылаудың толық емес жүйесі, оперативті
орындау қажет (мысалы, оқыту техникасы элементтерін меңгеру);
дайын күйінде іс-әрекеттердің нақты бақылау негізінде берілуі;
іс-әрекеттердің бақылау негізі – жалпыланған түрде беріледі.
3-ші кезең – іс-әрекетті сыртқы пішінді орындау материалды немесе
материалданған, яғни кез-келген модель, сызба, схемалар және т.с.с.
көмегімен орындалады. Бұл іс-әрекеттер тек бағдарлық қана емес, сонымен
қатар орындаушылық және бақылаушылық функциялары. Бүл кезеңде оқушылардан
олар жасайтын операцияларды және олардың ерекшеліктерін айтқызу қажет.
4-ші кезең – “сыртқы” тілді анықтайды, мұнда іс-әрекет ары қарай тілдік
(ауызша немесе жазбаша) көрнекілеу және материалданған құралдардан бөлініп
алынған, жалпыламаға ұшырайды.
5-ші кезең – ішкі тілдік кезең, мұнда іс-әрекет ой пішінге ие болады.
Соңында 6-шы кезең іс-әрекетті ойлау жобасында орындаумен байланысты (іс-
ңрекетті интериозациялау).
Ойлау іс-ңрекетін кезеңдік қалыптастыру технологиясының жетістігі,
оқушылардың жекеше түрде жұмыс жасау жағдайын қалыптастыру, жңне оқу-
танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруын себептендіру.
Батыс философтары мен әлеументтанушыларының (К.Кларк, Ф. Махлуп, И. Масуда
жене т.б.) советтік және ресейлік (Б.М. Боголюбов, И.И. Маркел жене т.б.),
қазақстандық (Ж.М. Жусубалиева жене т.б.) ғалымдар жұмыстарын зерттей келе
тиімді оқыту технологиясының бірі деп, үлкен (ауқымды) гуманистік
мүмкіншілігі бар жаңа ақпараттық, оның ішінде оқытудың компьютерлік
технологиясын атауға болады.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік қолдауы
бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар.
1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік тапсырмалары бар
сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті, нәтиже);
2. Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;
3. Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық тапсырмаларды
және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет бағдарламалық құралдарды
анықтау.
Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын іске
асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар, нақтырақ айтсақ:
пәндік білім бағыттылығынан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін игеруге
ауысуы;
шешімі шоғырландырып ойлауды қажет ететін, вербальды және бейнелі
құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, кешенді мәселелерді шешуге
бағыттау;
оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс оперативті
бағалау мониторингін жетілдіру;оқушылардың іс-әрекетінің сабақтан тыс
нәтижелілігін бақылау үшін дәстүрлі жүйені толықтыратын оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін жоғарылататын
рейтингтік жүйені қолдану.
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.
Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы
нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек.
Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл
құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды
пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда
болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға
байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады”
мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал
дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында
техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту
технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты
өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты
дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның
маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ғымының
қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ғылымының мәні
түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.
Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дамыта оқыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Педагогика ғылымының қызметтері
Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Пәндер