Оқыту барысында ойлау процесін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.

1. Қызығушылықтың мәні, мазмұны

2. Оқыту барысында ойлау процесін дамыту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Оқыту - жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.

Оқыту теориясы мен тәжірбиесі дамуында жалпы заңдылықтарының бірі дидактикалық жүйелерінің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірбиесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:

1. Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту ( дәстүрлі) .

2. Проблемалы оқыту.

3. Бағдарламалы ( компьютерлік) оқыту.

1. Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады. Бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекілікткерді өзіне жатқызып отырады. Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.

Түсіндірмелі- иллюстрациялы оқытудың артықшылықтары:

  • Уақытты үнемдейді; .
  • Мұғаліммен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
  • Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
  • Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

-Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;

-Шәкірттердің өз бетінше ойлануына қажетті көңіл бөлінбеуі;

-Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі;

Проблемалық оқытудың өзі- бұл шығармашылық процесс: бейқалыпты ғылыми оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.

Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қойып, олардың шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді

  1. Қызығушылықтың мәні, мазмұны

Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И. М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен - бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы - оқыту үрдісінің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.

Г. Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастырудың формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған? белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары-белгілі бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.

Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың «дидактика» деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасап шығару болып табылады.

«Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының педагогикалық анықтамасы на тоқтала кетейік:

Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік - деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.

Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:

  • оқушыың саны мен құрамы
  • жұмыс орны
  • оқу жұмысының ұзақтығы

Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай:

Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.

Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.

Ғалым -педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:

  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді) ;
  • жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.
  • жеке топтық: топ мектепте жұмысістейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған) .
  • Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған, атауы Балланкастер жүйесі) .
  • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі - оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі) .
  • Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән) .
  • Американдық «Винетка- жоспар», «Грамле жоспар» және т. б.
  • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т. б)

Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А. Я. Коменскии болды.

Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.

2. Оқыту барысында ойлау процесін дамыту .

Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т. б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардық ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін қалыптастырып, он пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді. Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Осндай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың бірі «Аңдардың айтысы» деп аталды. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді талап етеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын жетілдіреді.

Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуна мүмкіндік туады. Мысалы: «Қоғи көп» ойынында қаздар тек қана кемпірдің «Олай болса сендердің біреуіңді алып қаламын» деген сөзінен соң ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты, тез бағдар табуы, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Ойлау және оқыту үрдісі
Ойлаудың сынилығы
Оқыту технологияларын сабақта пайдалану тиімділігі
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Шығармашылық қабілетті дамыту
Педагогикалық психологияның негізгі теориялары
Бастауыш сыныпта оқыту процесінде мұғалімнің дидактикалық қағидаларды қолдану теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz