Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Лабораториялық жұмыстың аты: Оқытудың белсенді әдістері.

Жоспар:

1. 1Оқып - білім алушының белсенді танымдық іс - әрекеті оқытудың психологиялық негізі ретінде

1. 2 Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал жабдықтар:

1. Плакат,

2. Карточкалар

3. Тесттер

4. Кесте сызбалары

Жұмыстың мақсаты: Оқып білім алушылардың танымдық әрекетін аттыру, теориялық ғылыми мәліметтердің практикалық құндылықтарын ашу.

Зерттеу тақырыбының қажеттілігі : Болашақ мамандар оқып білім алушының танымдық әрекетін жан-жақты меңгере отырып, өз шеберліктерін шыңдай алады.

Перереквизиттер: философия, әлеуметтану, мәдениеттану, қазақстан тарихы, психология мамандығына кіріспе, жалпы психология, жалпы педагогика, психология тарихы, педагогика тарихы, психологияның зерттеу әдістері, пәндері.

Пастреквизиттер: педагогикалық психология, қарым - қатынас психология, іскерлік психология, басқару психология, практикалық, психология, экспериментальды психология.

Студенттер алдын - ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары: Дәріспен берілген теориялық мәліметтердің мәнін толық меңгеру.

Студенттердің алдын - ала меңгеріп келуге тиісті мәліметтері: Тақырып бойынша берілген сұрақтарды, СӨЖ. Реферат, тақырыптары туралы мәліметтерді.

Жұмысты орындау реті: 1. Мұғалім бүгінгі сабақты түсіндіре отырып, үйге берілген тапсырманы рет - ретімен сұрау.

  1. Оқып - білім алушының белсенді танымдық іс - әрекеті оқытудың психологиялық негізі ретінде.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Әдіс - бұл - тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға кызығушылык танытып, окушының акыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нарсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс - қимылдарды қайталауы, ақыл - ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

  • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері.
  • Мәселелі жағдайат тудыруға көмектесетін тәсілдер.
  • Оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер.
  • Жеке оқушылар арасындағы қарым - қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына шектеседі.

Оқыту қызметінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Танымдық белсенділік және танымдық дербестік оқушының танымдық іс-әрекет мотивациясын құрамдаушылары болып табылады деп батыл тұжырымдауға болады. Оқуға деген қызығушылықтың болмауы, немқұрайлылық, ал кейде баланың оқу сабақтарының қабылдамауы мен тіпті оларға теріс көз қарасы оқушының тек мұғалімнің еркінің орындалуына бағынышты болуға қабілетті тұлғаның позициясына қоятындығы белгілі. Сол себепті оқушылардың кейбір бөлігінде бастамашылсыздықтың, әрекеттегі өз бетінше жұмыс істей алмауы, неғұрлым күрделі, шығармашылық сипатқа ие тапсырмалардан қашқақтауға тырысу пайда болады. Сондықтан толыққанды оң оқу қалыптастыру оқытудың нәтижелілігін арттыратын қолданылмаған резервтердің бірі ретінде қарастырылады, ол бастауыш сынып оқушыларының оқу және тәрбие процесін көп жағынан жақсарту мүмкіндігін береді.

Психикалық процестердің айрықша ерекшеліктері баланың деңгейлі мүмкіндіктеріне ықпал етеді және оның қабылдаудың, жадының, ойлаудың, сезінулер мен эмоциялардың дамуына тәуелді профильдік бағдарын анықтайды. Бұдан шығатыны, оқыту процесіне жекелеу мен деңгейлік жіктелуді енгізу, сондай-ақ олардың жеке дамуының деңгейіне сәйкес келетін тапсырмаларды қолдануоқу процесіне қуаныш әкеледі, оқуға тұрақты қызығушылықты тудырады, сондай-ақ оқудың мотивациясын белсендіре түседі. Әрекетің барлығын жүйеге келтіреді, мазмұнның жүйесін анықтайды, танымдық міндеттер, оқушы жұмысының жүйесін, оның пәндік әрекеттерінің жүйесін анықтайды, ақырғы нәтижеге әкеледі.

Психологияны оқыту әдістемесінің осылайша құрылуы оқушыға қате пікір білдіру, тұжырымда да қате жіберуден қорықпау, құрдастарының айтқан дәйектерінің ықпалымен оны жөндеу мүмкіндігін береді, ал бұл жеке маңызды, мотивацияланған танымдық әрекеттің өзі. Оқушыларда оны ойлау, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау дамиды, оқуға деген жоғары деңгейін анықтайды.

Оқушысының танымдық іс-әркетке мотивациясын арттыру үшін біздің ойымызша, білімдерді игеру механизмін өзгерту қажет: жаңа білім оқушыларға дайын үлгі ретінде берілмейді, керісінше олармен дербес ізденіс әрекетінің барысында құралады.

Мұғалімнің жүйелі жетекшілігі - бастауыш сынып оқушысының танымдық іс-әркетінің үлкен игілігі. Дегенмен бұл «игілік» кері әсерін тигізіп әркеттің басты жетістігінің - оқушы өзінің тұлғасының белсенділігі мен дербестігінің жолында бөгет болуы мүмкін.

Таным процесінде олар назарын толығымен шоғырландырады, мұқият келеді, жаңамен танысу оларда қызығушылық, қуанышты тудырады, ал бұл сыртқы белсенділіктен көрініс табады. Проблемалық тапсырмаларды игерудің жоғарғы (төртінші және үшінші) деңгейі. Бұл балалар кітап оқығанды жақсы көреді, олардың сүйікті телехабарлары бар. Олар сыныптың қоғамдық өміріне белсене қатысады, белгілі бір үйірмеге, факультативке қатысады, жүйелі түрде және белгілі мақсатпен көркем шығармашылықпен айналысады, бос уақытын сүйікті пәнімен немесе іспен айналысу үшін пайдаланады.

1. 2 Психологияны оқыту әдістемесіңдегі оқытудың психологиялық теориясының негізгі тұжырымдамалары.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

Оқушылар сөзбен, кітаптан,, көрнекіліктен тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

М. А. Данилов, Б. П. Есепов дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі-дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттер мен сәйкестендірілген.

И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

Оқытушының басшылығы мен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл - ой белсенділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейед, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөлді.

М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін ірктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Бинарлық әдістер бір- бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін ( хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы т. б) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ, фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау т. б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады.

Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, онда оқыту әдісі ақпараттық -

Сұрақтары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Оқыту процесінде болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекеттерін арттыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz