Оқытудың дидактикалық принциптері


Оқытудың дидактикалық принциптері.
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясын қарастыратын саласы. Дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту жайын зеріттейді. Демек дидактика юілім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің принциптерін белгілейді.
Дидактикалық принцип - оқу тәрбие ісінде басшылыққа алынытын педагогикалық қағида. Бұл қағида да оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі. Оқыту принциптері тәрбие мақсаттарына сәйкес келіп, онымен үйлесіп жатыуға тиіс. Дидактикалық принциптерде оқу программасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Дегенмен, оқу материалының түріне олардың өтілу кезеңдеріне қарай дидактикалық принцип ережелерін қолданудың ерекшеліктері болады. Мәселен, оқу мен грамматика қазақтілі пәнінің бөлімдеріне жата тұрсада, көрнекілік принциппі оларды оқытуға өзгеше қолданылады. Ана тілі сабақтарында түрлі сурет, фильмдер көрсетіледі, экскурсиялық бақалау материалдары пайдаланылады, мінерлеп оқуға маңызды орын беріледі т. б. Ал, грамматиканы оқытуда көбіне таблица, схема, карточка және кейбір техникалық құралдар қолданылады.
Енді дидактикалық принциптің жеке түрлерін оқыту процесінде басшылыққа алу мәселесіне қысқаша тоқталайық.
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципті оқушыларға білім беру, сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады. Бұл принципті жүзеге асыруда, басқа пәндерге қарағанда, ана тілінің мүмкіншілігі мол. Сондықтан да К. Д. Ушинский ана тілін ұлы педагок әрі ұстаз депжоғары бағалап, оны мектепте оқылатын пәндердің негізгісі деп көрсетеді. Ана тілі сабақтарының әр қайысын жүргізерде оқушыларды тәрбиелеу мқсатына айрықша көңіл бөледі. Демек, оқыта тұрып білім берсек, білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетінде орындап отырамыз. Сабақ процесіне балалар коллектившілдіке тәрбиеленеді, яғни кластың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміздеп санап, жауап кершілікпен қарап, оны тындыруға үлесін қосады. Осы бір кезеңнің өзінен ақ оқушының коллектившілдік, бірлесіп еңбек ету сияқты жақсы сапа-қасйеттері тәрбиелене түседі. Ал, грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін сөз не сөйлем сияқты материалдардың және ана тілі оқу сабағының әралуан текстерінің идеялық, көрекемдік әрі ғылыми мазмұн-мәндері арқылы оқушылар адамгершілік, достық, жолдастық, патриоттық, қырағылық, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді.
Дидактикалық принциптің бірі - оқу материалын саналы меңгеру принципі . Білімді саналы меңгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере алады. Егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп түсінбесе, әр алуан ереже, заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып, дұрыс қолдана білмесе, онда ол білімді формальды түрде үстіртін ұғынғанға жатады. Себебі ондай білім саналы меңгерген білім емес, тек ереже, заңдылықтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау жолымен қабылданған білім болып табылады.
Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы әдеттенген шәкірт сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын қойып, ақыл-ойын іске қосып қажырлы еңбектенеді. Саналылық принципі дегннді осылайша түсінуге болады. Ал, оқушылардың жоғарыдай көп еңбек сіңіріп меңгерген білімінің саналы болмай шығуы да ықтимал. Осындай жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігінен немесе методикалық кемшілігінен басталады. Оған мұғалімнің жеке басындағы кемшіліктер де ықпал етеді. Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін міселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей, өзінің айтқанының бәрін ешқандай шүбә тудырмайтын бірден-бір дұрыс түсінік деп қабылдауға әдеттендірсе, онда оқушылардың формальды түрде білім алуға мәжбүр еткені. Мұғалімнің методикалық ұстамсыздығы балаларды теориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді. Сөйтіп мұғалімнің теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып алады.
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерілуі арасында принципрі үйлесімділік бар. Бастауыш класс оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрлысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы. әрі берік меңгеріледі. Бұл жұмыс ерте басталады. «Білім негізі-бастауышта» деп орынды айтылып жүр. Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. Дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінің өзінде-ақ басталады. Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауын да, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағұлмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда: «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта фонетика саласынан дыбыс туралы білім бергенде де негізге алынады. Одан әрі, жоғары оқу орны программасы бойынша фонема туралы терең берілгендн де сол әліппе кезеңіндегі бастапқы мағұлмат кәдеге асады. Айталық, әліппе кезкңінде сөздің құрамындағы дыбыс саны көбейсе не азайса, сөз мағынасы түрленетіні үйретіледі. Осы кезеңде дыбыста мағына бар деген ереже айтылмаса да ол практикалық тәсілмен балаға аңғартылады.
Түсініктілік принципі білім мазмұнына мәні дәл анықталған материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен терминдерді пайдалануды көздейді. Түсініктілік принципінде оқу материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі. Сабақты ұйымдастыру принципінде бұл жағдайлар ескеріліп, оқушылардың әрі дұрыс, әрі жеңіл түсінік алу үшін тимді әдістер қолданылады. Бірақ программалық материалды жеңілдетемін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін өтуге болмайды. Бастауыш клас оқушылары қазақ тілін теориялық материалын бақылау, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда меңгереді. Сондықтан теориялық білім мен практикалық дағдының арақатынасы ескеріледі. Теориялық білімнің көп берілуі бастауыш клас оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіреді. Дегенмен оқу процесінде оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйретіп отырса, дидактикалық ережелерді дұрыс қолдану арқылы оларға программа талабына лайық теориялық білімді еркін меңгертуге әбден болады.
Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқуды айтады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.
Көрнекілік заттық, бейнелі, символдық болып үш түрге бөлінеді. Бастауыш кластарда, көбіне, заттық, бейнелі көрнекілік қолданылады. Ана тілі пәндері үшін символды көрнекіліктің ішінде таблица кеңінен қолданылады. Көрнекі құралдың қандай түрін болсада, мұғалім пәнге, зеріттелетін тақырыпқа оны өтудің кезеңдеріне сәйкес пайдаланылады. Қазақ тілі сабақтарында балалар оқулықтағы түрлі иллюстрациялық материалдарды қарастырып, оларды талдау жолымен заттарды, құбылыстарды таниды. Әр тақырыптың белгілі бөлімдерін өткенде мұғалім өзі жасаған карточка, таблица, схема сияқты көрнекі құралдарды көрсетеді. Оқу процесінде қолданылатын көрнекілікті негізінен көру арқылы қабылданатын нақтылы бейнелер деп түсінеміз. Солай бола тұрғанымен, көрнекіліктің сөйлеу, есту сезімдері арқылы қабылданатынын ескерген жөн. Бұл ретте айқын сөйлеудің, нақышына келтіре оқудың өнегелік мәні зор. Ал, турасын айтсақ, тұрақты көрнекілік- клас тақтасы. Тақта бетінде, оқушылардың көз алдында жазылған үлгінің, сөзбен сөйлемге жасалған талдаудың оқушылар санасында берік сақталатыны сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz