ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетуі, қазақ
тілінің Мемлекеттік тіл құқығына ие болуы және Білім беру Заңының
қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап
етеді.
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңі кемеңгерлерін
оқыту, тәрбиелеу бесіктен баланың нәрсестелік шағынан басталып, ұдайы
үздіксіз даму барысында қалыптасатыны белгілі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде
мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш буынның алар орны ерекше. Оқыту мен
оқу әрекетінің тығыз байланыста болып, баланың ақыл ойының дамуында зор рол
атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл – ойдың дамуы, бүгінгі
күннің басты талабы. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың
негізгі кезеңі деп есептеледі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс - әрекетін
ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Логикалық ойлау дегеніміз не?
Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек
мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық
ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды ой –
пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады.
Біріншісі сатыда әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.
Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құрал әсер ету жоспарында басым
болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге
сүйенеді.
Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін
мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету
үшін ерекше қам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі
тапсырмалар көлемі ұлғая береді.
Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере үйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына
мүмкіндік туады. Сондықтан мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға
тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс
дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда
өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой
операцияларының дұрыс бұрыстығын тексеркізу, бір мәселенің өзін түрлі
жолдарымен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін
мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздырту – баланың
логикалық ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолы.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту жөнінде мәселелер қарастырылады. Ұсынылып отырған мәселенің
негізінде барлық сыныптарда логикалық ойлауды дамыту жүйесі анықталады.
Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру:
- талдау, жинақтау;
- салыстыру, жалпылау
- саралау
2. Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту:
- әртүрлі болжам пікір айта білу;
- мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.
3. Трансформация әрекетін жетілдіру. Заттарды бөліктері арқылы
құрастыру. Жаңа буын оқушығы оқушылардың логикалық ойлауын, қиялын
дамытуға сай жасақталған.
Оқушының ауызша көбірек сөйлейтін сабақтары логикалық ойлауға ықпалын
тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, сөздік қорын молайту мәтіннің
мазмұнын сюжетін ашуда адамгершілікке тәрбиелеу бір – бірімен ұштастырала
жүргізілген ғана нәтжиже бермек. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады. Оқушы
ойын жүйелі айта білуге бір – бірімен тікелей қарым – қатынас жасауға
дағдыландыруда ана тілі қазақ тілі пәндерінің ролі айырықша. Бастауыш сынып
оқушыларының сөздік қорын молайту мақсатында өзінің ой – пікірін, көргенін,
оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлемін.
Соған орай қазақ тілінен өткізілуін сабағымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Интерактивті оқыту әдістері
Жобалық оқыту технологиялары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер