Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары


"Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», -деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.
1. неге жер күнге құлап түспейді?
2. жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға С белгісіндегі есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.
11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым.
І деңгей бойынша есептер кодоскоп арқылы түсіндіріледі.
ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі
ІІІ-деңгей бойынша өмірден техникадан мысалдар келтіру.
ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді.
9 сыныпта «Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің С. П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю. Гагарин, Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын.
8 сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар.
І -деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл
IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. 20 балл. Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау: 1) оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді.
2) әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
ОРЫС ТIЛДI АУДИТОРИЯДА ҚАЗАҚ ТIЛIН ДИДАКТИКАЛЫҚ
БIРЛIКТЕРДI IРIЛЕНДIРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУ (ХИМИЯ МАМАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ)
Қазiргi таңда қоғамымыз жоғары оқу орнын тәмәмдаған жас мамандардан жаңа ортаға лайық, жаңа сұранымға сай бiлiмдi, бiлiктi болумен қатар мемлекеттiк тiлдi жете меңгерудi талап етуде. Мемлекеттiк тiлдi жетiк бiлу аз, сонымен бiрге болашақ мамандардың өз кәсiбiне қатысты лексиканы игерiп, оны өндiрiс, өнеркәсiп орындарында пайдаланып, тiлдiк қарым-қатынасты жүзеге асыруы да басты талаптар қатарына саналады. Бұл мәселенi шешу барысында әлемдегi бiлiм жүйесiнде оқу процесiн белсендiру, оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерi зерттелiнiп, қолданысқа енгiзiлуде. Осы орайда қазақ тiлiн орыс топтарында оқытып-үйретуде жаңа технологиялардың тәжiрибеге енгiзiлiп, пайдаланып жүргенi белгiлi. Мысалы: модульмен оқыту, даралап, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту және көптеген басқа түрлерi.
Қазақ тiлiн басқа ұлт өкiлдерiне химия мамандығына бағыттап оқытып-үйретудегi қолданылатын жаңаша технологиялардың бiрi - дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру (ДБI) .
ДБI технологиясы бойынша қазақ тiлiн мамандыққа бейiмдеп оқытудың басты мақсаты:
1. Қазақ тiл бiлiмiнiң студенттердiң интелектiсiн дамыту мен өзiн-өзi дамытуының басты шарты ретiндегi тұтастығына қол жеткiзу.
2. Пәндердiң бiрлiгi мен тұтастығын қамтамасыз ететiн тақырыптардың неғұрлым жетiлген жүйесiн жасау.
Дәстүрлi әдiс бойынша оқытушы студенттерге бiлiм игертуге қатысты материалдарды берiп, түсiндiрiп, олардың белгiлi амалдар бойынша дұрыс орындалуын талап етумен шектелетiн. Яғни, оқытушы студенттердiң бiлiм мазмұнын меңгертуде, олардың атқарушылық қызметiн ұйымдастыруды негiзгi мақсат деп есептеген. Сондықтан студенттер негiзiнде дайын бiлiмдi игерген.
Жаңа технология арқылы оқытуда мәселе берiлген тапсырманың дұрыс орындалуында ғана емес, ең бастысы, студенттердiң тапсырманың құрастырылуына мән берiп, оны түсiнуiнде. Ұсынылған тапсырманың мән-мағынасын түсiнген соң, студенттер соған ұқсас жаттығу түрлерiн орындауы қажет. Аталған тапсырмаларды орындау барысында студенттер бiршама жаттығады. Соның арқасында бастапқы тапсырманың күрделi түрiне көшуге мүмкiндiк алып, оны тәмамдаудың жолдарын қарастырып, шешiмiн табуға дағдыланады. Ең соңында алғашқыда берiлген тапсырмаға ұқсас түрiн студенттер өз бетiнше басқаша құрастырып, орындауы талап етiледi. Мұны схема түрiнде төмендегiдей көрсетуге болады:
Тапсырмалардың жоғарыдағыдай ұйымдастырылуының негiзгi мақсаты - жеке тұлғаның бiлiмдi игеруде өзiн-өзiн дамыту, оның шығармашылық қабiлеттiлiгiн арттыру, проблемалық сұрақтардың жауабын өздiгiнен шешуге талпындыру, өз ақыл-ой әрекетiнiң маңызын түсiнiп, қанағаттану сезiмiне бөлену қасиеттерiн жетiлдiру.
Iрiленген дидактикалық бiрлiктерге тән қасиет - ол бiлiм игерудiң жүйелiлiгi мен тұтастығын қамтамасыз етедi және бiлiмнiң студент жадысында ұзақ уақыт сақталуына игi әсер етiп, оның керек кезiнде еске жылдам түсуiне себiн тигiзедi.
ДБI ұғымы - жалпылама түсiнiк. Ол өзiне қарасты өзара бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың нақты белгiлерiмен ерекшеленедi. Олар төмендегiдей:
а) өзара байланысты бiртектес бiлiмдердi бiр мезгiлде және бiрге қарастыру;
ә) әңгiме құрастыру және сөйлеу процесiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету.
ДБI арқылы оқытуға арналған жаттығулардың негiзгi (формасы) пiшiнi көп компоненттi тапсырмалардан құралуға тиiс. Олар логикасы жағынан әр түрлi, ал психологиялық тұрғыдан қарағанда қайсiбiр бөлшектердiң тұтас бөлiктермен ұштастыра құралған жаттығулар жүйесi.
Қазақ тiлi сабағына қатысты көп компоненттi жаттығуды қарастыралық:
а) дайын жаттығуды орындау;
ә) жаттығудағы сөйлемдердi (хабарлы сөйлемдi сұраулы сөйлемдерге айналдыру немесе керiсiнше) ;
б) жоғарыда орындалған жаттығуларға ұқсас тапсырманы құрастыру;
в) жоғарыдағы құрастырылған және орындалған жаттығуларға ортақ кейбiр сөздердi пайдаланып сөйлем құрастыру;
г) жаңадан құрастырылған сөйлемдердiң болымсыз түрiн жазу.
Яғни, мұны схема арқылы былайша көрсетуге болады:
Бұл ретте алғашында iрiленген жаттығуда жоғарыда келтiрiлген варианттардың кейбiреуi ғана кiреуi мүмкiн. Iрiленген тапсырмаларды орындау барысында, олардың барлық құрама бөлiктерi бiрiздiлiк негiзiнде жүзеге асырылуы шарт (1 сабақтың шеңберiнде) . Ал егер сабақ уақыты тығыз болып, үлгермей қалған жағдайда тапсырманы үйде аяқтаған дұрыс. Өйткенi ДБI технологиясын сабақта пайдаланудың өзiндiк психологиялық ерекшелiктерi бар. Қазiргi заманғы ғылыми мәлiмет бойынша адаммен қабылданған кез-келген ақпарат жедел жадыда 10-15 минут тұрады да, одан соң ұзақ мерзiмдi жадыға "кетедi". Жедел жадыға бөлiген уақыт мөлшерi ақпараттың өңделуi мен түрлендiрудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылады. ДБI қолдану әдiсiнiң ерекшелiгi аталған жедел жадысы уақытын пайдаланып, студенттердiң барлық мүмкiндiгiн тiлдiк iс-әрекетке қажет бiлiм мен дағдыны қалыптастыруға жұмылдыру. Бұл ретте сөйлесiм әрекетiнiң барлық оқылым, тыңдалым, айтылым, тiлдесiм түрлерi қамтылады. Яғни iрiлендiру ұстамына негiзделген белгiлi бiр жаттығулар жиынтығы, олардың қатаң түрдегi бiрiздiлiкпен орындалуы студенттердiң қазақ тiлiнен алған бiлiмдерiн берiк және саналы түрде меңгерулерiне кепiлдiк бередi.
Жаңа технологияны қазақ тiлi сабағында қолданудың арқасында оқытушы мен тiл үйренушiлер еңбегiнiң бiршама жоғарылағандығын тәжiрибе нәтижесi көрсеттi. Мұның тағы бiр себебi мынада: ғалымдардың зерттеулерi бойынша iрiленген дидактикалық бiрлiктерге негiзделген оқыту технологиясы әрбiр студенттiң жоғары ми қабығындағы ойлау қабiлетiнiң орасан зор жасырын резервтерiн қозғап, оларды iске жұмылдырады. Ал осы аталған технология жүйесiн қолданбаған жағдайда, студенттердiң ойлау қабiлетiнiң мұндай жасырын резервтерiн пайдаланудың мүмкiн еместiгiн психолог-ғалымдар iс жүзiнде дәлелдеп көрсеткен [1] .
Қазақ тiлi сабағында мамандыққа баулып оқытудағы ДБI технологиясына тән әдiстерiнiң бiрi - түрi өзгертiлген (деформацияланған) тапсырмалар әдiсi. Мұндай тапсырмалар студенттер назарына ұсынылған кезде, олардың ойлау процестерi күрт өзгередi. Мысалы, жаттығудағы, сөйлемдегi кейбiр жетiспеген сөздердi iздеу барысында студенттердiң ойлау қабiлетi күшейiп, күрделенедi, сөйтiп қабiлеттiлiктiң дамуына әсер етiп, оны мазмұнды етедi. Түрi өзгертiлген тапсырмалар тiл үйренушiлердiң өздiгiнен және саналы түрде өзiн-өзi бақылау жасауларына жәрдемдеседi. Ал кәдiмгi жаттығуларды орындау барысында бақылау кезеңi әдейiлеп тексергенде ғана жүргiзiлетiнi белгiлi (тапсырманы орындау және оны тексеру) . Түрi өзгертiлген жаттығулар ақпараттық жағынан кәдiмгi тапсырмаларға қарағанда бiршама көлемдi болып келедi. Мәселен, бiр мысал жазылады. Осы мысалды орындауда оның бiрнеше варианттарын қолдану қажет етiледi. Ауызша айтып жеткiзу, жазбаша, сұхбат, монолог түрiнде және т. б., яғни, тiл үйренушiлердiң берiлген мысалды түрлендiре бiлу iскерлiгi дамытылады. Осыған байланысты студенттердiң кем дегенде бiр мезгiлде 3-4 тапсырманы орындауға мүмкiндiктерi болып, сабақ барысында iс-әрекеттiң белсендiлiгi арттырылады.
Дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру мәселесi ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап зерттелiнген. Бұл технологияны математика пәнiне қатысты ұзақ жылдар бойы зерделеген ғалым-академик П. Эрдниев: "Дидактикалық Бiрлiктердi Iрiлендiрудi логикасы жағынан әр түрлi элементтерден құралған, сонымен қатар ортақ ақпарға ие бола алатын қасиетi бар оқу процесiнiң бөлшегi" ретiнде қарастырады [1; 5] .
ДБI әдiсiн жалпы бiлiм беретiн мектеп жағдайында барлық пәндер үшiн қолданудың тиiмдi екендiгi дәлелденген. Зерттеушi-ғалымдар оның негiзгi артықшылығы мен ерекшелiгi - оқушылардың оқу ақпаратын iрiленген мазмұнда жинақы қабылдауында дейдi.
Аталмыш технологияны физика пәнiне байланысты оқытуда А. Н. Дахин былай дейдi: "Каждое учебное действие, как правило, предстваляет собой совокупность рассуждений, формул и контролирующих мероприятий. А это уже содержится в методике УДЕ. Именно поэтому мы взялись проектировать системно-деятельностное обучение, которое через целеполагание, а также формы и методы учебной работы привело бы школьников и студентов к обобщениям и систематизации физических знаний" [3; 68] .
А. А. Остапенко "Шоғырландырып оқыту технологиясын моделдеудiң теориялық негiздерi" атты ғылыми мақаласында дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру мақсаты оқу материалын қайта құруды қажет етедi дей келе, оның маңыздылығын төмендегiдей көрсетедi:
1. сделать знания, получаемые школьниками, более цельными.
2. Экономить учебное время.
3. Сделать работу учителя более творческой не только в плане овладения новыми приемами преподавания, но и как возможность по-своему видеть структуру содержания учебного материала.
"Бұл ДБI әдiсiнiң ойлау операцияларын толық қамтитынын, сонымен қатар оқушыларды шығармашылық жолмен оқытуда сапалы нәтиже беретiндiгiн, дамытушылық сипатта болатындығын көрсетедi" - деген тұжырым "Математика сабағында ДБI әдiсiн пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамыту" атты кандидаттық диссертацияда жасалынған [5] .
Сонымен бiрге автор аталған ДБI әдiсiне барлық тақырыптар үшiн үнемi жүргiзуге болмайды - дейдi. Оның себебiн былайша түсiндiредi: "Ұсынылған оқыту әдiсi мен репродуктивтi оқыту әдiсi ұласып келген жағдайда ғана оқыту процесi ғылыми-әдiстемелiк негiзде нақты нәтижеге қол жеткiзгендiктен, оны математика пәнiн оқытудың маңызды құрамдас бөлiгi деуге болады" [5; 29] .
Қорыта келе, ДБI технологиясының - қазiргi заман талабынан туып отырған оқытудың жаңаша жүйесi. Оның өзiне ғана тән ерекше белгiлерi, әдiстерi, ұстанымдары бар. Қазақ тiлiн орыс тiлдi аудиторияда дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру арқылы оқыту технологиясы - белгiлi бiр психологиялық, педагогикалық және әдiстемелiк ұстанымдарға негiзделген дидактикалық жүйе.
ДБI технологиясын қазақ тiлiн химия мамандығына бағыттап оқытудың маңызы зор. Өйткенi, бiр-бiрiмен байланысқан бiртектес бiлiмдi бiр мезгiлде және бiрге қарастыру барысында студенттердiң бiрiншiден, бiлiмдi бөлшектеп емес, тұтас қабылдауына мүмкiндiк бере отырып, уақыт үнемдеуге септеседi, екiншiден, iрiленген тапсырмалар жиынтығы қатаң түрде бiрiздiлiкпен орындалуы студенттердiң қазақ тiл бiлiмiн терең және саналы игерулерiне себепкер болады. Үшiншiден, iрiлендiрiлген тапсырмалар жүйесi студенттердiң өз бетiмен әрекет жасауына, ойын жетiлдiруге, белсендiлiкке, шығармашылыққа жетелейдi. Сөйтiп, Дидактикалық Бiрлiктердi Iрiлендiруге негiзделген оқу технологиясы бiлiм беру мен оны қабылдаудың императивтi-атқарушылық қызметiнен арылтып, сабақты жаңа, өзара ынтымақтастық қарым-қатынастық сипатта жүргiзуге мүмкiндiк туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Эрдниев П. М. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. - М. : Просвещение, 1986.
2. Остапенко А. А. Теоретические основы моделирования концентрированного обучения // Школьные технологии, N6. - 2002. - С. 3 - 25.
3. Дахин А. Н. Системно-деятельностное обучение как средство укрупнения дидактических единиц в курсе физики // Школьные технологии, N2. - 2003. - С. 3 - 25.
4. Эрдниев П. М., Эрдниев Б. П. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. - М. : Просвещение, 1992.
5. Жақыпбекова Г. Математика сабағында ДБI әдiсiн пайдаланып оқушылардың шығармашылық қабiлетiн дамыту // Кандидаттық диссертация. - Алматы, 2000. - 154 б.
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми -педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институт
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Ғылыми жетекшісі: Мұхамбетжанова С. Т., п. ғ. к., доцент, ББЖКБАРИ-ның
орталық меңгерушісі
Орындағандар: курс тындаушысы Нұрғазина Б. Қ., Павлодар қаласының
педегогикалық колледжінің информатика пән мұғалімі;
курс тындаушысы Абдикаримова Қ. Е., Қарағанды қаласының
білім жетілдіру институтының аға оқытушысы;
курс тындаушысы Каракушекова Ф. Н., Алматы облысы
мамандар білімін жетілдіру институты, әдіскер;
курс тындаушысы Мұқашкереева Ж. Ф., Атырау облысының
білім жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі.
Алматы, 2007
КІРІСПЕ
Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz