Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Орындаған: К-14- 1 тобының студенті
Зұлпыхар Айкүміс
Тексерген: ф.ғ.к., доцент Қалиева Қ.М.
Қарағанды 2015 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Сайрам ауданындағы қасиетті орындар және тарихи мәдени ескерткіштер
ә) Оңтүстік Қазақстанның тарихи ескерткіштері
б) Оңтүстік Қазақстанның әулие адамдары
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тынығуға, емделуге, альпинизммен, тау шаңғысы спортымен, аңшылықпен айналысуға өте қолайлы. Бүгінде туризм - Оңтүстік Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Облыста 802 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 530-ы арехологиялық, 44-і тарихи, 228-і сәулет өнерінің ескерткіштері. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандық телімі оның батысынан шығысына қарай жүргенде Шаштан (қазіргі Ташкент) Тұрбат өткелі арқылы Испиджабқа, Сайрамға апарады. Көне қаланың атауы күні бүгінге дейін сақталған. Шымкент іргесінде кент осылайша аталады, оның орталығында Жібек жолының аса ірі орталықтарының бірі болған ортағасырлық қаланың орны бар. Испиджабтан құлдарды, ақ кездемелер, қару-жарақ, семсер, мыс пен темір тасыған. Испиджабтан шыққан керуендер Шараб және Будухкет шаһарлары арқылы шығыстағы Таразға көш түзеген. Бүкіл Жібек жолының бойындағы керуен жолында Отырар мен Түркістан сияқты бай қалалар, сауда-қолөнер мекендері, керуен-сарайлар бой көтеріп, гүлденді.
Отырар - ежелгі атауы Фараб, Қазақстан аумағындағы көне қала. Ұлы ғұлама ғалым, екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері. VIII ғасырдан бастап Отырар Тарбанд атауымен белгілі болған. Бұл атауы ежелгі түркі жазбаларында кездеседі. Отырар шаһары Еуропа мен қытай арасындағы жолдарда орналасқан сауда орталығы болған (10-12 ғғ.). IX-X ғғ. Отырар гүлденген ірі қала, ғылымның орталығына айналды. Мұнда үлкен медреселер, мешіттер, ханакалар, кесенелер орналасқан. Қала қамал қабырғаларымен қоршалып, үш қақпасы болған. Бұл қалада бүкіл дүниежүзіне әйгілі ұлы Отырар кітапханасы болған. Қамал қабырғасының, қақпалары мен басқа құрылыстарының қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталды. Отырар шаһарының орнында ислам уағыздаушысы, діни мистик, Қ.А.Йасауидың ұстазы әрі рухани тәлімгері, XII ғасырда өмір сүрген Арыстан бабтың кесенесі бар. Кесене - XIV ғ. сәулет өнерінің мұрасы.
2001 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлем ежелгі Тұран бесігі, тарихы тағдыры Ахмет Йасауидың тағдырымен байланысты Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлады. Бүгінде Түркістан бүкіл мұсылман әлемінің, барша түркі тілдес халықтарының рухани орталығы, рухани мінәжат орны.
Суда жүзуді сүйетіндер үшін Оңтүстік Қазақстанда өзен жеткілікті. Олардың ең үлкендері - Сырдария, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөген өзендері. Өзен жағалауларын бойлаған сақырауқұлақ терушілер әрқашан жақсы олжадан кенде қалмайды. Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандары туризмнің ұйымдасқан және өз бетінше тауға жаяу шығу, салт атты және тағы басқа түрлерін, соның ішінде тынығудың бірқалыпты тыныштығын ұнататындар үшін қызықты. Төле би ауданының табиғи-климаттық жағдайлары мен орналасқан орны қысқы туризмге қолайлы. Мұнда жаңа шаңғы базасы мен арқанды жол салынған. Тынығу лагерьлері қайта құрылып, алуан түрлі қызмет көрсету құрылымдарының желісі дамытылуда.
Солтүстік Созақ ауданының дархан даласында өлкенің маржан көлі - Қызылкөл Қаратау бөктерінде көсіле орналасқан. Көл суының шипалы қасиеттері бар. Туристерді тынығып, шомылуға Шардара мен Бөген су қоймалары шақырады. Қаланың Тянь-Шань тауының сілемдеріне жақын орналасуы өңір тұрғындары мен қонақтарына таудың саумал ауасымен тыныстап, әр түрлі тау соқпақтарымен саяхаттап, аспанасты сұлулықты тамашалауға бірегей мүмкіндік береді. Саяхат бағдарлары Сайрам-су шатқалында көп. Сапар Альтекс кемпингінен басталады. Мұнда арнайы жабдықталған туристік үйшіктер мен шатыр тұрғызуға орайластырылған орындар бар. Кемпинг аумағында қайың сыпыртқысы, хош иісті майлар мен жалбыз шайы бар екі нағыз орыс моншасы жұмыс істейді. Ағаш моншада бусанып алып, таудың мұздай суына күмп беруге болады.
Қазығұрт тауының бөктерлерінде Ақбура әулие кесенесі, Атбұлақ Тесіктас киелі орны, сондай-ақ үңгірлер мен Қырық қыз тас мүсіндері бар. Теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан Қазығұрт шыңы да аңызбен ұштасқан. Қазақ халқы үшін ол Кавказдағы Арарат тауы сияқты қасиетті жер. Аңыз бойынша, Жер жүзін топан су басқанда бұл жерге әлемнің әр түкпіріндегі әр түрлі тау шыңдарына аялдаған Нұқ пайғамбардың кемесі келген екен. Оған қоса, Қазығұрттың екінші, анағұрлым көне атауы - Кеме қалған шың. Қазығұртты қазақ ақындары Абай мен Мағжан Жұмабаев жырлаған.
Облыс аумағында адамдарды емдеуге пайдаланылатын қайталанбас табиғи ресурстар бар. Оларға ең алдымен құрамы мен адам ағзасына әсері жағынан теңдесі жоқ минералды және ыстың (термальды) сулар жатады. Бүкіл әлемге әйгілі Сарыағаш суы көптеген дертке дауа. Минералды және ыстың (термальды) қайнарларды табиғат бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына шашыратып тастағандай. Олар қолданыстағы Сарыағаш шипажайында, Кентау қаласының оңтүстігіндегі ұңғымаларда, Қаратау бөктерлерінде, Шаға өзенінің көрікті аңғарларында, Ордабасы ауданының орталығына жақын орналасқан Темірлан ауылында және Манкент ауылында бар. Ақсу, Түлкібас ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауылының шипалы климаты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына шалдыққан адамдар үшін ерекше құнды.
Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды.
Алтын Бұлақ емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, Сарыағаш минералды су көздерінің тұсында орналасқан. Сарыағаш шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. Сарыағаш шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. Жансая шипажайы Сарыағаш курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. Көктерек Сарыағаш шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі - шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. Арман шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол - Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл - медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт.
Біркөлік емдеу-сауықтыру орны Төле би ауданының Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань сілемінің тарамдарында теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте, облыс орталығы Шымкент қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. Манкент шипажайы Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын қанағаттандыратын үш қабатты Ақ Жайық шипажайы 2008 жылдан бері емделушілерді қабылдайды.
Сайрам ауданындағы қасиетті орындар және тарихи
мәдени ескерткіштер
Қарашаш ана кесенесі
Қарашаш ана кесенесі - ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған.
Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі - Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды.
Қарашаш ана кесенесі - порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар.
Ішкі бөлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан жасалған панжар торымен жабылған. Құм тығырындағы едендер кірпіштен қаланған. Кесененің орталық бөлігінде мрамор тақтайшаларымен қапталған Қарашаш ананың бейіті орналасқан. Қарашаш ана мазарының жанында оның жақындары - Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа мен Дәуіт қожаның бейіттері орналасқан.
Ибраһим ата кесенесі
Ибраһим ата кесенесі - әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI - XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды.
Ибраһим ата - атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2 м, ал ұзындығы -- 8,25 м. Имарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған. 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Ұзақ уақыт бойы жолдың шетіндегі төбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 90-жылдары жолды 20 метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінді.
Сайрамдағы Кер Сақ Аб Сансыз Баба
-- Уа, Айқарақ Керей Хан!
Жүрегімді сыздатқан
Көңілім тола шерім бар!
Әруақтарды тербетіп
Сақ Абадан қозғасам!
Он Алты Барыстан жолың бар!
Алаш атты түбің бар!
Қазақ атты сүтің бар!
Алты Арыстан тараған,
Алдыңда қалың жұртың бар!
Төрт Алқа соғысын ұрандап,
Шұбырып келеді зұлымдар!
Қаптаған мынау зұлымдарға
Лашын құстай түйіліп,
Бүркіттей бүріп желкеден,
Қыран құсындай қоныңдар!
Көкжалдай орап алды-артын,
Барыстай жарып ортасын,
Ескендір есінен танғандай,
Қансуарлап ұрандап,
Қазақтың көтеріп байрағын
Жойқын Дарияға салыңдар!
(Асан Қайғы)
Сайрамдағы Сансыз Баб -- деген сөзді қазіргі ел ішінде: Бұрын бұл жерде есепсіз, өте көп әулиелер өткен, немесе дін таратуға Арабиядан көп сақабалар келген деп ұғады. Бұл қате ұғым. Сансыз Баба -- деп, атының өзі айтып тұр. Бұрын Ата - Бабамыз Құдай Бір, Құдай Жалғыз! -- деген соң, мұндай атақты адам баласына бермеуге тырысқан. Оның ішінде әулие адамдарға, соның бірегейі Кер Сақ Аб Сансыз Баба. Бұл кісі санға кірмейді. Жер Жаһанды билеген, және осы Ұлы Далаға да билік жүргізген Пірауындарға: Сендер Құдай емессіңдер! Құдай көкте! -- деп, Жаратушы -- Тәңір - Құдай -- Алланың Бір, Жалғыз екенін алғаш таныған азамат. Кейінгі замандарда: Бір саны ғана Ұлы Жаратушы Көк Тәңіріне лайық, ал қалған сандар бұл Ұлы көсемге лайықсыз! -- деп, бабаларымыз оған Сансыз -- деген ат берген. Және бұл сөз: Сыңары жоқ! -- деген ұғымды да білдірген. Осы Кер Сақ Аб Сансыз Баба өзінен басқа Сақ тайпаларының он алты көсемін біріктіріп, Алқан ыдысқа білектерін тіліп өз қандарын құйдырып: Жүрегіміз де, жолымыз да бір! -- деп, Ант ішкен соң, айнала қоршаған халқы бұларды Он Алты Барыс! -- деп атайды.
Құдай жер бетінде! -- деп жүрген Пірауындарға (Фараондар) және оларға бағынып, одақтастары болып тұрған адам жегіш Арыстан -- деп аталатын тайпаларға қарсы Он Алты Барыс алғаш рет соғыс ашып, Қазығұрт пен Алтайдың, және Тобыл мен Жойқындария (Әмудария) арасын азат етеді. Бұл Ұлы майданда Сақ бабаларымыздың 10 тайпасы көсемдерімен бірге қырылып кетеді.
Кейін Алаш Қаһан бүкіл Жалпақтұмсықты (Евразия құрылығы) олардан тазалап, адам бармас Сахараға дейін қуып барады. Алаш Қаһанның қос егіз ұлдары Қазақ пен Созақ Қаһандар Ұлы Бабаларының бұл ұлы істерін жалғастырып, Жұмыр Жер Жаһанды Пірауындар мен адам жейтін тайпалардан тазартады.
Әлиасқардың түсініктеме-баяны:
Ата - Бабаларымыз өте атақты ірі тұлғаларға, оның ішінде осындай әулие бабаларға, бірдің орнына Пір, Сансыз, яғни санға жатпайды -- деп, Жеке, Жекен - деген сияқты атақ берген. Жалғыз -- деген сөзді жетімге, батырға берген. Жетімнің көз жасы көп, құдайдың сағыры, өзі жылап өтсін, бірақ елге бермесін! - деген. Батырда кісінің қаны бар, өзімен кетсін! -- дегені. Батырдың атын мешіттерге берген. Мектепке, медреселерге беруге тиым салған. Себебі ондағы тәрбиеленген шәкірттер қанішерлік жолға түседі деген қауіп болған. Жалғыз -- деген атауды жерге, төбеге, т.б. жансыз тіршілікте кездесетін тұтынатын затқа береді. Бұрын Ұлы Бабаларымыз ұлдары немесе қыздары жалқы, яғни біреу болса, Жалғыз -- деп атауға тиым салған.
Сайрам су шатқалы
Біздің аумақтың ең тамаша шатқалдарының бірі - Сайрам-су. 2350 м биіктікте мұздан жасалған көл. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі. Сондық осы туралы аңызда бар. Ерте заманда биік тау бөктерінде адамдар тұрыпты. Осы тайпаның басшысының қызы кішкентай кезінен басқа елдің ханына атастырылады екен. Уақыт өте келе қыз өсіп, бойжете және әдемі, батыл болып өседі екен. Күндердің күнінде бойжеткен сол тайпадағы қойшы жігітке ғашық болып қалады. Екі жас әке - шешелерінен ырзашылығын сұрамақшы болады. Бірақ қыздыңәкесі қатты ашуланады. әкесі қыздан міндетін орындап, ханның жары болуын сұрайды. - Бұл мүмкін емес деп қыз шешім қабылдайды. Түннің бір уақытында жігіт пен бойжеткен өз ауылдарынан қашып кетеді. Қыздың әжесі өз батасын беріп, ашық жасыл жүзік және жылан жүздес білезік сыйға тартады. Сыйлықпен тек қиын жағдайда қолдансын деп бұйырады. Ұзаққа қашып үлгермеген балардың артынан әкесі қуып жетуге сәл қалғанда, қыз ашық-жасыл жүзігін шешіп лақтырған кезде көл пайда болады. Бойжеткен мен жігіт тағыда алыстап қашады, бірақ әкесі тағыда жетіп алады, сонда қашп құтыла алмайтыны білген екі жас шешім қабылдап шексіз дүниеде бірге боламыз деп сө беріп, қыз жылан тәрізді білезігін алдына лақтырады. Мұнда 8 тәріздес, яғни шексіз символы, көл пайда болады. Міне осыдан екі түсті көл пайда болған.
Қазы Байзави әулие-Сайрам қыстағынан Оңтүстік дарбазасынан шыға берісте, сол жағыңыздан өте ертеде салынған кесене көзге шалынады. Бұл Қазы Байзавидің бейіті үстіне орнатылған кесене. Оның өлшемдері: көлемі 7х9м, күмбездің биіктігі 11м. Кесене ішіндегі қабір Шығыс-Батыс түрінде жатқызылған. Бұл ғимарат ХІХ ғасыр ортасында тұрғызылған деген жорамал бар. Кесененің батыс және оңтүстік жағында кішігірім бастырмалар құрылған. Қазы Байзави кесенесінің республикалық маңызы бар. Үкімет тарапынан қорғауға алынған, үлкен зиярат орны. Оған иран, Ауғанстан, Түркия және Өзбекстаннан да зиярат жасаушылар келіп тұрады. Қазы Байзави туралы мынандай дерек бар. Бұл кісінің әулие бастағы есімі Ишан қожа болып табылады, ІХ ғасырда өмір сүрген. Қазір өз заманының көптеген ғылыми жетістіктерін оқып үйренген. Әсіресе Құран Кәрімді, Хадистерді жас кезінен-ақ біліп алған. Қаратөбе ауылы, Ю.Сареми көшесі нү. Аудан орталығынан 25км, жол жағдайы жақсы.
Сүзік ата - сайрамның оңтүстігінде төбешікте Сүзік атаның кесенесі бар. ХІІ-ХVI ғасырларда құрылған, көп уақыт өтті. Тарихи әсер арқасында бұзылған ХVІІІ ғасырда 27х27х5 см. күйдірілген қыштан соғылған кесене уақыт өтумен бұзылып кетті. 1996 жылы ел перзенттері - Анармат, Ергаш және олардың жора-жолдастары көмегімен әдемі кесене құрылды. Ұста Рысмет Тұрдыметов шеберлік өнерін паш етті. Ғимараттың көлемі 5х5,5 биіктігі 6,5. Зиярат орнына келушілер, Сүзік ата тарихымен айналысып, қызықтап жүргендер көп. Сүзік ата туралы Сайрам тарихында жазылуынша Сүзік атаның өз аты Мұстафақұлы Қожа болып, Ахмет Иссауидің қыз немересі делінген. Жас бала кезінде үлкен бабасының қасында маужырап момын болып ұялыңқырап келеді екен. Сол бойы ел Сүзік ата деп атаған. Сүзік ата оқымысты болып, Алланың әмірін, пайғамбардың жолын берік ұстаған. Намаз оқып, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, қажыға бару сияқты қарыздарды кідіріссіз орындағын. Ташкент қаласында да Сүзік ата кесенесі және мешіті бар. Бір зәулім көше әулие атымен аталады. Ташкенттіктер де Сайрамға келіп-кетіп тұрады. Қаратөбе ауылы, Аудан орталығынан 4км жол жағдайы жақсы.
Ақ ата баба кесенесі. Оның шын аты-жөні Шахабиддин Исфиджаби болып, халық арасында Ақ ата есімімен белгілі. Х-ХІ ғасырлар аралығында өмір сүріп, өз заманының ғұламаларының бірі болған. Бұл кесененің көлемі 4х5м, биіктігі 5х5м. Имандылыққа шақырған ғұлама ұстаз. Ол кісі Қожа Ахмет Иссауидің бірінші мұғалімі-ұстазы. Сайрам ауылы, Ақ ата баба көшесі, Аудан орталығына 20км, жол жағдайы жақсы.
Қыдыр мешіт мұнарасы. Қыдыр мешіт мұнарасы Сайрам туралы жазылған тарих кітапшада мешіт, мұнара және жер асты жолы Султан Мансур патшалық қылған кезде ХІ ғасырда құрылған, мешіт бұзылған. Жер асты жолының біраз жерін басып қалған. Мұнара 1948 жылы жер сілкінгенде біраз қиралған. Сайрам ауылы Ә.Темір көшесі, аудан орталығынан 20км, жол жағдайы жақсы.
Мариям ана кесенесі. Сайрам орталығынан шығысқа қарай жүрсеңіз Бибі Мариям кесенесі, Мариям ана қабырстаны бар. Жұртшылық осы кесенеге зиярат етіп, өз мұқтаждықтарын айтып тілейді. Кейбіреулер Мариям ананы Иса пайғамбардың шешесі деп жүреді. ХІV ғасырдың аяғында орыс шиновниктері Исаның шешесі деп бұл жерге кесене құрған. Бұл кесене 30 жылда бұзылып қалған. Қазір Мариям анаға Сайрам ауылының тұрғыны И.Маккамбаев өз қаржысы есебінен кесене құрған. Сайрам ауылы Ә.Темір көшесі, аудан орталығынан 22,5 км, жол жағдайы жақсы.
Қожа салық кесенесі. Бұл кесене екі порталды күмбезді болып, көлемі 6,7х5 м, биіктігі 7,7 м. ХVІІ ғасырда күйген қышпен соғылған. 2009 жылы қайта күрделі жөндеуден өткізілді. Сайрам ауылы Ә.Темір көшесі, аудан орталығынан 21 км, жол жағдайы жақсы.
Мірәлі баба кесенесі. Бұл кесене ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында тұрғызылған. Көлемі 9,8х6,4м. Күмбездің биіктігі 9м. Кесене төрт бұрышты портал-күмбез түрінде құрылған. Қабырғалары 27х27х5 мөлшеріндегі күйдірілген кірпішпен қаланған. Мірәлі баба өз дәуірінің жетік ғұламаларының бірі болған. Ол ислам дінін уағыздау, ел арасында тарату да көп істер атқарған. Сайрам ауылы Ә.Темір көшесі, аудан орталығынан 20 км, жол жағдайы жақсы.
Балегардан баба кесенесі. Кесене порталды үш күмбезді болып, ХІХ ғасырда құрылған. Мөлшері 11х6м, биіктігі 10 м кесене үш бөлмелі болып зиратхана, екі жанында қорхана. Бөлменің теріскейінде Балегардан баба қабыры, оңтүстігінде ол кісінің немересі Саид Қожахан таның қабірі. Жергілікті халық алла үшін пайғамбар жолында күрескен, ақыретті ойлап исламды жайға, сол жолда шейіт кеткен абдулазизбабты құрметтеп келеді. Рисалы кітапшада жазғандай, әулие ұлылығы, жала-бәлелерді қайтарушы Абдулазизбабты Балегардан баба деп құрмет тұтады. Сайрам ауылы Ю.Сареми көшесі, аудан орталығына 21км, жол жағдайы жақсы.
Махмутхан ата кесенесі. Ахмет Иссауидің үлкен бабасы Махмутхан атаға тіктелегн кесене уақыт өтуімен бұзылып кеткен. Т.Халмурадов бастауында көлемі 4х5м, биіктігі 7м ғимарат құрылған. Махмутхан ата Ибраһим Шейхтың әкесі, ол Х ғасырда өмір сүрген. Махмутхан ата оқымысты, көпке ақыл, ой берген ұстаз. Ислам өркениетінде өз орны бар. Сайрам ауылы, Ибрагим ата көшесі, аудан орталығына 21,5км, жол жағдайы жақсы.
Жуас баб, бабтардың ішінен кенже баб әулие, Құрлық ауылы, Жуас баб көшесі, аудан орталығынан 25 км, жол жағдай асфальт және тас жол.
Жаныс баба кесенесі, Қарамұрт ауылы, Полатов көшесі, Жаныс баба кесенесінің құрылысы 2003 жылы басталған, 2004 жыл қараша айында аяқталды. Кесененің биіктігі-33 м, төменгі іргетасының ені-12х12, орта белінің тұсы-8х8. Кесененің іші таза мрамардан, сырты гранит тасынан қаланған, кесеен құрылысына 47754,0 мың теңге қаржы жұмсалған. Кесененің авторы белгілі сәулетші Асқар Әзімбаев. Аудан орталығынан 15км, жол жағдайы жақсы.
Қарауыл төбе Манкент ауылы, Қарауыл төбе көшесі. Бұл жерде Манкент халқы жау келген кезде Қарауыл төбе деп аталған жерде жау көрінген кезде от жағып, сақталған. Аудан орталығынан 3км, жол жағдайы жақсы.
Белгісіз жауынгер ескерткіш, Сайрам ауылы Ю.Сареми көшесі. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер үшін құрылған ескерткіш. Ескеркіш халық күшімен құрылған. Аудан орталығынан 20 км, жол жағдайы жақсы.
Сиқым баба ескерткіш ретінде орналасқан кесене. Аудан орталығынан 15 км, жол жағдайы жақсартылған кесене, Жібек-жолы ауылында орналасқан. Келешек ұрпаққа үлгі, өнеге болу үшін орнатылған.
Ханқорған төбесі Көлкент ауылында орналасқан. Қазақ ханы Абылайханның бекінісі болған деген тарихи дерек бар. Аудан орталығынан 28 км, жол жағдайы жақсы.
Мәртөбе төбесі Сайрам ауылында орналасқан. Мәртөбеде үш жүздің жиыны өткізіліп, "Жеті жарғы" заңы қабылданған. Аудан орталығынан 22 км, жол жағдайы жақсы.
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
Қысқаша мәлімет
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған. Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін. Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда (Рисолаи Сарем-Исфижоб және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.
Арыстанбаб туралы аңыздар
Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі:
Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,
Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын.
Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік.
Жылап айттым: ей бала, жас көдекпін білмеймін.
Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын.
Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін.
Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады.
Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды.
Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды.
Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты. Алпамыс жырының бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық Самарқанда сансыз баб, Бұқарадағы Баһауәдин Нақишбент молаларына зират қылады, және
"Түнейді үш күн Байбөрі
Әзіретті сұлтанға.
Түркістанда түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Бабалардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені Арыстан бап.
Әулие қоймай қыдырып,
Бабалардың бәрін қылды сап Әзірет Сұлтан қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында мынадай қызық мағұлмат бар: Арыстанбаб дүние салған соң, оның моласының басына екі құс - бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі шаманизміне жетелейді. Көне түркілер бұл аталған құстарды киелі деп санаған. Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған бала ғана аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі - қарға ет әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы деседі. Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: Біздің де қолымызға қарға тышар, Қарға тамырлы қазақ, Қарғам-ау деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. Қарғам, қарғашым, қарғатайым" деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Қанша балаң бар деп жауап қайтарған.
Құрылымы
Арыстан баб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстан бабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстанбаб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабыр үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстанбаб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстанбаб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІҮ ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстанбаб құрылыс кешеніндегі қабырғаналар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстанбаб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды. Арыстанбаб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде желкен деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең, һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3м. 90см., ені 1м. 30см., биіктігі 1м. 20см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашынбаб пен Қарғабаб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып келген. Лашын баб қабырының көлемі 1,63м х 0,92м., Қарғабабтікі 1,70м х 0,90м. Осы қабарханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м. Қабырханалар, дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В.Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар
Зерттелуі
Арыстан баб ескерткіші деп аталатын мазарлар басқа аймақтардың бірі - Қырғызстандағы Ош өңірінде. Бірақ қырғыздардың діни-нанымдарын зерттеген ғалым С.М.Абрамзонның пікірінше, жергілікті халық бұл жерде жерленген Арыстанбабты қалмақтарға қарсы соғысқан батыр деп таниды. Яғни Оштағы Арыстанбаб XYII-XVIII ғасырларда болған адам. Арыстанбаб қабірінің басына тұрғызылған ғимарат алғаш ғылыми әдебиетте 1898 ж.ж. И.Т.Пославскийдің Развалины города Отрара атты мақаласында аталады. 1903 жылы кесене түркістандық археология әуесқойлар үйірмесінің мүшесі А.Черкасовтың Отырар төбені көріп айтқаны жөніндегі есебінде аталып өтіледі. А.Черкасовты түкпір бөлмедегі Арсытанбабтың қабірі таң қалдырады: Надгробие Арстан - Баба такой же формы, как и остальные, покрыто куском белого коленкора и поражает своими размерами. Такого роста, по ловам шейха, достигал и сам святой.... А.Черкасовтың деректері кейінірек орыс-француз тілдерінде жарық көрген. И.А.Кастеньенің Древности Киргизской степи и Оренбургского края деген еңбегінде де қайталанады. Көп үзілістен кейін Арыстанбаб кесенесі жөніндегі ғылыми сипаттама 1950 ж. В.В.Константинованың Некоторые архитектурные памятники по среднему течению р.Сырдарьи деген мақаласында жарияланды. 1987 жылы Білім мен Еңбекте М.Сембиннің кесене жайлы мақаласы жарияланды. М.Сембин Арыстанбаб туралы мақаласында О.Дастановтың Әулиелі жерлер туралы шындық атты кітабындағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Арыстанбаб кесенесінің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы болған деген болатын. Ол өзінше бір қайта жырау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті...,- деген М.Әуезов сөздері Арыстанбаб сәулетшісіне толығымен тән.
XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
Әлемге танымал "Арыстан баб" мавзолейінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Идея авторы - белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған. Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде "Мәдени мұра" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Ахмет Ясауи кесенесі -- Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауидүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты - орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ мәртебелі қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның Диуани Хикмет (Даналық жайындағы кітап) атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
Темірдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz