Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОК 371. 13:371. 381 Қолжазба құқығында

Бакирова Гульмира Абильпатташовна

Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

13. 00. 08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды

Ғылыми жетекшілері:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор А. А. Қалыбекова

Ғылыми жетекшілері::
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ю. Н. Камалов
Ғылыми жетекшілері::
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова:
Ғылыми жетекшілері:: Ресми оппоненттері:
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова: педагогика ғылымдарының докторы, профессор К. М. Беркімбаев
Ғылыми жетекшілері::
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М. А. Айтбаева
Ғылыми жетекшілері::
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова:
Ғылыми жетекшілері:: Жетекші ұйым:
педагогика ғылымдарының докторы,профессор А. А. Қалыбекова: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылы «» сағат ___ М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 20. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, бас ғимарат, мәжіліс залы, 342 бөлме

Диссертациямен М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, бас ғимарат, 2 қабат)

Автореферат 2010 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы С. А. Жолдасбекова

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» мақсаты көзделіп, кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудың ақпараттық, дистанциялық интерактивтік технологияларын енгізу іс-шараларын қолға алу міндеттелген. Сондықтанда қазіргі қоғамымызда әрбір оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Мұндай нақты міндеттер жоғары оқу орындарында кәсіби маман даярлау үдерісінде иновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудың тиімділігін ескерсек, қарастырып отырған мәселенің өзекті екендігі байқалады.

Яғни, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беретін кәсіптік білім оқытушыларын инновациялық технологиялар негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Бүгінгі таңда осы бағытта бірқатар ғылыми еңбектер оқу үдерісінде орын алып отыр мысалы, Ресейлік ғалымдар П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және т. б.

Сондықтан бұл мәселе Қазақстандық ғалымдар Ш. М. Қаланова, Ж. А. Қараевтың, Ш. Т. Таубаева, Қ. Қ. Қабдықайыров, С. Н. Лактионова, М. М. Жанпейсованың, Ә. Жүнісбектің, Қ. М. Нағымжанова, Ж. Ж. Жаңабаев және т. б. зерттеулерінде оқытудың жаңа технологияларын жетілдіру бағытында жан-жақты қарастырылады.

Инновациялық үрдісті зерттеу барысында, жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі, жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горьунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. педагог ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Педагогикалық кадрларды даярлау сапасына және олардың психологиялық-педагогикалық қызметін жетілдіруге Ф. Н. Гоноболин, А. Г. Ковалев, К. К. Платонов, С. Н. Архангельский және т. б. еңбектерінде мән берілген. Оқытушы қызметінің психологиялық құрылымына, болашақ мұғалімдердің педагогикалық арнайы іскерлігін қалыптастыру жөніндегі мәселелерін А. Н. Щербакова, Н. В. Кузмина, И. Т. Огородников, О. А. Абдуллина, М. Құдайқұлов және т. б. еңбектерінде қарастырылып, жоғары оқу орнындарындағы педагогиканың әртүрлі аспектілеріне, арнайы педагогикалық шеберлікті қалыптастыру проблемаларына, пән мұғалімдерінің квалификациялық біліктіліктеріне мән берілген.

Кәсіптік білім оқытушысын даярлауды жетілдірудің әртүрлі аспектілері Ю. К. Васильев /политехникалық дайындық/, А. П. Сейтешев, О. Сыздықов, Б. К. Момынбаев, В. В. Егоров, К. Өстеміров, Н. Е. Жақсылықова /инженер-педагогтарды даярлау/, У. Н. Нышаналиев, К. А. Дүйсенбаев, М. Ж. Қозыбақов, С. А. Жолдасбекова /еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімінің кәсіби педагогикалық білімін/, Г. А. Уманов, Б. Әбдікәрімов /кәсіби-техникалық білімді/, Г. Т. Хайруллин, Ш. А. Шарапов, Е. А. Байдалинова, К. Ж. Қожақметова, А. Бегметов /оқушылардың еңбекке дайындығын/, Б. К. Белесов, В. А. Кочетова, К. К. Кенжеғалиев, К. В. Әзібаева /политехнизм сұрақтарын/, Н. К. Невзорова кәсіпке баулу үдерісінде оқытушылардың білімі және арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің даярламасын түзуді қарастырған. Арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жалпы орта білім беретін мектепте орта буын сыныптарындағы «Технология» пәні маңызды орын алады. Сондықтан, конструкторлық технологиялық жүйеде жасалынған конструкторлық-технологиялық білім беру проблемасын Э. Ф. Зеер, В. И. Качнев, Г. В. Кирия, А. Ш. Байтанаева, Л. А. Болотина, К. Иллиаш және т. б. зерттеген.

Болашақ оқытушылардың техникалық конструкциялау мәселесіне оқыту және оларда конструкторлық іскерліктерді қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар (М. П. Марчак, Б. В. Сименая және т. б. ) айналысты. Бұйымға эстетикалық көрініс беру қажеттігі туындағанда олар көркемдеп конструкциялауды техникалыққа қосымша ретінде қарастырады. Конструкторлық іс-әрекеттің психологиялық мәселелерін В. А. Моляко, Я. А. Пономарев және т. б. зерттеген.

Дегенмен, көрсетілген еңбектерде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы болашақ оқытушылардың арнайы іскерліктері мен дағдысын қалыптастырудың бағыттары әлі де болса өзінің толыққанды зерттелмегендігі анықталды: мысалы, бірғана Оңтүстік Қазақстан облысында 23 арнайы кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері жұмыс істеп онда 12209 жастарымыз кәсіби жұмысшы мамандығын алуда. Олардың 17-сінде 4120001- «Әмбебап тігінші» мамандығы бойынша 1765 жастарымызды кәсіпке дайындау үдерісі жүргізіледі. Дегенімен педагогика саласында осы бағытқа арналған ғылыми зерттеу жұмыстары яғни болашақ маманның арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындалған диссертациялық жұмыстар шектеулі екендігін байқатты. Олай болса қазіргі таңдағы білім беру саласында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бәсекеге қабілетті, білікті педагог мамандарды дайындаудың төмендегідей қарама-қайшылық байқалады: әлеуметтік орта сұранысына сай жастарымызды кәсіби еңбекке баулитын білікті педагог кадрларды жаңа инновациялық үрдістер негізінде дайындауды жетілдіру мәселесінің қажеттілігі мен бұл мәселенің әлі де шешімін таппағандығы; болашақ оқытушының кәсіби шеберлігіне арқау болатын арнайы іскерліктер мен дағдылар мазмұнын жүйелеу, оны инновациялық технология негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемелерінің педагогика іліміндегі зерттелмегендігі. Бұл мәселе біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды. Сондықтанда біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауды жөн көрдік.

Зерттеу нысаны: жоғарғы оқу орнында болашақ кәсіптік білім оқытушысын дайындау үдерісі

Зерттеу пәні: болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын инновациялық технология негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Зерттеу мақсаты: болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын инновациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: болашақ кәсіптік білім оқытушысының бойындағы арнайы іскерліктері мен дағдыларын инновациялық оқыту технологияларын пайдалану негізінде қалыптастырудың тиімділігі артады, егер:

  • инновациялық оқыту технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысын дайындаудың теориялық алғы шарттары негізделсе;
  • кәсіби шеберліктің негізін қалайтын арнайы іскерліктер мен дағдылардың мазмұны анықталса;
  • арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың құрылымдық моделі түзелсе;
  • болашақ оқытушының арнайы іскерлігі мен дағдысын оқытудың инновациялық технологиялары негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталса;
  • болашақ кәсіптік білім оқытушыларының арнайы іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар оқу үдерісіне енгізілсе. Өйткені бұл қазіргі күнгі педагогика іліміндегі өзекті мәселе.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • инновациялық технологиялар негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушыларының кәсіби шеберлігінің негізін құрайтын арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу;
  • болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау;
  • инновациялық оқыту технологиялары негізінде арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
  • кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелерді ұсыну және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент барысында тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы кәсіптік білім оқытушысын дайындау үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану оның арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімділігін арттырады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, инновация теориялары, табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтары; «инновациялық технологиялар», «арнайы дайындық» ұғымдарының мәнін толық ашып көрсететін және олардың іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық-психологиялық және философиялық тұжырымдары мен ұстанымдары саналады.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша басылым көрген ғылыми және педагогикалық әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға (050120-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу жоспарлары, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулары) теориялық-әдіснамалық талау жасау, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу) жүргізу, жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (мақала, баяндама, шығармашылық жұмыс) талдау жасау, педагогикалық эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдаудағы логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері, іс-әрекет нәтижесіне баға беру, деректерді статистика-лық өңдеу әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен ториялық маңыздылығы:

  • болашақ кәсіптік білім оқытушысының кәсіби шеберлігінің негізін құрайтын арнайы іскерлігі мен дағысын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;
  • болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық моделі түзіліп, оның компоненттері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
  • оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
  • кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелер мен бағдарламалар жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • 050120-Кәсіптік білім мамандығының «Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу» мамандану бағыты бойынша оқу жоспарына таңдау бағытындағы компоненті ретінде 3 кредит көлемінде «Матамен жұмыс» элективті курсы енгізілді;
  • оқу бағдарламасының мазмұнына сай инновациялық бағыттағы оқу әдістемелік кешені, электронды оқулық, кейс жинағы, бейне лекциялар, виртуалды лабораториялық жұмыстар жасалды.
  • зерттеу нәтижелері мен жасалынған қортындылар жоғарғы оқу орындарында мамандар даярлау жүйесінде қолданыс тапты.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты және типтік оқу бағдарламаларының мазмұнына сай болашақ кәсіптік білім оқытушыларының кәсіби шеберлігінің негізін құрайтын арнайы іскерліктер мен дағдылардың мазмұны.
  2. Болашақ кәсіптік білім оқытушыларының арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық моделі, оның компоненттері, көрсеткіштері негізінде жасалды.
  3. Инновациялық оқыту технологиялары негізінде арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
  4. Оқытушының арнайы іскерлігі мен дағдысын инновациялық технологиялар негізінде қалыптастырудың әдістемесі және бағдарламалар.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

1 кезеңде (2004-2006 ж. ж. ) - Педагогикалық теориядағы зерттеудің тұжырымдық негіздерін анықтау. 050120-Кәсіптік білім мамандығы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес түзілген типтік бағдарламасының мазмұнындағы арнайы іскерліктер мазмұнын және зерттеу жұмысының теориялық негізін анықтау. Айқындау экспериментін ұйымдастыру.

2 кезеңде (2006-2008 ж. ж. ) - Теориялық білім негізінде қалыптасатын арнайы іскерліктер мен дағдылардың құрылымдық моделі негізінде қалыптасатын арнайы педагогикалық шарттарды негіздеу. Инновациялық оқыту технологиясы негізінде арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру бойынша әдістемелер, бағдарламалар, элективті курс әзірлеу. Қалыптастыру эксперимент жүзеге асыру.

3 кезең (2008-2010 ж. ж. ) - 050120- «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша болашақ кәсіптік оқыту оқытушыларының кәсіби іс-әрекетінің зерттеліп отырған мәселеге байланысты дайындығын қалыптастырудың біздер ұсынған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатындағы тәжірибелі-эксперимент жұмыстарын қорытындылау, алынған нәтижелерді талдау, қажетті түзетулер енгізу.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің теориялық қағидаларға негізделуімен, ғылыми аппаратына мазмұнның сай болуымен, зерттеу тақырыбына байланысты теориялық және тәжірибелік материалдардың талдануымен, тәжірибелік эксперимент жұмысының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігі мен бастапқы және соңғы нәтижелердің дәлелде қортындылануы және ұсынылған бағдарламаның жоғары оқу орындарында жүргізілген эксперименттік жұмыстар нәтижесінде тиімділігінің дәлелденуімен, алынған зерттеу нәтижелерінің дәйектілігімен қамтамасыз етілген.

Зерттеу базасы: Эксперимент жұмыстары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде жүргізілді. Бақылау тобына (БТ) 193, эксперимент тобына (ЭТ) 191 студент қамтылды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге ендіру: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері «Жоғары кәсіби дайындық жүйесінде білім беру сапасын арттырудың қазіргі кезеңдегі мәселелері» (Шымкент, 2003), «ХХІ ғасырдың басындағы ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты даму проблемалары» (Шымкент, 2003), «Физика, математиканы және информатиканы инновациялық оқыту өзекті мәселелері және болашағы» (Шымкент, 2003), «Ауезов оқулары-7» (Шымкент, 2004), «Педагогикалық білім берудің актуалды проблемалары» (Шымкент, 2006), «М. Әуезов - жаңа дәуір данышпаны» (Шымкент, 2007), «Современная интеграция: культура, наука и технология» (Алматы, 2008), «М. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» (Шымкент, 2008), «Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері» (Шымкент, 2009) атты халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып; Республикалық басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалар жарияланып сынақтан өтті, кәсіптік білім мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары әзірленді, автордың дайындаған оқу құралдары, электронды оқулықтары, виртуальды лабораторялық жұмыстары мен элективті курс бағдарламасы іс-тәжірибеге ендірілді.

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейкестілігі негізделген, ғылыми аппараты (мақсаты, нысаны, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен ғылыми болжамы, теориялық-әдіснамалық негіздері, зерттеу кезеңдері, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы сипатталып, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар) берілді, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалған.

«Инновациялық оқыту технологиялары негізінде болашақ кәсіпке баулу мұғалімін дайындаудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда инновациялық оқыту технологиялары негізінде болашақ оқытушыны дайындаудың теориялық алғышарттары анықталып, кәсіптік білім оқытушысын дайындау үдерісіндегі арнайы іскерліктер мен дағдылардың мазмұны анықталды; онда «инновация» ұғымының және оның білім беру жүйесіне ену кезеңдері қарастырылып, педагог ғалымдардың түрлі көзқарастары жан-жақты сипатталынады; инновациялық негіздегі жаңа педагогикалық технологиялардың жетілдірілуі мен оны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану кезеңдеріне талдау жасалынады; 050120-«Кәсіптік білім» мамандығының білім беру стандартына талдау жасалынып, болашақ кәсіптік білім оқытушысының кәсіби шеберлігінің негізін қалайтын арнайы іскерліктер мен дағдылардың мазмұны іріктеліп, оның моделі түзілді; арнайы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың бес педагогикалық шарттары анықталып, олардың әрқайсысының алдымызға қойылған проблеманы шешудегі үлесі мен орны қарастырылады.

«Болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» атты диссертациялық жұмысымыздың екінші тарауында болашақ оқытушының арнайы дайындық үдерісінің негізгі құраушы (мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық) компоненттерін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары негізделді; болашақ оқытушының арнайы дайындығының негізін түзетін жалпытехникалық, технологиялық және бейіндік дайындық бағыттарының мазмұны анықталып, инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде арнайы дайындықты қалыптастырудың әдістері ұсынылып, жүйелі түрде мазмұндалады; болашақ оқытушының арнайы дайындығын жетілдіруге бағытталған элективті курс бағдарламасының мазмұны мен әдістемесі теориялық тұрғыда негізделеді; тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын-өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.

Соған сәйкес соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үдеріс-педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.

Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. Зерттеуіміз көрсетіп отырғандай, болашақ мамандарды дайындаудың бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субьективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар, жаңашыл-мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Дегенмен әлі күнге дейін инновациялық қызмет жайлы бірыңғай тұжырымдама, теория жасалды деп айту қиын.

Еліміздегі атаулы жоғарғы оқу орындарында жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негіздегі жүйеге түспеген, ғылым мен тәжірибе, кіріктірудің жайы жоғарғы оқу орындарында қанағаттанғысыз деңгейде. Олай дейтініміз, көптеген жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің берілуі мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс табуда. Ал инновация дегеніміз-белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Педагогикалық инновация-педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Педагогикалық жүйе құрылымы мақсат→мазмұн→форма→әдіс→ оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып үйрену→меңгеру→өмірге ендіру→дамыту.

Біздің ойымызша жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Қазақстан мектептеріндегі орта білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz