Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Үшiншi тарауда реформаның даму перспективалары туралы қарастылып, жүйенiң капитал рыногы және өндiрiспен арасындағы байланысына көз жүгiртiледi.
Қорытынды бөлiмiнде жұмыстан қорытынды шығарылып, осы жинақтаушы жүйенiң алдындағы мәселелерi мен оны шешу жолдары ұсынылады.

1ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСIН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi

Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа зейнетақы жүйесi жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстей бастады. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшудiң себебiне жауап берсек, ең алдымен, бұрынғы яғни "ынтымақтастық" жүйенiң механизмiн зерттейiк. "Ынтымақтастық" жүйесiнде зейнетақылар кәсiпорындардың өз қызметкерлерiне, жұмысшыларына төлеген зейнетақы жарнасы есебiнен төлендi. Бұл жүйеге келесi факторлар әсер етедi:
1) туу көрсеткiшi.
2) жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер санының арақатынасы.
3) өмiр сұру ұзақтығы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн экономикалық байланыстар үзiлiп, экономикалық дағдарыс басталды да жұмыссыздық күрт өстi, яғни жұмыс iстейтiндер саны азайып, зейнеткерлiк демалысқа шығуға құқысы бар адамдар өстi және еңбек ресурсының көбеюiне әсер ететiн туу көрсеткiшi де тым төмендеп кеттi. Бұл жұмыс iстейтiндер мен зейнеткерлер санының арақатынасына керi әсер еттi. Қазiргi кезде 1 зейнеткерлерге 1,7 жұмыс iстеушi келедi. "Ынтымақтастық" жүйесiнде зейнетақы үздiксiз берiлiп тұруы үшiн 1 зейнеткерге бiрнеше жұмысшы сәйкес келуi қажет және жарна уақытында бюджетке аударылуы тиiс. Ол жарналардың үзiлiсiне және оның аз мөлшерде түсуiне әкелiп зейнетақы қоры iс жүзiнде банкротқа ұшырады. Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң кризиске ұшырауының негiзгi себептерiн келтiрейiк.
а) халықтың қартаюы, туудың төмендеуi, жұмыссыздықтың көбеюi, жұмыс iстеушiлер мен зейнеткерлер арасындағы қатынастың төмендеуi. Бұл көрсеткiш қазiр 1 ге 1,7 болып табылып, әлiде төмендей түсуде.1
б) бюджеттiк емес қорларға аударылуы тиiс мiндеттi жарналардың жоғары болуы (жиынтық көлемi 32%-ке дейiн жететiн) және төлем байланыстарының жоқ болуы уақтылы төлемеуге, төлеуден жалтаруға, бюджеттiк емес қорларға беретiн есепте минимальды табысты көрсетуге, тiптi салық органдарында тiркелуден қашып, бiрақ та белсендi түрде жұмыс iстеуiне әкелiп соқтырды. Осыдан келiп мемлекеттiк зейнетақы қорына барлық кәсiпорындардың қарызы 35-40 миллиард теңгенi құрады. Төлемдердiң аз түсуiне байланысты декларацияда көрсетiлген табысқа, салықты көбейту қажеттiлiгi туындап, ол өз кезегiнде әлi де болса уақтылы төлеп жүрген кәсiпорындардың салықтан жалтаруына итермеледi.
в) зейнетақы жарналарын жеке тiркемеудiң жоқ болуы әркiмнiң өзiнiң кәрiлiгiн қамтамасыз етудегi ынтасын жойды.
г) бюджеттiк емес қорлар қаражатының жұмсалуын дұрыс қадағалау.
е) барлық облыстардың жергiлiктi түсiмдерден зейнетақы төлеу мүмкiндiгi бiрдей емес. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк жақтан қорғау Министрлiгi түсiмдердi қайта бөлу механизмiн жасады. Ай сайынғы жиналған жарналардың 30%-тi республикалық шотқа түседi. Министрлiк бұл шотта жиналған қаражатты тапшылық бар облыстар арасында бөлiстiредi. Облыс бойынша зейнетақы көлемiнiң әр түрлi болуы әдiлеттiкке жатпайды, және көп түсiм түсетiн облыстың жарналарды жинауға көп ынта көрсетпейдi, себебi артығы басқа облыстарға бөлiну үшiн кетедi.
ж) орталықсыздандыру әкiмшiлiк жұмыстардың қайталануына әкелдi. Аумақтық тұрғыда операцияларды министрлiктiң бөлiмшелерi жүргiзедi, ал екiншi жағынан барлық аумақтық бөлiмшелер әкiмге бағынады.
Мiне бiз жоғарыда көрсетiлген себептердiң нәтижесiнде ҚР-да зейнетақы жүйесiнiң нелiктен дағдарысқа ұшырағанын бiлдiк. Осымен ҚР жаңа жинақтаушы жүйеге көштi. Ал ендi жинақтаушы жүйенiң бұрынғы "ынтымақтастық" жүйемен арасындағы айырмашылығының артықшылығын қарап көрейiк.
Бiрiншiден "ынтымақтастық" жүйеде әртүрлi жеңiлдiктер көрсетiлiп, осыған байланысты бiреулер 60 жаста емес, одан ерте шығады, яғни бұл 60 жаста зейнетақыға шыққан адамнан гөрi көбiрек уақыт зейнетақы алады.
Екiншiден жұмыс iстейтiн адам еңбек стажының көп бөлiгiнде орташа жалақы алып, кейiн бiрден жоғары жалақы алып зейнетақыға шықса, оның зейнетақысы сол жоғары жалақының мөлшерiне сәйкес болады. Ал басқа адам көп жылдар жоғары жалақы алып, сол бойынша зейнетақыға шығады. Салыстырып қарасақ екеуiнiң зейнетақысы бiрдей, бiрақ соңғы адам алдыңғыға қарағанда көбiрек әлеуметтiк жарна аударды. Бұл әдiлеттiлiк деп айту қиын.
Үшiншiден. Екi адам бiр кәсiпорында жұмыс iстейдi, бiреу жоғары еңбек өнiмдiлiгiн көрсетсе, екiншiсiнiң еңбекке ынтасы аз. Бiрақ зейнетақы алар кезде олар бiрдей зейнетақы алады. Жинақтаушы жүйенiң осы жердегi бiр артықшылығы әр адам өзiнiң болашақ зейнетақысы үшiн өзi жауапты. Ол алатын зейнетақы мөлшерi жұмыс iстегенiне, тапқан табысына байланысты.
Төртiншiден. "Ынтымақтастық" жүйеде зейнетақы беру шегi, алушының қайтыс болуымен аяқталады. Бұл адам зейнетақыға шыққаннан кейiн, күтпеген жағдайларға байланысты ғана дүниеге кетсе, еңбек еткен кездегi аударған жарналары текке кеттi деген сөз. Ал жинақтаушы жүйеде өмiр бойы жинаған жарнасын, салымшы қайтыс болса, оның мұрагерi алады, яғни артындағы отбасы өз керегiнше пайдаланады.

1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі түрлері немесе әлемдік тәжірибе

Жалдамалы жұмыскерлерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру ХIХ ғасырдың соңында Германияда пайда болды. Қаттығы жөніндегі және мүгедектігі бойынша зейнетақы мен қамсыздандыру мәселелерімен арнайы сақтандыру органдары айналысты. Зейнетақымен қамсыздандырудың бұл түрінің қоры сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлердің тең үлесте төлеген жарналары есебінен қалыптасты.
Сақтандырылған адамдар тобын молынан қамтитын міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы заңдар Германиядан кейін Еуропаның басқа да елдерінде қабылданды. Алғашында олар өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру саласын, кейін сырқаттығына, қарттығына, мүгедектігіне және жұмыссыздығына байланысты зейнетақыларды қамтиды. Кейбір елдерде сақтандыру туралы жалпы заңдар қабылданды: жазатайым оқиғалардан және сырқаттығы бойынша (Ресейде), сырқаттығы мен мүгедектігі бойынша (Англияда).
Англияда 1911-1913 жылдары заң негізінде сырқаттығы және мүгедектігі бойынша бірлескен сақтандыру жүйесі жүзеге асырылды. Сақтандырылған адамдар үшін жарнаның бір бөлігін мемлекет төледі (ерлер үшін көбірек, ал әйелдер үшін - азырақ). Зейнетақыны сақтандыру қаражаты жәрдемақыға, зейнетақыға, дәрігерлік көмекке, дәрі дәрмектерге, санаториялық емделуге жұмсалатын болды.
Францияға 1911 жылы күшіне енгізілген заң негізінде қарттығы жөніндегі зейнетақымен қамтамасыздандырудың негізгі ерекшелігі ай сайын мемлекет тарапынан зейнетақыға 100 франк мөлшерінде қосымша төлем төленіп отырды. Ал сақтандыру жарналарын сақтандырылған адамдар мен кәсіпкерлік тең үлесте және тұрақты сомада төледі.
Швеция қарттығына және мүгедектігіне байланысты міндетті сақтандыру туралы заң 1913-1915 жылдары енгізілді. Зейнетақыны төлеу қоры сақтандырылған адамдар мен мемлекеттік көмек қаражаттары (субсидия) арқылы жиналды. Жарналардың мөлшері өте төмен және табыс сомасына тәуелді болды. Сақтандырылған адамдар жарнаны қауымдарға төледі, олар төлемнің уақтылы төленуін қадағалап отырды.3
АҚШ-та зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі Еуропа елдеріне қарағанда едәуір кеш басталды. Жазатайым оқиғалардан, жұмыссыздықтан және қарттығы жөніндегі сақтандыру жүйесін енгізу және оны кеңейту жұмыстарына ұзақ уақыт қажет болды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жүмыс орнында мертігіп, жарымжан болып қалуына байланысты өтемақы төлеу туралы заң кейбір штаттарда 1911 жылдан бастап енгізілді. Ал қарттығы жөніндегі сақтандыру туралы алғашқы федеральды заң 1920 жылы ғана қабылданды. Оның әрекеті тек федеральды заң органдардың қызметкерлерімен ғана шектелді. Соғыс ардагерлері де федеральды дәрежеде зейнетақы алды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезенде көптеген елдерде мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыру реформасы жүзеге асырылды. Мұндай реформаның мысалы ретінде ағылшын үкіметі 1946-1948 жылдары қабылдаған заң актілерін айтуға болады. Онда жалдамалы еңбектегі барлық тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерін, сонымен бірге жеке еңбек ететін тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру қаралды; оларға ең төменгі ұлттық стандарт дәрежесінде, тапқан табысына байланыссыз, тұрақты мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін белгіледі. Сондай-ақ ауралығына байланысты жәрдемақы мен жұмыссыздығына және қарттығы жөніндегі зейнетақы мөлшерінің арасындағы сәйкессіздікті жойды. Бұл сияқты реформалар қазіргі әлеуметтік қамтамасыздандыру, оның ішінде, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің негізгі базасын жасады.4
Чили зейнетақы жүйесi 1981 жылдан бастап реформалана бастады. Бұл ынтымақтастық жүйенiң рөлi төмендеп жеке жинақтаушы жүйенiң күшеюiмен сипатталады. Бұл елде әрбiр салымшы өзiнiң кәрiлiгiн өзi қамтамасыз етуге жауапты. Мемлекет тек ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ғана бере алады. Жинақтаушы жүйенi енгiзген кезде, чилилiктердiң бiздердiкi сияқты мемлекеттiк және жеке қорлардың арасында таңдауы болмады, олар тек зейнетақы қорларының Администраторы (АРР) деп аталатын жеке қорлар арасында таңдау жүргiздi. Ал кейбiр жағдайларға байланысты жинақтаушы жүйеге енбей қалғандар бұрынғы жүйеде қалды. Оның атынан қазiр зейнетақының қалыптастыру институты жұмыс iстейдi. Оның жұмыс iстеуi 2040 жылдарға дейiн созылуы мүмкiн. Бұнымен бiздегi мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығын салыстыруға болады.
Жаңа жүйеге енгендер бұрынғы жүйемен байланысын үзедi. Олар бұрынғы жүйеден "мойындау" бонусын алады да, оны сатуға немесе жинақтаушы жүйеге беруге құқы бар. Көпшiлiк жағдайларда олар жинақталған қаражаттарға қосылып, зейнетақы тағайындалғанда есептеледi. Бiздiң модельде, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн адамның 6 айдан кем емес еңбек стажы бар болса, онда ол еңбек стажына пропорциональды түрде ынтымақтастық жүйеден зейнетақы алуға құқылы. Зейнетақы қорларының администраторлары толық операторлар болып табылады. Олар зейнетақы жарналарын жинақтаумен бiрге, оларды қаржы құралдарына инвестициялаумен айналысады. Зейнетақы қорлары администраторының (ЗҚА) қызметiн ЗҚА Басқармасы қадағалайды. Бағалы қағаздар рыногi мен кастодиандарды қадағалауды Чили Орталық банкi iске асырады.
ЗҚА ең төменгi табыстылық бойынша талапты орындауы қажет. Егер ол талап орындалмаса, онда ол айырманы ЗҚА зейнетақы жинақтарының 1% арқылы құрылатын резервтi қор есебiнен толтыруы тиiс. Ал резервтi қордың қаражаты жетпесе, онда айырманы мемлекет жауып қор жұмыстан тоқтатады да, зейнетақы жинақтары басқа қорларға ауыстырылады. Зейнетақы активтерiн ЗҚА басқаратын болғандықтан, кастодиан бағалы қағаздардың есебi мен сақтауын жүргiзiп, оған зейнетақы жинақтарын орналастыруды қадағалау жүктеледi.
ЗҚА Басқармасында классификациялық комиссия құрылып, оған ЗҚА Басқармасы, банк және қаржы институттары басқармасы, сақтандыру компанияларының басқармасының өкiлдерi және ЗҚА-ның төрт сайланған өкiлi кiредi. Комиссия келесi қызметтердi жүзеге асырады:
-- зейнетақы қорларының қаржыларына алынған бағалы қағаздарды қолдайды немесе қабылдамайды, тәуекелiн анықтайды;
-- "Қозғалмайтын мүлiк және басқа бағалы қағаздар" бойынша акционерлiк қоғамның акциясын қабылдау процедурасын орнатады;
-- Халықаралық рыноктардағы классификацияланған бағалы қағаздармен салыстыру эквивалентiн орнатады, халықаралық классификация институттарының орнатқан классификациясын қабылдайды немесе қабылдамайды.
ЗҚА зейнетақы жарнасынан комиссиондық сыйақы алады. Оның мөлшерi орнатылмай, ол рынок бойынша анықталады. Орташа қалыптасқан сыйақы жалақыдан 3% көлемiнде.
2000 жылдың 1 қаңтарында Чили зейнетақы қорларының барлық зейнетақы активтерi $34,5 млрд құрады. 1999 жыл бойынша жылдың табыстылық көрсеткiшi 16,3% (инфляциядан жоғары). Ал жүйе iске асырылғаннан бергi зейнетақы активтерiнiң орташа жылдық табыстылығы 11,2%. 2000 жылдың 1 қаңтарында салымшылар саны 6096573 адамды құрады, оның iшiнде белсендi салымшылары 3252643 адам. Ал еркiн зейнетақы жүйесiнде 987959 шот болып, оның жалпы мiндеттi жарналарға қатысты үлесi 16,20%. Жинақталған ақша қаражаттары $220 млн.
Ал зейнетақының инвестициялық қоржынына келсек, ол мынадай:
-- 34,6% мемлекеттiк бағалы қағаздар
-- 18,3% компания акциялары
-- 33,7% банктегi депозиттер және қаржы институтының бағалы қағаздары
-- 13,4% шетелдiк бағалы қағаздар
Толығырақ тоқталсақ:
-- 30,01% Чили орталық банкiнiң нотасы
-- 16,10% банк депозиттерi
-- 15,10% кепiлдеме нотасы
-- 2,02% қаржы институтының облигациясы
-- 12,41% компания акциялары
-- 9,11% айнымалы табысты шетелдiк бағалы қағаздар
-- 4,31% орнатылған табысты шетелдiк бағалы қағаздар
-- 2,58% инвестициялық қорлардың акциялары.
-- 3,79% облигациялар
-- 3,58% қалыптандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру институтының облигациясы.
Зейнетақы жүйесiнде қызмет жасап отырған қорлар санына тоқталайық:
1980 жылы 12 қор тiркелiп жұмыс iстесе, 2000 жылдың 1 қаңтарына қарай қорлар саны 8 болды. Қорлар санының өсуi өзiнiң шарықтау шегiне 1993 жылы жетiп 22 қорды құрады.

1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi

ҚР үкiметi зейнетақы жүйесiнiң дағдарысқа соғылғанын аңғарып, оның себептерiне зерттеу жасай отырып, "ынтымақтастық" жүйенiң қызмет етуi жауап астында деп шештi. Осы және басқа да жағдайларға байланысты ҚР парламентi 1997 жылдың 20 маусымында "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңын қабылдады. Бұл заң бойынша зейнетақы жүйесi жинақтаушы принципiне негiзделедi.
Бiрақта "ынтымақтастық" жүйесi бiрден жойылып кетпей, ол 2040 жылдарға дейiн бiрге қызмет етедi. Себебi, Заң бойынша адамның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн ең кемiнде еңбек стажы 6 ай болса, онда ол орталықтан еңбек стажына пропорциональды түрде зейнетақы алуға құқысы бар. Жаңа заң бойынша зейнетақыға шығу жасы да ұлғайтылған, ерлерге 63 жасқа дейiн, ал әйелдерге 58 жасқа дейiн. Бiрақ бұл бiрден бола қоймайды, ол ақырын жүредi яғни:
Кесте 1.
Жылы, күні
ерлер
әйелдер
2001 жылдың 1 қаңтарда
61 жаста
56 жаста
2002 жылдың 1 шiлдеде
61,5 жаста
56,5 жаста
2003 жылдың 1 шiлдеде
62 жаста
57 жаста
2004 жылдың 1 шiлдеде
62,5 жаста
57,5 жаста
2005 жылдың 1 шiлдеде
63 жаста
58 жаста
Рынок ценных бумаг Казахстана. 1999 г
Сонымен бiрге орталықтан толық көлемде зейнетақы алуға құқысы бар:
а) ерлер -- егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 25 жылдан кем болмаса;
б) әйелдер -- егер 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы 20 жылдан кем болмаса.
Заң бойынша зейнетақы жарналарын жинау және салымшылармен жұмыс iстеумен айналысатын жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) болып табылады. Ал зейнетақы активтерiн басқару зейнетақы активтерiн басқарушы компанияға (ЗАБК) жүктеледi. Ал ақша қаражаттарын сақтау мен есебiн банк-кастодиан жүргiзу.7
Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) заң бойынша жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) ретiнде құрылады. МЕЖЗҚ-ның келесiдей түрлерi бар:
1) ашық
2) корпоративтi
Ашық қорлар кез келген салымшыдан жарна қабылдайды, ал корпоративтi қордың салымшысы болып, сол қордың құрылтайшылары немесе акционерлерiнiң жұмысшылары табыла алады.
Ашық қор құрылған кезде, құрылтайшылары тiкелей немесе жанама акция пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ. Iс-әрекет етуi кезiнде, өкiлеттi орган рұқсат берген жағдайлардан басқа кезде, құрылтайшылары тiкелей немесе жанама акция пакетiнiң 25%-нен астамын бақылауға құқығы жоқ. Заң бойынша зейнетақы жарналарын сақталуын қамтамасыз ету шараларын қарастырсақ, ол келесiдей:
1) ЖЗҚ-ң зейнетақы жарналарын жинау мен зейнетақы төлеу iс-әрекетiн лицензиялау;
2) ЗАБК-ң қызметiн лицензиялау;
3) Банк-кастодиан қызметiн лицензиялау;
4) ЗАБК-ң iс әрекетiне пруденциальды нормаларды орнату;
5) ЖЗҚ-ң iс әрекетiне сәйкес нормалар мен шектеулер қою арқылы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн реттеу жүргiзу;
6) ЗАБК мен ЖЗҚ-ң құрылтайшыларына, басшы мен қызметкерiне, тағы оның меншiктi капиталының көлемi мен құрамына талаптар қою;
7) Ақша қаражатының тек банк кастодианда сақтау талабы;
8) Зейнетақы жарналарын бiр-бiрiмен және банк-кастодианмен байланысы жоқ, ең кемiнде, үш банкiге депозитқа салу;
9) Меншiк капиталы мен зейнетақы активтерiнiң есебiн бөлек жүргiзу және олардың мақсатты орналастыруына бақылау жасау;
10) ЖЗҚ-ң зейнетақы активтерiн басқару қызметiн ЗАБК-ға беру;
11) Бағалы қағаздар рыногiн реттейтiн өкiлеттi органның ЗАБК-ң инвестициялық қызметiне, зейнетақы активтерiн орналастырғандағы тәуекелдi диверсификациялау және төмендету бойынша талаптар қою;
12) ЖЗҚ-ы алатын комиссиондық сыйақы мөлшерiне шектеу орнату;
13) ЖЗҚ-ң және ЗАБК-ң жылдық қаржы есебiне мiндеттi түрде аудиторлық тексеру жүргiзу;
14) ЖЗҚ мен ЗАБК-ң өкiлеттi мемлекеттiк органдар алдында күнделiктi қаржы және статистикалық есеп беру;
15) Салымшыға 1 жылда екiден астам емес рет бiр қордан екiншi қорға салымдарын аудару құқығы;
16) Салымшының таңдауы бойынша зейнетақы жарналарын толықтай немесе жартылай сақтандыру.8
Ендi әлеуметтiк жарналар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда қазiргi 26%-к әлеуметтiк жарнаның 10%-тi ЖЗҚ-ға аударылса, қалғаны зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталыққа (ЗТМО) түседi. Одан түскен жарналар қазiргi зейнеткерлердiң алдындағы қарызды жабу үшiн жұмсалады. 10% зейнетақы жарналарының Мемлекеттiк емес ЖЗҚ-на түсуi үшiн, зейнетақы шарты болуы шарт. Егер ол жоқ болса, зейнетақы жарналары МЖЗҚ-на аударылады.

2. ҚР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ

2.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі

Жинақтаушы зейнетақы қорлары тiкелей банк-кастодианмен байланысты қызмет атқарады. Банк -- кастодиан өзi қызмет көрсететiн ЖЗҚ-мен ешбiр байланысы жоқ болуы талабын ескерсек, онда ол тәуелсiз мүше рөлiн атқара отырып, ЗАБК-ң шешiмiн заңға қайшы деп табылса, орындамай қоюға құқы бар. Жалпы, банк-кастодиан өзiне сенiп тапсырылған зейнетақы қорының құнды қағаздары мен клиенттердiң ақшаларын жауапты сақтаушы және есебiн жүргiзушi ретiнде қызмет етедi. Бұдан бөлек, бұл банк басқарушы компанияның нұсқауымен қор биржасындағы саудаларға қатысып, қор активтерiн инвестицияға салады. Бiрақта Банк-кастодиан ЗАБК және ЖЗҚ-мен байланысы болмағандықтан, ол зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша тәуелсiз эксперт пен қадағалаушы болып табылады. Банк-кастодиан тек екiншi деңгей банктерi болуы мүмкiн. Кастодиандық iс-әрекет лицензияланады.
Банктың кастодиандық iс-әрекетiнен айналысуға құқығы болуы мүмкiн, егер оның жеке меншiк капиталы 1 млрд теңгеден кем емес және келесi банктiк операциялармен айналысуға ұлттық банктың лицензиясы бар болса.
а) заңды тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
б) жеке тұлғалардан депозитқа ақша қабылдау;
в) аударма операциясы: жеке және заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша ақша аудару;
г) сейфтiк операция: бағалы қағаздарды, клиенттердiң құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сейфтiк жәшiктердi, шкафтарды жалға беру.
Ұлттық банк кастодиандық iс-әрекет бойынша банкке келiсiм беру мүмкiн, егер ол:
а) халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы бойынша банктердiң бiрiншi тобына кiрсе және ҚР территориясында банктiк операциямен бір немесе одан да көп жыл айналысса және келесi шартты қанағаттандырса:
-- ұлттық банктiң нормативтi құқықтық актiлерi мен әрекет етiп жатқан заңмен жұмыс iстесе;
-- ұлттық банктың әртүрлi пруденциальды нормалары мен шектеулерiн өтiнiш беруден үш ай алдында орындаса;
б) клиенттерiнiң аударма және клирингтiк операциялары бойынша шағымы болмаса;
в) ұлттық банк берген орталықтанған кредит бойынша уақыты өткен қарызы болмаса;
г) штатында бағалы қағаздармен iс-әрекет етуге рұқсат квалификациялық куәлiгi бар ең кемiнде үш адамның болуы.10
Кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға ұлттық банктың келiсiмiн алуы үшiн, банк келесi құжаттарды дайындайды:
а) кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға келiсiм алуға өтiнiш;
б) кастодиандық iс-әрекеттi толықтай сипаттау:
-- банктың аты мен орналасқан орны, оның құқықтық-ұйымдық формасы, мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы мәлiмет;
-- жарияланған және төленген жарғылық капиталдың көлемi және оның құрылымы;
-- бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық iс-әрекет тәртiбi;
-- кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға тағайындайтын мамандардың квалификациялық куәлiгiнiң көшiрмесi;
-- кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға өкiлеттiк беретiн филиалдарының тiзiмi.
Ұлттық банктың келiсiмiн алғаннан кейiн банк Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаментқа лицензия алуға өтiнiш бередi. Ұлттық банктың берген келiсiмi, берген күннен бастап үш ай iшiнде жарамды, егер ол мерзiмде банк ұлттық комиссиядан лицензия ала алмаса, онда келiсiм өзiнiң заңды күшiн жояды.
Қазiр кастодиандық iс-әрекетпен айналысуға 12 банктың лицензиясы бар.
1. "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ;
2. "Еншiлес акционерлiк банк" АБN АМRО Банк Казахстан" ЖАҚ;
3. "Алматы Сауда-Қаржы Банкi" ААҚ;
4. "Казкоммерцбанк" ААҚ;
5. "Темiрбанк" ААҚ;
6. Ұлттық Банк;
7. "Евразиялық банк" ЖАҚ;
8. "Банк Туран Алем" ААҚ;
9. "Банк Каспийский" ААҚ;
10. "Банк Центр Кредит" АІІ;
11. Еншiлес банк "HSBC Банк Казахстан"

2.2 Қазіргі жағдайға талдау

Жинақталған зейнетақы жарналары инфляция мен девальвацияның әсерiне ұшырап, нақты құны төмендемес үшiн оны бағалы қағаздарға тиiмдi инвестициялау керек. Бұл iспен мамандары жеткiлiктi және тәжiрибесi бар компания шұғылданса, оң табыстарға жеткiзетiнi сөзсiз. Қазақстанда бұнымен зейнетақы активтерiн басқарушы компания (ЗАБК) шұғылданады. ЗАБК бағалы қағаздар рыногының маман қатысушысы және заңды тұлға болып табылады. Жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 80 млн. теңгеден кем болмауы тиiс. Компания мүлкi есебi басқаруға алған зейнетақы активтерiнен бөлек жүргiзiледi. Компанияның негiзгi қызметi заңда көрсетiлген шектеулер мен диверсификация нормаларын ескере отырып, зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға, инвестициялық табыс алу мақсатында орналастыру. Бұл қызмет түрi лицензияланатындықтан, оны алу үшiн қойылатын негiзгi талаптарға тоқталайық:
1) штатында ең кемiнде 3 категориялы квалификацияның куәлiкке ие үш маманның болуы. Соның iшiнде:
а) басқарушы қызметкерлер (тағайындау Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаментпен келiсуi қажет);
б) активтердi инвестицияның басқару бөлiмдерiнiң басшылары;
в) инвестициялық шешiмдердi қабылдау мен жүзеге асыруға қатысатын мамандар болуы тиiс.
2. ұйымдық-техника, компьютердiң, бағдарлама құралдары мен телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болуы.
3. Заңды тұлға құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын дәлелдеуi қажет.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды ұйымдастыратын iшкi ұйымдастырудың құжаттар болуы шарт.11
ЗАБК-ң инвестициялық iс-әрекетiн қадағалап, бақылайтын ҚР-ң Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаментың қолданатын бақылау нормаларын көрсетейiк:
1) пруденциальды норматив, яғни ЗАБК-ң меншiк капиталының ең төменгi мөлшерi 150 млн. теңгеден төмен болмауы тиiс.
2) ЗАБК-ң меншiк қаражатының жеткiлiктiлiк коэффициентi (ЗАБК-ң меншiк қаражатының зейнетақы және меншiктi активтерiнiң қосындысына қатысы). Бұл ЗАБК-ң өтiмдiлiгi төмен активтердi алып тастағандағы меншiк қаражаттарымен басқаруға алған зейнетақы активтерi, сонымен бiрге өзiнiң жеке активтi операцияларына жауап беру мүмкiндiгiн анықтау үшiн қолданылады.
3) ЗАБК-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiнiң әр қор үшiн реальды табысы (инфляцияға түзетiлген) келесi минимальды көрсеткiштерден кем болмауы тиiс жұмыс 12 жұмыс ай бойынша:
а) Сол уақыт мезгілінде қызмет етiп жатырған барлық ЗАБК-ң 21 реальды табысы мөлшерiнен;
б) барлық ЗАБК-ң реальды табысы минус екi проценттiк пункт. Егер сәйкес келмесе онда соңғысы жетiлген ақшаны өзi толтыруы қажет.
4. Бiр заңды тұлғаның бағалы қағаздарына, депозитiне, депозиттiк сертификаттарына инвестициялаудың максималды мөлшерi. Ол инвестициялық қоржынды диверсификациялау мен бiр заңды тұлғаға қатысты тәуекелдi азайту үшiн қолданылады.
5. Негiзгi құралдар мен басқалай материалды емес активтерге инвестицияның максималды мөлшерi. Ол негiзгi қорлар мен басқалай айналымнан тыс активтерге инвестицияның өзiндiк капиталға қатынасы арқылы анықталып, 0,25-тен жоғары болмауы тиiс. Бұл ЗАБК-ң меншiктi капиталының өтiмдiлiгi жоғары және өтiмдiлiгi төмен активтерге инвестицияны шектеу үшiн қолданылады.
в) Негiзгi және қосымша резервтi капитал. Негiзгi резервтi капитал өзiнiң мiндеттемесi уақтылы орындау үшiн болса, қосымша резервтi капитал зейнетақы активтерiн инвестицияда кеткен қателiктер есебiнен туған шығынның орнын толтыру үшiн қолданылады.12
ЗАБК-ң басқаруға алған зейнетақы активтерiн қандай бағалы қағаздарға инвестициялай алатынын қарайық. Қазiр ҚР-ң Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі департаменті бекiткен нормативтерi келесiдей:
1. Зейнетақы активтерiнiң 50% кем емес мөлшерi мемлекеттiк құнды қағаздарға салынуы тиiс. Осы арқылы тәуекелдi төмендету мақсаты қарастырылады
2. 40%-тен артық емес мөлшерi Қазақстан қор биржаларының "А" категориялы листингiне тiркелген корпоративтiк құнды қағаздарға.
3. 10%-н артық емес мөлшерi халықтың қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына
4. 40%-н артық емес мөлшерi банктерге депозитқа салыну мүмкiн және бiр банкке 10%-н аспайтын мөлшерде
5. Корпоративтiк құнды қағаздар бойынша қосымща шектеулер бар:
а) Зейнетақы активтерiнiң 5% аспайтын бөлiгi өте үлкен болып жоғарыдағы шектеу орындалмасы, компанияның жарғылық капиталының 5%-н аспайтын бөлiгiнiң акциясына инвестиция салынуы мүмкiн. Жоғарыдағы шектеулердiң бар мақсаты тәуекелдi төмендетiп, инвестициялық қаржыны диверсификациялау. Егер қандай да бiр акцияның құны төмендесе, ол қордың активтерiне күштi әсер етпейдi, себебi инвестиция жан-жаққа салынған. Бұнда мына мақалды айтып өткен орынды. Бар жұмыртқаны бiр карзинағае салма, карзина құласа бәрi де сынады.
Кей iстермен ЗАБК-ң айналысуына тиым салынған:
а) маржа бойынша мәмiле жүргiзу;
б) қайта сатып алу шарты бойынша бағалы қағаздар сату;
в) қысқа сату жүргiзу (келiсiм уақыты кезiнде инвестицияның қоржында жоқ бағалы қағазды сату мәмiлесi).
г) заем беруге
д) зейнетақы активтерiмен кепiлдемелi операция жүргiзу.
е) акциядан басқа бағалы қағаздар шығаруға
ж) гарантия немесе поручительство беру.
Зейнетақы активтерiн инвестициялауды басқаруға лицензиясы 8 ЗАБК-да бар. Олар келесiлер:
Кесте 2.

Түрлері
1
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
2
"Қазақстан халық банкiнiң зейнетақы активтерiн басқару бойынша компаниясы" ЖАҚ
3
ЖАҚ "Жетiсу" ЗАБК
4
ЖАҚ "ABN AMRO ASSET Management" ЗАБК
5
ЖАҚ "Ақ ниет" ЗАБК
6
ЖТАҚ "Актив-инвест" "Мемлекеттiк емес ЗАБК"
7
ЖАҚ "ВТА ASSET Management" ЗАБК
8
ЖАҚ "BESTINVEST" ЗАБК

Рынок ценных бумаг Казахстана. 2000 г
Жоғарыда көрсетiлген ЗАБК-ға тоқталып кетсек "МЖЗҚ" ЖАҚ-на 1999 жылдың 11 тамызында осы iс-әрекетпен өзiнiң айналысуына рұқсат берiлдi. Оған дейiн Ұлттық Банк ЗАБК-ң рөлiн атқарған болатын. 2001 жылдың 1 сәуiрiне қарай, ЗАБК-ң жарғылық капиталы 100000 мың тенге болды. Меншiктi капиталы 689851 мың теңгенi құрады. "МЖЗК" ЖАҚ-ң 1999 жылдың 1 қаңтарына қарай рыноктың үлесi 76,2% болса, 2000 жылдың 1 қаңтарына қарай 25,2% дейiн азайды, ал қазiр яғни 01.04.2002 мерзiмге оның үлесi 36,55%тi құрайды. Бұны "МЖЗҚ"-дан мемлекеттiк емес ЖЗҚ-ға салымшылардың кетуi және басқа ЖЗҚ-мен салыстырғанда табыстылықтың төмен болуымен түсiндiруге болады. 1999 жылы МЖЗҚ мемлекеттiк бағалы қағаздардың бiрiншi реттi рыногында iрi операторлардың бiрi болып табылды. лттық банктың, яғни МЖЗҚ-ң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарушы ретiнде саясаты ЗАБК-ң стратегиясынан өзгеше болды. ЗАБК-р ҚР-ң еврооблигацияларын белсендi түрде сатып алып жатқанда Ұлттық Банк Қаржы министерствасының теңгелiк қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн сатып алуды жүргiздi. 1999 жылдың 1 сәуiрiне қарай МЖВҚ-ң инвестициялық қоржынында еврооблигацияның үлесi 4.1%-тi құраса Мемлекеттiк емес ЖЗҚ-ң инвестициясының қоржынында 7,75,8% құрады ал қаржы министрының қысқа мерзiмдi бағалы қағаздарының үлесi сәйкесiнше 77,1% пен 10,8%-тi қүрады. лттық Банк мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер мен мемлекеттiк архаулы қазынаның мiндеттемелерiн де сатып алды, ал мемлекеттiк емес ЖЗҚ онда қатыспады. 1999 жылдың сәуiріндегi девальвацияда МЖЗҚ-ң зейнетақы активтерi төмендеп кетпеуi үшiн шұғыл түрде АВМЕКАМ-ға айырбастады. АВМКАМ-ң табыстылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Зейнетақы реформасы
Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті – қаржы жүйесінің категориясы ретінде
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Зейнетақы жүйесі
ҚР экономикалық дағдарыстың мемлекеттік тәжирибесі
Зейнетақы жүйесі жайлы
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Пәндер