Оқытудың инновациялық технологиясын қолданудың теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМЎНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ОЌЫТУДЫЊ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЌОЛДАНУДЫЊ ТЕОРИЯЛЫЌ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оќытудыњ инновациялық технологиясыныњ философиялыќ,
психологиялыќ ,педагогикалық негіздері 11

1.2 Оќытудыњ инновациялық технологияларыныњ негізгі ерекшеліктері
мен сипаттамалары 17


2 ОЌЫТУДЫЊ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЌОЛДАНУДЫЊ МАЗМЎНЫ МЕН
ЌЎРЫЛЫМЫ

2.1 Оќу процесін жетілдіру-жања оќыту технологиясын мењгерудіњ
ќажетті шарты 22
2.2 Оқу - тәрбие үрдісінде дамыта оқыту желілерін жүйелі қолдана
отырып, зерттеу жұмыстарына талдау жасау 40
ЌОРЫТЫНДЫ
51

ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ЂДЕБИЕТТЕР
53

КІРІСПЕ

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл
сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді, -
Шәкәрім.
Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек.
Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен
мұғалімнің орны зор. Яғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл
емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа
емес. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,
әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты,
денсаулығы мықты азамат тәрбиелеу – бүгінгі мектеп, ұстаздар
қауымының міндеті. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ
тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихта айтылғандай:
дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
Оқу мен тәрбие сапасындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса
маңызды міндет – талабы таудай дарынды – жеке тұлғаны іздеп, тауып
оны жетілдіріп шығару.
Ал, еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны
педагогокада да дәлелденген.
Жеке адамды қалыптастыру үшін оған не керек? Ол үшін оқытудың
мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек.
Міндет – ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдеп-ғұрып,
халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып
намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен
қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін,
Отанын, өз жанұясын қадірлейтін Азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық
мектептерімізде жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен
жүргізуіміз керек.
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру
мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, пайда болумен жаңа технологиялар
өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны
оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап
пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал технология түсініктемесінде сөздікте қандай да болсын істегі
шеберлікті, оқыту – үйретудегі амалдардың жиынтығы деп, ал
педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті деп түсінік
береді В. Кларин.
Педагогикалық жаңа технологиялар – іс әрекетке, оқыту барысында
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал, педагогикалық жүйе – жеке, дара тұлғаны жетілдіруге,
қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы
арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан
әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізг осы
педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт.
Педагогикалық технологияның негізі - әдіс-тәсіл, амалдардың ең
тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай
аударып, талғап – таңдап қолдануында.
Педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің шығармашылықпен
оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас
бөлігі. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге
байланысты жас ұрпаққа беру мен тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі
жаңарту көзделген. Тәрбиенің, білім беретін мәдениеттің барлық
кешкенің жеке тұлға қалыптастыруға бағыттау – қазіргі жалпы білім
беретін мектептердің басты міндеті.Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі
жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде.
Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері жаңалықтарды жылдам
қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытып
отыр.
Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту, бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Қазақстандағы білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын мейлінше сауатты меңгермейінше, жан-жақты білімді,
жетілген ұрпақ оқытып тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалім үшін де, оқушы үшін де интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами
қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қоғамдағы өзгерістер – бұл адамның қоршаған ортасы, табиғатты
бағындыру тарихындағы әлеуметтік технологиялық төңкерістердің
нәтижесі. Оқыту технологиясы мектепте оқыту үрдісіне қажетті әдіс,
тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық – педагогикалық
іс-әрекеттердің жүйелі кешкені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының
тәртібене, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар,
педагогикалық нақты ғылымға жақындату, оқушының интеллектуалдық
шығармашылық қызметі болып табылатын педпгогикалық іс-тәжірибесінің
иәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндігі – оқу – тәрбие
үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың
негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес,
сонымен бірге, баланың манызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін
жолға қою керектілігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де
оның, ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға
үйрететін сабақтардыи дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтары ерекше
ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім
бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы.
Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып
шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала
дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы
дидактирдердің бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне,
ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйне отырып, оның
ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді мақсат қойған.
XVII ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту
олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И. Т. Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет – қасиеттерін
дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға
әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінің де негізі
болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет
етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі
айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, -
деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық
еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту
мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында
туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі
деңгейін, типтерін және басқа да психиканың функциясын зерттеген
және т. б. іс-әрект теориясының психологиясын жасаған ғалымдардың
еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына
арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин,
В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Зерттеулердің мақсаты: Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында
жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының
дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта
математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізеді. Мысалы,
1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды.
Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен
педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары
дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың
даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Жүйенің басты
мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, еркіндігін
қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру,
жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау,
тұлғалыққа бағыттау, жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар
тәрбиелеу.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология В. С.
Библердің, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың, А. В. Занковтың, Г. И.
Шухинаның зерттеулерінде жеке бағдарлы оқыту технологиясының жобасы
Ш. А. Амонашвили еңбектерінде жекелеп, даралап, саралап оқыту
технологиясы жан-жақты зерттелінген.
Педагогикалық технология – оқу – тәрбие үрдісінің негізгі өзегі
болып табылады. Сондықтан оны ғалымдар жоғарыда аталып өтілетіндей
әр түрлі қырынан жан-жақты зерттеуге тырысуда.
Жаңа технологияны оқытуда мұғалімнің теориялық және жалпы
әдістемелік көрсеткіші бола алмайды.Мұғалімдердің жаңа білімдерді
қалай алып, меңгеруге болатынын және оларды қай жерде қалай тиімді
пайдалану жолдарын білуінің қандай дәрежеде өзінше ойлап дұрыс
қорытынды шығара алатындығының маңызы зор. Педагогикалық жаңалықтарды,
әсіресе педагогикалық технологияны енгізудің тиімділігін жетілдірудің
қажеттілігі және оны меңгеру басгауыш сыныптардан бастап жүзеге
асыруға мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімдері
жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық бар екенін көрсетуде. Бұл
қайшылықтар зерттеу проблемасының мынадай тақырыбын анықтап беріп
отыр:
Оқу - тәрбие үрдісіндегі педагогикалық – инновациялық ерекшеліктер.

Зерттеудің мақсаты:
Оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолданудың мазмұнын,
жүйесін ғылыми негіздеу және тәжірибелік әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысанасы:
Сарымолдаев атындағы балалар үйі .
Зерттеу пәні:
Оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану жүйесі.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын қолданудың
теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасау.
2. Оқытудың жаңа технологиясын қолданудың мазмұнын ашып, дайындық
үлгісін жасау.
3. Оқу- тәрбие үрдісінде жаңа технологиялық ғылыми - әдістемелік
жұмыс жүйесін жасау және оны тәжірибеге еңгізу.
Зерттеудің әдістері:

- философиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау
- интервью, анкета
- тәжірибелік эксперименттер
- жаңашыл – мұғалімдердің әдіс-тәсілдері
- мұғалімдердің баяндамасы
- диагностикалық тапсырмалар
- тәжірибелік эксперименттер жүргізу
- арнаулы курстар ұйымдастыру
Зерттеудің болжамы:
Егер оқу- тәрбие үрдісінде оқытылатын негізгі пәндерді
оқытудың жаңа технологиясымен толықтырса;
- бүкіл оқу процесіндегі ғылыми негізге байланысты оқу пәндерін
жаңа технологияларды меңгеруге бағыттау және оларды терең де
жүйелі меңгерту мақсатында жүргізу;
- студенттер мен мұғалімге арнап оқытудың жаңа технологияларын
қолдануға байланысты әдістемелік нұсқаулар жасау;
- оқу пәндерінде жаңа технологиялық әдістемелік жүйесі түзілсе,
онда өзгерген әлеуметтік – экономикалық жағдайда оқушыларға оқытудың
жаңа технологиясы арқылы білім беруді жетілдіруге болады.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу әдістері :
Оқушылардың ақыл-ой деңгейін, таным қабілетерін бақылау, диагностика
жүмыстарын жүргізу.Педагогикалық тәжірибелерді жүргізу мақсатында оқу
үрдісіндегі өзгешеліктрді зерттеу. Зерттеу жұмыстарының қүрлымы
кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және практикалық бөлімнен,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдар жинағынан тұрады.
Қазіргі заманның талабы білім беруде гумманизациялау мен
гуманитаризациялау мәселелеріне үлкен мән беру болып отыр орта білім
беретін мектептің негізгі міндеті білім беру дағды мен біліктіліктеріне
қалыптастыру болып келсе қазіргі мектептің негізгі міндеті біршама күрделі
ойы үшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған
жеке басты түлға тәрбиелеу. Мектептегі оқыту мазмүны білім беру
технологиясын өзгерту керек яғни баланың талантына, дарына талап тілегіне
қарай білім бере отырып жеке түлғаны қалыптастыруға бағытталу керек.
Оқытудың жаңа технологиялары арқылы бала білімін ары қарай дамыту.
Мысалы дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту және басқада
технологияларды оқыту процесінде үтымды қолдануымыз қажет.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын шығармашылығын дамыту
мәселелерін шешеді. Білімнің сапасы көтерілер еді. Дамыта оқыту желілерін
сабақ процесінде жүйелі қолдана отырып, оқушының жеке басының даму аясына
эсер ете отырып, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызар еді деп
болжаймын.

1 ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. Оқытудың инновациялық технологиясының философиялық, психологиялық,
педагогикалық негіздері

Еліміздің ата заңы – ҚР-ның Конституциясында атап көрсетілгендей,
құрылып жатқан зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең
қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып
шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүние танымын
қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген
өзіндік сенім көзқарастарын тудыру, білім берудің маңызды мақсаты.
ҚР-ның Білім туралы заңында білім беру жүйесін қайта қарау,
білім беру мәселелерін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде жабдықтау
қажеттілігіне тоқталған. Сол сияқты ҚР-ның білім беру туралы
заңында педагогика қызметкерлері оқушылар алған білімнің мемлекеттік
стандарттан төмен болмауына күш салуға, оқушылардың өзіндік және
шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен дамуы үшін жағдай жасауға
міндетті деп атап көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу қазіргі
педагогикалық зерттеулер нәтижелері көрсетіп отврғандай жаңартылған
әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны
технологияландырудың қажет екеніне келіп тіреледі. Өйткені, дәстүрлі
оқу үрдісінің нәтижесінде білім заңы талап етіп отырғандай, әр
оқушының мемлекеттік стандарттан төмен болмайтын білім алуын,
олардың міндеттері мен құқықтарын қамтамасыз ету мүмдем мүмкін
емес.
Оқытудың мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі
жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни
қызмет субьектісін тәрбиелеп шығару. Мұндай мақсат білім мазмұнының
құрылымына, оны іріктеп алудың дәстүрлі талаптарына сәйкес
өзгерістер еңгізуді талап етеді.
Республика мектептерінде білім мазмұны, мәдениеті өркендеген
демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге
бағытталуға тиіс.
Болашақ қоғамның азаматы:
- дүниеге диалектикалық көзқарыстың негізі болып саналатын
белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;
- жаңа хабарларды өздігінен дұрыс қабылдап, бағалай білуге,
дереу шешім табуға қабілеттілікті;
- кез-келген нақты жағдайларды өз бетінше талдай білуді т.
б. меңгеруге міндетті.
ҚР-ның білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттік және
кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде
шеше алатын жоғары білімді, әрі бәсекеге түсуге қабілетті
шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау
болып табылады.
Қазіргі қолданылып жүрген білім үлгісінде этикаға, морльға және
дүниенің жаратылыстану –ғылыми көріністеріндегі адамгершілікке мүлдем
орын берілмеген. Мән-мағыналық міндеттерді қазіргі бар дүниені танып
білудегі оны мақсатты түрде түлетуге бұрғанда білім берудің мүлде
өзгеше мақсаттары қажет болады.
Жаңа (инновациялық) білім жүйесі адамға дүние (және оның
заңдары) туралы білім, бұл дүниені түлету методологияда беруге
міндетті инновациялық білім жүйесі білімді гуманизациялық және
гуманитарландыру проблемаларын шешуді талап етеді.
Жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары мыналар:
1. Адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;
2. Құрылғыны жобалаудан іс-әрекетті жобалауға өту.
3. Оқушының бойында шешімдерін көп өлшемділігіне, басқаша
ойлауға, төзімділікке және өзінің іс-әрекеттері үшін
адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасты
қалыптастыру;
4. Пәнаралық байланысты дамыту;
5. Оқытудың интеллектуалдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын
үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен
тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі
жинақталған солррдың бірі - педагогикалық үрдісті технолагияландыру.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық даму адам өмірінің,
қызметінің барлық саласын қамтиди, ал ғылым саласындағы теориялық
және технологолиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы ғылымның тұрақты
өзегі ретінде дүниенің ғылыми бейнесін білдіреді.
Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік
негізін қалыптастырады, білімді еңбекпен ұштастырып іс-әрекеттің
саналылығын дамытады, мақсаты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді.
Оқыту технологиясы – оқу бағдарламасында қарастырылған алға қойған
мақсаттқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі,
құралы және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру
жолы.
Барлық берілген анықтамалардан біз технология - tecni - өнер,
шеберлік және loga – ғылым, заң деген мағына беретінін білеміз.
Технология – шеберлік, өнер туралы ғылым.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және
психологиялық ілімдері негізінде жасалған дамытушы тұлғалық,
бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.
Оқу үрдісін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана
негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын
дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланысты Педагог –
рационалистердің негізгі міндеті – оқу материалын меңгерудің неғұрлым
тиімді тәсілін іздестіру.
Қазіргі заманғы қоғамдық білім саласында білім беру үрдісінде
көптнген филисофиялық бағыттар, ағымдар, мектептер бар. Педагогикалық
технологияға олардың бәрәнің негізінде сипатттама беру мүмкін емес.
Біз тек қана педагогикалық технологиялардың тұжырымдамасыннан айқын
көрінетін бірнеше философиялық негіздердің кейбіріне ғана тоқталамыз.
Олар материализм мен идеализм, диалектика мен метафизика, гуманизм
және антигуманизм және т. б.
Диалектикалық – материалистік бағыт кеңестік дәуірде білім берудің
өзегі болып табылғандықтан, одан басқа бағыт туралы айту мүмкін
болмағанын біз сол кезде жарық көрген оқу әдістемелік әдебиеттердің
кез-келгенінен табамыз.
Ізгілік – адамды және тұлғаға есебінде танып, оның құндылықтврын
бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін көрсете білуге жағдай
жасайтын жүйе.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды іргетасы болып
табылады. Теософиялық ізгілік парадогмасының тамыры халықтық
педагогикада жатыр.
Педоцентризим – философияның баланың қызығушылығы мен талабының,
қажеттілігінің басымдылығын бағалай отырып, оның жан-жақты дамуына
жағдай туғызуды негізгі міндет деп есептейтін бағыты.
Прагматизм – тұжырымдамасы бойынша жеке бастың интеллектуалдық
және адамгершілік қасиеттері оның сирек кездесетін табиғатына және
тәжірибесіне байланысты. Мұның негізі адамға табиғат берген
қабілеттілікке, өзін-өзі икемдеуге байланысты шешіледі деп есептейді.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүцесінің,
білім беру мақсатымен формаларының, оқыту мазмұны мен
технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің
дағдырысқа ұшырауына соқтырды:
- педагогикалық білімге деген сұраныс;
- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру;
- жалпы білім берудің ерекшелігі мен икемділігі;
- жалпы білім берудің қоғамның талабына сәйкес келуі;
- дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі;
- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отврған талабының
өсуі;
- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп отырған
психологиялық, әлеуметтік кедергілер.
Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың
технологиялық деңгейін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.
Мектептердегі білім мазмұны мәдениетіөркендеген демократиялық
қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Осы заманғы ұлттық мектеп білім мазмұны тұжырымдамасының
методологиясы таным процесінің философиялық теориясынан, жеке тұлға
болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет туралы ілімнен, түрлі оқу
пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас
педагогикалық процесс теориясымен негізгі қағидаларынан келіп шығады.
Қазіргі уақытта жалпы білім қоғамдық қажеттілік қана емес,
сонымен қатар, жеке адамның өзіне де қажет, оның қоғамдық мәдени
өмірге кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан ары жетілдірудің
мөлшері болып табылады.
Сондықтан да жалпы білім беру мектептің білім мазмұнын жаңарту
үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитин әрбір оқушының талғам –
тілегінің, оның табиғи – биологиялық – гинетикалық негіздноін,
қабілетін, денсаулығы мен психологиялық ерекшеліктерін барынша ескере
отырып, жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білу мақсаты
басшылыққа алынады.
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми - әдістемелік негізіне дамыта
оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік
білім, білік, дағды қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды,
бірақ оқыту мен оқушыны дамыту міндеттерін, басымдылығын қолдамайды,
оқыту оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді
приоритет етіп қою.
Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны оқушының жеке бас болмысын,
тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырады. Ол мазмұнды оқушы
меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы
меңгеретін жалпыланған амал- -әрекеттер және ұстанымдарды беріліп
бейнелеуі қажет және бұл мазмұн оқулықта көрініс табуы шарт.
Кез - келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын
деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады.
Дамудың негізгі жетекші факторына байланысты технологияларды
төмендегінше бөлуге болады:
- психиканың дамуы биологолиялық тұқым қуалау арқылы
анықталады деп қарастыратын биогендік технологиялар;
- жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне,
оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын
социогендік технологиялар;
- даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі
психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысыты анықталады
дегенді жақтайтын психогендік технологиялар;
- жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп
үғындыратын идеалистік технология.
Жаңа технологияны оқып үйренудегі
әрекет түрлерінің психологиялық
аспектілері.
Әрекет:
- Заттық (материалданған әрекет)
- Дауысты сөйлеу
- Іштей сөйлеу
- Үйреншікті әрекет кезеңі

1.2 Оқытудың инновациялық технологияларының негізгі ерекшеліктері мен
сипаттамалары

Оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудың оның
қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауысады.
Балалардың ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:
- балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына
алаңдау;
- балардың болашығына, қабілетіне сену;
- ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;
- тікелей қысым көрсету;
- баланы ынталандыру;
- баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.
Қарым-қатынасты демократияландыру дегеніміз:
- мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;
- оқушының еркін таңдауына мүмкіндік құқығы болуы;
- қателесу құқығы;
- өзіндік көзқарас құқығы;
- балалар құқықтарының конвнециясын сақтау;
- қарым-қатынас стилі, тиім салмау – бағыт беру, басқармау –
бірігіп тең басқару, зорламау – ұйымдастыру, шектелмеу, еркін
таңдау мүмкіндігін беру.
Оқыту технологиясы дегеніміз – мұғалімнің оқытушылық қызметінің
жүцесі, дәйекті дайындығын талап ететін құрамды бөлігі.
Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануға дайындығын оның
қызметінің сан қырлы жақтарына байланысты. Оның оқыту технологясына
қолдану дәрежесі, көзқарасын біз оның білімі мен тәжірибесінің,
мұғалім ретіндегі іс-әрекетінің нәтижесімен бағаладық.
Қоғам бүкіл жүйесін жаңартуға, оның ішінде білімді ұрпақ
даярлауды жаңартуға өте ынталы, себебі қазіргі мектептерге жаңаны
тез меңгеретін, өзгерістерге бейімділігін, қоғам өзгерісін дұрыс
қабылдай алатын жас ұрпақ қажет. Сондықтеан жас адамды жан-жақты
жетілдіруде қоғамның талап тілегін, мүддесін ескеру қажетті де
міндетті болып табылады.
Жалпы орта мектеп оқушылары іс-әрекетіеің негізгі түрі – оқу
үрдісі болып табылады. Сондықтан оның болашақ қоғам жасаушы
жастарды дамытуда, оқытып тәрбиелеуде оқытудың жаңа технологиясын
қолдануға дайындаудағы потенциялдық мүмкіндіктерін ақындау жауапты
міндет.
Педагогикалық – психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқытудың
жаңа технологиясын қолдануда әр құрамдас бөлік бойында қызмет
түрлеріне тоқталайық.
Ынталық – қызығушылық компоненті оқушылардың қарастырып отырған
мәселеге көзқарасын, құндылық бағалау көзқарасын, ынта –ықыласын,
талап – тілкгі мен сұранысын көрсетеді.
Бағдарлық –нысанаоық компонент оқушылар жаңа технология туралы
ақпаратын оған бейімделу, үйренуге ыңғайлану дәрежесін қарастырады.
Мазмұндық компонент оқушылардың оқытудың жаңа технологиясы туралы
білімі, оның мән-мазмүны, ерекшеліктері, қолданудың әдіс-тәсілдері,
амалдары туралы бірлігімен сипатталады.
Процессуалдық компонентке оқушылардың өзі білетін жаңа
технологиялардың жүзеге асыру білігі мен дағдысы кіреді.
Қоғамдағы түбірлі өзгерістер, әсіресе, оқу-ағарту, білім беру
саласындағы ізгілендіру мен демократияндыру процестері мектептерде білім
мазмұнын жаңартуды, білім беруді басқару жүйесін жетілдіруді,
мұғалімдерге қойылатын талап деңгейін өзгертуді қажет етіп отыр. XXI
ғасыр шебінде жаңа технологиялардың пайда болу ғылымның жас
ұрпақты – болашақ азаматтарды өміріне даярлау сапасына ықпалын
бұрынғыдан күшейтеді, өйткені XXI ғасыр табалдырығында білім өзінің
маңыздылығы жөнінен елдің стратегиялық ресурстарымен
бәсекелесе алатын капиталға айналады. Ғылыми техникалық
прогрестің жетістіктерін игерудің және жаңа технологияларды жасаудың
жоғары білікті мамандарды қажет ететіні айқын болып отыр.
Болашақ және қазіргі заман азаматтары қоғамдық дамудың деңгейінен
көрінетін оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа
сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі
құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын,
жаңадан ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен
педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылық
еңбек ететін азамат даярлау міндеті басты назарда болуы керек.
Инновациалық теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.
Земберг, В. Метчерлих, австралиялық И. Шушпетер.
Инновация педагогиканың барлық саласына толық еніп дамуда.
Ұстаздарымыз бен белгілі ғалымдарымыздың ендігі негізгі міндеті –
жаңалықты тек педагогика саласынан іздестіріп қоймай, басқа ғылым
салаларындағы жаңалықтармен салыстырып, байланысын нығайту, тарату,
практикалық инновацияны жүйеге келтіру.
Жаңалықтарды ашу процесінде ғылым мен практикалық білімнің және
зерттеу мен практикалық білімнің және зерттеу мен практикалық
тәжирибелер нәтижелерін практик қызметкерлердің меңгеруі арасындағы
байланыстың үзілуінің себебі – педагогикалық білім мен енгізу
қызметкерлерінің бір-біріне қатыссыз жекелей дамуында.
Жаңалық – педпгогикалық зерттеулерді бағалау негізгі
критерийлерінің бірі, шығармашылық үрдістің түпкі нәтижесі, кез-
келген жаңалықтың өзіндік құндылығы, дербес қасиеті.
Педагогикалық неология (гректің neos - жаңа, logos -сөз)
педагогика теориясы мен нәтижесіндегі жаңалықтар туралы ілім.
Педагогикалық практеология (гректің praktnos - қызметші, іскер)
теориядағы жаңалықтарды практикада пайдалана білу жөніндегі ілім.
Педагогикалық жаңалықтарды теория мен практикаға енгізудің даму
тенденцияларына байланысты ноелогияны тереңдете түсе зерттеу
жұмыстарының негізгі бағытына айналып отыр.
Инновациялық үрдістің төмендегі құрылымдары:
Қызметтік құрылым – ынта, мақсат, міндет, мазмұн, түр, әділ,
нәтиже сияқты компоненттері біріктіреді.
Субьективтік құрылым – мектеп дамуының субьектісі болып табылатын
мектеп директорының, оның орынбасарларының, мұғалімдердің,
ғалымдардың, оқушылардың, ата-аналардың, демеушілердің жаңаша
көзқарастарының қаншалықты тоғысуына байланысты.
Дәрежелік құрылым – барлық субьектілердің халықаралық, аймақтық,
аудандық (қалалық) және мектептік дәрежедегі өзара байланысын паш
етеді.
Мазмұндық құрылым – оқыту, тәрбиелеу, оқу – тәрбие үрдісін
ұйымдастыру, мектеп басқару сияқты салаларда жаңалық енгізіп
меңгеруге байланысты пайда болады.
Қазіргі білім беруді ізгілендіру мәселесі туралы педагогикалық
технология ұғымына көптеген ғалымдар өз анықтамаларын берді.
В. П. Беспалько:
Педагогикалық технология – оқыту үрдісін жүзеге асыратын
мазмұндық техника.
В. М. Монахов:
Педагогикалық технология – бұл оқушымен мұғалімнің оқу үрдісін
жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай
туғызатын әбден ұйымдастырылған педагогикалық іс-әректтің үлгісі.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша:
Педагогикалфқ технология – бұл бүкіл оқу үрдісі мен білімді
техникалық және адам ресурстарын олардың бір-біріне өзара әсерін,
білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып,
меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.
В. М. Шепель
Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістердің
жиынтығы, жағдайлардың өзгеруі.
Педагогикалық технология – педагогия ғылымының оқытудың мақсатын,
мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық
үрдісті жобалаушы бір бөлшегі. Ол- білім стандартында көзделген
оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер
мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үрдіс.

2 ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Оқу процесін жетілдіру- жаңа оқыту технологиясын меңгертудің
қажетті шарты

Қазіргі кезде отандық педагогикада оқытуды ұйымдастырудың жолдары
мен тәсілдерін тек жалаң теорияға сүйеніп, өмірден алшақ бір
жақты идеология негізінде түсіндіретін ағымнан өзгерек жаңа бір
бағыт өріс алып келеді.
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясын жетілдірі қызметі
мен соған деген әзірлікті біз жүйелілік пен іс-әрекет ұстанымдарына
негізделген құрылымдық модель ретінде қарастырамыз.
1 – модель. Оқу – тәрбие үрдісін көп деңгейлі әрекетті жүйе
ретінде қарау.
2 – модель. Қызметтік жүйе ретінде қарау.
Оқытудың жаңа технологиясын жетілдірудің төрт түрлі қызметі
айқындалған:
- жалпы мәдениеттілік тұрғысынан білім көтеру;
- педагогикалық перспективті және өзектілік тұрғысынан білім
көтеру;
- мұғалім өмірінің, оқушы өмірінің табиғи қажеттілігі болып
табылыатын тұрақты танымдық қвзмет тұрғысынан жалпы
мәдениеттілік білімін қалыптастыру;
- әдеби кітаптар оқу;
- күнделікті баспа сөзді бақылап отыру;
- әр түрлі танымдық және ақпараттық теле хабарларды көру;
- радио тыңдау;
- кинотеатрларға, көрмелерге, мұражайларға барып тұру,
экскурсияға т. б. саяхаттарға апару.
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясын қолдануда
дайындықтың төмендігі және осы мәселеге даярлаудың, оқытудың бұрын –
сонды қалыптасқан жүйесінің болмауы бұл бағытта арнайы жұмыстарды
жүргізуді қажетсінеді.
Ол үшін Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы арнаулы
курсын енгізу керек.
Арнаулы курстың мақсаты – мұғалімдердің, оқушылардың жаңа
технологияны қолдануға дайындығын қалыптастыру, білімге деген
қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Бұл жөнінде эксперимент жұмысын Тараз қаласы Сарымолдаев атындағы
балалар үйі, бастауыш сыныбында жүргіздім. (3 ші А сыныбы).
Бастауыш сыныпта жаңа технология бойынша оқыту деңгейін анықтау
төмендегідей.
Кіріспе әңгімеде мысал-халық ауыз әдебиетініне жататындығынын,
яғни көптеген мысалдардың авторлары жоқ екендігін, олр ұрпақтан
ұрпаққа халық арқылы жететіндігін айтып өтемін . Ал(Ағаш) мысалының
авторы – И. Крылов. Ол кісінің бірнеше мысалдары бар екендігін және
оны қазақтың ұлы жазушысы Абай атамыздың қазақ тіліне аударғандығы
жөнінде, мысалдардың суреттердің пайдалана отырып айтамын. Ал бұл
жолғы (Ағаш) мысалын, қазақтың дарынды ақыны, көрнекті қайраткері-
А.Байтұрсынов аударған,- дей отырып, ақынның суретін, газеттерді,
кітаптарды пайдалана отырып, оның туған жылы мен өмірбаянын қысқаша
таныстырамын. Мәтінді оқымас бұрын оқушылардың жалпы ағаш туралы
ойларын біліп алу қажет. Ол үшін:
- Ағаш туралы не білесіңдер? – деген сұрақ қойдым.
- Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік. Ағаштан үй мүліктері,
үйлер жасалады. Және оны отын ретінде де пайдаланамыз.
Өзінен оттегі бөледі. Жалпы қоршаған ортаға пайдасының
көптігін оқушылар анықтап берді.
Сонының мәтінді жаймен оқып түсіндірдім. Балалар қолдарына қалам
алып, сөздікпен жұмыс істеді.
Яғни, түртіп алу жүйесі:
+ - мен үшін жаңалық,
- - мен үшін түсініксіз,
v – мен білемін,
? – мені жұмсақтандырады.
Мен оқығанда, олар өздері үшін түсініксіз, жаңа сөздің астын –
белгісі мен (мен үшін түсініксіз) белгілеп отырады. Артынан сол
жаңа сөздердің мәнін ашып, түсіну мақсатында бір-бірінен сұрастырып
ортаға салып жапты. (Мен оларды топ-топқа бөліп, яғни парталарды
дөңгелек пішінде қойыып отырғызған болатынмын. Сыныпта барлығы 30
бала. Олар 4-5-тен 7 топ болып отырады). Ал ортада шешімін таба
алмай түсініксіз қалған сұрақтар, сөздерді өзімм түсіндіремін
(баларды қатыстыра отыры).
Топпен жұмыс жасау мақсатында, әр топқа жеке-жеке сұрақтар
үлестірдім. Олардың бірі тақырыпқа байланысты сұраққа жауап берсе,
екіншілеріне қойылған талап, сол мәтіннен сақыналық көрініс шығару,
келесі топ мәтінді диалогпен оқуға дайындалуы, тағы бір топ сол
мәтінге байланысты сурет салып отыруы керек. Оқушылардың ешқайсысы
да тыс қалмай тпо-ьпо болып тапсырманы орындап отырады.
Бұдан кейін ( Sinkuein) 5 жолды өлең жазу тапсырылды. Оқушылар
бұл әдіспен таныс. Сондықтан қиыншылық келтірген жоқ.
1. Не? – Ағаш.
2. Қандай? – Жас, қызғаншақ.
3. Не істеді? – шағымданды, іш тарлық жасады.
4. Не үшін? - өз қамын ойлап.
5. Жалпы ойды түйіндеу – жалғыздық – түріндегі өлең шықты.
Сабақтағы ой – толғаныс кезеңінде балаларға Венн диаграммасы,
яғни шеңбер ойынын ойнаттым.
Балалар алдымен өздері білетін жабайы ағаштарды, кейін бақта
өсетін күтімі бар ағаштарды шеңберлерге жазды. Екі шеңбер ортасына
екеуіне де тән қасиеттерін жазып шықты.
Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу үшін жаңа тақырыпқа бір шумақ
өлең шығаруға тырыстық. Яғни, алғашқы қатарын өзім бастап бердім.
Ағашты босқа кеспе.
Оқушылар әдет бойынша соңғы сөзіне ұқсас сөздер
ойластыра бастады. Леспе, теспе, кешке, шешпе, кесте, есте т. б.
ұқсас сөздер айтылды. Ойластырып құрастырғандарынан,
Ағашты босқа кеспе,
Бұзық балаларға ілеспе.
Қайта оны қадірлеп,
Су құй, күнде кешке, - шумағы пайда болды.
Үй тапсырмасына: Ағаш мысалын ары қарай,
балалардың өздерінің өз ойларымен жалғастырып жазып келу және
мәнерлеп мәтінді оқып келу жүктелді. Сабақ соңында үлгілі қатысып,
жаппай әрекеттенгендері үшін балалар бағаланып, марапаталды.
2 – сабақ.
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Адам – табиғат перзенті.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушылардың табиғат, адам жайлы білімдерін толықтыру,
жүйелеу.
2. табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін
қалыптастыру.
3. оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау
әрекетін дамыту.
Сабақты өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
- Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған,
бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы
саған, оны маған.
Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген? Оқушылар өз
беттерінше шығарды.
Қасқырға тақ сандар 1+3+5+7+9=25 балық.
Түлкіге жұп сандар 2+4+6+8+10=30 балық.
Қайталау сабағы болғандықтан, балалардың өз беттерінше
еңбектеніп, өз беттерінше қорытынды шығаруға байланысты қосымша
материал есебінде Петерсон оқулығынан (2-кл. I-бөл.) операциялар
тақырыбын қарастырдық. Бұл тақырып, оқушыларға бұрыннан таныс
болмағандықтан қуана қарсы алды.
Апасы Сәуленің көйлегін жуды.
1-топ. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 5 кг. Екі аяқпен неше кг?
2-топ. 4-жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа неше
минутта піседі?
3-топ. Ергежейлі адам 10-шы қабатқа шығу керек. Ол 5-
ші қабатқа дейін лифтімен, ары қарай жаяу шығады екен. Неге
екенін түсіндір?
4-топ. Мына теңдеулерді шығарыңдар.
1) х+ала=бала 2) х + =
Сабақтың тақырыбы:
Бүкіл ағзаның гормониялық дамуы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткен тақырыпты тұжырымдап, сұраққа жауап
бере отырып, оқушылардың білімін тексеру және
бағалау.
2. Дамытушылық: Ағзаның дамуына әсер ететін қажетті
мәліметтерді біле отырып, оны әр оқушы өз дене
бітіміне қарай күнделікті өмірде дұрыс пайдалана
білуін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың маңызды өмірлік дағдыларын
дамытуға деген қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнектілігі: Адам ағзасының түрлі-түсті фото суреттері.
2 топқа бөлінген оқушыларға әзірленген сызбалар мен парақшалар.
Сабақтың түрі: Білімді тексеру және бағалау.
Сабақ үш фазадан тұрады:
1. Қызығушылығын арттыру.
2. Айтылған қағидалардың өмірде зор қажеттілігі бар
екенін түсіну.
3. Ой-толғанысын арттыру.
Сабақтың технологиясы және әдісі:
1. Сұрақ – жауап.
2. Топтастыру.
3. Саралап –деңгейлеу.
4. Жеке оқушылармен жұмыс
5. Бір шумақ өлең (дене мүшелеріне байланысты)
6. Рейтінгілік бақылау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасының тақырыбын
сұрау. өткен сабақты пысықтау.
1. Ағзаның сыртқы мүшелерін ата.
2. Ағзаның ішкі құрылысын және жалпы атқаратын қызметін
айт.
Оқушылардың 2 топқа бөліп отырғызамын.
1. Қызығушылығын ояту.
Венн диаграммасы бойынша тақтаға екі топқа екі түрлі
Деңсаулыққа және Шынығуға қажетті іс-әрекеттер мен дағдыларды
көрсетіп, жазған сызба қағаз (№1, №2 таблица) ілінеді.
Бұл сызбанұсқа бойынша әр топ топтаса отырып, әр
әрекетке тоқтап, пайдасы мен қажеттілігін түсіндіреді.
Топтық жұмыстан кейін екі топ та аялдамаға келіп
тоқтаймыз.
3. Ой – толғаныс арттыру.
Алдыңғы сабақтағы білімдері бойынша Қызғалдақтар тобындағы өте
жақсы баға алған балалар бірінші қатарға, Сарғаодақтар тобындағы
жақсы баға алған оқушылар екінші қатарға, Бәйшешектер тобындағы
оқушылар үшінші қатарға отырғызылады.
Таза парақшалар таратылып, 1-ші және 2-ші қатардағы оқушылар
тақтадағы 4 сұраққа, 3-ші қатардағы оқушылар 3 сұраққа жауап
жазады.
1-сұрақ. Ағзаның дұрыс дамуына не қажет?
2-сұрақ. Дененің сыртқы мүшелелерін ата
3-сұрақ. Ағзаның ішкі құрылысын атап жаз.
4-сұрақ. Денсаулық туралы 1 мақал-мәтел жаз. Парақшадағы жауапқа
байланысты оқушылардың орындары ауыстырылып отырғызылады. (Мысалы:
жақсы жауап берсе Қызғалдақтар тобына өтуі мүмкін).
Орныққан оқушылар дене мүшелері туралы бір шумақ өлең, тақпақ
айтуы керек. Мысалы:
Құлақ екеу, ауыз бір,
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап аз сөйлеуге
Жаратқаны ол солай.
Ауыз біреу, көз екеу,
Ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз айтуға
Жаратқаны ол солай.
Рейтінгілік бағалау (30 ұпайлық)
1. Сұрақтарға жауап – 10 ұпай.
2. Оқушының тазалығы – 10 ұпай.
3. Дәптер тазалығы – 10 ұпай.
30. ұпай – 5 (өте жақсы).
25 ұпай – 4 (жақсы).
20 ұпай – 3 (орташа).
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды кестелік көбейту, бөлу амалдарын еркін ұғынуға
дағдыландыра отырып, білімдік ой-өрісін анықтау.
2. Өтілген сабақтағы білімдерін тиянақтап, материалды меңгеру
дәрежесін тексеру және пәнге қызығушылығын, логикалық
қабілетін дамыта отырып, танымдық зердесін арттыру.
3. Оқушыларды үнемділікке баулып, математикалық жылдамдықтарын
арттыру. Денсаулықтарын күтіп, жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе сандар, кеспе суреттер, сызба,
оқулық, кестелік буклет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
2. Математикалық жүгіру дидактикалық ойыны.
а) 7*4 3*9 93 6*4 147 3*8
273 9*4 189 2*7 4*4 4*8
ә) Мына сандар қандай санның көбейтіндісі мен бөліндісі болып
табылады?
35, 40, 32, 9, 12, 15, 24, 36, 20, 21.
б) 11; 50; 0*1 амалдарындағы ережені еске түсіріп,
пысықтау.
3. Көбейту компоненттерін ата?
Бөлу амалының компоненттері ата?
Бөлу мен көбейту өзара кері амалдар екенін дәлелде.
2*2=4 63=2
4. Кім шапшаң? дидактикалық ойыны.
Жылжымалы кеспе суреттер (жапыра) жасалынған 5-тің
көбейту кестесін шығарамын.
5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50.
Мұғалім – Енді, балалар, жаңа бөлу мен көбейту өзара
кері амалдар дедік, ендеше үлкен көбейтіндіден бастап осы сан-дарды
5- ке бөліп, бөліндінің мәнін табамыз.
5. Оқулықпен жұмыс. 70-бет №2
( 2 оқушыға оқытылады. )
Мұғалім: - Ал, балалар, осы біздің бүгінгі тапсырмаға
байланысты бізге балалар дәрігері қонаққа келді. Ол, осы
жемістердің құрамында нендей дерумендер барын айтып береді.
Оқушыларға тапсырма беріледі.
Алма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларын қолдану әдістемесін дайындау
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Пәндер