Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
1. 1 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары . . . 8
1. 2 Мектепте тарих пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдеріне қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттар (1. 2 Тарих сабағында жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану) . . . 17
2. Тарих сабағын оқыту үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерін ендіру жолдары
2. 1 Дамыта оқыту технологиясы және дамыта оқытудағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары . . . 25
2. 2 Тарих пәнінде деңгейлеп оқыту және интерактивті оқыту әдісін қолдану . . . 30
2. 3 Модульдік, блок-модульдік оқыту технологиясын оқытудың
маңызы . . . 36
3. Тарих пәнін оқытудың тарихи біліммен тәрбие берудегі рөлі
3. 1 Тарих пәнін оқытудың оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі маңызы . . . 44 3. 2 Мектепте дүние жүзі тарихын оқытудың рөлі . . . 50
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 60
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарақтандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күңделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне асыру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымыз үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан, бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттілігі туындайды [2] .
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үрдістерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады. Сондықтан, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі [3] .
Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы білім беретін негізгі мектепте - ежелгі заманнан осы күнге дейінгі адамзат тарихының аса маңызды құбылыстары мен оқиғаларын таныстыра отырып, ол алдымен жас жеткіншектерді оқытып үйрету. Оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, тарих сабағында заман талабына сай оқытудың жаңа, тың, обьективті тарихи зерттеулерді пайдалану арқылы үйрету жолдарын іздестіру. Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке, сыналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Оқу мазмұны үздіксіз жаңаруда. Білім берудің жаңа философиясы, теориялық негізі, әдістемелік, дидактикалық практикасы сапалық жаңа кезеңге қадам басты. Тарихи білім жүйесі де жетілдірілуде. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламалары қасаңдықтан догмалық арылған, оған шығармашылықпен даму қағидалары тән. Содан да білім беру жүйесінде мұғалімдердің қызметі үнемі ізденумен, өзін-өзі дамытумен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқу-тәрбие процесіндегі жаңалыққа ұмтылушылық мұғалімдердің бәріне тән болуы тиіс.
Тарихты оқыту барысында басты мақсат: Оқушылар алатын білімнің сапалылығын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеру, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады.
Дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу.
Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көптүрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған орай тарих ғылымына шығармашылықпен қарауға үйрету.
Оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың адамгершілік армандарды өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу. Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеу[4] .
Оқушыларды дүниежүзілік мәдениетке жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлығына құрмет пен қарауға үйрету, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсене араласуына дайындау. Оларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойына шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу. Тарихты оқыту барысында басты мақсат: Оқушылар алатын білімнің сапалылығын арттыру, іскерлік пен дағды, сенім орнықтыру, оқушылардың ынтасын көтеру, олардың ой-өрісін дамыту болып табылады.
Дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір-біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу. Тарихи үрдістің көп қырлылығын, көптүрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған орай тарих ғылымына шығармашылықпен қарауға үйрету.
Оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, халық тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, сол арқылы жастардың адамгершілік армандарды өмірлік мұрат ретінде қабылдауына көмектесу.
Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін дұрыс түсінуге, тарихи қайраткерлердің өз елдерінің өміріндегі және дүниежүзілік тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеу. Оқушыларды дүниежүзілік мәдениетке жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлығына құрмет пен қарауға үйрету, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсене араласуына дайындау. Оларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойына шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке соғыс құмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу.
Диплом жұмысының мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру.
Зерттеудің болжамы: мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдердін пайдалану тиімді болады, егер де:
• Әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап оқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асырса;
• Әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқыту жүзеге асырылса;
• Әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асырылса.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың теориялық негіздерін анықтау;
2. Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу.
З. Педагогикалық эксперимент арқылы оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау.
4. Мектеп мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық технологияларды меңгерулерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
Мұндағы негізгі идея оқу-тәрбие үрдісінде тарих пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау - мектеп мұғалімдерінің оқу-тәрбие үрдісіндегі оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерулеріне, тиімді пайдалануларына септігін тигізеді, мектеп оқушыларының сапалы білімі, дағдысы, іскерлігі, белсенділігі, шығармашылығы қалыптасады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жаңашыл мұғалімдердің идеясын сабаққа қолданудың маңызы зор. Бұл жағдай сабақты, оқыту процесінің үдістерін түрлендіре отырып, жаңа білімді игерудегі оқушылардың әрекетін жеңілдетуге көмектеседі. Жаңашыл мұғалімдер, олардың идеялары да көп. Әр мұғалім өзінің қабілеті мен бейіміне, мүмкіндігіне қарай өзі таңдап алуы керек. Қазақстандық және шетел ғалымдарының философтардың, педагогтардың, психологтардың таным, білім, жеке тұлға және оның шығармашыл әрекеті, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" Заңы және "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, сондай-ақ автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі[5] .
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үрдістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады. Сондықтан, келер үрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі [12] .
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған [15] .
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың және оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың педагогикалық шарттары ғылыми тұрғыда қарастырылып, жеке мәселе ретінде зерттелмеген. Осы мәселе білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін "ескі" мен "жаңаның" арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшьшықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады.
Бұл жерде біз жаңашыл идеялардың бірнешеуін үлгі ретінде мысалға келтіреміз. В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесінің мынадай ерекшеліктерін бөліп атауға болады: мұғалімнің жан-жақты түсіндіруі; оқу материалын тірек-сигналдармен жазылған плакат бойынша қысқаша мазмұндау; тірек-сигналдарды үлестірмелі материал бойынша әрбір оқушының танысуы; оқулықпен және тірек-сигналдар парағымен оқушының үйде жұмыс жасауы; тірек-сигналдарды келесі сабақта жазбаша жаңғырту; тірек-сигнал бойынша жауап беру; бүрын оқылған материалдарды үнемі тереңдету және қайталау.
Ал А. Литвановтың икондық үлгілеу әдісі осыған ұқсас көрінгенімен өзіндік ерекшелігі де мол. Оның мәні - оқу материалындағы негізгі ұғымдар мен құбылыстарды сұлба немесе сурет түрінде беру. Ол мынадай тесілдерден құралады: - мұғалім түсіндіре отырып, тақтаға сурет салады, ал оқушылар оны өз дәптерлеріне түсіреді:
- тақтадағы жазбалар бойынша мұғалімнің қайталап түсіндіруі;
- оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы;
- келесі сабаќта оќушының таќтадағы конспект бойынша жауап беруі.
С. Д. Шевченконың әдістемесінде ауызша сұрауды оқушылардың өздері кезектесіп жүргізеді, келесі кезеңде үйде дайындалған материал бойынша әр оқушының өзіне-өзі баға беруі іске асады; одан соң қарама-қарсы сұрақ қою арќылы оқушылар бірін-бірі бағалайды; тірек-сигналдарды жаңғырту бойынша жазбаша бағылау жұмысы; жаңа материалды түсіндіру; тірек-сигналдарды қолданып жаңа материалдардың мазмұнын қайталау. Бұл әдістер бойынша оқу дағдыларын қалыптастыру бір сабақтың, тақырыптың, бөлімнің, түтас оқу жылының негізінде белгіленеді [6] .
Соңғы жылдары республикадағы білім беру саласында жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері жинақталып, насихатталуда. Солардың қатарында М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, Б. А. Тұрғанбаеваның дамыта оқыту технологиясы бағыттарындағы жаңашылдық істерін атап айтуға болады.
Жалпы айтқанда, жаңашыл оқыту білім беру жүйесінде болашағы зор аса маңызды міндеттердің бірі.
1. Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
1. 1 Оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен
педагогикалық технологиялары
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арналған жолдауыңда "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ыкдқпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [2] .
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту барысында жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін арттырып, бағдарламада белгіленген білімдік жүйемен қатар шығармашылақ жұмысқа баулу әрбір мұғалімге бүгінгі таңда қойылып отырған талап. Заман талабына сай оқыту үшін инновациялық технологиялардың рөлі өте зор.
«Технология» - грек сөзі, бізше «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 100-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология дегеніміз - оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастырудың, өткізудің ақырына дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В. М. Монахов) [32] .
Педагогикалық технологиялар - білімнің мақсаты мен әдістемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттері мен формалары. Жоспарланған нәтижеге жетудің басты шарты-оқытылатын материалдың мақсатын дәл әрі нақты анықтау. Сондай-ақ, оқыту әдіс тәсілдерін техникалық құралдарды барынша тиімді іріктеу өте қажет.
Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап -дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан-жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді, ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәнін оқыту, ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу, ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Жаңа оқыту үрдістерін пайдалану, оның тиімді жолдарын іздеп-табу мұғалімді көп ізденіске жетелейді. Әрбір ұстаз өзінің 45 минуттық сабағына жауапкершілік пен қарап, белгілі бір мақсат қойып, міндеттенсе, сабақ өз нәтижесін беретні сөзсіз.
Күнделікті ақпарат жаңалықтарына әр бір тарих сабағының қорытынды не ұйымдастыру кезеңінде 3 минут уақыт бөліп отырса, бұл да оқушылардың жан-жақты білімдерін дамытуға үлкен үлесін қосады. Әрсабақта тарихи даталарды есте сақтау, тарихи оқиғаның маңызын, себеп-салдарын, әр оқиғаның немен аяқталғанын оның білімдік, тәрбиелік жағын тең қарастырған жөн. Көбіне мектептерде сабақтың «аралас сабақ» түрі жүргізіледі. Жаңа үрдістерді пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелей, оларға тек бағыт-бағдар беру арқылы білімдерін дамытуымыз керек. Сабақтың түрін өзгертіп отыру, тақырыпқа сай тапсырмалар беру, оқушыларды ізденіс жұмысымен шұғылдануға шақыру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабылетін арттыратын сұрақтар қою, деңгейлік тапсырмалар беру, жұппен жұмыс, топпен жұмыс жасау оқушылардың өзіндік белсенділігін арттырады [9] .
Жаңа сабақты мұғалім, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырудан бастап, оны меңгерту жолында оқушылармен бірге жұмыс істейді. Әдіс-тәсілдері: баяндау, суреттеу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жұппен жұмыс жүргізуге болады. Сабақтың келесі түрі-«Ізденіс сабағы». Бұл сабақ алдын-ала даярланған, мұғалім ізденуге тапсырмаларды топқа бөліп не жеке тапсырмалар беру арқылы жүзеге асырады. Мұғалім сабақта бағыт-бағдар береді. Оқушылар өздері топпен іздену жұмысына шығады. Сабақта олар ізденген жұмыстарының нәтижесін ортаға салып, өздері бір жаңалық ашқандай болады.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл мұғалімдер тарихты оқытудағы өз әдістері мен жүйесін қалыптастырады. Олардың сабақтарында мұғалімнің дербестік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көрініс табады, яғни мұғалімнің тұлғасы белгілі дәрежеде оның өткізген сабағының деңгейін, бағыт-бағдарын айқындайды. Мұндай сабақтарды дайындау мен өткізу біршама уақыт пен күш-жігерді талап етеді [10] .
Сондықтан, бұл жұмысқа кіріспестен бұрын өз күшің мен мүмкіндігіңді салмақтап, нақты оқу жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен танысып алған орынды. Сабақтың кезеңдерін, оқытудың бірізділігін, жұмыс түрін өзгерту жаңашыл мұғалімге тиісті нәтиже бермеуі мүмкін. Содан да оқытудағы жаңашыл процестер аса сақтықпен, білімділікпен қолдануды қажет етеді.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар, олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқьпушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады [12] .
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ыкдал етті. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да, оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезенде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп, оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz