Оқытудың негізгі түрлері
Оқытудың негізгі түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-
дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-
иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Енді осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
1.Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.
Оның дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең
болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары
мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту
әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады.
Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау,
қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған
өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы
жақтары:
- Уақытты үнемдейді;
- Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
- Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
- Түсіндірмелі-иллюстрациял ы оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
- Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
2.Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту
Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды
жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.
Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету
(оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап
Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және
кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы
бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-
сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап
қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны
меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен
ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және
аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты
бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде
оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып,
қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі
сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді.
Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық
бойынша орналасады.
Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз
бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады,
негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң
бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең
қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында
жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм-дұрыс жауапқа
жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім мен
біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен
орындау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz