Оқытудың психологиялық мәні



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ. Оқытудың психологиялық мәні.
1.1. Оқытудың психологиялық теориясының
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4
1.2. Л.С.Выготскийдің оқытуды басқарудың
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. А.Н.Леонтьевтің оқытудың логикалық дамуының барысы туралы ... ... ..11

ІІ. ТАРАУ Оқыту іс-әрекетінің практикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Психика іс-әрекетінің ерекше
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Оқытудың кеңестік дәуірдегі психологиялық
қағидалары ... ... ... ... ... ... 2 4
2.4. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі бастапқы қалпы және
коррекциялау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..33

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34

І Тарау
Оқытудың психологиялық теориясының мәні.

1.1. Оқыту теориялы психологиялық ғылымның тармағы ретінде психиканы
маркстік тұрғыда түсінуден, адам санасы туралы маркстік ілімнен туындайтын
психологияның әдіснамалық қағидаларын қанағаттандыруы тиіс. Кеңес
психологтары өз ғылымының маркстік қағидалары үшін күресте ұзақ жолдан
өтті. Қазіргі кезеңде басты міндет психологиялық ғылымның жеке
тармақтарымен байланысты барлық жеке теорияларда осы қағидалардыбіртіндеп
іске асыру, оларды нақтылы эксперименттілікке дейін жеткізу болып табылады.
Екінші маңызды міндет бізге бөтен әдіснамалардың енуіне жол
бермеуге саяды. Бағдарламаланған оқыту идеясы мынадай объективті қауіп
тудырды. Мәселен мынада: Б.Ф.Скиннер тек бағдарламаланған оқыту идеясын
қалыптастырып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар адамды үйрету процесін
бихевиористік түсінуге негізделген бағдарламаланған оқытудың нұсқауын
жасады. Өкінішке орай, бағдарламаланған оқытудың барлық өкілдері идеяның
мінін осы іске асырудың нақты нұсқауынан бөліп ала алмады. Біздің
еліміздегі бағдарламаланған оқыту практикасын талдау бағдарламаланған оқыту
әлі күнге дейін американдық бихевиористік нұсқаудың әсерінен құтыла алмай
келе жатқандығын көрсетеді. Бұл жағдайларда кеңестік психология
қағидаларының құрылуының негізгі кезеңдерін де, олардың нақты мазмұнын
талдау ерекше маңызды.
Л.С.Выготскийдің ертеректегі еңбектерінде-ақ ол субъективті-
идеалистік психология мен рефлексологияның негізгі кемшілігі психиканың
мінез-құлықтан бөлінуі болып табылатындығын айтқан болатын. Психика мен
мінез-құлықтың ажырауы мінез-құлықты талдаудағы механизмге және психиканы
түсінудегі субъективті идеализмге алып кледі. Л.С.Выготскийдің жазуы
бойынша, Психикасыз мінез-құлық болмайтыны сияқты, мінез-құлықсыз психика
болмайды.
Сөйтіп, Л.С.Выготскийдің бұл жұмыстарында, кейінен бірқатар кеңес
психологтары дамытқан және қазіргі кезде де біздің психологиямыздың
психологиямыздың жетекші қағидаларының бірі болып табылатын психика мен іс-
әрекеттің бірлік қағидасының негізі қаланды.
Л.С.Выготский психиканы, сананы түсіну үшін олардың шектерінен
шығу – адам өмірінің өзіне, оның болмысының нақты жағдайларына қарау
керектігін көрсетті. Ол адам санасының дамуының негізінде оның шындыққа
практикалық қатынастарының дамуы жатыр деп есептеген. Алайда
Л.С.Выготскийдің индивидтің санасы мен практикасы арасындағы тура
тәуелділікті анықтаған жоқ, ол адам психикасы дамуындағы басты нәрсе
әлеуметтік тәжірибені меңгеру болып табылады деп санады. Осылайша, адам
психологиясының жетекші қағидасы ретіндегі әлеуметтік, тарихи бағытты
анықтауда Л.С.Выготскийдің еңбегі зор.
1.1. Оқытудың психологиялық теориясының негізі.
Адамның еңбегі оның өмір сүру жағдайларына қатынастарын жанамалайтын
құралдарды пайдаланумен сипатталады. Жанамалық адамның әлеммен байланысын
онымен жануарлардың өзара әрекеттестігінен ажыратады. Адамдардың
практикалық іс-әректтерінің ерекшелігі ретіндегі жанамалық олардың
психикасындағы сәйкес өзерістерге алып келді; ол да жанамалыққа айналды.
Адамның психикалық процестерін жанамалайтын құралдар ретінде әртүрлі
белгілер алынады. Еңбек құралдары сыртқа бағытталған, ол қоршаған шындық
заттарының өзгеруіне алып келеді. Ал құрал белгілер ішке бағытталғын,
психикалық процестерінің өзгерістерін тудырады.
Белгілер алғашында сыртқы, материалдық формаға ие болады, ал одан
кейін интериоризацияланады – ішкі, идеалды бола бастайды. Адам психикалық
іс-әрекетін жанамалайтын белгілердің негізгі жүйесін тіл құрайды, ал сондай-
ақ интериоризация жолынан өтеді – басында тіл басқа адамдармен қарым-
қатынас ретінде пайдаланылады, ал содан соң ішкі сөз тұрғысында жеке-дара
қолданылады.
Сөйлеу адамдырдың қоғамдық практикасынан туындаған, адамдар
қатынастарының арнайы әлеуметтік формасы ретінде пайда болды. Адам
психикасының өзіндік ерекшеліктері адам практикасының өзінен емес, оның
негізінде пайда болған адамдардың жаңа, әлеуметтік қатынастарынан сөйлеу,
олардың мәдениетінің жемістерінен тіл туындайды. Осыдан келіп адам
психикасының мәдени-тарихи табиғаты пайда болады.
Құрал-белгілердің рөлі – психикалық процестерді жанамалай отырып,
олардың құрылысындағы өзгерістерге алып келетіндігінде. Бұл,
Л.С.Выготскийдің ойынша, осы процестерді сипаттауда басты болып табылады.
Л.С.Выготский жанамаланған психикалық құрылымдардың дамуы жеке психикалық
қызметтер арасында жаңа байланыстардың пайда болуына алып келетінін, ол өз
кезегінде қызметтердің өздерінің қайта құрылуына мүмкіндік туғызатынын
көрсетеді. Сөйтіп, жеке психиканық проестің ерекшеліктерін түсіну үшін осы
процестер жүйесінің тұтас құрылысының талдамына қарау қажет.
Л.С.Выготскийдің көрсетуінше, сана жүйелі құрылысты болып келеді. Басқаша
айтқанда, жанамаланғандық жеке психикалық қызметтердің өзгеруіне емес, жаңа
қызмет аралық қатынастардың қалыптасуына алып келеді.
Психиканы талдаудағы жүйелік бағыт функционализмді жеңуге жол
ашты, ол сонымен қатар кеңестік психологияның маңызды міндетін құрады. Сана
жеке өзгермеген психикалық процестердің жиынтығына емес, динамикалық
жүйесіне айналды.
Құрал-белгілерді пайдалану адамға өз мінез-құлқын меңгеріп алуға,
төменгілердің, табиғилардан, тікелейлерден және еріксіздерден жоғары,
әлеуметтік, жанамаланған және ерікті болатын психикалық процестерді
басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша, жанамалайтын құралдар басында сыртқы,
материалдық, басқа адамдардың мінез-құлықтарын ұйымдастыру үшін бірлескен,
ұжымдық іс-әрекеттер жағдайларында пайдаланылатын құралдар ретінде пайда
болды. Біртіндеп олар ішкі, психикалық, өз мінез-құлықтары мен өз
психикасын басқару үшін жеке пайдаланылатын құралдарға айналады.
Мәдени-тарихи теорияда психиканың сыртқы, практикалық іс-әрекетпен
жақындасуы бірнеше бағыт бойынша жүреді. Біріншіден, адамдардың практикалық
іс-әрекеттерінің ерекшеліктері олардың психикасының ерекшеліктерін
анықтаушы ретінде көрінеді. Екіншіден, адам психикасының құрылысы оның
еңбек іс-әрекетінің құрылысымен сәйкестегі бойынша қарастырылады. Соңғысы,
жанамаланған психикалық қызметтер алғашында сыртқы бірлескен іс-әрекет
процесінде пайда болады, сөйлеу және басқа да құрал белгілер бастапқыда
оның элементтері ретінде көрінеді. Бала дамуындағы кез келген жоғары
психикалық қызмет сахнада екі рет пайда болады: бірінші рет ұжымдық,
әлеуметтік іс-әрекет ретінде, яғни интерпсихикалық қызмет ретінде, екінші
рет индивидуалды іс-әрекет ретінде, баланың ішкі ойлау тәсілі ретінде,
интерпсихикалық қызмет ретінде көрінеді.
Өз мінез-құлықтарын меңгеріп алу үшін, өз психикасын басқару үшін,
адам бас кезінде сыртқа заттарға сүйенеді және одан кейін ғана; сыртқы
жанамалаудың негізінде, оны іштей жасау, енді психикалық іс-әрекеттің
элементтері болып табылатын ішкі идеяларға сүйену қабілеттілігіне ие
болады.

1.2. Л.С.Выготскийдің оқытуды басқарудың мәселесі

Л.С.Выготскийдің көрсетуі бойынша, психикалық қызмет сыртқы,
материалдықтың өзгеру нәтижесі ретінде жанамалайтын бөлімге – құралға
ғана пайдаланылады. Осы құралдарды жанамалайтын психикалық процестердің
өздері сыртқы әрекеттен өзгертілген процесс ретінде көрсетілмеген.
Теориялық тұрғыда іс-әрекеттің ішкі, психикалық формасының сыртқы іс-
әрекетпен тектік байланысып мойындау Л.С.Выготскийде тұтас психикаға
таралады. Кез келген жоғары психикалық қызмет өз дамуында сыртқы деңгей
арқылы өтуі қажет. Бірақ интериоризация мәселелерін қарастыруда ол сыртқы
жүріс-тұрысты ішкіге ауыстыруды текке баса көрсетпегеніне назар аударған
жөн. ол үшін басты жағдай әлеуметтік тәжірибенің ішкіге ауысуы болды. Біз
үшін сыртқы процесс туралы айту – әлеуметтік туралы айту деген сөз.
Басқаша айтқанда, интериоризация оған адам психикасының әлеуметтік
табиғатын нақты көрсету мүмкіндігін береді. К.Маркстің белгілі қағидасын
өзгертіп, Л.С.Выготский былай деп жазды: Адамның психологиялық табиғаты
ішкіге ауысқан және тұлғаның қызметтеріне, оның құрылымының формаларына
айналған қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Л.С.Выготский сыртқы іс-әрекет пен психиканың бірлігі принципінің
және адам психикасын табиғаты бойынша әлеуметтік психика ретінде қарастыру
бағытының негізін сала отырып, оларды нақты-психологиялық зерттеулерде іске
асыра алмады, өзі қарсы күрескен интеллектуализмнің шырмауына түсті.
Құралдырға шешуші мән бере келе, Л.С.Выготский олар өз қызметтерін тек
үнемі бірдеменің бейнесі болғандықтан, адам үшін белгілі бір мәнге ие
болғандықтан ғана орындай алады деп көрсетті. Бұл ішкі және сыртқы
құралдырды пайдалануда да орын алады. Осыдан келіп, психиканың жанамаланған
формаларының даму процесі мәннің даму процесі болып табылады деуге болады.
Мағына біршама сипаттық формада сөзде берілген. Сонымен, сөздің өз
мағынасына қалай ие болатынын тексеру міндеті тұр. Л.С.Выготский мағына мен
түсініктің арасындағы айырмашылықты көрмегендіктен, түсініктердің қалыптасу
процесі эксперименттік зерттеуге айналды. Л.С.Выготский үшін түсініктердің
дамуы сана дамуының басты бағыты ретінде алынды. Оның ойынша, адам
түсініктерінің даму деңгейі олардың әлемді бейнелеу ерекшеліктерін де,
ондағы практикалық әрекеттердің мүмкінтерін де анықтайды. Түсініктердің
дамуы балаға дамудың жақын аймағына жол ашатын үлкен адаммен бірлескен іс-
әрекетімен байланысты.
Сонымен, Л.С.Выготский жүйесінде қарым-қатынас алдыңғы орынға
шығып, адамның ананың дамуын анықтайтын шындықпен практикалық қатынастарын
жоғалтуға деген шынайы қауіп пайда болды. Бала заттар әлемімен шынайы
әрекеттесетін субъект емес, тек қарым-қатынас жасайтын тіршілік иесі ғана
бола бастады. Мұндай жағдайда қарым-қатынас рөлін саралауда
интеллектуализмнің қауіп-қатері боды.
Сөйтіп, адам психикасының қалыптасуындағы құралдардың рөлін
зерттеу, Л.С.Выготскийдің сананы субъект ішіндегі тұйықтықтан алып шығуға,
оның мәнін одан тыс жатқан күштермен түсіндіруге талпынысын іске асыру
болды. Бірақ іс-әрекеттен тыс және өздігінен алынған құрал асыра мәнге ие
болды, ол іс-әрекетті жоғалтуға және өз кезегінде, интеллектуализмге, сана
ішінде тұйықталуға алып келді. Л.С.Выготский инбивидуалды сананың бірлігі
ретінде қарастырған мағына адам психикасының құрылымын, оның даму деңгейін
анықтаушы болып шықты.
Бұл Л.С.Выготскийдің қиындыққа тірелуінің емес, оның қағидаларының
психиканың мәдени-тарихи теориясында жеткілікті, барабар іске аспауының
салдары болды.
Л.С.Выготскийдің адамның шындыққа практикалық қатынастарының
психиканың дамуындағы анықтаушы рөрі туралы бастапқы пікіріне күмән
келтірілмейді. Бірақ адам психикасы дамуындағы еңбектің адамды әлеммен
байланыстыратын арнайы іс-әрекет ретіндегі рөлін анықтаудың орнына,
Л.С.Выготский тек құралдардың рөлін ғана зерттеді. Бірақ құралдардың болуы,
олар қаншалықты маңызды болса да, еңбек іс-әрекетінің сипаттамаларын
толығымен бере алмайды. Л.С.Выготский еңбек іс-әрекеті процесінде адамдар
арасында болатын жаңа қатынастардың адам психикасына әсерін талдаған жоқ.
Сонымен бірге адам психикасының әлеуметтік-тарихи табиғатын көрсете отырып,
ол бірден табиғи психикалық процестерді қоғамдық процестерге қарама-қарсы
қойды. Басқаша айтқанда, адам психикасының дамуын қарастыруда әлеуметтік
және табиғи процестерді психологиялық процестердің әр түрлі екі сферасы
ретінде түсінді.
Психиканың мәдени-тарихи дамуы териясын сынау кеңестік
психологияның осы теорияны шешу үшін жасалған міндеттерінен және
Л.С.Выготский белгілеген оларды шешу жолдары принциптерінен бас тарту деген
сөз емес.
Л.С.Выготский теориясының жетіспейтін тұстарын толықтыруды,
практикалық іс-әрекеттің психикамен одан ары қарай жақындасуын және адам
психикасының әлеуметтік шарттану принципінің дамуын біз С.Л.Рубинштейннің,
А.Н.Леонтьевтің және оның қызметтестерінің жұмыстарынан табамыз.
Кейіннен С.Л.Рубинштейн психологияның пәнін дәлірек айқындап
берді. Бұл айқындау психологияның пәні ретіндегі іс-әрекеттен бас тарту
болды: ...өзінің не істеп отырғанын білетін кез келген психология психиканы
және тағы да психиканы зерттейді. Бірақ психологияның пәні ретінде іс-
әрекеттен бас тартупсихиканың қалыптасуы мен қызмет етуіндегі оның рөлін
зерттеуден бас тартуды білдірген жоқ. Керісінше, С.Л.Рубинштейн психика мен
іс-әрекеттің бірлігі принципін жария етті: ...нақты іс-әрекеттің әр
түрлерінде шынайы іске аса отырып, психикалық процестер сонда қалыптасады.
Бірақ іс-әрекет пен психиканың нақты сәйкестігі теориялық та,
эксперименттік-психологиялық тұрғы да да ашылмаған күйі қалды. Сыртқы
практикалық іс-әрекет пен ішкі, идеалдылық құбылыс ретіндегі психиканың
дуализмін жою туралы сұрақ та шешілмеді.
Л.С.Выготскийдің 1925 ж. жазуы бойынша, Субъективті психологтарда
мінез-құлықсыз психика, ал рефлексологтарда – психикасыз мінез-құлық. Бірақ
екі жерде де – психика мен мінез-құлық бір нәрсе емес, екі түрлі нәрсе.
Психика мен іс-әрекеттің бірлігін жариялау екі заттың өздігінен жоғалып
кетуіне алып келмейді. Ол үшін олар қалайша бірдей екенін мәні бойынша ашу
қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл міндетті А.Н.Леонтьев шешкен
сияқты. А.Н.Леонтьевтің Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясын сынай
талдаудағы айтқан негізгі қарсылықтары мынадай: түсінік емес (және
мағыналар да, белгілер де, құралдар да емес), организмді қоршаған ортамен
байланыстыратын шынайы іс-әрекет тұтас сананың да, жеке-жеке психикалық
қызметтердің де дамуын анықтайды.
А.Н.Леонтьевтің психикаға көзқарсының мәні, әуелден-ақ оны
организмге өмір бойы ілесіп жүретін құбылыс ретінде емес, өмірді іске
асыратын процестер ретінде қарастыруында. Психика организмнің өмірлік іс-
әрекетіне әлдебір субъективті қосылыс ретінде емес, өмірлік іс-әрекеттің
өзінің формасы ретінде қарастырылады.
Организмнің қоршаған ортамен шынайы, практикалық өзара қатынасы
процесін қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев олардың даму логикасының өзі
психикалықтың пайда болуының қажеттілігіне алып келгендігін көрсетті.
Психика белгісін іздеу бірінші рет организм мен ортаның объективті
байланыстарын талдау жолына бағытталды. А.Н.Леонтьев өмірлік іс-әрекеттің
осы ерекше формасы – психиканың объективті белгісі ретінде организмнің
қоршаған орта әсерлеріне тітіркенгіштігінің болуын ұсынды. Олар: тікелей
өмірлік мәні жоқ, бірақ тура өмірлік мәні бар басқа әсерлермен объективті
байланыс күшінде белгілер қызметін атқаратын, организмнің тікелей мәнді
тітіркенгіштермен байланысын жанамалайтын оратның әсерлері. А.Н.Леонтьевтің
ойынша, организмнің ортамен қатынасын осылай күрделендіру біртекті, заттық
безендірілмеген ортадағы өмірден дискретті ортадағы өмірге өтуден
туындаған. Сол отада тура өмірлікмәні бар тітіркендіргіштерді табу үшін
организм іздестіру жасауы, оған бейімделуі, оны бейнелеуі қажет.
А.Н.Леонтьев басқа зерттеушілер мен өзінің зерттеулерінен алынған,
зоопсихология саласындағы эксперименттік мәліметтерді талдай отырып,
жануарлардың орта өзгерістеріне бейімделуін іске асыратын механизмнің типі
олардың психикасы дамуының жалғыз белгісі бола алмайды деген қорытындыға
келеді. Ол жануарлар дамуының инстинкт – дағды – интеллект деген дәстүрлік
схемасына қарсы шықты. А.Н.Леонтьев жануарлар психикасы дамуының негізгі
кезеңдерін айқындауда ең алдымен, оларды қоршаған ортамен байланыстыратын
және олардың шындықты бейнелеу формаларын анықтайтын, жануарлар іс-
әрекетінің объективті құрылысын ескеру керектігін көрсетті. Бұл бағыттың
негізінде ол келесі кезеңдерді бөліп көрсетті: қарапайым сенсорлық психика,
перцептивті психика және интеллект.

1.3. А.Н.Леонтьевтің оқытудың логикалық дамуының барысы туралы

А.Н.Леонтьев сонымен қатар тіршілік еті жағдайының өзгеруі жануарлардың іс-
әрекет, мінез-құлық құрылысныдағы өзгеріске қалай алып келетіндігін
көрсетті, бұл өз кезегінде – бейнелеу формасын өзгеріске түсіреді. Сонымен
қатар ол бейнелеу формаларының дамуы мен іс-әрекет құрылысының дамуы
арасында кейде тура сәйкестіктің болмайтындығын көрсетті: бейнелеу формасы
іс-әрекет құрылысынан қалып қалады. А.Н.Леонтьев іс-әрекет құрылысының
түрлі типтерін және бейнелеудің түрлі формаларын көрсете отырып, олардың
барлығы инстинкттік-биологиялық заңдар шеңберінде қалады деп атап айтты.
Адам санасының пайда болу жағдайларын талдай отырып, А.Н.Леонтьев
бұл жағдайда да енді еңбекке айналған және табиғи емес, қоғамдық
байланыстарға бағынатын іс-әрекет құрылысының ерекшеліктері психиканың
ерекшеліктерін тудыратын көрсетеді.
Субъектіні әлеммен байланыстыратын іс-әрекетті А.Н.Леонтьев
психологияның пәні ретінде қарастырады. Ең алдымен ол өз зейінін іс-
әрекеттің құрылымын,, құрылысын зерттеуге бағыттады. Ол сараланған іс-
әрекеттің негізгі элементтері ретінде мақсат пен мотивті объективтендірді,
ішкі толғаныстар емес, субъектінің іс-әрекетін бағыттайтын сыртқы заттар
ретінде түсіндірді. Іс-әрекет мотивін ол тек субъектінің бір нәрсеге деген
қажеттілігі, қажетсіну ретінде ғана емес, заттанған қажеттілік ретінде,
субъектіні әрекетке оятатын объект ретінде анықтады.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет, әрекет, операциялар түсініктерін
ажыратады. Ол іс-әрекетті субъектінің шындыққа өмірлік, белсенді
қатынастарын іске асырушы процестер деп түсінеді. Іс-әрекетке тән ерекшелік
мотив пен мақсаттың сәйкестігі болып табылады. Ол өзі қол жеткізуге
бағытталған мақсатпен оятылады. А.Н.Леонтьев 1965 ж. Адамның жеке іс-
әрекеттерінің негізгі құраушылары оларды іске асырушы әрекеттер болып
табылады. Іс-әрекет деп біз қол жеткізулі тиіс нәтиже туралы көзқарастарға
бағынышты процесті, яғни саналы мақсатқа бағынышты процесті айтамыз. Мотив
түсінігі іс-әрекет түсінігімен сәйкестенетіні сияқты, мақсат түсінігі
әрекет түсінігімен сәйкестенеді. Осылайша, А.Н.Леонтьев әрекетті оның
мақсатынан емес, сол іс-әрекет іске асыратын іс-әрекеттің мотивінен
туындаған, мақсатқа бағытталған процесс ретінде анықтайды. Іс-әрекетке
қарағанда әрекетке тән қасиет мотивтің мақсатпен сәйкес еместігі болып
табылады.
А.Н.Леонтьев операцияларды әрекетті іске асыратын тәсілдер ретінде
анықтайды. Сөйтіп, операциялар әрекеттердің мотивіне де, мақсатына да емес,
мақсат қойылған жағдайларға сәйкес келеді. Операциялар әрекеттерден
туындайды: ...әрекеттің мақсаты орындалу жағдайы ретінде басқа басқа
әрекетке кіргенде, бірінші әрекет екіншісінің іске асу тәсіліне, саналы
операцияға айналады.
А.Н.Леонтьев мотив пен мақсаттың қатынасы ретінде түсінетін
субъект үшін іс-әрекеттің (әрекет) мағынасы түсінігін енгізді. Бұл жағдайда
мағына іс-әрекетке арнайы қызметтерді атқаратын және оның құрылымдық
элементтері болып табылатын екі нәрсе арасындағы қатынас ретінде көрінеді.
Оның жазуы бойынша, мағына субъектінің өмірімен, іс-әрекетімен іске
асырылатын қатынас ретінде көрінеді.
Жануарлар іс-әрекетінің инстинктивті-биологиялық сипатын ескере
отырып, А.Н.Леонтьев бұл олардың қоршаған шындықты психолоиялық
бейнелеуінің тарлығын анықтайтындығын көрсетеді. Жануарлардың биологиялық
қажеттіліктерімен байланысты нәрселердің барлығын ол бенелемейді, ол үшін
олар жоқ болып есептеледі – жануарларда шындықты тұрақты объективті заттық
бейнелеу болмайды.
Психиканың бұл ерекшелігі жануарлар іс-әрекетінің құрылымымен
түсіндіріледі. Онда іс-әрекетті бағыттайтын нәрсе үнемі мотивпен сәйкес
келеді. Сонымен, жануарларда әрекет жоқ, жануардың затқа қатынасы заттан
бөлінбейді, өздігінен болмайды. Жануарлардағы қызметтерді саналы бөлумен
сипатталып, бірлескен іс-әрекеттің жоқтығы осымен түсіндіріледі.
Адам іс-әрекетінің құрылысы мүлде басқаша, еңбек адамның ерекше іс-
әрекетті ретінде тек құралданғандығымен ғана емес, сонымен бірге
ұжымдылығымен де сипатталады. Адамның әлемге қатынасы тек құралмен ғана
емес, сондай-ақ ол өндірістік қатынастарға түсетін басқа адмдардың іс-
әрекетімен де жанамаланған.
Бірнеше адамдар арасында еңбектік қызметтерді бөлу алғаш рет
әрекеттің пайда болуына алып келеді. Индивидті әрекетке оятатын нәрсеге тек
ұжымдық еңбектің әрбір қатысушысының өз әрекетін орындауы нәтижесінде ғана
қол жеткізуге болады. Жеке алынған әрбір әрекет мақсатқа қол жеткізбейді,
индивид үшін өздігінен өмірлік мәнге ие болмайды. Осылайша, іс-әрекеттің
қоғамдық шарттары, әрекеттің объективті мотиві мен оның заты – тікелей
мақсатының арасындағы қатынастарды индивидтің бейнелеуін қамтамассыз ететін
психиканың жаңа формаларын туындатуды талап етеді. Адамға бұл қатынасты
оның қатынасы ретінде ашатын психиканың формасын А.Н.Леонтьев адамның
ақылды, ойшыл санасы деп атайды. Осылайша, адам іс-әрекетінің басты
бірлігі әрекеттің туындауымен бірге адам психикасының өз табиғаты бойынша
негізгі, қоғамдық бірлігі – адам белсенділігі бағытталған ақылды мағына
туындайды.
Субъект үшін іс-әрекеттің затын сол затқа қатынастан бөлу
заттардың ұжым қажеттіліктеріне тұрақты қатынасқа шыға бастауына, қоғамдық
тәжірибені жалпылап, кристалдандыратын және оны тілде бекітетін белгілі бір
мәнге ие болуына алып келеді. Адам үшін мән ол бейнелейтін нәрсенің
мағынасын объективтендіреді.
А.Н.Леонтьев сананың психологиялық сипаттамасы мәселесін жаңа
тұрғыдан қояды. Дәстүрлі буржуазыялық психология санадағы бар нәрселер
ғана, жеке психологиялық құбылыстар мен олардың қатынастары ғана зерттеледі
деп есептегені белгілі. Л.С.Выготский сияқты А.Н.Леонтьев те сананың
ерекшеліктері жеке психикалық құбылыстар мен процестердің ерекшеліктерімен
сәйкеспейді деп есептейді. Сананың өзінің жеке психологиялық сипаттамасы
бар – субъектінің сыртқы, практикалық іс-әрекеті құрылысының
ерекшеліктерімен шарттанған ішкі құрылысының өзіндік өзгешелігі. Сонымен,
сананың ерекшеліктерін анықтауда автор оның шегінен шығады, буржуазиялық
психологияға тән, субъектінің ішіндегі сананың тұйықтығын жляды және
осылайша, сананы болмыс қалай анықтайтындығын көрсетудің нақты
психологиялық мәселесін шешуге мүмкіндік ашады.
Сананың ішкі құрылысындағы басты құрастырушылар – мән мен
тұлғалық мағынаны бөле отырып, А.Н.Леонтьев олардың әр түрлі қоғамдық-
экономикалық формациялар жағдайларында қалыптасқан, адамның табиғатқа және
басқа адамдарға объективті қатынастарының бейнеленуі болып табылатын
қатынастары тарихи даму процесінде сананың түрлі құрылысына алып келетінін
көрсетті.
Өмір сүру жағдайының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын организмнің
өмірлік іс-әрекет формасы ретіндегі психика бағыты А.Н.Леонтьевке психиканы
субъект ішіндегі тұйықтықтан алып шығуға және оны іс-әрекет формасы ретінде
түсінуге мүмкіндік берді.
Бас кезінде психика, сана адамдардың практикалық іс-әрекетіне
компоненттер ретінде енді, онымен бөлінбестей байланысты болды. Еңбекті
бөлу процесі бірте-бірте ақыл-ой және физикалық еңбектің пайда болуына алып
келді. Ой еңбегі жағдайында психикалықтың формасын іс-әрекеттің жеке
элементтері де, оны құрайтын жеке әрекеттер де емес, іс-әрекет тұтасымен
алады. Алғашында практикалық іс-әрекеттің ішінде бөліне отырып, психикалық
процестер одан кейін өзіндік мотивтерге ие болады, іс-әрекеттің ерекше
түрлеріне айналады.
Басқаша айтқанда, сыртқы, практикалық іс-әрекет
инетриоризацияланады, ішкі, идеалдық іс-әрекет формасына ие болады. Бірақ
психикалықтың формасын қабылдап және біршама дербес бола отырып, ол іс-
әрекет болуын, яғни субъектінің әлеммен өзара әрекеті процесінде пайда
болатын өмірлік тапсырмаларды шешуге бағытталған процестер болуын
доғармайды. Психикалық іс-әрекет таза рухани, сыртқы, практикалық іс-
әрекетке принциптік тұрғыда қарама-қайшы болмайды. Бұл А.Н.Леонтьевке ішкі
іс-әрекетті, сана іс-әрекетін және сыртқы іс-әрекетті дуалистік қарама-
қарсы қоюды жоюға, сана процесі мен сыртқы іс-әрекет – бұл екі түрлі нәрсе
емес, бір іс-әрекеттің екі формасы екенін көрсетуге мүмкіндік берді; бұнда
бұл формалардың бірі екіншісінен туындаған, оның дериваты. Бұл екі формалар
өзара бір-біріне ауысулармен, өзара айналулармен байланысты, психика мен іс-
әрекеттің бірлігінің басты, шешуші көрінісі болып табылады. Іс-әрекеттің
бұл екі формасы бастапқыда осының салдарынан бейнеленіп, адамды қоршаған
әлеммен түрліше байланысатын болса да, тең болып табылады. Олардың екеуі
де ой елегінен өткен және мағына қалыптастырушы процестер. Олардың
қауымдастығында екі: материалдық және идеалдық формада көрінетін, адамның
тұтас өмірінің бөлінбестігі көрінеді. Сыртқы, практикалық және ішкі,
психикалық іс-әрекеттердің бірлігі олардың бірдей құрылысы болатындығынан
да көрінеді. А.Н.Леонтьевтің көрсетуі бойынша, психикалық іс-әрекетте,
практикалық іс-әрекеттегі сияқты, іс-әрекетті, әрекетті және операцияларды
ажырату қажет. Сыртқы іс-әрекет пен психикалық іс-әрекет құрылысының
жалпылығы олардың өзара ауысуы мен өзара айналуын мүмкін етеді, ішкі іс-
әрекет үнемі өзіне жеке-жеке сыртқы әрекеттер мен операцияларды енгізеді,
ал дамыған сыртқы практикалық іс-әрекетке – ішкі, ойлық әрекеттер мен
операциялар енеді.
Дәстүрлік буржуазиялық психология тек сыртқы іс-әрекеттің ішкіге,
практиканың психикаға тәуелділігін үнемі көрсетіп отырды. А.Н.Леонтьев кері
тәуелділік мәселесін қойды. ішкі, психикалық іс-әрекет сыртқы практикалық
іс-әрекетке тәуелді. Сыртқы әрекеттің филогенездегі де, онтогенездегі де
басымдылығын дәл көрсетті. Бұл идея кеңестік психологияны К.Маркстің
идеалдық деген адам басына қондырылған және онда өзгертілген материялдық
дүние деген әйгілі қағидасының іске асуына алып келді.
Психологияның пәні, сөйтіп, психика емес, құрылымдық элементтері
сыртқы, материалды формада да, ішкі, психикалық формада да көріне алатын,
ой елегінен өткен іс-әрекет, ол үшін бастапқы болып табылатын сыртқы,
материалдықпен тектік байланыстағы адам іс-әрекетінің жеке түрі ғана болып
табылады. Затты бұлайша қарастыру психологияллық ғылымның даму жолын
бірден өзгертті. Осыған дейін ол үнемі дерлік сыртқымен ішкінің,
материалдық пен идеалдықтың қарама-қайшылығынан басталса, ал енді қазір
субъектінің психикасы мен іс-әрекетінің шын мәнісіндегі бірлігінен бастау
алып, олардың ішкі өзара байланыстары мен бір-біріне айналуларын зерттей
бастады.
А.Н.Леонтьев еңбектерінде адам психикасын тарихи, әлеуметтік
тұрғыда ары қарай қарастыру дамыды. Ол осы кезге дейін психологияда
қалыптасқандай адамда тәжірибенің екі түрін емес, үш түрін ажырату қажет
екенін айтты. Егер жануарларда туа берілген, биологиялық тұқым қуалаған
және оған бейімделген жеке-дара тәжірибе болса, адамда тәжірибенің тағы бір
түрі – өмір сүру барысында меңгерген қоғамдық-тарихи практика тәжірибесі,
адамзат тәжірибесі бар, өз механизмдері бойынша айрықшаланатын, ерекше бұл
процесте өзіндік адамдық қабілеттіліктер қалыптасады. А.Н.Леонтьев атап
көрсеткендей, бұл тәжірибені индивидуалды тәжірибеге ұқсатуға болмайды.
Соңғысынан ол тек мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қатар оны меңгерудің
принциптік механизмі бойынша ажыратылады.
Кейінірек, 50-жылдары А.Н.Леонтьев мидың қызмет атқарушы
мүшелері туралы болжам дасады. Бұл болжамда, жоғарғы, өзіндік адамдық
психикалық қызметтерінің физиологиялық механизмі, сол психикалық
қызметтердің мүшелерінің рөлін атқарып, адамда өмір сүру барысында
қалыптасып, бекітілген арнайы ми бірігулерінің негізінде пайда болатын
жүйелік процестер болып табылатындығы айтылған. Бұл болжамның теориялық
мәні – оның адамның биологиялық және әлеуметтік тәжірибелерін қарама-қарсы
қоймауға және адамның оның бірлігіндегі тарихи, қоғамдық табиғатын
көрсетуге мүмкіндік беретіндігінде.
Қарастырылып отырған теориялық бағыт кең эксперименттік дамудан
өтті. Л.И.Божович, А.В.Запорожец, П.И.Зиченко, Д.Б.Эльконин және т.б.
басқарған бірқатар зерттеу бағыттары айқындалды. Нәтижесінде адам іс-
әрекетінде тек анық психологиялық құрылым ғана ажыратылып қойған жоқ,
сонымен бірге оның әрбір элементі психологиялық сипатқа ие болды. Жеке
психикалық процестер іс-әрекет құрылымындағы алатын орнына, бұл іс-
әрекеттің адам үшін өмірлік мағынасына тәуелді зерттелінді.
Бұл жұмыстар эксперименттік-психологиялық зерттеулердегі
субъективизмді жою үшін, оның іс-әрекетінің нақты түрлеріндегі субъектінің
шынайы өміріне психиканың тәуелділігін анықтауда үлкен мәнге ие болды.
Сонымен А.Н.Леонтьев өзгертілген сыртқы іс-әрекет ретіндегі
психика туралы тезисті ұсынып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның онтогенез
процесіндегі іске асуын да тыңғылықты зерттеді. Бұл мәселені жүйелілікпен
және біртіндеп зерттеген П.Я.Гальперин мен оның қызметтестері болды.
Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің және олардың
ізбасарларының жұмыстары 40-жылдардың соңында кеңестік психологияның
негізін құрайтын үш негізгі принципке: 1) психиканы іс-әрекет ретінде
түсінуге; 2) адам психикалық іс-әрекетінің әлеуметтік табиғатын мойындауға;
3) психикалық іс-әрекет пен сыртқы, практикалық іс-әрекеттің бірлігін
мойындауға алып келді.

ІІ Тарау
Оқыту іс-әрекетінің практикалық мәні

Бұл принцип психиканы сананың құбылысы ретінде емес, субъектінің
әлеммен өзара әрекеттестігі процесіндегі арнайы міндеттерді шешуді
қамтамассыз ететін, оның өмірлік іс-әрекет формасы ретінде түсіндіруді
білдіреді. Адам (субъект) психикалықтың қоймасы емес, белсенді бастама
ретінде көрінеді. Ол тек сыртқы практикалық әрекеттерді ғана емес, сонымен
қатар психикалық әрекеттерді де орындайды. Психика – бұл тек әлемнің
суреті, бейнелер жүйесі ғана емес, сондай-ақ іс-әрекет, әрекеттер жүйесі
және бір мотивпен, мақсатпен біріккен операциялар.
Психиканы іс-әрекет деп түсіну психологияның пәнін түбегейлі
өзгертеді. Енді ол жеке бөлшектенген психикалық қызметтерді емес (зейін,
ерік, эмоцияларды және т.б.), іс-әрекетке ене отырып, онда белгілі бір
құрылымдық орынға ие болады, қандай да бір қызметтік рөл атқарады. Іс-
әрекеттің заңдылықтары оның жеке элементтерінің заңдылықтарына немесе сол
заңдылықтардың қосындыларына теңестірілуі мүмкін емес. Басқаша айтқанда,
психологияның пәні – іс-әрекет өз табиғаты бойынша жүйелі болып келеді және
жүйе ретінде зерттелуі қажет.
Сол себептен психиканы іс-әрекет ретінде зерттеуге көшу
терминдерді қарапайым алмастыру жолымен жүре алмайды: зейіннің қызметінің
орнына зейіннің іс-әрекеті, эмоциялық қызметтің орнына эмоциялық іс-әрекет
және т.б. терминдердің бұлайша ауыстырылуы мағынасы бойынша ештеңені
өзгертпейді, себебі жеке қызметтер ешқашан іс-әрекетті жасамайды.
Психологияның пәні басқа жаңдайда да түбегейлі өзгерді: психология
тек таза психикалық іс-әрекетті ғана зерттемеуі қажет – бұл шекті жағдай.
Іс-әрекет психологияның пінң ретінде психологиялық талдаудың
бірлігі туралы сұрақты да жаңаша қойды. кез келген процестің талдауының
бірлігіне қойылатын жалпы талап: талданып отырған құбылыстардың ерекшелігін
жоғалтпауы керек. Л.С.Выготский атап көрсеткендей, психиканы ол үшін
қарапайым емес, біршама қарапайым түрде оның барлық қасиеттері сақталатын
спецификалық бірліктерде айқындау қажет. Оның жазуы бойынша, одан да
қарапайым элементтерге бөліп талдау талданып отырған құбылыстардың өзіндік
ерекшеліктерін және өз ғылымының ерекшелігін жоғалтуға алып келеді.
Л.С.Выготский бойынша, мысалы, біз су неге отты өшіретінін түсіндіргіміз
келсе, онда біз суды элементтерген бөліп, сутегі өзі жанады, ал оттегі отты
өршіте түседі демеуіміз керек. егер біз бірлікті элементтерге бөлшектейтін
талдауды күрделі бірліктерді қарапайым бірліктерге бөлшектейтін талдаумен
алмастыра алсақ, біздің талдауымыз тапсырманы қанағаттанарлықтай шешімге
алып келеді деп сенуімізге болады.
Психика іс-әрекет болып табылатын болғандықтан, оның талдауын іс-
әрекеттің барлық өзіндік ерекшеліктерін сақтайтын бірліктерге енгізу қажет
болады. Ондай бірлік ретінде әрекетті алуға болады. Әрекеттің құрылымы іс-
әрекетпен бірдей: ол бағытталған мақсат, мотив, объект, әрекетті іске
асыратын операциялардың белгілі бір жинағы, субъект оны орындайтын үлгі,
оның шынайы өмірінің актісі болып табылады. Әрекет, іс-әрекет сияқты,
субъектіге жатады, үнемі нақты тұлғаның белсенділігі түрінде көрінеді.
С.Л.Рубинштейн талдаудың мұндай бірлігін таңдауды негіздей отырып,
былай деп жазды: көп бейнелі психикалық құбылыстарды олардың мәнді ішкі
өзара байланыстарында түсіну үшін ең алдымен психологияның барлық
элементтерін олардың бірлігінде ашуға болатын жасушаны немесе мәнін
табу керек.
Индивидтің қоршаған әлеммен өзара қатынастары және нақты
материалдық жағдайларымен шарттанған олардың шынайы өзара байланыстарында
психиканың негізгі сәттері қамтылған психофизикалық бірлікті табу керек.
...Кез келген әрекет оның іс-әрекетінің бірлігі ретінде сондай клетка болып
табылады. Практикалық та, теориялық та іс-әрекеттің актісі бола отырып,
әрекеттің психологиялық мазмұнына алынған, іс-әрекеттің бірлігі
ретіндегі – бұл белгілі бір мақсатқа бағытталатын акт; бұл мақсатқа қол
жеткізілетін жағдайларды есепке ала отырып, әрекет индивидтің алдында
тұрған тапсырманы шешуші ретінде көрінеді.
Осылайша, психологиялық талдаудың бірлігі ретіндегі әрекет кеңес
психологиясына психиканы бұлай түсінудің жалпы мойындалғандығына
қарамастан, әрекет талдаудың бірлігі ретінде нақты-психологиялық
зерттеулерде кеңінен пайдаланылған жоқ. Сол себептен оқыту теориясын
жасауда іс-әрекетпен үйрету процесін жай мойындау ғана емес, сондай-ақ ол
процесті іс-әрекеттер бірліктерінде талдау да маңызды.

2.1. Психика іс-әрекетінің ерекше түрі

Адамдардың қоғамдық өмір сүру салтына орай адамзат прогерсі
биологиялық емес, әлеуметтік заңдармен анықтала бастады. Адамның түрлік
тәжірибесі тұқым қуалаушылық механизмдерінің көмегімен белгіленуін
тоқтатты; ол материалдық және рухани мәдениеттің өнімдерінде өзіндік
әлеуметтік тәсілдермен бекітіле бастады. Адамдық индивидтердің дамуы тұқым
қуалаушылық негізінде қалыптасқан түрлік тәжірибенің өрістеу жолымен емес,
өндіріс құралдарында, кітаптарда, тілде және т.б. бекітілген сыртқы,
қоғамдық тәжірибені меңгеру жолымен өтті. Адам ойлаудың дайын тәсілдерімен,
әлем туралы дайын білімдермен тумайды және ойлаудың логикалық заңдарын да,
қоғамға әйгілі табиғат заңдарын да қайта ашпайды – бұлардың барлығын ол
үлкен ұрпақ тәжірибесі ретінде меңгереді. Әрине, адам тәжірибені көбейтеді,
бірақ бұны да ол тек қоғамдағы бар тәжірибені меңгеруден кейін ғана және
оның негізінде жасайды.
Сонымен, өткен ұрпақтардың тәжірибесін меңгеру индивидтің
қалыптасуында анықтаушы рөл атқара бастады. Оқыту мен тәрбиелеу – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Орта буынды мекетеп оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы
Психологияда белсенді оқыту әдістері
Пәндер