Оқытудың түрлері жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
3. Оқытудың түрлері

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі –
дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі –
иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемелы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді
осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:

1. Түсіндірмелі –иллюсрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта
ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда
болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп ортырады. Бұл
жүйедегі негізгі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып
түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс әрекеті: берілген білімнің
мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы:
оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап
айтып беруі.

Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы
жақтары:

– уақытты үнемдейді;

– мұғалім мен шәкіттердің күш–қайратын жетілдіреді;

– күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

– оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Түсіндірмелі–иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

– оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,

– шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі,

– дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.

2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру,
тексеруден өзін–өзі тексеруге, оқытудан өзін–өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы
оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту)
машиналары қолданылды. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер,
Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы
ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы
бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен
тест–сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді;
жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап
береді.

Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны
меңгеру барысындағы оқушының іс–әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен
ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас.
Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты
бағдарламада әр оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша
түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты
оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы
нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді,
басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз
бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады,
негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң
бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең
қолданылуда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында
жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген. Алгоритм – дұрыс жауапқа
жетелейтін бірізді ақыл – ой және оқу іс–әрекеттерінің жүйесі. Білім мен
біліктерді толық меңгеру үшін алгоритм оқушыларға оқу әрекетінің құрамы мен
орындау тәртібін белгілейді. Оқу бағдарламасын құрастырудан алдын–ала оқу
барысын басқару үшін алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы компьютерлік
оқытудың сапасына тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлік оқытудың
сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тәуелді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

– оқу материалының бөлшектенуі,

– оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

– тұрақты тексеру,

– оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

– техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:

– бағдарлама жасауға көп уақыт, күш,

– мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
3. Проблемалық оқыту.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені
даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа
проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де
шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми –оқу мәселені бейқалыпты әдістермен
шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын
түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды
шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан
педагог – ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің
дәлелдеуінше, “жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп
табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын
проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген
сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды,
оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана–сезіміне
қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық
жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші
жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят
туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға
жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі.
Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді
меңгереді. “Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерге
дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен
білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына
дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың
бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен,
проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан
проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

– оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

– оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

– оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

– берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

– оқушылардың танымдық іс–әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

– мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар
қолданылады. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына,
мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.

2. Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.

3. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

4. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне
тәуелді.

5. Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін
ұйымдастыру.

6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп,
жаңарып, толықтырылуы.

Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары
жатады.

Оқытудың негізгі заңдары:

–Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен
оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.

– Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Пәндер