Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер
жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім
берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу
қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін
кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің
екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар
болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік
қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей
білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды,
қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: Ұлттың бәсекеге
қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады – деген байламы
жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің
өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп
жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы
әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие
үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге
деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық
еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы
негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі Дамыта оқыту
технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық
меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.Даму  ұғымы сөздікте ... мөлшерлік
өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге
айналуы,-деп түсіндіріледі.  Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-
жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны
береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі
диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп
отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен
даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория
ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,
адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп
түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу.   В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның
басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау менпрактикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау
деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың
дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі
мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты,
міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген
оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты
мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік
қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа
бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің
негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процесінің
компоненттері
Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыту оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалыптастыру практикалық әрекетін
дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
тақырыптар, дәлелдер теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың формаларыЖеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемелық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бақылау,
мұғалімнің бақылауы, өзін-өзі бағалау,
бағалауы рефлекция



Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының,
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Пәнаралық байланыс пен бағыттылық
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Пәндер