Олигофрения ұғымы


Олигофрения ұғымы.
Дефектологиядағы « ақыл - ой дамуы кешеуілдеген » деген ұғым орталық нерв жуйесінің органикалық жарақаттануы негізінде туындаган баланың танымдық іс - әрекетінің төмендеуі деп түсіндіріледі.
Орталық нерв жүйесінің жарақаттану сатысы ауырлығына қарай, пайда болған уақытқа қарай әртүрлі болады. Басқа сөзбен айтқанда, патологиялық дамудың этиологиясы әртүрлі болуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде ақыл - ойы кем балалардың зиялылық дамуында, эмоциональды еріктік дамуында, физиологиялық дамуындағы жеке ерекшеліктерін туғызады.
Зиялылық дамуында ақаулығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу оларды зерттеу мәселелерімен арнайы педагогиканың бір саласы - олигофренопедагогика айналысады.
«Олигофрения» ұғымын (грекше оlуdоs - аз және рhrеп -ой) неміс психиатры Э. Крепелин енгізді. Бұл ұғым арнайы педагогикада үнемі қолданылады. Бірқатар шетелдерде осыған ұқсас ұғымдар қолданылады, мысалы ағылшын тілдес елдерде mental retardation - «зиялылық дамуы кешіккен» деген ұғым пайдаланылады.
Отандық арнайы әдебиеттерде 1960 жылдарға дейін «ақыл - ойы» деген ұғыммен қатар «ойлау дамуы кешіккен» деген ұғым кең қолданылады. «Ойлауы төмен» ұғымына «ақыл - ой дамуы кешіккен» ұғымының айырмашылығы бұл ұғым дефектінің сипаттау санын ғана емес, сонымен бірге сапасын да көрсетеді. Айтып өткеніміздей, ақаулықтың құрылымының әртүрлі болуы ақыл - ой даму кешеуілдеуінің әртүрлі сатысын туғызады. Ақыл - ой даму кешеуілдеген балалар ішіндегі ең көп топты құрайтын, олигофрения синдромының жетекшісі болатын ақыл - ой дамуының кешеуілдеуі, яғни олигофрен - балалар.
Олигофрения - бұл жатыр ішінде, туған кезде өмірге келгеннен кейінгі дамудың алғашқы сатысы кезінде орталық нерв жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болған ақыл -ой мен психиканың жетілмеу формасы.
Олигофренияның топқа бөлінуі.
Олигофренияда ақыл - ой кемістігі дефектісінің тереңдігіне қарай 3 топқа бөлінеді: идиотия, имбецильность, дебильдер.
1. Идиотия - ақыл-ой кемістігінің ең терең түрі. Идиот
балалар айналадағы адамдардың, қоршаған ортаны түсіне
алмайды, тіл даму функциясы шектеулі және өте баяу
дамиды, кей жағдайда дыбыстары мүлде дамымайды. Оларды
өзіне өзі қызмет ету дағдысы, соның ішінде қарапайым
гигиеналық дағдылар өте баяу қалыптасады. Көбінесе бұл
дағдылар мүлде қалыптаспайды. Идиот балалар оқымайды
және ата-аналардың келісімімен арнайы мекемелерде болады.
Мысалы ақыл-ойы кем балаларға арналған балалар үйінде
тұрады. Оларға өкімет тарапынан әлеуметтік көмек
көрсетіледі, қажетті медициналық көмек көрсетіледі, сол
жерде күтеді және бақылайды.2. Имбецильность - идиотпен салыстырғанда ақыл-ой
кемістігінің жеңілдеу түрі. Имбеция балалар сөйлеуде белгілі
мүмкіндіктерге не, еңбек дағдыларының оңай түрлерін игереді.
Бірақ қабылдаудың, естің, ойлаудың, тіл функциясының
моториктің және эмоциональды еріктің дефектілері бұл
балалардың көмекші мектепте оқуына да мүмкіндік бермейді.
Олар құқықтық қатынаста идиот балалар секілді қабілетсіз
болып табылады, сондықтан оларға ата-анасының немесе
олардың орнын ауыстыратын адамның қамқорлығы керек.
Кәмелетке толғанша бұл балалар да ақыл-ойы кем балалар
үйінде болады. Соңғы жылдары дефектологияның ғылыми
зерттеу институттарының көп жылдық арнайы
ұйымдастырған зерттеулері имбеция балалар белгілі білікті,
дағдыны арнайы жасалған бағдарлама көлемінде игеретінін
көрсетті. Бұл бағдарламада оқу, жазу мен санаудың қарапайым
дағдыларын үйренумен қатар, кейбір еңбек дағдылары
қарастырылған.3. Дебилъность - ақыл-ой кемістігінің идиот пен имбецильге қарағанда жеңіл түрі. Дегенмен, интеллект кемістігі төмен және эмоцилнально-волевая сфера ерекшеліктері дебил балаларды жалпы білім алатын орта мектептің бағдарламасын игеруге кедергі жасайды. Мектеп
бағдарламасының кез-келген пәнінің материалын оқу, оны түсіну дебил балалар үшін өте қиын. Мысалы жазу мен сөйлеуді игергеннен кейін де сан түсінігімен санау, есептеу дағдысы, әріп пен буын түсінігін ұғу қиынға соғады.
ОЛИГОФРЕНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың бастауыш сыныптарында оқитын олигофренияның бірінші түріне жататын балалардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарында байқалатын селқостық, немқұрайлылық бейқамдылық және салақтық сияқты кемістіктері олардың жоғарғы нерв жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттерінің бұзылып енжарлануынан болады. Олардың мұндай кемістіктері әсіресе оқу барысында анық байқалады. Мысалы, арнайы мектеп-интернаттың бірінші сыныбының окушыларына «отбасы» деген тақырыпта сабақ өткізген кезде мүғалім отбасы туралы үғымды түрлі-түсті картинадан көрсетіп және көркем әңгімеден оқып беріп түсіндіреді. Ал, келесі сабақта бір оқушыдан түрлі-түсті картинада бейнеленген көкөністердің түрлерін көрсетіп, жеке-жеке аттарын атап түсіндіргеннен кейін оларды бір сөзбен қалай атайтынын сұрағанда, әлгі оқушы картинаға ұзақ қарап отырып, «Отбасы» деп алдыңғы сабақта естіген сөзді қайталап айта салады. Бұл жерде баланың жоғарғы нерв жүйесі қызметінің енжарлышнан өзіне койылған сауалдың жауабы қапелімде қаперінен шығып кеткен, бірақ абыройына қарай сол сәтте оның орнына алдыңғы сабақта өтілген тақырып есіне түсе калған да ол соны абыржымастан-ақ айта салған.
Мағынасы мен сипаты алдыңғыға қарағанда біршама өзгешелеу тағы бір мысал келтірейік: Баладан түрлі-түсті картинада бейнеленген мысыктың сыртқы көрінісін суреттеп беруді өтінеді. Ол мысықтың басын, құлағын, көзін, мұрынын, аузын, құйрығын және аяқтарын көрсетіп атап шығады. Содан кейін одан сүтті тілімен жалап ішіп тұрған мысық бейнеленген басқа картинаны көрсетіп, ондағы көріністі суреттеуді өтінеді. Бала мұнда да алдыңғы картинадағы көргенін қайталайды. Оған енді жуынып тұрған мысық бейнеленген үшінші картинаны көрсетіп өтінгенде де алдыңғы көргендерін қайталайды. Демек, олигофренияның бұл түріндегі балалар бір оқиғаның желісіне кұрылған сюжеттік картиналардың мағыналары мен олардың араларындағы байланыстарын түсінбейді.
Бұған дейінгі жүргізілген тәжірибелерден кейін үш апта өткен соң баланың жоғарғы нерв жүйесі қызметінің енжарлығына бұрынғыдан да гөрі айқынырақ көз жеткізу үшін одан алдыңғылардан да күрделірек қарап тұрған мысық бейнеленген, екіншісінде, желінген балықтың құйрығының қасында отырған мысық бейнеленген екі картинаны баланың, алдына қатарластырып жайып қояды да, одан ит туралы өзінің білетіндерін айтып беруді өтінеді. Картинаға қарап отырған бала: «ит балықты жеді» деді. Сұрақты қайталап қойған кезде ол: -«ит балықтың қүйрығын жеді»-деп жауап берді. Демек, сюжеттік картинадағы мысық пен балық бейнеленген көрініске қарап отырған одан ит туралы білетіндерін айтып беруді өтінген кезде бұдан бұрынғы бір уақытта - иттің балықты жегенін көргені есіне түскен. Ақыл-ойдың даму процесінің бұл сияқты енжарлық кемістігі олигофрен балалардың барлығына тән қасиет. Мұндай кемістіктің зардабы олардың оқу үлгеріміне де айтарлықтай кедергі келтіреді. Сонымен қатар, олигофренияның. бірінші түріне жататын баладардың жоғарғы нерв жүйелері қызметтерінің енжарлығы олардың есейіп үйлі-жайлы, бала-шағалы болған шақтарында да сақталатындығы байқалады.
Лабораториялық зерттеудің нәтижесінен бір мысал.
И . . . 13 жаста. Арнайы мектеп-интернаттың үшінші сыныбында оқиды. Әкесіне және тағы басқа да кейбір жақын туыстарына «олигофрения» диагаозы қойылған. Бала уақытымен дүниеге келген. Бірақ, алғашқы нәрестелік кезеңінде оның жетілуі әлсіз болған. Екі айлығынан бастап бөбек бақшасына, ал үш жасынан алты жасына дейін бала бақшада жүреді. Сөздік қорының кедейлігінен сөйлеу тілінің жетілмегендігі, ертегі, әңгімелердің мазмұндарын түсінбейтіндіктен оларды тыңдауға қызықпайтандығы және кез келген ойын түрлерінің қағидалары мен талаптарын түсінбейтіндіктен балалармен қосылып ойнауға зауқы соқпайтындығы баланың бақшада жүрген кезеңінде-ақ байқала бастайды.
Бала сегіз жасында жалпы орта білім беретін мектепке барады. Бірақ, бұл мектептің оқу бағдарламасынгере алмайтындығы көп кешікпей-ақ белгілі болады. Оған әріптерді үйрену, оларды жадында сақтау және дұрыстап жазу өте қиынға түсті. Ол әсіресе есеп амалдарын шығаруда тіпті қатты қиналатын болады. Сонымен қатар, «көп-аз», «жоғары-төмен», «кысқалау-ұзындау», «үлкендеу-жастау» деген сияқты ұғымдардың мағыналарын түсінбейді. Осы мектептің бірінші сыныбында екі жыл отырғаннан кейін ол көтермелеу бағамен екінші сыныпқа көшірілді. Бірақ оның оқуға зейінсіздігі бұл сыныпта тіпті айқын көрінеді. Бала екінші сыныптың бағдарламасына құрылған мәселе есептің шартын мүлде ұқпайтын болып шықты және өзі окыған әңгіменің мазмұнын да жөнді түсінбейтіндігін байқатты. Сондықтан да ол ақыл-ойы кем балаларды оқытып-тәрбиелейтін мектеп-интернатқа ауыстырылды.
Баланың жалпы дене бітімі жасына қарай бірқалыпты дұрыс өсіп келеді және ішкі құрылысында да ешқандай кінәраттық бары білінбейді. Тек оң жақ жүйке жүйелерінін. кейбір ауру белгілерінің жеңіл түрлерінің қалдықтары ғана байқалады. Сонымен қатар, мидың жұмыс істеу белсенділігі электрдің жәрдемімен тексеріп зерттеген кезде ми қыртысының кінәраттанып бүзылғанын көрсететін патологиялық бір толқынның баяу тербеліп түратынын анықталған.
Баланың мінез-құлқында өрескелдік көрсететін оғаш қылықтар байқалмайды, өзімен-өзі бірқалыпты тыныш жүргенді ұнатады, айналасындағылармен тіл табысып ұғысуға жұғымды, жұмсаған жағына қиналмай бара беретін тіл алғыш, қолынан келетін кез келген жұмысты істеуге икемді, не айтса да мақұл деп келісе салатын көнбіс. Мектетің ішкі тәртібінің ереже кестесіне тез көндігіп кетеді. Мұғалімдердің бұған арнайы жүктеген тапсырмаларына ол зор жауапкершілікпен қарайды және оларды бар зейінімен орындауға ынталанып кіріседі. Ол өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысында білместігінен немесе жаңсақтықпен жіберген кемшілік қателерін дер кезінде өзі байқайды және оларды ізінше түзетуге тырысады. Баланың дене құрылысының жүріс-тұрысында немесе қимыл-қозғалыстарында сырт көзге шалынатын кінәраттығы білінбейді. Ол аяқ-қолдарымен немесе отырып-тұру арқылы жасалынатын қимыл-қозғалыстардың түрлерін ауызша айтылған тапсырма бойынша да мүлтіксіз орындай береді. Оның сөйлеу тілі таза, сөздері анық, сөйлем құрылымының грамматикалық желісі дұрыс қалыптасқан, бірақ сөздік қоры кедей. Мысалы, бір окиғаның желісіне құрылған сюжетті картинадағы көріністердің мағынасын түсінгенімен оның мазмұнын толық айтып беру үшін кажетті сөздерді таба алмай қатты қиналады. Ол мәтіңді жүгіртіп жақсы оқиды, бірақ оқыған әңгіменің мазмұнын жете түсіне бермейді. Өзі жатқа білетін грамматикалық ережені жазу тілінде дұрыс пайдалана алмайды. Демек, ереженің мағынасын түсінбей жаттаған. Арифметикалық мысал есептерді әжептәуір түсініп шығарады, бірақ оның психикалық процесінің енжарлық кемістігі мұнда тіпті анығырақ байқалады. Ол әсіресе мәселе есепті шығару кезінде жетесі жетпей қатты діңкелейді.
Баланың заттар мен құбылыстардың өздеріне тән ерекшеліктерін талдап, сипаттау және оларды қасиеттеріне қарай ұғыммен топтастырып тұжырымдау кабілеті жетілмеген. Оның мұндай кемістігі әсіресе картиналарды топтастырып біріктіру кезінде анық байқалады. Мысалы «жиһаздар» мен «жануарлар» бейнеленген картиналарды жіктеп топтастыруды ұсынғанда оларды тек көрнекілік құрал ретіңде түсініп біріктіреді. Көкөністерді бақшада, жемістерді бақта өсетіндіктен, қойды, үйректі, шошқаны қорада ұсталатын үй жануарлары болғандықтан біріктіреді. Ал, банкаға отырғызылған гүдді орындық бейнеленген картинамен бірге қояды, өйткені гүлді терезенін, алдына қоюға болмайды. Ол жақсы өсу үшін орындыққа қою керек.
Клиникалық қорытынды. Жоғарыда келтірілген мінездемелерге қарағанда баланың ақыл-ойының даму процесі жас кезінен бұзылғандығын дәлелдейді. Олигофренияның басты симптомдарының бірі болып саналатын ақыл-ойдың танымдық қызметінің күрделі түрінің толық жетілмеуі баланың әсіресе мектеп жасына келген кезінде анық байқалады.
Аурудын басталуы мен оның даму барысын және бытыраңқы таралған неврологиялық симптоматиканың қалдығын және мидың электрлік белсенділігін, яғни мидың мәліметтері, сондай-ақ танымдық қызметінің күрделі түрінің толық жетілмеуі мен әкесіндегі және басқа да жақын туыстарындағы «олигофрения» диагнозы неврлогиялық симптоматиканың жеңіл түрі баланың арғы ата тегінен тұқым қуалап келе жатқан деп ұйғаруға болады. Демек, баланың ақыл-ойының таяздығы іштен туа біткен патологиялық кемістік.
Сайып келгенде, құрылым мен ерекшелігі тек өзіне ғана тән олигофрения кемісгігінде психикалык қызметінің аса күрделі түрінің толық жетілмегендігінен мағынасы мен мазмұны қиын іс-әрекеттерді түбегейлі орындай алмайтындығы анықтадлды.
Клиникалық тексерудің корытыңдысында баланың анатомиялық және физиологиялық жүйелерінің, сонымен қатар нерв процестерінің ең негізгі жүйелерінің де өрескел бұзылғандығын білдіретін симптомдардың нышандары көрсетілмеген., Демек, баланың олигофрения кемістігі асқынбаған жеңіл түрі екенін дәледдейді.
Ақыл-ойдың олигохфрения кемістігінің бірінші түрінің табиғаты мен өзіне тән ерекшелігін осы кемістікке шалдыққан балаларды тәрбиелеп түзету кезінде анықтап білуге болады. Педагог мұндай балалардың тілалғыштығына, көнбістігіне, жүмысқа қабілеттілігіне және мінез-құлқының жұғымдылығына сүйене отырып ең алдымен олардың сөйлеу тілі мен ой өрісінің дамуына қатты көңіл аударады.
Жастары есейіңкіреп кеткен балаларға қарағанда екі жастан бес жасқа дейінгі бұлдіршіндердің ақыл-ойлары әлдеқайда қаркындырақ дамитындығы ғылым жүзінде әлдеқашан дәледденген. Соңдықтан да мектепке дейінгі жасында педагогикалық тәлімнің тәсілімен дұрыс тәрбиеленіп үлағатты өнеге көрмеген бала есейген кезінде түзелуі өте қиынға түседі, тіпті мүлде түзелмейді десе де болады. Отбасындағы ата-аналардың балабақшадағы тәрбиешілердің сауатсыздығы мен надандығынынан немесе немқұрайлылығы мен салақтығынан, білместігі мен аңғырттығынан жіберілетін ұстаздық кемшіліктер баланың келешекте салауатгы, жан-жақты білімді және ой өрісі кең, саналы адам болып өсіп жетілуіне кешірілмейтін зардабын тигізеді. Егер ақыл-ой зерделілігінің дамуына мұқият көңіл аударып, дер кезінде демеу керсетіп жетекшілік етпесе, онда адамның ой-өрісі жетілмей тар шеңберде қалып қояды, ойлау жүйесінің мең-зеңділігінен ақылдық белсенділік, сергектік, оралымдылық, алғырлық және тапқырлық қабілеті тежеледі, өздігінен болжап, дұрыс шешім жасауға зердесінің өресі жетпейтін болып калады.
Мектеп жасына дейінгі бала негізінде ойлау жүйесі мен сөйлеу қызметінің бірыңғай процесінде өсіп жетіледі. 0й мен тілдің мызғымас біртұтастықта дамуы сөйлеу тілінде жинақтала қорытылып, саналы түрде меңгеріліп көрсетіледі. Демек, тіл карым-қатынас құралы болумен қатар ойдың да қызметін атқарады. Бала ойындағысын тілімен жеткізуге тырысатыны белгілі. Соңдықтан оның сөздік қоры бай, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы анық, әуезділігі таза, дауыстың үні ырғақты және ашық, сөйлемнің грамматикалық кұрылысы қисынды, ұйқасымы жатық болғаны дұрыс. Ол үшін баланы дауыстап және мәнерлеп оқуға үйретіп, соған үздіксіз жаттықтырып отыру қажет.
ОЛИГОФРИНЕЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Баланың кұрсақтағы кезеңі мен дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы нәрестелік шағының аралығында жабысатын әр түрлі залалды зақымдар мен жұқпалы аурулардың және тағы басқа да кездейсоқ кездесетін келеңсіз жағдайлардың тйгізетін зияңды зардаптарының нәтижесінде мидың даму процесінің бұзылуының салдарынан пайда болатын ақыл-ой кемістіктер- інірі, барлық түрлері психологиялық және педагогикалық ғылымдарының тұрғысынан алып қарағанда шартты түрде олигофрения жөне деменция деген атпен басты-басты екі топқа бөлінеді.
Олигофренияға жататын ақыл-ой кемістіктері өздерінің патофизиологаялық клиникалық және педагогикалық ерекшеліктеріне қарай, сонымен қатар олардың этимологиясына, зақымданған уакытына, патологиялық процесінің ерекшелік қасиетіне және оның таралуына байланысты бес түрге бөлінеді.
Бірінші түрі. Олигофренияның бұл түріндегі балалардың ең алдымсн заттардың немесе кұбылыстардың ерекшелік қасиетгерін және олардың араларындағы өзара байланыстарын ұғыммен талдап, қорытып тұжырымдауды белгілі бір деңгейде талап ететін тұсіну қабілеттері жетілмей калған. Алайда, олардың анализаторларының ешқайсысының да жәнс қызбалық-жігерлілік қасиеттерінің де айтарлықтай өрескел зақымданып немесе ауытқып бұзылғандықтары байқалмайды. Сондықтан да, мұндай балалар өздерінің түйсіктеріне ұғымды тапсырмаларды орындау барысында алдарына қойған мақсаттарына жету үшін бар ынтасымен жігерлене тырысуга қабілетті болады. Осыған орай деректі бір мысал келтірейік.
Ақыл-ойы кем балаларды оқытып-тәрбиелейтін арнайы мектеп-интернаттың екі этажды жатақханасының артқы жағы совхоз басқармасы- ның бір этажды кеңсе үйіне қараған болатан. Арақашықтығы шамамен 150-200 метрдей. Осы мектеп-интернатта оқитын 13-14 жасар бала түнде төсек жаялықтарын ширатып арқан кылып есіп бір ұшып кереуеттің басына байлап, екінші этаждың терезесінен жаялық арқанмен сырғып түседі де кеңсенің шеткі терезесіне келіп бір көзіндегі әйнекті сындырмай шығарып алып жерге түсірген соң оны кабырғаға сүйеп қояды. Содан кейін ол ішке еніп стөлдің үстінде тұрған магнитофонды сыртқа алып шығады. Оны жатақхананың іргесіндегі бір бұтаның түбіне әкеліп үстін жапырақтармен мұқият қымтап жауып жасырады да өзі кайтадан
бұрынғы түскен ізімсн жоғары көтеріліп бөлмесіне кіреді, жаялықтарды тарқатып, қыртыс-тыртыстарынжазып, орындарына ұқыптап жайып төсек жапқышпен жауып қояды. Алдына қойған мақсатын ойдағыдай орындап, көңілі тынышталғаннан кейін төсегіне жатып алаңсыз ұйқыға кетеді. Бірақ, ертесіне магаитофоңды алуға барған кезде қолға түсіп қалады. Тексеру кезінде анықталғанындай ол өзінің бұл жоспарына 3-4 күн бұрын дайындалған.
Әдетте мұндай балалар ешкіммен ашылып сөйлеспейді, басқалармен жұғысып жақындаспайды, өзімен-өзі бөлектеніп өнебойы тұйық жүреді және мейлінше сабырлы болады.
Олигофренияның бірінші түрінс жататын бұл балаларды неврологиялық тексеруден өтхкізген кезде олардың симптоматикаларының бытыраңқы күйінде болатындығы анықтады. Тск кейбір жағдайларда ғана бас миының сол жақ жарты шарының біршама көбірек зақымданғанын көрсететін оң жағындағы симптомдарының басымдылығы анығырақ білінетіндігі байқалады. Алайда, неврологиялық симптоматака өзінің даму процесінің ерекшеліктеріне қарай тым ауыр болуы да мүмкін.
Мұндай балалардың ақыл-ойларының кемістіктері қағида бойынша тек мектеп жасына жақындаған кезінде ғана айқын біліне бастайды.
Олигофренияның бірінші түріне жататын балалардың мектеп жасына дейінгі кезеңдерінде сөйлеу тілдеріндегі сөздік қоры өте кедей болады, ертегі, әңгімелерді тыңдауға және суреттер мен картиналарды қарауға қзықпайды, сюжеті күрделі ойындарды түсінбейді. Олардың ақыл-ойларының кемістіктері, әсіресе мектеп табалдырығын аттағаннан кейінгі алғашқы оқу жылдарында тіпті анық байқалады. Бұл балалар жалпы орта білім беретін мектептің оқу бағдарламасын үлгере алмайды. Бірақ, соңда да болса, мектептен шығарылып қалмау үшін мұғалімдердің көтермелеу бағасымен үлгерімі нашар оқушылардың қатарына ілініп жүре берсді. Ал, 4-5 сыныптан кейін олар өздерінен-өздері мектептен шығып қалады, өйткені сынып жоғарылаған сайын оның оқу бағдарламасы да қиындай түсетіні белгілі.
Алайда, ақыл-ойларының даму процестері бұзылған мұндай балалардың мінез-күлықтары мен жүріс-тұрыстарында айтарлыктай оғаштықтар көрініп қалып, тәртіп бұзатын өрескел қылықтары көп байкалмайды. Олар мектептің ішкі тәртібіне тез көндігіп кетеді, өздеріне көбірек көңіл аударғанды ұнатады, мақтау сүйеді, тіл алғыш келеді, ұстаздарының жасаған ескертпелерін қайталамауға және берген тапсырмаларын білгендерінше тыңдырып орындауға тарысады және олардың орындалу нәтижесінің дұрыс бағалануын ұнатады. Сайып келгеңде, баланың қабілетіне қарай қолынан келетін кез келген тапсырманы орыңдатуға ынталығының артуы және ұстаздардың тарапынан еңбегінің дұрыс бағалануы оның жалпы дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, бұл балалардыд әсерленгіштік сезімдері сақталған, олар кездейсоқ оқигалардан пайда болған жағдайларды түсінеді, оларда ұялу сезімі де біршама жетілген, өздерінің қолдары жеткен табысқа куана да біледі, ойыншыкгар олардың көңілдерін көтеріп қызықтырады, бслгілі бір жеңіл ойындарды ойнаған кезде кейбір жерлерін өздерідше өзгсртіп алатын қабілеттері болады, көнілдерінің көтеріңкі кездерінде ойынды сөйлеп жүріп ұйымдастыруға және оны жоспарлы түрде жүргізуге икемді келсді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz