Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі



Қазақ Технология және Бизнес Университеті
Ақпараттық технологиялар кафедрасы


Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Технологиялық факультеті 4 курс
Мамандығы 5B070300 - Ақпараттық жүйелер
Кендірбай Сәния

Тәжірибе орны: Назарбаев Зияткерлік мектебі
Тәжірибе басталуы:08.01.2018
Тәжірибе аяқталуы: 09.02.2018
Тәжірибе жетекшілері
Университеттен:Бірліков С.
Тәжірибе өткен орнынан: Абдикаликова Г.
Тәжірибе бағасы:

Астана 2018жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 1.Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5

1.1.Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
2.1 Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты
2.2 Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап жобасы ... ... ... ... ...7
2.3 КАБИСбағдарламасымен мектеп кітапханасын электронды қызметті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

4. Ақпараттық бөлімнің компьютерлермен жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... .22
5. ДК жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
ХХI ғасыр ақпарат дәуірі болып саналады. Ғаламдану мен ұлттық дамудың үйлесімді жарасымын талап етіп отырған жаңа технологиялар ғасыры алдымызға тың жобалар мен жұмыс істеу міндетін қойып отыр. Жаңа дәуірдің келуімен деректердің жаңа түрі пайда болды. Ол - электрондық деректер. Электрондық деректер дәстүрлі деректерден (яғни қағаз жүзіндегі деректерден) шамамен кино-, фото-, фоно-құжаттар сияқты ерекшеленеді.Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік бағдарламашы, әкімгер және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай бағдарламалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Елбасымыз Интеллектуалды ұлт-2020 ұлттық жобасы үш құрамдас бөлiктен тұруға тиiс деп оны талдап бердi. Оның бiрiншiсi - бiлiм беру жүйесiн инновациялық даму жолына түсудi қарастырады. Осыған байланысты бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Кез-келген шығармашылық мамандық, қазіргі заманға сәйкес, компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әрқашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау болып табылады.
Бүгінгі күнде білім беру жүйесінде инновациялық ізденістер жолға қойылып, жаңа технологиялар мен оқытудың әдістері кеңінен қолданыс тауып отыр. Оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, білім беруде олардың атқаратын кызметі мен қолдану тәсілдері маңызды болып саналады.

Мен Кендірбай Сәния Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені 2018 жылдың 08 қаңтарынан 09 ақпан аралығында Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ақпараттық бөлімінде және Диплом тақырыбым Кітапхана болғандықтан Кітапханадан да өттім. Тәжірибе барысында бағдарламадағы өндірістік тәжірибелік жоспар бойынша барлық берілген тапсырмаларды орындадым. Осы кәсіпорында орталық ақпараттық-технология басқарма бөлімінде мен өзімнің техник-бағдарламашы маманы ретінде жұмыс атқарып өттім. Бұл кәсіпорында айтарылықтай барлық бөлімшелерде соңғы заманауи технологиялық құралдар-жабдықтармен, қызметкерлерге арналған арнайы ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорынның қызметкерлері жұмыс орындау кезінді әр түрлi жабдықтар жиі қолданылады яғни, компьютер, принтер, сканер, телефон және де т.б. құрылғылармен жұмыс атқарады.
Ақпараттықбөлімі 3 негізгі бөлімдерден тұрды:
:: Администратор бөлімі;
:: Операторлар бөлімі;
:: Өңдеушілер бөлімі;
Администратор бөлімі - ғимараттағы барлық дербес компьютер интернетке қосылуына және олардың бір-бірімен қосылғандағы,сайттарға рұқсат қою,жаңадан келген қолданушыларға сыртқы желінің дұрыс істеуіне жауапты бөлім.
Өңдеушілер бөлімі - бұл менің жұмыс атқаратын орным. Мұнда қолданушылардың дербес компьютердің қосымша құрылғыларында пайда болған ақауларды шешу және де қолданбалы бағдарламалардың дұрыс істеуіне жауапты бөлім болып саналады.
Операторлар бөлімі - бұл бөлімде операторлар дербес компьютердің және интернет желісінің жұмыс жасауы бойынша және қандай да бір ақаулар болған жағдайда хабар алатын бөлімшесі болып табылады.
Мен бұл кәсіпорында тек өңдеуші бөлімінде жұмысымды шектеп қоймай, сонымен қатар администратор және операторлар бөліміменде жұмыс атқардым.
1. Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылу тарихы

Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.
Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын лайықты деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қоры мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімділікті ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

1.1. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 04 шілдесінде ашылды. Жамбыл өңірінде ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу үрдісіне инновацияны енгізу және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін негіз болады. Ол үшін онда барлық жағдайлар жасалған.Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеу үшін мұғалімдерді конкурстық іріктеу 2012 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусымда өтті. Оған Тараз, Алматы, Атырау қалалары мен Жамбыл облысынан 300-ге жуық үздік педагог кадр қатысты. Конкурстық комиссия 143 кандидатты ұсынды, олардың ішінде 91 педагог қызметкер өз қызметтеріне осы жылдың қыркүйегінде кірісетін болады (71 пән мұғалімі, 13 куратор, 7 тәрбиелеуші), 52 адам резервке алынды. Кандидаттары арасында Назарбаев Университетінде жылдық курстан өткендер, 48 мұғалім Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 3-деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен. Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды конкурстық іріктеу қазақ және орыс тілдерінде оқитын 8, 9, 10 - сыныптарға 2013 жылғы қаңтарда өткізілді. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша 472 үміткер Зияткерлік мектепте оқу үшін "Өркен" білім беру грантының иегері атанды. 22 - 23 маусымда Cito (Нидерланды) және CTY (АҚШ) стратегиялық серіктестермен бірлесіп әзірленген 2013-2014 оқу жылында 7-сыныптарда оқу үшін жаңа жүйе бойынша балаларды конкурстық іріктеу өткізілді.Мектеп жеке жоба бойынша салынып, 720 адамға есептелген. Жатын бөлігінде облыс аудандарынан келген балалар тұратын 120 орындық жатақхана орналасқан. Оқу блогында 58 оқу кабинеті бар, оның ішінде 18-і тіл кабинеттері, 5 кабинет физика және химия пәндеріне, 9 кабинет математикаға арналған, 4 биология кабинеті, география кабинеті, тарих, экология және т.б. кабинеттер бар. Сонымен қатар мектепте жеке сабақ беру, техникалық моделдеу, өнер, психологиялық жүктеме, педагогикалық және ақпараттық технологиялар аудиториялары мен бірқатар әмбебап кабинеттер мен баяндама залдары көзделген.Мектеп білім алуға көмегі тиіп қана қоймай, сонымен қатар оқу процестеріне басшылық жасауға мүмкіндік беретін жаңа компьютерлік жүйелермен, мультимедиялық кабинеттермен, жабдықталған жоғары өндірістік электронды-есептеу машиналармен, интерактивтік электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернетпен, инновациялық бағдарламалық құралдармен жабдықталған.Оқушыларды дамыту үшін мектепте зияткерлік тетіктерді моделдеу, Лего элементтерінен роботтар жинау, қарапайым бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бағдарламалау және роботтардың "өмірін" бақылау мүмкіндігімен робот техникасының зертханасы жұмыс істейді. Нанотехнологиялар зертханасы оқушыларды космонавтика және медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысына оқушыларды тартуға мүмкіндік береді.
2.ӨНДІРІСТІК ІС - ТӘЖІРИБЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
2.2 Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді тәжірибе жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.
2.2 Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап жобасы
Менің оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибем жүру барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға оқуға ұсынылатын 100 кітап атты жобаны жүзеге асырдық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі - кітап,- деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу болды. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімін әзірледі. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылған. Алдағы уақытта осы тізім мектептерге жіберілетін болады. Жалпы, әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқытылады.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жобааясында кітаптарды оқыту арқылы Зияткерлік мектеп оқушысының бойында бірнеше дағдыларды дамытуды көздейтін әлеуметтік тәжірибелер ұйымдастырдық. Атап айтқанда, таңдалған шығармалар желісімен оқушылар оқып шыққан кітабы бойынша өздері салған суреттерден электронды кітапқа иллюстрация жасайды, шығармалардың аудионұсқаларын дайындадық. Оқушылар кітап оқу барысында Көркем әдебиетті оқу күнделігін жүргізеді. Кейбір шағын шығармаларды оқушылардың өз дауысымен жазып, электронды және аудио кітаптарды www.iKitap.kz арқылы тегін тарату ұсынылады. Жоба аясында оқушылар iBooks Author бағдарламасын игеріп, өз электронды кітап жасап үйренеді. Аталған жобааясында Зияткерлік мектептерде Кітап кейіпкерінің күні өткізіледі. Бұл шараны 2018 жылдың 15 қаңтарда Халықаралық кітап және авторлар күніне орайластырып, өткіздік.
Жалпы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде бой көтерген Зияткерлік мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуы үшін толық жағдай жасалуда. Зияткер тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани, патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіру - мектептің басты қағидаларының бірі.Осы маңызды шараға байланысты мен де өз үлесімді қостым.Delphi бағдарламасында мектеп Кітапханасының деректер базасың құрдым.

2.3 КАБИСбағдарламасымен мектеп кітапханасын электронды қызметті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кітапхана жүйесі жұмысының жаңа екпіні Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан көрініс тапқан болатын.
Елбасы 2015 жылы білім беру мекемелеріндегі электронды оқу түрінің қолдану аясы 50%-ға, ал 2020 жылы 90%-ға жететіндігін атап өтті.
Көзделген стратегиялық жоспарлардың орындалуына қазіргі қоғамдағы білім беру ұйымдары кітапханаларының жаңа тұрғыдағы сипатын қалыптастыру қажет болды. Заман талабына сай қызмет көрсету үшін, кітапхана өзі ісіне жаңа электронды технологияларды жедел түрде енгізу қажеттілігі туды.
Ақпараттық технологияның дамуы күн санап өсуде. Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасында заман талабына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында КАБИС автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесін алу туралы шешім қабылданды.
Осы мақсатта 2012 жылдан бастап институт кітапханасы жаңа технология құралдарымен, соның ішінде КАБИС ақпараттық жүйесімен жабдықталды. Аталмыш жүйе ТМД және Қазақстан Республикасының кітапханалық стандарттары бойынша құрылған. Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің рұхсатымен бекітілген.
КАБИС бағдарламасы жүйесінде қазақ тіліндегі алфавиттің толық енгізілуінің арқасында кітап қорын мемлекеттік тілде енгізуге жағдай жасалған. Сонымен қатар, кітапхана қорын аталмыш жүйеге енгізу барысында кітапқа толық сипаттама беріледі. Кейін оқырмандардан түскен сұранысты Іздеу бағдарламасы бойынша кітапхана қорында сұраныс тақырыбы бойынша қандай кітаптар бар екені жөнінде толық мәлімет автоматты түрде беріліп отырады.
Электрондық каталогты тиісті дәрежеде қалыптастырып, оны дамыту үшін жетілдірілген КАБИС бағдарламасы кешенді нұсқасы бүгінгі таңда институт кітапханасының маңызды бөлігіне айналды. Қазіргі таңда КАБИС бағдарламасымен жұмыстану ісі жақсы жолға қойылып, кітапхана қорына келіп түскен оқулықтардан бастап, мерзімді басылымдарға дейінгі мәліметтер үздіксіз енгізілуде.
Мектеп кітапханадағы компьютерлер локальді ақпараттық жүйеге біріктірілген. Кітапхана қорындағы әдебиеттерді жүйелі түрдегі өңдеу әдістері әдебиеттерді жабдықтау және есепке алу, алғашқы өңдеу, толық библиографиялық сипаттауға ұласып, әрбір кітапқа бір рет жасалатын технологиялық тізгінді, бірнеше мәрте пайдалануға ұсынылатын саты. Міне, осылайша мәліметтер базасы құрылады. 1-суреттен көруге болады.

1-сурет
Электронды қорды оқытушылар, курс тыңдаушылары өз бетімен оқып немесе біліктілікті арттыру курстары барысында жүргізілетін өзіндік ізденіс жұмыстарына материал ретінде пайдаланады.
Мәліметтер базасы 1990-2014 жылдар аралығында келіп түскен кітаптардың толық библиографиялық сипаттамасымен жасақталуда. Тағы бір ресурс - кітапхана қорына келіп түсетін мерзімді басылымдардың (журналдардың) аналитикалық жазбасы. Бүгінгі таңда мақалалардың мәліметтер базасы күн санап толықтырылуда. Облыс педагогтарының да мақалаларын аталмыш жүйеден іздеп табу жолы қарастырылған.

3.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: "Кітапхана" деректер базасы (Delphi тілінде)
Мазмұны:
1 Жергілікті және деректер базасы
0.1 Жалпы мағлұматтар
1 Деректер базасын құру
0.1 Каталог құру
0.2 Бүркеншік ат құру
0.3 Кесте құру
0.4 Кесте мен деректер базасы арасындағы байланыс
0.5 Сұрау жасау (запрос)
0.6 Есептеме жасау (отчет)
0.7 Анықтамалық жасау
1 Кітапхана деректер базасының құрылысы
4 Программа листингіс
1 Жергілікті деректер базасы
Деректер базасы деп ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламаны айтады. Мұндай бағдарламаны қосқан кезде бейнебетте (экранда) кесте пайда болады, одан қолданушы өзіне керектіні қарай алады. Егер жүйе мүмкіндік етсе, ба,дарламашы оған жаңа ақпарат қосып, керексізін жоя алады.Жалпы алғанда деректер базасы дегеніміз- файлдар жиыны. Қазіргі кезде деректер базасы жергілікті (dBase, FoxPro, Access, Paradox) және (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server) болып екіге бөлінеді.Delphi құрамында dBase, Infomix және Oracle деректер файлдарымен жұмысын құруға мүмкіндік беретін құраластар бар.Жергілікті деректер базасы бір құралда болады. Құрал ретінде компьютер дискісі немесе желілік дискі бола алады. Бірнеше қолданушы арасында деректерді бөлуді қамтамасыз ету үшін файлдарды бұғаттау деп аталатын әдіс қолданылады. Ол бір немесе бірнеше компьютерде жұмыс істей алады. Бұл әдістің мәнісі: бір қолданушы деректерді қолданып жатқанда, басқа қолданушы ол деректермен жұмыс істей алмайды, яғни деректер оған жабық болады.
dBase, FoxPro, Access, Paradox- жергілікті деректер базасына жатады.Деректердің алыс базасы басқа компьтерде тұрады. Онымен жұмыс екі бөліктен тұрады: тұтынғыш (клиенттік) және серверлік. Тұтынғыш қолданшы компьютерінде жұмыс істейтін бағдарлама бөлігі, ол серверлік бағдарламамен өзара әрекетті қамтамасыз етеді.Серверлік алыс компьютерде жұмысты қамтамасыз ететін бағдарлама бөлігі. Ол тұтынғышқа бағдарлама деректерін жібереді, орындайды.Сұраулар SQL (құрылымды сұрау) тілінде берілетін әмірлер.Алыс сервер бағдарламасы бірмезетте бірнеше қолданушыны қамтамасыз ете алады. Мұнда файлдарды бұғаттау механизмінің орнына бірізді амалдар (транзакция) тетігі жұмыс істейді.Бірізді амалдар - бұл деректер берілместен бұрын міндетті түрде орындалатын әрекеттер тізбегі. Ол аппарат іркілісінен қорғауды қамтамасыз етеді. Алыс деректер базасымен жұмыс қиын, әрі күрделі.
0.1 Жалпы мағлұматтар
Деректер базасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Астана қаласының Алматы аудандық соты - Оқу-танысу тәжірибесі
Оқу практиканың бағдарламасы
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Пәндер